Жасап шығарылған күні бұйымда және (немесе) қаптамада, сондай-ақ ілеспе
құжаттамада, XX.XXXX пішімінде көрсетілген, мұндағы алғашқы екі сан «XX» – жасап
шығарылған айы, келесі төрт сан «XXXX» – жасап шығарылған жылы.
Аспапты тек онымен бірге жеткізілетін қорек блогымен бірге ғана пайдалану керек.
Аспап тек онда таңбаланған аса төмен қауіпсіз кернеуден қорек алуы керек.
ЗАРЯДТАУ
Аспап шаң мен ұсақ қоқысты жинауға арналған.
Бұйымды орауышынан шығарыңыз да, жапсырманы алып тастаңыз.
Шаңсорғыш аккумулятордың қуатымен жұмыс істейді. Аккумуляторды зарядтау үшін
бейімдеуішті базаға қосыңыз, ал бейімдеуіштің ашасын розеткаға салыңыз.
Шаңсорғыш корпусын базаға орнатыңыз.
Зарядтау кезінде зарядтау индикаторы жыпылықтап тұрады, аккумулятор толық
зарядталған кезде, индикатор жыпылықтауын тоқтатады. Аккумуляторды зарядтау
уақыты 4-5 сағатты құрайды. Зарядтаусыз жұмыс уақыты 1 жылдамдықта 30 минутты
құрайды.
ЕСКЕРТПЕ: Зарядтау кезінде түтік пен турбошөткені ағытып қою керек.
ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
Түтікті шаңсорғыштың сорғыш тесігіне салыңыз, бұл адаптерді орнату.
Шөткені түтіктің астыңғы жағына жалғаңыз да, сырт еткенше итеріңіз. Шөткені
шаңсорғыштан ағытып алу үшін шөткені ағытатын түймелерді басыңыз.
Шаңсорғышты түтікпен де, түтіксіз де пайдалануға болады, ол үшін шөткені
шаңсорғыштың корпусына жалғау керек. Шаңсорғыш түтікпен бірге тік күйінде негізгі үй
жинау жұмысы үшін пайдаланылады. Түтіксіз қол шаңсорғышы қосымша үй жинау
жұмысы үшін пайдаланылады.
Шөткені шаңсорғыштың корпусына жалғау үшін оны шаң соратын саңылауға кіргізіңіз
де, сырт еткенше итеріңіз. Шөткені корпустан ағытып алу үшін шөткедегі түймелерді
басыңыз.
ҚОНДЫРМАЛАР
Шаңсорғыш жинағына саңылау тазалайтын қондырма, жетуі қиын жерлерді тазалауға
арналған қондырма және ұсақ-түйекке арналған қондырма кіреді, ол перделерді, үй
ішіндегі заттарды тазалау үшін пайдаланылады.
Қондырмалардың бірін орнату үшін оны шаң соратын тесікке бекігенше кіргізіңіз.
Шаңсорғышты зарядтап, қондырмаларды орнатқаннан кейін жұмысқа кірісуге болады.
ЖҰМЫСЫ
Шаңсорғыш циклон функциясымен жарақталған, ол үй жинау барысында ең үлкен сору
күшін қамтамасыз етеді.
Шаңсорғышты қосу үшін «Қос./Ажыр.» батырмасын басыңыз, сөндіру үшін – оны тағы
бір рет басыңыз. Жұмыс кезінде жарық индикаторы көк түс боп жанып тұрады.
Сору жылдамдығын ұлғайту немесе азайту үшін сору жылдамдығын реттеу
батырмасын басыңыз.
ЕСКЕРТУ:
Үй жинап болғаннан кейін әр кез сауытты тазалап отырыңыз.
Сүзгі орнатылмаған болса, егер сүзгі бүлінген немесе ластанған болса, аспапты тоққа
қосуға болмайды. Әйтпесе қозғалтқышқа шаң түседі де, құрылғының бұзылуына себеп
болады.
Егер сауыт "MAX" белгісіне дейін толған болса, .аспапты пайдалануға болмайды. Сауыт
толы болғанда, лас ауа шаңсорғыштың сүзгісін бітеп тастайды да, нәтижесінде
қозғалтқыш асқын қызып кетіп, іске шығады.