Electrolux ESL97345RO Руководство пользователя

  • Привет! Я чат-бот, который прочитал инструкцию по эксплуатации посудомоечной машины Electrolux ESL97345RO. Я могу ответить на ваши вопросы о ее функциях, программах, настройках и устранении неполадок. В руководстве описаны различные программы мойки, функции XtraDry и TimeManager, а также процедуры очистки и обслуживания. Задавайте ваши вопросы!
  • Как выбрать правильную программу мойки?
    Что делать, если посудомоечная машина не включается?
    Как настроить уровень жесткости воды?
    Как очистить фильтры посудомоечной машины?
ESL97345RO
KK Ыдыс жуғыш машина Қолдану туралы нұсқаулары 2
RU Посудомоечная машина Инструкция по эксплуатации 28
МАЗМҰНЫ
1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ................................................................................. 3
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ............................................................................ 4
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ................................................................................. 6
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ.............................................................................................7
5. БАҒДАРЛАМАЛАР............................................................................................ 7
6. ПАРАМЕТРЛЕР.................................................................................................9
7. ОПЦИЯЛАР..................................................................................................... 13
8. ЕҢ АЛҒАШ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА.............................................................14
9. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ......................................................................................16
10. АҚЫЛ-КЕҢЕС................................................................................................ 17
11. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ............................................................................... 19
12. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ...................................................................................21
13. ӨНІМНІҢ АҚПАРАТТЫҚ ПАРАҒЫ............................................................... 25
14. ҚОСЫМША ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ......................................................... 26
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар
бойғы кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны
таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны
жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын
тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Пайдалану туралы ақпарат, кітапша, ақаулықты түзету, қызмет ақпаратын
мына жерден алыңыз:
www.electrolux.com/webselfservice
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registerelectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және
фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын
болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты
Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
www.electrolux.com2
1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
Дұрыс орнатпау немесе пайдаланбау нәтижесінде
орын алған жарақат немесе зақымдарға өндіруші
жауапты емес. Нұсқаулықтарды кейін қарап жүру
үшін әрқашан қауіпсіз және қол жетімді жерде
сақтаңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың
қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен
денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым
келген не тәжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздіктерін
қамтамасыз ететін адамның қадағалауы не
құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша берген
нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау салдарын
түсінсе, онда қолдануына болады.
3 және 8 жас арасындағы балалар мен
мүмкіндіктері өте шектеулі мүгедек адамдарды
басқалар қадағаламаған жағдайда құрылғыдан
алыс ұстау керек.
3 жасқа толмаған балаларды үнемі қарап
отырмаған жағдайда құрылғыдан алыс ұстау керек.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Жуғыш заттарды балалардан алыс ұстаңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар мен үй
жануарларын оған жақындатпаңыз.
Балалар құрылғыны жөндеу және тазалау
жұмыстарын бақылаусыз орындамауы керек.
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Бұл құрылғы үйде және сол сияқты төменде
аталған жерлерде қолдануға арналған:
фермадағы үйлердің; дүкендердегі, кеңселер
мен басқа жұмыс орындарындағы
қызметкерлерге арналған ас бөлмелерде;
ҚАЗАҚ 3
қонақ үйлерде, мотельдер мен төсек және таңғы
аспен қамтамасыз ететін қонақжайлар мен басқа
да тұрғынды жерлерде.
Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын
өзгертпеңіз.
Судың жұмыс қысымы (ең аз және ең көп) 0.5
(0.05) / 8 (0.8) бар (МПа) аралығында болуы керек
Ең көбі 13 орыннан асырмаңыз.
Егер қуат cымына зақым келсе, қатерден сақтану
үшін оны өндіруші немесе уәкілетті қызмет көрсету
орталығы немесе сол сияқты білікті маман
ауыстыруға тиіс.
Ас үй құралдарын ас үй құралдарына арналған
себетке ұштарын төмен қаратып немесе өткір
қырларын төмен қатарып, ас үй тартпасына
көлденеңінен салыңыз.
Құрылғының есігін басып кетпеу үшін, байқамай
ашық қалдырмаңыз.
Кез келген жөндеу жұмысын орындау алдында
құрылғыны сөндіріп, ашаны розеткадан суырыңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және/
немесе буды қолданбаңыз.
Құрылғының желдету саңылаулары астыңғы
жағында болса, оларды мысалы кілеммен жабуға
болмайды.
Құрылғыны жаңа түтіктер жинағын пайдаланып, су
жүйесіне қосу керек. Ескі түтіктерді қайта
пайдалануға болмайды.
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
ЕСКЕРТУ!
Бұл құрылғыны тек білікті
маман ғана орнатуға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
Қауіпсіздік техникасына
байланысты құрылғыны кіріктіріп
орнату алдында қолданбаңыз.
Құрылғымен бірге жеткізілген
орнату нұсқауларын орындаңыз.
Құрылғы ауыр болғандықтан,
орнынан жылжытқан кезде әрқашан
абай болыңыз. Әрқашан қауіпсіздік
қолғабы мен бітеу аяқ киім киіңіз.
www.electrolux.com4
Құрылғыны температурасы 0 °C
градустан төмен жерге орнатпаңыз
немесе қолданбаңыз.
Құрылғыны орнату талаптарына
сәйкес ыңғайлы және қауіпсіз жерге
орнатыңыз.
2.2 Электртоғына қосу
ЕСКЕРТУ!
Өрт және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Техникалық ақпарат тақтасындағы
параметрлердің негізгі қуатпен
жабдықтау желісіндегі электр
параметрлеріне сәйкес келетініне
көз жеткізіңіз.
Әрқашан дұрыс орнатылған,
қатерден сақтандырылған
розетканы қолданыңыз.
Көп тармақты адаптерлер мен
ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғының ашасына және
сымына зақым келтірмеңіз. Қорек
сымын ауыстыру қажет болса, оны
міндетті түрде қызмет көрсету
орталығы жүзеге асыруға тиіс.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан
кейін ғана жалғаңыз. Орнатып
болғаннан кейін ашаның қол
жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне
сай келеді.
Ұлыбритания мен Ирландия үшін
ғана. Бұл құрылғыға 13 A қорек
ашасы орнатылған. Егер қорек
ашасының сақтандырғышын
ауыстыру қажет болса 13 А ASTA
(BS 1362) сақтандырғышты ғана
пайдаланыңыз.
2.3 Суға қосу
Су түтіктеріне зақым келтірмеңіз.
Жаңа түтіктерді немесе ұзақ уақыт
қолданылмаған түтіктерді орнату
алдында, жөндеу жұмыстарын
орындағаннан кейін немесе жаңа
құралдарды орнатқаннан кейін (су
өлшегіш құрал, т.б.) суды таза және
тұнық су аққанша ағызыңыз.
Құрылғыны пайдалану барысында
немесе бірінші рет қолданғаннан
кейін ешбір су ағып тұрмағанына
көз жеткізіңіз.
Су құятын түтік, ішіне сым өткізілген
екі қабат қаптамадан тұрады және
қауіпсіздік клапанымен
жабдықталған.
ЕСКЕРТУ!
Қатерлі кернеу.
Су құятын түтікке зақым келсе,
судың шүмегін дереу жауып, ашаны
розеткадан суырыңыз. Су құятын
түтікті ауыстыру үшін уәкілітті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
2.4 Қолдану
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
Ыдыс жуғыш машинаға арналған
жуғыш заттар қауіпті. Жуғыш
заттың орамындағы қауіпсіздік
нұсқауларын орындаңыз.
Құрылғыдағы сумен ойнауға немесе
оны ішуге болмайды.
Ыдыстарды бағдарлама
аяқталғанша құрылғыдан алмаңыз.
Ыдыстарда жуғыш зат қалуы
мүмкін.
Құрылғының ашық тұрған есігінің
үстіне отыруға немесе үстіне
шығып тұруға болмайды.
Бағдарлама орындалып тұрғанда
құрылғы есігін ашсаңыз, ыстық бу
шығуы мүмкін.
ҚАЗАҚ 5
2.5 Сервис
Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Тек ғана фирмалық қосалқы
бөлшектерді қолданыңыз.
2.6 Құрылғыны тастау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да,
қоқысқа тастаңыз.
Балалар мен жануарлар құрылғыға
қамалып қалмас үшін есіктің
бекітпесін алыңыз.
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
5
4
67
9
8
12
2
3
11
10
1
1
Ең үстіңгі бүріккіш түтік
2
Үстіңгі бүріккіш түтік
3
Астыңғы бүріккіш түтік
4
Сүзгілер
5
Техникалық ақпарат тақтайшасы
6
Тұз сауыты
7
Ауа саңылауы
8
Шайғыш зат үлестіргіші
9
Жуғыш зат үлестіргіші
10
Ас құралдарының қорапшасы
11
Астыңғы себет
12
Үстіңгі себет
3.1 Beam-on-Floor
Beam-on-Floor - құрылғы есігінің
астындағы еденнен көрінетін жарық.
Бағдарлама басталғанда, қызыл
жарық жанады да, бағдарлама
орындалып тұрғанда жанып
тұрады.
Бағдарлама аяқталған кезде,
жасыл жарық жанады.
www.electrolux.com6
Құрылғыда ақаулық пайда болған
кезде, қызыл жарық
жыпылықтайды.
Құрылғыны сөндірген
кезде, Beam-on-Floor
сөнеді.
Кептіру циклы кезінде
AirDry жанса, едендегі
проекция толығымен
көрінбеуі мүмкін. Циклдың
аяқталғанын көру үшін
басқару панелін қараңыз.
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
1
82 3 4 5 6 7
9
1
Қосу/Өшіру түймешігі
2
Бейнебет
3
Delay түймешік
4
Program түймешік
5
MyFavourite түймешік
6
TimeManager түймешік
7
XtraDry түймешік
8
Reset түймешік
9
Индикатор шамдары
4.1 Индикатор шамдары
Индикатор Сипаттама
Тұз индикаторы. Тұз сауытын толтыру қажет болса қосылады.
Шайғыш зат индикаторы. Шайғыш зат сауытын толтыру қажет
болса қосылады.
5. БАҒДАРЛАМАЛАР
Кестедегі бағдарлама нөмірлері (P1,
P2, т.б.) олардың басқару панеліндегі
ретін көрсетеді.
Кестедегі бағдарлама реті олардың
басқару панеліндегі ретін көрсетпеуі
мүмкін.
Бағдарлама Кірдің ауқымы
Кірдің түрі
Бағдарлама
циклдары
Опциялар
P1
1)
Қалыпты
кірлеген
Ыдыс-аяқтар
мен ас
құралдары
Алғашқы жуу
Жуу 50 °C
Шаю циклдары
Кептіру
XtraDry
ҚАЗАҚ 7
Бағдарлама Кірдің ауқымы
Кірдің түрі
Бағдарлама
циклдары
Опциялар
P2
2)
Барлығы
Ыдыс-аяқтар,
ас құралдары,
кәстрөлдер
мен табалар
Алғашқы жуу
45 °C градустан 70
°C градусқа дейін
жуу
Шаю циклдары
Кептіру
XtraDry
P3
3)
Аралас ластық
Ыдыс-аяқтар,
ас құралдары,
кәстрөлдер
мен табалар
Алғашқы жуу
Жуу 50 °C және 65
°C
Шаю циклдары
Кептіру
TimeManager
XtraDry
P4
4)
Қатты
ластанған
Ыдыс-аяқтар,
ас құралдары,
кәстрөлдер
мен табалар
Алғашқы жуу
Жуу 70 °C
Шаю циклдары
Кептіру
TimeManager
XtraDry
P5
5)
Қалыпты не
аздап кірлеген
Морт сынғыш
ыдыс-аяқтар
мен шыны
ыдыстар
Жуу 45 °C
Шаю циклдары
Кептіру
XtraDry
P6
6)
Жаңа
ластанған
Ыдыс-аяқтар
мен ас
құралдары
Жуу 60 °C
Шаю циклдары
XtraDry
1)
Бұл бағдарлама қалыпты кірлеген фарфор ыдыс-аяқ пен ас құралдары үшін су мен
қуатты барынша тиімді пайдалану мүмкіндігін ұсынады. Бұл сынақ мекемелеріне
арналға стандартты бағдарлама.
2)
Құрылғы себеттердегі заттардың қаншалықты ластанғанын және заттардың санын
анықтай алады. Бұл судың температурасы мен мөлшерін және жуу уақытын
автоматты түрде реттейді.
3)
Бұл бағдарлама аралас заттарды жууға сай келеді. Қатты ластанған заттарды
астыңғы себетке және қалыпты ластанған ыдыстарды үстіңгі себетке салыңыз.
Астыңғы себеттегі судың қысымы мен температурасы үстіңгі себетке қарағанда
жоғарырақ.
4)
Бұл бағдарлама қатты ластанған заттарды жоғары су қысымы мен температурасын
пайдаланып жууға арналған.
5)
Бұл бағдарлама судың температурасын басқарады және нәзік ыдыстарға, әсіресе
стакандарға арнайы күтім жасайды.
6)
Бұл бағдарлама жаңа ластанған немесе шамалы ластанған ыдыстарды ақ уақытта
жууға арналған.
www.electrolux.com8
5.1 Пайдалану көлемі
Бағдарлама
1)
Су
(л)
Қуат
(кВт)
Ұзақтық
(мин)
P1 10.5 0.921 235
P2 8 - 15 0.7 - 1.7 46 - 170
P3 14 - 16 1.2 - 1.5 160 - 180
P4 12.5 - 14.5 1.4 - 1.7 170 - 190
P5 12 - 14 0.8 - 1.0 82 - 92
P6 10 0.9 30
1)
Мәндерді судың қысымы мен температурасы, электр қуатының ауытқуы,
параметрлер және ыдыс-аяқтың мөлшері өзгертуі мүмкін.
5.2 Сынақ институттарына
арналған ақпарат
Жұмыс сынағын өткізу үшін қажетті
ақпарат алу үшін (мысалы EN60436
бойынша) мына мекенжайға
электронды хат жолдаңыз:
Өтінішіңізде техникалық ақпарат
тақтасынан алуға болатын өнім
нөмірін (PNC) көрсетіңіз.
Ыдыс жуғыш машинаға қатысты кез
келген қосымша ақпарат үшін
құрылғымен бірге берілген сервис
кітапшасын қараңыз.
6. ПАРАМЕТРЛЕР
6.1 Бағдарламаны таңдау
режимі және пайдаланушы
режимі
Құрылғы бағдарламаны таңдау
режимінде тұрғанда, бағдарламаны
орнатуға және пайдаланушы режиміне
кіруге болады.
Пайдаланушы режимінде
қолжетімді параметрлер:
Судың кермектік деңгейіне сай
келетін су жұмсартқыштың деңгейі.
Шайғыш зат үлестіргіші бос
индикаторын қосу немесе сөндіру.
Шайғыш заттың қосылатын
мөлшерін қажетті деңгейге қою
үшін.
Бағдарлама соңында естілетін
дыбыстық сигналды қосу не
сөндіру.
AirDry қосу не сөндіру.
Құрылғы сақталған параметрлерді
сақтайтындықтан, оны әр цикл үшін
конфигурациялау қажет емес.
ҚАЗАҚ 9
Бағдарламаны таңдау
режимін қалай орнату керек
Дисплейде P1 бағдарлама нөмірі
көрсетілгенде, құрылғы бағдарламаны
таңдау режимінде тұрады.
Құрылғыны іске қосқаннан кейін,
әдетте бағдарлама таңдау режимінде
тұрады. Олай болмаса, бағдарлама
таңдау режимін төмендегідей
орнатыңыз:
Reset түймешігін құрылғы
бағдарламаны таңдау режиміне
қойылғанша қатар басып ұстап
тұрыңыз.
Пайдаланушы режиміне кіру
Құрылғының бағдарлама таңдау
режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
Пайдаланушы режиміне өту үшін
және түймешіктерін , , ,
және индикаторлары жыпылықтай
бастап, дисплей бос тұрғанша
басыңыз.
6.2 Су жұмсартқыш
Су жұмсартқыш жуу нәтижелеріне
және құрылғыға жағымсыз әсер етуі
мүмкін судың құрамындағы
минералдарды тазалайды.
Осы минералдың мөлшері неғұрлым
көп болса, судың кермектігі де
соғұрлым жоғары болады. Судың
кермектігі балама шкаламен
есептеледі.
Су жұмсартқыш аймағыңыздағы судың
кермектігіне сәйкес бапталуға тиіс.
Аймағыңыздағы судың кермектігі
туралы ақпаратты жергілікті су
мекемесінен ала аласыз. Жақсы жуу
нәтижесіне жету үшін су
жұмсартқыштың дұрыс деңгейін
орнату керек.
Қатты суды жұмсарту су
мен энергияны тұтынуды,
сонымен бірге
бағдарламаның ұзақтығын
арттырады. Су
жұмсартқыштың деңгейі
неғұрлым жоғары болса,
тұтыну жоғары болады
және ұзақтығы соғұрлым
ұзақ болады.
Судың кермектігі
Неміс
градусы (°dH)
Француз
градусы (°fH)
mmol / l Кларк
градусы
Су
жұмсартқыштың
деңгейі
47 - 50 84 - 90 8.4 - 9.0 58 - 63 10
43 - 46 76 - 83 7.6 - 8.3 53 - 57 9
37 - 42 65 - 75 6.5 - 7.5 46 - 52 8
29 - 36 51 - 64 5.1 - 6.4 36 - 45 7
23 - 28 40 - 50 4.0 - 5.0 28 - 35 6
19 - 22 33 - 39 3.3 - 3.9 23 - 27
5
1)
15 - 18 26 - 32 2.6 - 3.2 18 - 22 4
11 - 14 19 - 25 1.9 - 2.5 13 - 17 3
4 - 10 7 - 18 0.7 - 1.8 5 - 12 2
www.electrolux.com10
Неміс
градусы (°dH)
Француз
градусы (°fH)
mmol / l Кларк
градусы
Су
жұмсартқыштың
деңгейі
<4 <7 <0.7 < 5
1
2)
1)
Зауытта орнатылған параметр.
2)
Тұзды осы деңгейге қойып қолданбаңыз.
Пайдаланылған жуғыш затқа
қарамай, судың кермектігін дұрыс
орнатып, тұз индикаторын белсенді
күйде ұстаңыз.
Тұзы бар аралас
таблеткалар кермек суды
оңтайлы жұмсарта
алмайды.
Су жұмсартқыштың деңгейін
орнату
Құрылғының пайдаланушы режимінде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
1.
түймешігін басыңыз.
, , және
индикаторлары сөнеді.
индикаторы әлі
жыпылықтайды.
Дисплейде ағымдық параметр
пайда болады: мысалы, =
5-ші деңгей.
2. Параметрді өзгерту үшін
түймешігін бірнеше рет басыңыз.
3. Параметрді растау үшін қосу/
сөндіру түймешігін басыңыз.
6.3 Шайғыш зат үлестіргіші
бос екенін ескерту
Шаю құралы ыдыс-аяқты ешбір жолақ
немесе дақ қалдырмай құрғатуға
мүмкіндік береді. Бұл ыстық сумен жуу
режимінде автоматты түрде қосылады.
Шайғыш зат үлестіргіші бос тұрған
кезде шайғыш зат индикаторы
қосылып, шайғыш затты толтыру
қажет екенін хабарлайды. Көп
таблетканы пайдаланғанда кептіру
нәтижесі сәтті болса, шайғыш затты
толтыру ескертуін сөндіріп қоюға
болады. Дегенмен, кептіру нәтижесі
тамаша болу үшін әрқашан шайғыш
затты пайдаланыңыз.
Шайғыш құралы жоқ стандартты
жуғыш затты немесе
мультитаблетканы пайдалансаңыз,
шайғыш зат толтыру индикаторын қосу
үшін ескерту құралын қосыңыз.
Шайғыш зат үлестіргіші бос
индикаторын қалай сөндіру
керек
Құрылғының пайдаланушы режимінде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
1. түймешігін басыңыз.
, , және
индикаторлары сөнеді.
индикаторы әлі
жыпылықтайды.
Бейнебетте ағымдық параметр
көрсетіледі.
= шайғыш зат
үлестіргіші бос индикаторы
сөндірілген.
= шайғыш зат
үлестіргіші бос индикаторы
қосылған.
2. Параметрді өзгерту үшін
түймешігін басыңыз.
3. Параметрді растау үшін қосу/
сөндіру түймешігін басыңыз.
6.4 Шайғыш зат үлестіргіштің
деңгейі
Шайғыш затты үлестіру мөлшерін 1
(ең аз мөлшер) мен 6 (ең жоғарғы
мөлшер) аралығына қоюға болады. 0-
деңгейде шайғыш зат үлестіргіш
ҚАЗАҚ 11
сөнеді және шайғыш зат
үлестірілмейді.
Зауыттық параметр: 4-деңгей.
Шайғыш заттың деңгейін
орнату
Құрылғының пайдаланушы режимінде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
1.
түймешігін басыңыз.
, , және
индикаторлары сөнеді.
индикаторы жыпылықтауын
жалғастырады.
Дисплейде ағымдық параметр
пайда болады: мысалы,
=
4-ші деңгей.
Шаю құралының деңгейлері
0A бастап, 6A деңгейіне
дейін, 0A - шаю құралы
қолданылмағанын
көрсетеді.
2. Параметрді өзгерту үшін
түймешігін бірнеше рет басыңыз.
3. Параметрді растау үшін қосу/
сөндіру түймешігін басыңыз.
6.5 Дыбыстық сигналдар
Дыбыстық сигналдар құрылғыда ақау
пайда болған кезде естіледі. Бұл
дыбыстық сигналдарды өшіріп қоюға
болады.
Бағдарлама аяқталған кезде де
дыбыстық сигнал қосылады. Әдетте
дыбыстық сигнал сөндірулі тұрады,
бірақ оны қосуға болады.
Бағдарлама аяқталған кезде
естілетін дыбыстық сигналды
қалай қосуға болады
Құрылғының пайдаланушы режимінде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
1. түймесін басыңыз.
, , және
индикаторлары сөнеді.
индикаторы әлі
жыпылықтайды.
Бейнебетте ағымдық параметр
көрсетіледі.
= дыбысты сигнал
сөндірулі.
= дыбысты сигнал
қосулы.
2. Параметрді өзгерту үшін
түймесін басыңыз.
3. Параметрді растау үшін қосу/
сөндіру түймешігін басыңыз.
6.6 AirDry
AirDry Бұл функция қуатты аз
қолданып, жақсы кептіру нәтижелеріне
қол жеткізуге көмектеседі.
Кептіру циклы кезінде есік
автоматты ашылып,
ашылған қалпы тұрады.
АБАЙЛАҢЫЗ
Есік автоматты түрде
ашылғаннан кейін, 2 минут
ішінде қайта жабуға
тырыспаңыз. Бұл
құрылғыны бүлдіруі мүмкін.
Егер артында есік тағы 3
минутқа жабылса, жұмыс
істеп тұрған бағдарлама
аяқталады.
AirDry Бұл бағдарламасынан басқа
(егер бар болса) бағдарламаларда
автоматты түрде қосылып тұрады.
Кептіру нәтижесін жақсарту үшін
XtraDry опциясын қараңыз немесе
AirDry функциясын қосыңыз.
www.electrolux.com12
АБАЙЛАҢЫЗ
Балалардың қолдары
құрылғыға жететін болсағ
AirDry сөндіріңіз, себебі
есікті ашу қауіп тудыруы
мүмкін.
функциясын қалай сөндіру
керек AirDry
Құрылғының пайдаланушы режимінде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
1. түймесін басыңыз.
, , және
индикаторлары сөнеді.
индикаторы әлі
жыпылықтайды.
Бейнебетте ағымдық параметр
көрсетіледі.
= AirDry сөндірілген.
= AirDry қосылған.
2. Параметрді өзгерту үшін
түймесін басыңыз.
3. Параметрді растау үшін қосу/
сөндіру түймешігін басыңыз.
6.7 MyFavourite
Бұл опция ең жиі пайдаланылған
бағдарламаны орнатуға және сақтауға
мүмкіндік береді.
Тек 1 бағдарламаны ғана сақтауға
болады. Жаңа параметр алдыңғы
параметрді өшіреді.
MyFavourite бағдарламасын
қалай сақтау керек
1. Таңдалған бағдарламаны
орнатыңыз.
Қолданылатын функцияларды
бағдарламамен бірге орнатуға
болады.
2. түймешігін тиісті индикатор
жанғанша басып тұрыңыз.
MyFavourite бағдарламасын
қалай орнату керек
түймешігін басыңыз.
MyFavourite индикаторы
жанады.
Бейнебетте бағдарламаның
нөмірі және ұзақтығы
көрсетіледі.
Егер функциялар
бағдарламамен бірге сақталса,
опция индикаторлары жанады.
7. ОПЦИЯЛАР
Қажетті функцияларды
міндетті түрде
бағдарламаны бастау
алдында іске қосу керек.
Бағдарлама жұмыс істеп
тұрған кезде
функцияларды іске қосу
немесе ажырату мүмкін
емес.
Кей функциялар өзара
үйлесімді емес. Егер өзара
үйлесімсіз функциялар
таңдасаңыз, құрылғы
олардың біреуін немесе
бірнешеуін автоматты
түрде сөндіреді. Тек
қосылып тұрған
функциялардың
индикаторлары ғана жанып
тұрады.
ҚАЗАҚ 13
Егер опция бағдарламада
қолданылмаса, тиісті
индикатор сөніп тұрады не
бірнеше секунд жылдам
жыпылықтап сөніп қалады.
Опцияларды қосу су мен
қуаттың пайдаланылатын
мөлшеріне, сонымен қатар
бағдарламаның
ұзақтығына әсер етеді.
7.1 XtraDry
Кептіру нәтижесін жақсарту үшін осы
опцияны қосыңыз.
XtraDry бұл
функциясынан
басқа бағдарламаларда тұрақты опция
болып табылады. Бұл келесі
циклдарда автоматты түрде қосылады.
Бұл конфигурацияны кез келген
уақытта өзгертуге болады.
қосылған сайын
XtraDry опциясы сөнеді
және оны қолдан таңдау
керек болады.
XtraDry қосқанда TimeManager сөнеді
не керісінше қосылады.
Қалай қосу керек XtraDry
түймешігін басыңыз.
Тиісті индикатор қосылады.
Дисплейде жаңартылған бағдарлама
уақыты көрсетіледі.
7.2 TimeManager
TimeManager функциясы таңдалған
бағдарламаның ұзақтығын шамамен
50%-ға азайтуға мүмкіндік береді.
Жуу нәтижесі қалыпты уақыты бар
бағдарламаны пайдаланғанмен
бірдей. Кептіру нәтижелері төмендеуі
мүмкін.
Бұл функция судың қысымы мен
температурасын көбейтеді. Жуу және
кептіру циклдары қысқарақ болады.
Әдетте TimeManager сөніп тұрады,
бірақ оны қолдан қосуға болады. Бұл
опцияны XtraDry функциясымен бірге
пайдалану мүмкін емес.
Қалай қосу керек
TimeManager
түймесін басыңыз.
Тиісті индикатор қосылады.
Дисплейде жаңартылған бағдарлама
уақыты көрсетіледі.
8. ЕҢ АЛҒАШ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА
1. Су жұмсартқыштың ағымдық
деңгейінің сумен жабдықтау
жүйесіндегі судың кермектігіне
сай келетініне көз жеткізіңіз.
Олай болмаса, су
жұмсартқыштың деңгейін
реттеңіз.
2. Тұз сауытын толтырыңыз.
3. Шайғыш зат үлестіргішін
толтырыңыз.
4. Су құятын шүмекті ашыңыз.
5. Құрылғының ішінде өндіру
барысында қалуы мүмкін қалдық
заттарды тазалау үшін
бағдарламаны бастаңыз. Жуғыш
затты қолданбаңыз және
себеттерге ыдыс салмаңыз.
Бағдарламаны бастағаннан кейін
құрылғы су жұмсартқыштағы шайырды
5 минутқа дейін қайта зарядтайды.
Жуу циклы осы үдеріс аяқталғаннан
кейін ғана басталады. Процедура ара-
тұра қайталанып отырады.
www.electrolux.com14
8.1 Тұз сауыты
АБАЙЛАҢЫЗ
Тек ыдыс жуғыштарға
арналған ірі тұзды
қолданыңыз. Ұсақ тұз тот
басу қаупін арттырады.
Тұз су жұмсартқыштың ішіндегі
шайырды толтыру үшін және
күнделікті жуу нәтижесін
қанағаттанарлық ету үшін
қолданылады.
Тұз сауытын қалай толтыру
керек
1. Тұз сауытының қақпағын сағат
тілінің бағытына қарсы бұрап
алыңыз.
2. Тұз сауытына 1 литр су құйыңыз
(ең алғаш қолданғанда ғана).
3. Тұз сауытына жуғыш тұздан
салыңыз (сауыт толғанша).
4. Тұз түйірлерін арылту үшін,
құйғышты тұтқасынан ұстап тұрып
қозғаңыз.
5. Тұз сауытының ернеуіндегі тұзды
тазалаңыз.
6. Тұз сауытын жабу үшін тұз
сауытының қақпағын сағат тілінің
бағытымен бұраңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Тұз сауытын толтырған
кезде одан су және тұз
ағады. Тұз сауытын
толтырғаннан кейін тот
басуға жол бермеу үшін ең
қысқа бағдарламаны дереу
бастаңыз. Себеттерге
ыдыс салмаңыз.
8.2 Шайғыш зат үлестіргішін
толтыру
A
B
C
АБАЙЛАҢЫЗ
Ыдыс жуғыш машинаға
арналған шайғыш
заттарды ғана
пайдаланыңыз.
1. Қақпақшаны (C) ашыңыз.
2. Үлестіргішті (B) жуғыш зат ''MAX'’
деңгейіне жеткенше толтырыңыз.
3. Төгіліп қалған шайғыш зат қатты
көпіршіп кетпеу үшін сіңіргіш
шүберекпен тазалаңыз.
4. Қақпақшаны жабыңыз. Қақпақтың
жабылғанына көз жеткізіңіз.
Шайғыш зат үлестіргішін
(A) индикаторы мөлдір
болған кезде толтырыңыз.
ҚАЗАҚ 15
9. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
1. Су құятын шүмекті ашыңыз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/
сөндіру түймешігін басыңыз.
Құрылғының бағдарлама таңдау
режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
Тұз индикаторы қосулы тұрса,
тұз сауытын толтырыңыз.
Шайғыш зат индикаторы қосулы
тұрса, шайғыш зат үлестіргішін
толтырыңыз.
3. Себеттерді толтырыңыз.
4. Жуғыш заттан қосыңыз.
5. Бағдарламаны салынған заттар
мен олардың ластану деңгейіне
қарай дұрыс орнатып, іске
қосыңыз.
9.1 Жуғыш затты қолдану
A
B
C
АБАЙЛАҢЫЗ
Ыдыс жуғыш машиналарға
арналған арнайы жуғыш
құралдарды ғана
пайдаланыңыз.
1. (A) босату түймешігін басып,
қақпақты (C) ашыңыз.
2. Ұнтақ немесе таблетка түріндегі
жуғыш құралды (B) бөлігіне
салыңыз.
3. Бағдарламаның алдын ала жуу
циклы болса, құрылғы есігінің ішкі
бөлігіне жуғыш заттан аздап
салыңыз.
4. Қақпақшаны жабыңыз. Қақпақтың
жабылғанына көз жеткізіңіз.
9.2 Бағдарламаны орнату
және бастау
Бағдарламаны бастау
1. Құрылғының есігін ашып қойыңыз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/
сөндіру түймешігін басыңыз.
Құрылғының бағдарлама таңдау
режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
3. Дисплейде таңдалған
бағдарламаның саны көрінгенше
қайта-қайта басыңыз.
Бағдарлама нөмірі дисплейде
шамамен 3 секунд көрсетіледі,
содан кейін бағдарламаның
уақыты көрсетіледі.
MyFavourite бағдарламасын
таңдау үшін түймесін
басыңыз.
MyFavourite бағдарламасына
қатысты опциялардың
индикаторлары көрсетіледі.
4. Қолжетімді функцияларды
орнатыңыз.
5. Бағдарламаны бастау үшін
құрылғының есігін жабыңыз.
Кешіктіріп бастау функциясы
бар бағдарламаны бастау
1. Бағдарламаны орнатыңыз.
2. Дисплейде қажетті кешіктіру
уақыты көрінгенше түймесін
қайталап басыңыз (1-ден 24
сағатқа дейін).
индикаторы қосылады.
3. Кері санақты бастау үшін
құрылғының есігін жабыңыз.
Кері санау барысында кешіктіру
уақытын қосуға болады, бірақ
бағдарлама мен опцияларды
өзгертпеңіз.
Кері санақ аяқталған кезде,
бағдарлама басталады.
www.electrolux.com16
Құрылғы жұмыс істеп тұрған
кезде есікті ашу
Бағдарлама жұмыс істеп тұрғанда
есікті ашсаңыз, құрылғы тоқтайды. Бұл
қуатты пайдалану мен бағдарлама
уақытына әсер етуі мүмкін. Есікті
жапқаннан кейін, құрылғы тоқтаған
жерінен бастап жұмыс істейді.
Кептіру циклы кезінде есік
30 секундтан ұзақ ашық
тұрса, жұмыс істеп тұрған
бағдарлама аяқталады.
Есік AirDry көмегімен
ашылса, бұндай жағдай
болмайды.
Кері санап тұрғанда кешіктіріп
бастау функциясын
болдырмау
Кешіктіріп бастау функциясын біржола
тоқтатқан кезде бағдарлама мен
функцияларды қайта орнату керек.
Reset түймешігін құрылғы
бағдарламаны таңдау режиміне
қойылғанша қатар басып ұстап
тұрыңыз.
Бағдарламаны біржола
тоқтату
Reset түймешігін құрылғы
бағдарламаны таңдау режиміне
қойылғанша қатар басып ұстап
тұрыңыз.
Жаңа бағдарламаны бастар алдында,
жуғыш зат үлестіргіште жуғыш заттың
бар екеніне көз жеткізіңіз.
Бағдарламаның аяқталуы
Бағдарлама аяқталғанда дисплейде
0:00 пайда болады.
Қосу/сөндіру түймелерінен басқа
түймелердің барлығы белсенді емес.
1. Қосу/сөндіру түймесін басыңыз
немесе Auto Off функциясы
құрылғыны автоматты түрде
сөндіргенше күтіңіз.
Есікті Auto Off қосылмай тұрып
ашсаңыз, құрылғы автоматты
түрде сөнеді.
2. Судың шүмегін жабыңыз.
Auto Off функциясы
Бұл функция құрылғы жұмыс істемей
тұрған кезде автоматты түрде сөндіру
арқылы қуатты үнемдейді.
Құрылғы келесі жағдайда іске
қосылады:
Бағдарлама аяқталғаннан кейін 5
минут өткенде.
Бағдарламаның басталмағанынан
бері 5 минут өтсе.
10. АҚЫЛ-КЕҢЕС
10.1 Жалпы
Күнделікті тазалау және кептіру
нәтижесін жақсарту үшін келесі ақыл-
кеңестерді орындап, қоршаған ортаны
қорғауға үлес қосыңыз.
Ыдыстарға жабысқан тағамның
үлкенірек қалдықтарын алып,
қоқысқа салыңыз.
Ыдысты алдын ала қолмен
шаймаңыз. Қажет болса, алдын ала
жуу фазасы бар бағдарламаны
таңдаңыз.
Себеттердің ішіндегі орынды үнемі
толық пайдаланыңыз.
Себеттердегі заттардың бір-біріне
тимей немесе қалқаламай
тұрғанына көз жеткізіңіз. Сонда ғана
су ыдыстарға жетеді.
Ыдыс жуғыш машинаға арналған
жуғыш, шайғыш құралды және
тұзды бөлек пайдалануға не көп
функциялы таблеткаларды
пайдалануға болады (мысалы, ''All
in 1''). Орамындағы нұсқауларды
орындаңыз.
Бағдарламаның ыдыс түріне және
ластану дәрежесіне сай таңдаңыз.
су мен қуатты барынша
ҚАЗАҚ 17
оңтайлы пайдалану мүмкіндігін
ұсынады.
10.2 Тұз, шайғыш зат және
жуғыш затты пайдалану
Тек ыдыс жуғыш машинаға
арналған тұзды, шайғыш және
жуғыш затты пайдаланыңыз. Басқа
өнімдер құрылғыға нұқсан келтіруі
мүмкін.
Cуы кермек және өте кермек
аймақтарда жуу және кептіру
нәтижесін барынша жақсарту үшін
жеке жуғыш (қосымша
функциялары жоқ ұнтақты, гельді,
таблеткаларды), шайғыш затты
және тұзды жеке-жеке
пайдаланыңыз.
Кем дегенде айында бір рет
құрылғыны құрылғы жууға арналған
заттан құйып, іске қосыңыз.
Жуғыш таблеткалар қысқа
бағдарламаларда әбден ерімейді.
Жуғыш заттардың қалдықтары
ыдыстарға тұрып қалмас үшін
жуғыш таблеткаларды
пайдаланғанда ұзақ
бағдарламаларды қолдануды
ұсынамыз.
Жуғыш затты қажетті мөлшерден
артық пайдаланбаңыз. Жуғыш
заттың орамындағы нұсқауларды
қараңыз.
10.3 Жуғыш таблеткаларды
пайдалануды тоқтатқыңыз
келсе
Жуғыш затты, тұзды және шайғыш
заттарды жеке-жеке пайдалану
алдында келесі әрекеттерді
орындаңыз:
1. Су жұмсартқыштың ең жоғары
деңгейін орнатыңыз.
2. Тұз және шайғыш зат
сауыттарының толы екеніне көз
жеткізіңіз.
3. Шаю циклы бар ең қысқа
бағдарламаны бастаңыз. Жуғыш
зат қоспаңыз және себеттерді
толтырмаңыз.
4. Бағдарлама аяқталған кезде, су
жұмсартқышты тұратын жеріңіздегі
судың кермектігіне қойыңыз.
5. Шайғыш заттың қосылатын
мөлшерін реттеңіз.
6. Шайғыш зат үлестіргіші бос
индикаторын қосу.
10.4 Себеттерді толтыру
Құрылғыны тек ыдыс жуғыш
машинада жууға болатын заттарды
жуу үшін ғана пайдаланыңыз.
Ағаш, мүйіз, алюминий, қалайы
және мыстан жасалған заттарды
құрылғыға салып жумаңыз.
Құрылғыға су сіңіретін заттарды
(жөке, ас үй шүберектері) жумаңыз.
Ыдыстардағы үлкен тағам
қалдықтарын алыңыз.
Күйіп кеткен тағам қалдықтары
жабысқан ыдыстарды құрылғымен
жуу алдында жібітіңіз.
Шұңғыл ыдыстардың (кесе, стакан
және кәстрөл) ернеуін төмен
қаратып салыңыз.
Стакандарды бір-біріне тигізбеңіз.
Жеңіл заттарды үстіңгі себетке
салыңыз. Заттарды оңай жылжып
кетпейтін етіп салыңыз.
Ас құралдары мен кішкене
заттарды ас құралдары себетіне
салыңыз.
Бағдарламаны қосу алдында
бүріккіш түтіктердің еркін айнала
алатынына көз жеткізіңіз.
10.5 Бағдарламаны бастау
алдында
Таңдалған бағдарламаны бастау
алдында мынаны тексеріңіз:
Сүзгілердің таза екенін және
орнатылып тұрғанын.
Тұз сауытының қақпағының мықтап
жабылғанын.
Бүріккіш түтіктердің бітеліп
қалмағанын.
Тұз бен жуғыш заттың жеткілікті
екенін (егер көп функциялы
таблетканы пайдаланбасаңыз).
Заттардың себеттерге дұрыс
салынып тұрғанын.
www.electrolux.com18
Бағдарламаның салынған ыдыс
түріне және ластану дәрежесіне сай
екенін.
Жуғыш зат дұрыс мөлшерде
қолданылғанын.
10.6 Себеттерді босату
1. Ыдыстарды суытып алғаннан кейін
ғана құрылғыдан алыңыз. Ыстық
заттар осал келеді.
2. Әуелі астыңғы себеттегі, содан
кейін үстіңгі себеттегі заттарды
алыңыз.
Бағдарлама аяқталғаннан
кейін құрылғының ішкі
бетінде әлі де су тұруы
мүмкін.
11. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
ЕСКЕРТУ!
Құрылғыны жөндеу
алдында электр желісінен
ағытыңыз және ашасын
розеткадан суырыңыз.
Қоқыс тұрған сүзгілер мен
бүріккіш түтіктер жуу
нәтижесіне кері әсер етеді.
Бұл элементтерді
уақытылы тексеріп, қажет
болса тазалаңыз.
11.1 Сүзгілерді тазалау
Сүзгі жүйесі 3 бөліктен тұрады.
C
B
A
1. Сүзгіні (B) сағат тілінің бағытына
қарсы бұрап алыңыз.
2. (C) сүзгісін (B) сүзгісінен алыңыз.
3. Жалпақ сүзгіні (A) алыңыз.
4. Сүзгілерді жуыңыз.
ҚАЗАҚ 19
5. Зумпф сорғышының ішінде немесе
айналасында ешбір тағам
қалдығыңың немесе қоқыстың жоқ
екеніне көз жеткізіңіз.
6. Жалпақ сүзгіні орнына (A)
қойыңыз. Оның 2 бағыттағыштың
астына дұрыс орнатылғанына көз
жеткізіңіз.
7. (B) және (C) сүзгілерін
құрастырыңыз.
8. (B) сүзгісін (A) сүзгісіне салыңыз.
Сырт етіп орнына түскенше сағат
тілінің бағытымен бұраңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Сүзгілер дұрыс салынбаса,
жуу нәтижесі
қанағаттанғысыз болуы
және құрылғыға нұқсан
келуі мүмкін.
11.2 Үстіңгі бүріккіш түтікті
тазалау
Үстіңгі бүріккіш түтіктің
саңылауларына қоқыс жиналып
қалмас үшін оны уақытылы тазалауды
ұсынамыз.
Саңылауларға қоқыс жиналып қалса
жуу нәтижесі қанағаттанғысыз болуы
мүмкін.
1. Үстіңгі себетті тартып шығарыңыз.
2. Бүріккіш түтікті себеттен ағыту үшін
бүріккіш түтікті жоғары басып
тұрған қалпы сағат тілінің
бағытымен айналдырыңыз.
3. Бүріккіш түтікті ағып тұрған сумен
жуыңыз. Жіңішке үшкір ұшты
құралды, мысалы, тіс шұқығышты
пайдаланып, саңылаулардағы
қоқыстарды тазалаңыз.
www.electrolux.com20
/