Қолдану жөніндегі нұсқаулық
отырыңыз.
• Аспаптың артқы қабырғасында
орнатылған булағыш əрқашан таза
болуы керек («Аспапты тазарту» бөлімін
қараңыз).
• Егер кепілдік талоны ақауланып немесе
жоғалып қалса, оны мүмкіндігіңізше тез
ауыстырыңыз.
• Өз азық-түлігіңізді жабық контейнерлерде
немесе басқа тиісті орауда сақтаңыз.
• Азық-түлігіңізді тоңазытқышқа қоярдың
алдында оны бөлме температурасына
дейін салқындатып алыңыз.
• Тоңазытқыш бөліміндегі өз мұздатылған
азық-түлігіңізді жібітіңіз.
• Мұздатқыш камерасының жəшіктері
мен есікшесін ішкі көлемін максимальді
мүмкін пайдалану үшін нұсқаулықта
көрсетілгендей етіп шешіп алыңыз.
• Егер мұздатқыш бөлімінің бетінде 3-5 мм
қалыңдыққа дейінгі мұз пайда болса, оны
жібітіңіз.
• Жəшіктер біркелкі орналасқанына,
ал азық-түліктер ауа еркін
циркуляцияланатындай орналасқанына
көз жеткізіңіз (нұсқаулықта көрсетілгендей
азық-түліктердің орналасуы бойынша
нұсқауларына назар аударыңыз).
• Аспап желдеткішпен жабдықталған, оны
блоктамаңыз.
• Құрылғы қауіпсіздік саласындағы барлық
стандарттарға сəйкес жасалған, дегенмен
де, құрылғыны физикалық əрекет ету,
қозғалу жəне психикалық шектеуі бар
адмдардың қолдануы жəне де құрылғыны
қолдануға жеткілікті тəжірибесі немесе
білімі жоқ адамдардың қолдануы тек
басқа адамардың қарауымен ғана рұқсат
етіледі. Сонымен қатар бұл нұсқау жас
балаларға да қатысты қолданылады.
• Аппарат электр желісіне дұрыс қосылуы
керек («Электр желісіне қосылуы»
тарауын қараңыз).
• Аппарат жұмыс істеп тұрғанда
салқындатқыш беттеріне су қолыңызбен
жанаспаңыз, себебі оларға теріңіз қатып
қалуы мүмкін.
• Бөтелкедегі сусындарды мұздатпаңыз,
əсіресе көпіретін сусындарды, минералды
суды, көпіретін шырын, сыра, кола
жəне т.б. сияқтыларды, себебі мұздату
барысында сұйықтық үлғайып қатады да,
бөтелке жарылып кетуі мүмкін.
• Жөндеу, жинастыру жəне лампышаларды
ауыстыру алдында аппаратты электр
желісінен өшіру қажет (жөндеуді маман
жүргізуі керек).
• Тоңазытқышты электр аспаптары (шашқа
арналған фен жəне т.б.) көмегімен
жібітпеңіз жəне мұзды өткір заттар
көмегімен алмаңыз.
• Мұздатқыш камерасы корпусының
шеттері бойынша қыздырғыш
орналасады, ол компрессормен бір
уақытта жұмыс істейді жəне есік
тығыздатқышының мұздатқыш корпусына
қатып қалуын болдармайды.
• Жалғама кабелінің ақаулануы барысында
қайғылы жағдайларын болдармау үшін
оны ауыстыруды зауыт-əзірлеуші немесе
уəкілетті сервистік қызметі, немесе тиісті
біліктілігі бар маман жүзеге асырады.
• Сіздің аппаратыңыз бойынша негізгі
деректер кестесі тоңазытқыштың ішінде
немесе артқы қабырғасында болады.
• Ескерту: Құрылғының жəне құрылғы
жалғанған ас үй элементінің желдеткіш
саңылауларын жауып қоймаңыз, оларды
əрдайым тазалықта ұстаңыз.
• Ескерту: Еріту үшін, өндіруші тарапынан
қолдануға рұқсат етілмеген механикалық
құралдар жəне тəсілдер қолданбаңыз.
• Ескерту: Құрылғыны орнату, тазарту
жəне қалдықтарды кəдеге жарату
барысында оқшаулаудың немесе
салқындату жүйесінің бөліктерінің
зақымданбауын қадағалаңыз. Осылайша
қоршаған ортаның ластануының алдын
алуға болады.
• Ескерту: Құрылғы ішінде, өндіруші
тарапынан қолдануға рұқсат етілген
электр қондырғыларынан басқасын
қолданбаңыз.
Құрылғыда немесе оның орауында
төменде көрсетілгендей белгі
орналасса, бұл өнімді қолданғаннан
кейін тұрмыстық қалдық ретінде
кəдеге жарату мүмкін емес екендігін
білдіреді. Оның орнына бұл өнімді
тиісті, электрондық жəне электр
құрылғыларын кəдеге жарату үшін
қабылдау орындарына өткізу қажет.
Өнімді кəдеге жарату ережелерін сақтау
арқылы, қоршаған ортаға жəне адам
ағзасына келтірілер зиянның алдын
аласыз, кері жағдайда, құрылғы
қалдықтарын дұрыс қолданбау