Қазақ тілі
386
Құрылғыны жарылыс қаупі бар орталарда сөндіріңіз
• Батареяны алғанша, құрылғыңызды жарылыс қаупі бар орталарда
сөндіріңіз.
• Жарылысқа қаупі бар орталарды әрқашан ережелерді,
нұсқауларды және белгілерді орындаңыз.
• Бұл құрылғыны жанармай құю орындарында (жанармай
станцияларында), сұйық отындар немесе химикаттар не
жарылғыш заттары бар аймақтарда пайдаланбаңыз.
• Тез тұтанатын сұйықтықтарды, газдарды немесе жарылғыш
заттарды құрылғы, оның бөлшектері немесе аксессуарлары бар
жерде сақтамаңыз немесе орналастырмаңыз.
Құрылғыдан немесе батареядан оғаш иістер немесе дыбыстар
шығып жатқанын байқасаңыз я болмаса құрылғыдан немесе
батареядан түтін немесе сұйықтықтар шығып жатқанын
көрсеңіз, құрылғыны пайдалануды бірден тоқтатыңыз және
оны Samsung сервис орталығына апарыңыз
Бұлай істемеу өртке немесе жарылысқа әкелуі мүмкін.
Көлік жүргізгенде ұялы құрылғыны пайдалануға қатысты
барлық қауіпсіздік ескертулері мен ережелерін сақтаңыз
Автокөлікті қауіпсіз жүргізу бірінші жауапкершілігіңізге жатады.
Заңмен тыйым салынса, көлік жүргізгенде ұялы құрылғыны ешқашан
пайдаланбаңыз. Сіздің және басқалардың қауіпсіздігі үшін, дұрыс
мағынада түсініңіз және мына кеңестерді есте сақтаңыз:
• Құрылғыңызбен және жылдам теру және қайта теру сияқты
қолайлы мүмкіндіктерімен танысыңыз. Бұл мүмкіндіктер ұялы
құрылғыңызда қоңырауды күттіруге қоюға немесе қабылдауға
қажетті уақытты азайтуға көмектеседі.
• Құрылғыңызды оңай алатын жерге қойыңыз. Жолдан көз алмай
сымсыз құрылғыны қоса алатыныңызға көз жеткізіңіз. Сізге біреу
қолайсыз уақытта қоңырау шалса, сіздің орныңызға дауысты
пошта жауап бере алады.
• Жол қозғалысы қиын жерлерде немесе қауіпті ауа райы
жағдайларында сөйлесуді тоқтата тұрыңыз. Жаңбыр, көктайғақ,
қар, мұз және қиын жол қозғалысы қауіпті болуы мүмкін.
• Телефон нөмірлерін жазбаңыз немесе іздемеңіз. Әдістерін жазып
алу немесе мекенжай кітапшасын қарап шығу негізгі көлікті
қауіпсіз жүргізу міндетінен назарыңызды аударады.