Зақымдар себептері kk
17
4 Зақымдар себептері
Конфорокаларды зақымдау себептері
4.1 Зақымдар себептері
ЕСКЕРТУ‒Электрик тоқ соғу қатері бар!
Дұрыс жасалмаған жөндеулер қауіпті болып
табылады.
▶Құрылғыдағы жөндеу жұмыстарын тек білікті
мамандар орындай алады.
▶Құрылғыны жөндеу үшін тек түпнұсқа бөлшектері
ғана пайдаланылуы мүмкін.
▶Осы бұйымның желі кабелі бұзылып зақымданған
күйде болса, қауіптердің пайда болуын болдырмау
үшін, оның шығарушы немесе техникалық қызмет
көрсету орталығының маманы арқылы, немесе
осыларға ұқсас арнайы білімі бар адам тарабынан
ауыстырылуы қажет.
1. Плиталарды оның үстіне ыдыс қойылған кезде ғана
қосу керек. Бос ас пісіретін ыдысты ешқашан
қыздыруға болмайды. Табаның түбі зақымдалады.
2. Тек астыңғы жағы тегіс ас пісіретін ыдысты
пайдалану керек.
3. Ас пісіретін ыдысты жанарғының болат торының
дәл ортасына қою керек. Осылайша жалыннан
шыққан жылу ас пісіретін ыдыстың түбін оңтайлы
қыздырады. Тұтқасы немесе құлағы
зақымдалмайды, әрі энергияны жақсырақ
сақтауды қамтамасыз етеді.
4. Плита жанарғысының таза әрі құрғақ екендігіне
көз жеткізу керек. Жанарғы тостағы мен қақпағы
өз орындарында дәл орнатылуы керек.
5. Егер сіз құрылғыны газ баллонымен қолдансаңыз,
газ баллонын тігінен қойыңыз. Егер газ баллондары
көлденеңінен орнатылса, құрылғының ішкі
бөліктері зақымданып, газдың ағуы мүмкін.
6. Қыздырылған ыдыстарды көрсеткіш панеліне
немесе жақтауға қоюға болмайды.
7. Тұз, қант пен құмның бөлшектері әйнекті тырнауы
мүмкін. Плитаны жұмыс үстелі, ас үй үстелі немесе
сақтау орны ретінде пайдалануға болмайды.
8. Егер қатты немесе үшкір заттар плитаға түссе,
зақым пайда болуы мүмкін. Мұндай заттарды
плитаның үстінде сақтауға болмайды.
9. Қант немесе құрамында қант көп тағамдар
плитаны зақымдауы мүмкін. Шашыраған тағамды
дереу шыны қырғышпен алып тастау керек. Сақ
болыңыз, қырғыш өткір. Алынбаған тағам
қалдықтары құрылғының бетін және басқа
бөлшектерін зақымдауы мүмкін.
10. Құрылғының айналасы құрғақ және таза болуы
тиіс. Әр тазалаудан кейін құрылғының және оның
айналасының құрғақ әрі таза болып тұрғанына көз
жеткізіңіз. Құрылғының барлық беттерінде
тазартқыш материалдар, жуғыш құралдар мен су
қалдықтары жоқ екеніне көз жеткізу керек.
11. Плитаның астындағы немесе жанарғы түбіндегі газ
шығарғыш түтіктердің құрамдас бөліктеріне
ағартқыш немесе сол сияқты химиялық заттар
ағып кетсе, оларда ақаулық тууы мүмкін. Жанарғы
түбіндегі тағам немесе сұйықтық қалдықтарын
алып тастаған кезде ағартқышты немесе сол
сияқты күшті химиялық заттарды пайдалануға
болмайды.
12. Керамикалық кәстрөлдер, тегештер мен табалар
сияқты ас пісіретін ыдыстар қызуды сіңіреді.
Мұндай ас пісіретін ыдыстарды ұзақ уақыт бойы
жалынның үстінде қалдыруға болмайды. Бұл
конфорканың бетін зақымдауы мүмкін.
13. Ыдыстарды бір уақытта бірнеше жанарғымен
қыздыруға болмайды.
5 Қоршаған ортаны қорғау және сақтау
5.1 Буып-түйетін нәрселерді кәдеге
жарату
Орауыш материалдары қоршаған ортаға зиян
тигізбейді және оларды қайта өңдеуге болады.
▶Бөлек компоненттерді ажыратып, сұрыптары
бойынша кәдеге жаратыңыз.
5.2 Энергия үнемдеу
Егер Сіз осы нұсқауларды орындасаңыз, құрылғы
электр қуатын үнемдейді.
Кәстрөл өлшеміне сәйкем жанарғыны таңдаңыз.
Ыдысты ортаға қойыңыз.
Кеңес:Ыдыс-аяқ өндірушілер көбінесе кәстрөлдің
жоғарғы диаметрін көрсетеді. Ол көбінесе төменгі
диаметрінен үлкен.
¡Сәйкес келмейтін ыдыс немесе толық жабық
емес аймақтар көп энергия тұтынады.
Кәстрөлді жарамды қақпақпен жабыңыз.
¡Тамақты қақпақсыз әзірлеген жағдайда, құрылғы
айтарлықтай көбірек энергияны қажет етеді.
Қақпақты мүмкіндігінше аз ашыңыз.
¡Қақпақты ашқанда, көп мөлшердегі энергия
жұмсалады.
Шыны қақпақтар пайдаланыңыз.
¡Шыны қақпақ кәстрөлді қақпағын көтермей-ақ
бақылауға мүмкіндік береді.
Азық-түлік мөлшері үшін жарамды ыдысты
қолданыңыз.
¡Ішіне аз азық-түлік салынған ыдыс қызу үшін
көбірек энергия қажет етеді.
Аз мөлшердегі сумен пісіріңіз.
¡Ыдыста су неғұрлым көп болса, қыздыру үшін
соғұрлым көп энергия қажет болады.
Төменірек пісіру деңгейіне ертерек ауысыңыз.
¡Тым жоғары қайнату деңгейінде энергия бекер
жұмсалады.
Бұйымның66/2014(ЕО)Регламентіне сәйкестігі
жөніндегі ақпаратты құрылғымен қоса берілген
төлқұжаттан және ғаламтордағы құрылғы
сипаттамасы жазылған беттен табуға болады.