KZ
18
ЕСКЕРТУ: кір жуғыш машинаны алғаш рет
пайдаланбас бұрын, алдын ала жуусыз 90° мақта
циклын қолдана отырып, жуғыш затпен кірлерді
салмай-ақ, жуу циклын іске қосыңыз.
1. ҚҰРЫЛҒЫНЫ ҚОСЫҢЫЗ. түймесін басыңыз.
Барлық индикатор шамдары 1 секундқа жанады
да, дисплейде AQUALTIS мәтіні пайда болады;
одан кейін түймесіне сәйкес келетін индикатор
шамы қалыпты түрде жанып тұрады және БАСТАУ/
ТОҚТАТА ТҰРУ индикатор шамы жыпылықтайды.
2. БАҒДАРЛАМАНЫ ТАҢДАҢЫЗ. Қажетті бағдарлама
таңдалғанға дейін БАҒДАРЛАМА ТҰТҚАСЫН сол немесе
оң жаққа бұрыңыз; дисплейде бағдарламаның атауы
пайда болады. Әрбір бағдарлама үшін температура мен
сығу жылдамдығы орнатылған; оларды реттеуге болады.
Дисплейде циклдың мерзімі де көрсетіледі.
3. КІРЛЕРДІ САЛЫҢЫЗ.Есікті ашыңыз. Келесі беттегі
жуу циклдарының кестесінде көрсетілген ең көп жүк
мәнінен асып кетпеуге назар аударып, кірлерді салыңыз.
4. ЖУҒЫШ ЗАТТЫ ӨЛШЕҢІЗ. Жуғыш зат тартпасын
ашып, «Құрылғы сипаттамасы» тарауында
айтылғанмен сәйкес жуғыш затты тиісті бөлікке салыңыз.
5. ЕСІКТІ ЖАБЫҢЫЗ.
6. ЖУУ ЦИКЛЫН ӨЗГЕРТІҢІЗ. Басқару тақтасындағы
тиісті түймелерді қолданыңыз:
Температура және/немесе сығу
жылдамдығын өзгерту.
Таңдалған циклдың ең жоғарғы температурасы мен
сығу жылдамдығының мәндерін немесе, таңдалған
циклмен үйлесімді болса, ең соңғы рет қолданылған
параметрлерді құрылғы автоматты түрде көрсетеді.
түймесін басу арқылы температураны суық
сумен жуу циклының «ӨШІРУЛІ» параметріне
жеткенше төмендетуге болады. түймесін басу
арқылы сығу жылдамдығын «ӨШІРУЛІ» параметріне
жетіп, толығымен өшірілгенше, біртіндеп
төмендетуге болады. Бұл түймелер тағыда басылса,
ең жоғарғы мәндер қалпына келеді.
! Қиыс жағдай: «Мақта» бағдарламасы таңдалса,
температураны 90°C-қа дейін көтеруге болады.
Кешіктіріп бастауды орнату.
Таңдалған цикл үшін кешіктіріп бастауды орнату
үшін, қажетті кешіктіру мерзіміне дейін жеткенше
тиісті түймені қайта-қайта басыңыз. Орнату
процедурасы барысында кешіктіру мерзімі мен
«Басталуға дейінгі уақыт:» мәтіні жыпылықтаған
таңбасымен бірге көрсетіледі. Кешіктіріп бастау
орнатылғаннан кейін, таңбасы дисплейде
көрсетіліп тұрады, онда таңдалған циклдың мерзімін
көрсету үшін «Аяқталуға дейінгі уақыт:» мәтіні
мен цикл мерзімі көрсетіледі. Бұрын орнатылған
кешіктіру уақытын көрсету үшін КЕШІКТІРІП
БАСТАУ түймесін бір рет қана басыңыз. Артқа
санау басталғаннан кейін дисплейде «Басталуға
дейінгі уақыт:» мәтіні мен кешіктіру мерзімі
көрсетіледі. Орнатылған кешіктіру уақыты өткеннен
кейін, құрылғы циклды бастап, «Аяқталуға дейінгі
уақыт:» пен қалған уақытты цикл аяқталғанша
көрсетіп тұрады. Кешіктіріп бастау опциясын
алып тастау үшін дисплейде ӨШІРУЛІ мәтіні
көрсетілгенше түймені басыңыз; таңбасы
жоғалады.
Цикл параметрлерін өзгерту.
• Опцияны қосу үшін түймені басыңыз; одан кейін
дисплейде опцияның атауы көрсетіліп, тиісті
индикатор шамы жанады.
• Опцияны өшіру үшін түймені тағы бір рет басыңыз;
одан кейін дисплейде опцияның атауы мен ӨШІРУЛІ
мәтіні көрсетіліп, тиісті индикатор шамы жанады.
! Таңдалған опция таңдалған жуу циклымен үйлесімді
болмаса, бұл үйлесімділікті жыпылықтаған индикатор
шамы мен дыбыс сигналы (3 рет) білдіреді; опция
қосылмайды.
! Таңдалған опция оған дейін таңдалған опциялардың
біреуімен үйлесімді болмаса, таңдалған бірінші
опцияға тиісті индикатор шамы жыпылықтайды
және екінші опция қосылады; түймеге сәйкес келетін
индикатор шамы қалыпты түрде жанып тұрады.
! Опциялар ұсынылатын жүк мәніне және/немесе
циклдың мерзіміне әсер етуі мүмкін.
7. БАҒДАРЛАМАНЫ БАСТАУ. БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ
түймесін басыңыз. Тиісті индикатор шамы қалыпты
түрде жанып тұрады және есік құлыпталады (
ЕСІК ҚҰЛЫПТАУЛЫ индикатор шамы жанады). Қай
кезең орындалып жатқанын білдіру үшін жуу циклы
барысында жуу циклының кезеңдеріне сәйкес келетін
белгішелер жанады.
Жуу циклы басталғаннан кейін оны өзгерту үшін,
БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесін басу арқылы
құрылғыны тоқтатып қойыңыз; одан кейін қажетті
циклды таңдап, БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесін
тағы бір рет басыңыз.
Жуу циклы барысында есікті ашу үшін, БАСТАУ/
ТОҚТАТА ТҰРУ түймесін басыңыз; ЕСІК ҚҰЛЫПТАУЛЫ
индикатор шамы өшсе, есікті ашуға болады. Жуу
циклын тоқтатылған жерінен қайта бастау үшін БАСТАУ/
ТОҚТАТА ТҰРУ түймесін тағы бір рет басыңыз.
8. ЖУУ ЦИКЛЫНЫҢ СОҢЫ. Оны жанып тұрған СОҢЫ
мәтіні білдіреді. Есікті сол кезде ашуға болады.
БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ индикатор шамы жыпылықтап
тұрса, циклды аяқтау үшін осы түймені басыңыз. Есікті
ашып, кірлерді алыңыз да, құрылғыны өшіріңіз.
! Басталып қойған циклды доғару қажет болса, цикл тоқтап,
құрылғы өшкенше түймесін басып ұстап тұрыңыз.
Сырылған көрпелерге, перделерді және нәзік
киімдерге арналған дорба
Aqualtis кір жуғыш машинасы кірді қорғайтын арнайы
дорбаның (ол құрылғымен бірге беріледі) арқасында,
сізге ең бағалы әрі нәзік киімдеріңізді толық сенімділікпен
жууды жеңілдетеді. Сырты синтетикалық материалдардан
жасалған сырылған көрпелер мен қаптаулы заттарды әр
жуған сайын осы дорбаны пайдалануды ұсынамыз.
Жуу циклын іске қосу