Zanussi ZVT64X Руководство пользователя

Категория
Кухонные плиты (варочные панели)
Тип
Руководство пользователя
Мазмұны
Сақтық шаралары _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 23
Қауіпсіздік нұсқаулары _ _ _ _ _ _ _ _ _ 24
Бұйым сипаттамасы _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 26
Əркүндік қолдану _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 27
Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер _ _ 28
Күту менен тазалау _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 29
Ақаулықты түзету _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 30
Орнату _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 31
Техникалық ақпарат _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 33
Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы
мағлұматтар _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 33
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
Сақтық шаралары
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге жеткізілген
нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Құрылғыны дұрыс
орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нəтижесінде адам жарақат
алса жəне ақаулық орын алса өндіруші жауапты емес.
Нұсқаулықты келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап
қойыңыз.
Балалар мен дəрменсіз адамдардың қауіпсіздігі
Назарыңызда болсын! Тұншығып қалу, жарақат алуы
немесе мүгедек болып қалу қаупі бар.
Бұл құрылғыны 8 жасқа толған жəне одан асқан балалар
жəне кемтар, сезім немесе ой-қабілетіне нұқсан келген
адамдар немесе тəжірибесі немесе білімі аз адамдар, өз
қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның бақылауында
болса пайдалана алады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Орам материалдарының
барлығын балалардан алыс
ұстаңыз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол суып тұрғанда,
балалар мен үй жануарларын оған жақындатпаңыз.
Қолжетімді бөлшектері ыстық болады.
Егер құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен жабдықталса,
оны іске қосуды ұсынаыз.
Балалар тазалау жəне күтім көрсету жұмыстарын басқаның
бақылауынсыз орындамауға тиіс.
23
www.zanussi.com
Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Құрылғы мен оның қол жететін жердегі бөлшектері қолдану
барысында ысып тұрады. Қыздырғыш элементтерін
ұстамаңыз.
Құрылғыны сыртқы таймермен немесе бөлек қашықтан
басқару жүйесімен басқармаңыз.
Май немесе өсімдік майы қосылған тағамды пештің үстіне
қараусыз қалдыру қауіпті жəне өрт шығуы мүмкін.
Өртті ешқашан сумен сөндіруге əрекет жасамаңыз, бұндай
жағдайда құрылғыны сөндіріп, содан кейін жалынды
қақпақ
немесе өрт басқыш көрпе тəрізді затпен жабыңыз.
Пісіру алаңына зат сақтамаңыз.
Құрылғыны бумен тазалайтын құралмен тазаламаңыз.
Пышақ, шанышқы, қасық жəне қақпақ тəрізді темір заттарды
пештің үстіне қоймаңыз, себебі ысып кетеді.
Егер шыны керамика бетке сызат түссе, электр қатері пайда
болмас үшін құрылғыны сөндіріңіз.
Қауіпсіздік нұсқаулары
Орнату
Назарыңызда болсын! Бұл
құрылғыны тек білікті маман ғана
орнатуға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе
іске қоспаңыз.
Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Осы құрылғы мен басқа құрылғылардың,
заттардың арасындағы ең аз
қашықтықты сақтаңыз.
Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі абай
болыңыз, себебі салмағы ауыр. Əрқашан
қорғаныс қолғабын киіңіз.
Кесілген беттерге ылғал кіріп үлкейтіп
жібермес үшін тығыздағышпен бітеңіз.
Құрылғының астыңғы жағын бу мен
ылғалдан қорғаңыз.
Құрылғыны есікке жақын жерге терезенің
астына қоймаңыз. Бұл есік немесе
терезе ашылған кезде ыстық ыдыс
құрылғыдан құлап кетпеу үшін қажет.
Егер құрылғыны тартпалардың үстіне
орнатсаңыз, құрылғының астыңғы жағы
мен үстіңгі тартпаның арасында ауа
ауысып тұруға жеткілікті орын қалуын
қамтамасыз етіңіз.
Құрылғының астыңғы жағы ысып кетеді.
Құрылғының
астыңғы жағын қол
жетпейтін етіп бітеу үшін тұтанбайтын
оқшаулағыш панель орнатыңыз.
24
www.zanussi.com
Электртоғына қосу
Назарыңызда болсын! Өрт шығу
жəне электр қатеріне ұшырау қаупі
бар.
Электртоғына қосу жұмыстарының
барлығын білікті электрші ғана іске
асыруға тиіс.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Қандай да бір жұмысты іске асырмай
тұрып, құрылғының электр желісінен
ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
Дұрыс электр сымын пайдаланыңыз.
Электр сымдарының оратылуына жол
бермеңіз.
Құрылғыны жақын
тұрған розеткаға
жалғаған кезде электр сымы немесе
ашасы (бар болса) ыстық құрылғыға
немесе ыстық ыдысқа тиіп кетпес үшін
абай болыңыз
Құрылғының дұрыс орнатылғаныа көз
жеткізіңіз. Босап қалған жəне дұрыс
жалғанбаған электр сымы немесе ашасы
(бар болса) ағытпаны өте ысытып
жіберуі мүмкін.
Электр қатерінен сақтандыру құралының
орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Сымға деформацияға қарсы қапсырманы
пайдаланыңыз.
Құрылғының сымына немесе ашасына
(бар болса) зақым келтірмеу үшін абай
болыңыз. Зақым келген электр сымын
ауыстырту үшін қызмет көрсету
орталығына немесе электршіге
хабарласыңыз.
Электр жүйесі құрылғыны кез келген
полюсте ажыратуға мүмкіндік беретін
оқшаулағыш құралмен жабықталуға тиіс.
Оқшаулағыш құралдың контакт ара
қашықтығы кем дегенде 3 мм болуға тиіс.
Дұрыс оқшаулағыш құралдарды ғана
қолданыңыз. желіні қорғайтын
ажыратқыштар,
сақтандырғыштар
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге тұйықталудан
қорғау тетіктері мен тұйықтағыштар.
Қолданылуы
Назарыңызда болсын! Жарақат алу,
күйіп қалу немесе электр тоғының
қатеріне ұшырау қаупі бар.
Ең алғаш пайдалану алдында барлық
орам материалын, жапсырмасын жəне
қорғау таспасын (бар болса) алыңыз.
Бұл тұрмыста қолдануға арналған
құрылғы.
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны назардан
тыс қалдырмаңыз.
Құрылғыны су қолмен іске қоспаңыз
немесе суға
тиіп тұрған құрылғыны
пайдаланбаңыз.
Пісіру алаңдарына ас құралдарын
немесе кəстрөлдердің қақпақтарын
қоймаңыз. Қызып кетуі мүмкін.
Пісіру алаңын пайдаланып болғаннан
кейін "off" (сөндіру) қалпына қойыңыз.
Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз.
Құрылғының бетіне сызат түссе, дереу
тоқ көзінен ағытыңыз. Бұл əрекет электр
қатеріне ұшырап қалуға жол бермейді.
Тағамды ыстық майға
салғанда, май
шашырауы мүмкін.
Назарыңызда болсын! Өрт немесе
жарылыс шығу қаупі бар.
Тоңмайларды немесе майды қыздырған
кезде тұтанғыш бу пайда болады.
Тоңмайға немесе майға тамақ пісірген
кезде қызған заттарды немесе оттың
жалынын алыс ұстаңыз.
Қатты қызған майдан бөлініп шығатын
бу, кенет жарылыстың орын алуына
себеп болады.
Құрамында тағам қалдықтары бар
қолданылған май, бірінші
рет
қолданылып отырған майға қарағанда,
төмен температурада өрт пайда болуға
əкелуі мүмкін.
25
www.zanussi.com
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
Назарыңызда болсын! Құрылғыны
бүлдіріп алуыңыз мүмкін.
Басқару панеліне ыстық ыдыс қоймаңыз.
Ыдысты ішіндегісі сарқылғанша
қайнатпаңыз.
Құрылғының үстіне зат немесе ыдыс
құлап кетуге жол бермеңіз. Құрылғының
бетіне зақым келуі мүмкін.
Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып
немесе ешбір ыдыс
қоймай іске
қоспаңыз.
Құрылғының үстіне алюминий жұқалтыр
қоймаңыз.
Құйылған шойыннан, алюминийден
жасалған немесе астына нұқсан келген
ыдыстар, шыны немесе шыны керамика
бетке сызат түсіреді. Бұндай заттарды
құрылғының бетінде үнемі көтеріп
жылжыту керек.
Күту менен тазалау
Назарыңызда болсын! Құрылғыны
бүлдіріп алуыңыз мүмкін.
Құрылғының қаптамасының сапасы
түспес үшін мезгіл-мезгіл тазалаңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді
жəне буды қолданбаңыз.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш
заттарды қолданыңыз. Жеміргіш
заттарды, түрпілі жөкені, еріткіштерді
немесе темір заттарды пайдаланбаңыз.
Құрылғыны тастау
Назарыңызда болсын! Жарақат алу
немесе тұншығып қалу
қаупі бар.
Құрылғыны қоқысқа дұрыс тастауға
қатысты ақпаратты жергілікті əкімшілік
мекемеге хабарласып алыңыз.
Құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа
тастаңыз.
Бұйым сипаттамасы
210
mm
180
mm
145
mm
145
mm
1 2
45
3
1
Пісіру алаңы
2
Пісіру алаңы
3
Пісіру алаңы
4
Басқару панелі
5
Пісіру алаңы
26
www.zanussi.com
Басқару панелінің көрінісі
1 2 3
Құрылғыны іске қосу үшін сенсорлық өрістерді
пайдаланыңыз. Бейнебеттер, индикаторлар мен дыбыстық
сигналдар қай функциялардың жұмыс жасайтынын көрсетеді.
сенсорлық өріс функция
1
Құрылғыны іске қосуға жəне сөндіруге арналған.
2
Қыздыру параметрінің бейнебеті Қыздыру параметін көрсетуге арналған.
3
/
Қызу параметрін қосу немесе азайту үшін.
Қызу параметрінің бейнебеттері
Бейнебет Сипаттама
Пісіру алаңы сөндірулі.
-
Пісіру алаңы жұмыс істейді.
Ақаулық орын алды.
Пісіру алаңы əлі ыстық (қалдық қызу).
Қауіпсіздік құралы/Бала қауіпсіздігі функциясы жұмыс істейді.
Автоматты түрде ажыратқыш қосылады.
Қалдық қызу индикаторы
Назарыңызда болсын!
Суымаған
пешке күйіп қалу қаупі бар!
Əркүндік қолдану
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
тарауларын қараңыз.
Қосу жəне сөндіру
Құрылғыны қосу немесе сөндіру үшін
белгісін 1 секунд басыңыз.
Автоматты түрде сөндіру
Функция құрылғыны төмендегі
жағдайларда автоматты түрде
тоқтатады:
Пісіру алаңдарының барлығы өшсе (
).
27
www.zanussi.com
Құрылғыны іске қосқан соң қызу
параметрін орнатпасаңыз.
Басқару панеліне бір нəрсе төгіліп қалса
немесе ол 10 секундтан артық (ыдыс,
киім т.с.с.) жабық қалса. Дыбыстық
сигнал біраз уақыт естіліп тұрады да,
құрылғы сөнеді. Заттарды алыңыз
немесе басқару панелін тазалаңыз.
Пісіру алаңын тоқтатпасаңыз немесе
қызу параметрін өзгертпесеңіз. Шамалы
уақыттан кейін
жанады да, құрылғы
жұмысын тоқтатады. Келесі ақпаратты
қараңыз.
Қызу параметрі мен Автоматты түрде
сөндіру функциясы уақыттарының ара
қатынасы:
, - — 6 сағат
- — 5 сағат
— 4 сағат
- — 1.5 сағат
Қызу параметрі
Қызу параметрі мəнін көбейту үшін
белгісін түртіңіз. Қызу параметрі мəнін
азайту үшін
белгісін түртіңіз. Бейнебетте
қыздыру параметрі көрсетіледі. Пісіру
алаңын сөндіру үшін
жəне белгісін
бір уақытта басыңыз.
Бала қауіпсіздігінің құралы
Бұл функция құрылғы кездейсоқ қосылып
кетуге жол бермейді.
Бала қауіпсіздігінің құралын қосу
Құрылғыны
көмегімен іске қосыңыз.
Қызу параметрлерін орнатпаңыз.
Алдыңғы пісіру алаңдарының
түймешігін 4 секунд басып тұрыңыз.
белгісі жанады.
Құрылғыны
арқылы сөндіріңіз.
Бала қауіпсіздігінің құралын ажырату
Құрылғыны
көмегімен іске қосыңыз.
Қызу параметрлерін орнатпаңыз.
Алдыңғы пісіру алаңдарының
түймешігін 4 секунд басып тұрыңыз.
белгісі жанады.
Құрылғыны
арқылы сөндіріңіз.
Бала қауіпсіздігінің құралын бір пісіру
уақыты үшін ғана ажыратып қою
Құрылғыны
арқылы іске қосыңыз.
белгісі жанады.
Алдыңғы пісіру алаңдарының
түймешігін 4 секунд басып тұрыңыз.
Қызу параметрін 10 секунд ішінде
орнатыңыз. Құрылғыны іске қосуыңызға
болады.
Құрылғыны
арқылы сөндірген кезде,
Бала қауіпсіздігінің құралы қайта іске
қосылады.
Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер
Ыдыс-аяқ
Ыдыс-аяққа қатысты ақпарат
Ыдыстың түбі барынша қалың əрі
мүмкіндігінше жайпақ болуға тиіс.
Эмальмен қапталған темірден жəне
алюминий немесе мыстан жасалған
ыдыстар шыны керамика беттің түсін
өзгертуі мүмкін.
Қуат үнемдеу
Қуатты үнемдеу жолдары
Егер мүмкіндік болса, ыдысқа əрқашан
қақпақ жабыңыз.
Пісіру алаңын ыдысты үстіне қойғаннан
кейін ғана іске қосыңыз.
Қалған жылуды пайдалану үшін пісіру
алаңын пісіру уақыты аяқталмай тұрып
өшіріңіз.
Ыдыстың түбі мен пісіру алаңының
көлемі бірдей болуға тиіс.
Тағам пісіру үлгілері
Кестедегі деректер тек бағдар ретінде
беріледі.
28
www.zanussi.com
Қызу
парам
етрі
Пайдалану: Уақыт Ақыл-кеңес
1 Піскен тағамды жылы күйде ұстау (қажет
болғаны
на
қарай)
Ыдыстың қақпағын жабыңыз
1-2 Голланд тұздығы, балқытылған: май,
шоколад, желатин
5-25 мин Ара-тұра араластырыңыз
1-2 Қойылту: шайқалған омлет, піскен
жұмыртқа
10-40
мин
Қақпағын жауып пісіру керек
2-3 Суға піскен күріш жəне сүтке пісірілген
тағамдар, аспаздық тағамдарды
жылыту
25-50
мин
Күріштен кем дегенде екі есе артық
су қйыңыз, сүт тағамдарын
арасында араластырыңыз
3-4 Буға піскен көкөніс, балық, ет 20-45
мин
Бірнеше ас қасық сұйықтық
қосыңыз
4-5 Буға піскен картоп 20-60
мин
750 гр. картопқа ең көбі ¼ л су
пайдаланыңыз
4-5 Көп мөлшердегі тағамдар, бұқтырылған
тағамдар мен көже пісіру
60-150
мин
3 литрге дейін су жəне құраластар
6-7 Сəл қуыру: эскалоп, "кордон блё" бұзау
еті, котлет, шұжық, бауыр, майға
қуырылған ұн, жұмыртқа, құймақ,
бауырсақ,
қажетіне
орай
Орта тұсында аударыңыз
7-8 Қатты қуыру, қуырылған картоп, қоң ет,
бифштекстер
5-15 мин Орта тұсында аударыңыз
9 Көп мөлшердегі суды қайнату, макарон пісіру, етті қызартып қуыру (гуляш, бұқтырып
пісіру), фри
Күту менен тазалау
Құрылғыны əр пайдаланғаннан кейін
тазалап отырыңыз.
Ыдысты қолданғанда табаны əрқашан таза
болсын.
Шыны керамикаға түскен сызаттар
немесе қошқыл дақтар құрылғының
жұмысына ешқандай əсер етпейді.
Қоқысты тазалау үшін:
1. Дереу тазалаңыз: балқыған
пластмасса, пластик фольга жəне
қант қосылған тағам. Дереу
тазаламасаңыз, құрылғыны бүлдіріп
алуыңыз мүмкін. Шыныға арналған
арнайы қырғышты қолданыңыз.
Қырғышты шыны бетке сүйір бұрыш
жасап қойып, жылжыту арқылы
тазалаңыз.
Құрылғы жеткілікті түрде суыған
кезде алыңыз:əк дақтары, су
дақтары, май дақтары, металдың
жылтыраған дақтары. Шыны
керамикаға немесе тоттанбайтын
болатқа арналған арнайы тазартқыш
құралдарды қолданыңыз.
2. Құрылғыны дымқыл шүберекпен,
шамалы жуғыш зат қосып тазалаңыз.
3. Соңында, құрылғыны таза шүберекпен
əбден құрғатыңыз.
29
www.zanussi.com
Ақаулықты түзету
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Құрылғыны қосып немесе
пайдалана алмайсыз.
Құрылғы электр тоғына
қосылған жоқ немесе теріс
қосылған.
Құрылғының электр тоғына
дұрыс қосылғанына көз
жеткізіңіз (қосылым сызбасын
қараңыз).
Құрылғыны қайта іске қосыңыз
да, қызу параметрін 10
секундтан аз уақыт ішінде
орнатңыз.
Бір уақытта 2 немесе одан да
көп сенсорлық өрістерді басып
қойғансыз.
Бір ғана сенсорлық өрісті
басыңыз.
Басқару панеліне су немесе
май шашыраған.
Басқару панелін тазалаңыз.
Дыбыстық сигнал естіліп,
құрылғы сөнеді.
Құрылғы сөнген кезде
дыбыстық сигнал естіледі.
Бір немесе бірнеше сенсорлық
өріске зат қойылған.
Сенсорлық өрістердегі затты
алыңыз.
Құрылғы сөнеді.
Сенсорлық өріске бір зат
қойылған.
Сенсорлық өрістердегі
заттарды алыңыз.
Қалдық жылу индикаторы
жанбайды.
Пісіру алаңы ыстық емес,
себебі ол аз уақыт ғана
қосылып тұрған.
Егер пісіру алаңы қызатындай
ұзақ жұмыс істесе, қызмет
көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Сенсорлық өрістер қызып
кетеді.
Тым үлкен ыдыс қолданылған
немесе ыдыстар басқару
құралдарына тым жақын
қойылған.
Қажет болса, үлкен ыдыстарды
артқы пісіру алаңдарына
қойыңыз.
жанады.
Автоматты түрде ажыратқыш
қосылады.
Құрылғыны ажыратыңыз да,
қайтадан іске қосыңыз.
жанады.
Бала қауіпсіздігінің құралы іске
қосылады.
"Күнделікті пайдалану" тарауын
қараңыз.
жəне сан жанады.
Құрылғыда ақау бар. Құрылғыны электр желісінен
біраз уақыт ажырата тұрыңыз.
Сақтандырғышты электр
желісінен ағытып қойыңыз.
Қайта қосыңыз. Егер
қайта
көрініс берсе, қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Егер жоғарыда берілген шешімдерді
қолданып ақаулықты түзете алмасаңыз,
дилеріңізге немесе қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз. Техникалық
ақпарат тақтайшасындағы деректерді,
шыны керамиканың үш саннан тұратын
нөмірін, (шынының бетіндегі бұрышта)
жəне ақаулық орын алғанда көрсетілген
хабарды беріңіз.
Құрылғыны іске дұрыс қосқаныңызға көз
жеткізіңіз. Бұлай істемеген жағдайда,
қызмет көрсету орталығының технигі
30
www.zanussi.com
немесе дилер көрсеткен қызмет, кепілдік
мерзімі кезінде де ақылы болуы мүмкін.
Тұтынушыға қызмет көрсетуге қатысты
нұсқаулар мен кепілдік шарттары кепілдік
кітапшасында берілген.
Орнату
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
тарауларын қараңыз.
Орнату алдында
Құрылғыны орнатуға кіріспей тұрып,
техникалық ақпарат тақтайшасында
көрсетілген келесі деректерді жазып
алыңыз. Техникалық ақпарат тақтайшасы
құрылғы корпусының астыңғы жағында
орналасқан.
Үлгі ...........................
Құрылғының нөмірі
(PNC) .............................
Сериялық нөмірі ....................
Кіріктірілген құрылғылар
Кіріктірілген құрылғыларды, аспапты
дұрыс қондырылған құрылғыларға жəне
стандартты талаптарға сай келетін
жұмыс беттеріне құрастырғаннан кейін
ғана пайдаланыңыз.
Қосылым сымы
Бір фазаға не екі фазаға арналған
H05BB-F Tмакс. 90°C (немесе жоғары)
түріндегі дұрыс қорек сымын
қолданыңыз.
Бүлінген қорек сымын арнайы сымға
(H05BB-F Tмакс. 90°C немесе жоғары)
ауыстырыңыз. Жергілікті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Құрастыру
min.
50mm
min.
500mm
min.
55mm
R 5mm
560
+1
mm
490
+1
mm
31
www.zanussi.com
Егер қорғаныс қорабын қолдансаңыз
(қосымша керек-жарақ
1)
), құрылғының тура
астына қойылатын қорғаныс едені қажет
емес.
Егер құрылғыны тұмшапештің үстіне
орнатсаңыз, қорғағыш қорапты қолдана
алмайсыз.
1) Керек-жарақ болып есептелетін қорғаныс қорабы кей елдерде берілмеуі мүмкін. Жергілікті
жабдықтаушыға хабарласыңыз.
Техникалық ақпарат
Modell ZVT64X Prod.Nr. 949 592 980 02
Typ 58 HAD 54 AO 220-240 В 50-60 Гц
Made in Germany
Ser.Nr. .......... 6,5 кВт
ZANUSSI
Пісіру алаңдарының қуаты
Пісіру алаңы Номинальды қуат (ең жоғары қызу
параметрі) [Вт]
Артқы оң жақ — 180 мм 1800 Вт
Алдыңғы оң жақ — 145 мм 1200 Вт
Артқы сол жақ — 145 мм 1200 Вт
Алдыңғы сол жақ — 210 мм 2300 Вт
Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы мағлұматтар
Белгі салынған материалдарды қайта
өңдеуден өткізуге тапсырыңыз. Орам
материалдарын қайта өңдеуден өткізу үшін
тиісті контейнерлерге салыңыз.
Электрлік жəне электроникалық
құрылғылардың қалдығын қайта өңдеуден
өткізу арқылы, қоршаған ортаға жəне
адамның денсаулығына зиын келтіретін
жағдайларға жол бермеуге өз үлесіңізді
қосыңыз. Белгі
салынған құрылғыларды
тұрмыстық қалдықтармен бірге
тастамаңыз. Өнімді жергілікті қайта өңдеу
орталығына өткізіңіз немесе жергілікті
мекемеге хабарласыңыз.
Орам материалдары
Орам материалдар қоршаған ортаға
зиян келтірмейді жəне оларды қайта
өңдеуге болады. Пластик бөліктер
мынадай таңбамен белгіленген:
>PE<,>PS< т.с.с. Орам материалдарын
тұрмыстық қалдықтармен бірге тұратын
жеріңіздегі қоқыс жəшіктеріне салыңыз.
33
www.zanussi.com
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44
  • Page 45 45
  • Page 46 46
  • Page 47 47
  • Page 48 48

Zanussi ZVT64X Руководство пользователя

Категория
Кухонные плиты (варочные панели)
Тип
Руководство пользователя

Задайте вопрос, и я найду ответ в документе

Поиск информации в документе стал проще с помощью ИИ

на других языках