Whirlpool FZ 99 C.1 (WH) /HA Руководство пользователя

Категория
Микроволновые печи
Тип
Руководство пользователя

Это руководство также подходит для

FZ 990 C.1 /HA
FZ 990 C.1 IX /HA
FZ 99 C.1 /HA
FZ 99 C.1 IX /HA
FQ 99 C.1 /HA
FZ 992 C.1 /HA
FZ 992 C.1 IX /HA
FB 99 C.1 /HA
FB 99 C. 1 IX /HA
FD 99 C.1/HA
F 99 C.1 /HA
F 99 C.1 IX /HA
F 89.1/HA
F 89.1 IX/HA
FH 99 C /HA
FH 99 C IX /HA
FH 997 C IX/HA
FH 997 C /HA
FH 899 XA/HA
FH 899C XA/HA
KZ
ПЕШ
Мазмұны
Орнату, 62-63
Орналастыру
Токқа жалғау
Техникалық деректері
Құрылғы сипаттамасы, 64
Жалпы шолу
Басқару тақтасы
Дисплей
Қосу және пайдалану, 65
Сағатты орнату
Таймерді орнату
Пешті қосу
Тағам дайындау режимдері, 66-68
Тағам дайындау режимдері
Пісіруді бағдарламалау
Тағам дайындау бойынша кеңес
Тағам дайындау бойынша кеңес кестесі
Сақтандырулар мен кеңестер, 69
Жалпы қауіпсіздік
Жою
Қоршаған ортаны сақтау және қорғау
Күтім және пайдалану, 70-71
Құрылғыны өшіру
Құрылғыны тазалау
Пеш есігін тазалау
Шамды ауыстыру
Сырғымалы тартпалар жиынын орнына салу
Көмек, 72
Пайдалану нұсқаулығы
KZ
62
KZ
Желдету
Лайықты желдетудің орнатылғанын тексеру үшін
шкафтың артқы қабырғасын алып тастау қажет.
Пешті екі ағаш тақтайға немесе кемінде 45 x 560 мм
ашық тұрған тегіс жерде орналастыру ұсынылады
(сызбаны қараңыз).
Ортаға қою және бекіту
Пештің бүйірлеріндегі 4 құлақша сыртқы жақтаудың
4 тесігіне сәйкес келетіндей етіп орнатыңыз.
Құлақшаларды төменде көрсетілгендей шкафтың
бүйір қабырғасының қалыңдығына қарай
лайықтаңыз:
20 мм болса, құлақшаның
жылжымалы бөлігін алып
тастаңыз (сызбаны қараңыз).
18 мм болса, зауытта
орнатылған бірінші тілікті
пайдаланыңыз (сызбаны
қараңыз).
16 мм болса, екінші тілікті
пайдаланыңыз (сызбаны
қараңыз).
Пештің есігін ашып, 4 бұрандалы бекіткішті сыртқы
жақтаудың 4 тесігіне кіргізіп, құрылғыны шкафқа
бекітіңіз.
! Құрылғының қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз
ететін барлық бөліктері арнайы құралдардың
көмегімен ғана алынуы тиіс.
! Құрылғыны іске қоспастан бұрын осы нұсқаулық
кітапшасын мұқият оқып шығыңыз. Мұнда
құрылғыны қауіпсіз қолдану, орнату және оны күту
туралы маңызды ақпараттар қамтылған.
! Келешекте анықтама ретінде қарау үшін пайдалану
нұсқаулығын сақтап қойыңыз. Оны құрылғының кез
келген жаңа иесіне беріңіз.
Орналастыру
! Орау материалдарын балалардың қолы жетпейтін
жерде сақтаңыз.
Тыныс тарылу немесе тұншығып қалу қаупін туғызуы
мүмкін. («Сақтандырулар мен кеңестер» бөлімін
қараңыз).
! Құрылғыны берілген нұсқаулыққа сүйене отырып
білікті маман орнатуы қажет. Құрылғы дұрыс
орнатылмаған жағдайда, адамдар мен жануарлар
өміріне қауіп төндіруі немесе мүлікті зақымдауы
мүмкін.
Бекітілген құрылғы
Құрылғының дұрыс жұмыс жасайтынын тексеру үшін
қолайлы шкафты қолданыңыз.
• Пешке жақын қабырғалар ыстыққа төзімді
материалдан жасалған болуы қажет.
• Сыртқы қабығы бар шкафтарды жинағанда 100°C
температураға төзетін желімдер қолданылуы
қажет.
• пешті ас үй үстелінің астына (сызбаны қараңыз)
немесе ас үй жиһазының ішіне орнату үшін
шкафтың өлшемдері төмендегідей болуы қажет:
! Құрылғы орнатылған кезде кез келген электрлі
заттардан алыс болуы қажет.
Негізгі деректер кестесінде берілген пайдалану
ортасының көрсеткіштері осы орнату түрі үшін
есептелген.
595 мм.
595 мм.
24 mm.
545 мм.
5 мм.
567 мм.
23 мм.
593 мм.
45 мм.
558 мм.
547 мм мин.
Орнату
560 мм.
45 мм.
63
KZ
Токқа жалғау
! Үш ұялы электр кабелі бар пеш айнымалы ток
кернеуімен және құрылғыда орналасқан негізгі
деректер кестесінде көрсетілген жиілікпен жұмыс
істеу үшін жасақталған (төменге қараңыз).
Электр кабелін орнату
1. Қақпақтың бүйір
құлақшаларына
бұрауышты тығып,
дәнекер қалқаншаны
ашыңыз. Бұрауышты
төмен басқанда қақпақты
ашатындай тұтқа түрінде
пайдаланыңыз (сызбаны
қараңыз).
2. Бұрауышты тұтқа
түрінде пайдаланып,
қыспа бұранданы
босатып алып тастаңыз
(сызбаны қараңыз).
3. Үш сымды L-N-
байланыс бұрандаларын
алып тастап, түстеріне
сай сымдарды бұранда
бастарының астына
бекітіңіз: Көк (N), Қоңыр
(L) және Сары-жасыл
(
).
Электр кабелін желіге қосу
Деректер кестесінде көрсетілген жүктемеге сәйкес
стандартты айырғышты орнатыңыз (кестені қараңыз).
Құрылғы мен желі арасында орнатылған 3 мм ашық
кішкене байланыс бар жан-жақты айырып-қосқышты
пайдалану арқылы құрылғы тікелей электр желісіне
қосылуы қажет. Айырып-қосқыш анықталған
жүктемеге лайықты және ағымдағы ток реттеуіне
сәйкес болуы қажет (жерге қосылған сым айырып-
қосқыштан ажыратылмауы тиіс). Электр кабелін кез
келген нүктесі 50°C-тан жоғары температурамен
байланыспайтындай етіп орналастыру қажет.
! Орнатушы дұрыс ток байланысын орнатқанына
және оның қауіпсіздік ережелеріне сәйкес екендігіне
сенімді болуы қажет.
Құрылғыны токқа қоспастан бұрын төмендегілерді
тексеріңіз:
Құрылғы жерге қосылған және айырғыш заңға сәйкес
болып табылады.
Розетка негізгі деректер кестесінде көрсетілген
құрылғының ең жоғарғы күшіне төзімді стын қараңыз).
Кернеу деректер кестесінде көрсетілген мән
аралығы аумағында болады (төменде берілген).
Розетка құрылғының айырғышына сәйкес келеді.
Розетка айырғышына сәйкес болмаса, өкілетті
маманнан оны ауыстырып беруді өтініңіз.
Бірнеше розеткалар мен ұзартқыш сымдарын
пайдаланбаңыз.
! Құрылғы орнатылғаннан кейін электр кабелі мен
розетка жақын жерде болуы қажет.
! Кабель иілмеуі немесе қысылмауы қажет.
! Кабель жиі тексеріліп, тек өкілетті маманның
көмегімен ғана алмастырылуы тиіс (Көмек» бөлімін
қараңыз).
! Қауіпсіздік шаралары сақталмаған жағдайда
өндіруші жауапкершілікті өз мойнына алудан бас
тартады.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАР КЕСТЕСІ
Өлшемдері
ені 43,5 см
биіктігі 32 см
тереңдігі 40 см
Көлемі 56 л
Өлшемдері *
ені 43,5 см
биіктігі 32 см
тереңдігі 41,5 см
Көлемі * 58 л
Электр
қосылымдары
кернеуі: 220 - 240 В ~ 50 Гц ең
көп тұтынылатын қуат – 2800 Вт
(техникалық деректер тақтасын
қараңыз)
ҚУАТ БЕЛГІСІ
Электр пештерінің белгісіндегі
2002/40/EC нұсқауы. EN 50304
стандарты
Табиғи конвекция класы– қыздыру
күйіне арналған қуат тұтыну:
Дағдылы режим
Мәжбүрлі конвекция класы
– қыздыру күйіне арналған
мәлімденген қуат тұтынуы:
Пісіру
Бұл құрылғы Еуропа
экономикалық қауымдастығының
келесі нұсқауларына сай келеді:
12.12.2006 жылғы 2006/95/EEC
(төмен кернеу) және кейінгі
өзгертулері – 15.12.04 жылғы
2004/108/EEC (Электромагнитті
үйлесімділік) және кейінгі
өзгертулері – 22.07.1993
жылғы 93/68/EEC және кейінгі
өзгертулері. 2002/96/EC және
одан кейінгі түзетулер.
1275/2008 stand-by/off mode.
* Есігінің ішінде бекітілген шыны панелі бар
64
KZ
Басқару тақтасы
ГРИЛЬ
ТАБА
Сырғымалы сөрелерге
арналған СЫРҒЫТПАЛАР
5-позиция
4-позиция
3-позиция
2-позиция
1-позиция
Құрылғы
сипаттамасы
Жалпы шолу
Басқару тақтасы
Дисплей
РЕТТЕУ
тұтқасы
ТЕРМОСТАТ
тұтқасы
ДИСПЛЕЙ
УАҚЫТ ПАРАМЕТРІ
түймесі
ЖАРЫҚ
түймесі
ТАЙМЕР
тұтқасы
ТЕМПЕРАТУРА жəне
УАҚЫТ сандары
ПІСІРУ АЯҚТАЛДЫ
белгішесі
Сағат
белгішесі
ҰЗАҚТЫҚ
белгішесі
ТАЙМЕР
белгішесі
Алдын ала
қыздыру индикаторы
65
KZ
! Құрылғыны алғаш рет пайдаланғанда оны бос
күйінде есігін жауып, ең жоғарғы температурада
кемінде жарты сағаттай қыздырыңыз. Пешті
өшіріп, оның есігін ашпастан бұрын бөлменің
жақсы желдетілгенін тексеріңіз. Өндіру кезінде
қолданылған қорғағыш заттардың жанып кетуіне
байланысты жеңіл жағымсыз иіс шығуы мүмкін.
Сағатты орнату
! Сағат пеш қосулы немесе ажыратулы тұрған кезде
орнатылады, ал тағам дайындау режимінің аяқталу
уақытын алдын ала белгіленген кезде орнатады.
1.
түймесін дисплей бетіндегі белгішесі мен
алғашқы екі сан жыпылықтай бастағанша бірнеше рет
басыңыз.
2. Сағаттың мәнін дұрыстау үшін ТАЙМЕР ТҰТҚАСЫН
«+» және « белгілеріне қарай бұраңыз.
3. Басқа екі сан ДИСПЛЕЙДЕ жыпылықтай бастағанға
дейін
түймесін қайта басыңыз.
4. Минуттың мәнін дұрыстау үшін ТАЙМЕР ТҰТҚАСЫН
«+» және « белгілеріне қарай бұраңыз.
5. Растау үшін
түймесін қайта басыңыз.
Таймерді орнату
! Бұл функция ас пісіруге кедергі жасамайды және
пешке әсер етпейді; ол белгіленген уақыт өткен
кезде дыбысты сигнал беру үшін пайдаланылады.
1. Дисплейде
белгішесі мен үш сан
жыпылықтағанша
түймесін бірнеше рет басыңыз.
2. Минуттың мәнін дұрыстау үшін ТАЙМЕР
ТҰТҚАСЫН «+» және «-» белгілеріне қарай
бұраңыз.
3. Растау үшін
түймесін қайта басыңыз.
Дисплейде кері саналып жатқан уақыт көрсетіледі.
Осы уақыт кезеңі аяқталған кезде дыбысты сигнал
беріледі.
Пешті қосу
1. РЕТТЕУ тұтқасын бұрау арқылы қажетті тағам
дайындау режимін таңдаңыз.
2. Алдын ала қыздыру сатысы басталып, алдын ала
қыздыру индикаторы жанады.
THERMOSTAT (ТЕРМОСТАТ) тұтқасын бұрау
арқылы температура өзгертіледі.
3. Индикатор
сөнген кезде алдын ала
қыздырудың аяқталғанын білдіретін дыбыс сигналы
шығады: енді пешке тағамды салуыңызға болады.
4. Тағам дайындау кезінде әрқашан мына
әрекеттерді орындауға болады:
- РЕТТЕУ тұтқасын бұрау арқылы қажетті тағам
дайындау режимін өзгерту.
- THERMOSTAT (ТЕРМОСТАТ) тұтқасын бұрау
арқылы температураны өзгерту
- тағам дайындау ұзақтығын тағам дайындаудың
аяқталу уақытына қосымша белгілеңіз («Тағам
дайындау режимдері» бөлімін қараңыз)
- РЕТТЕУ тұтқасын «0» позициясына бұрап, тағам
дайындау үрдісін тоқтату.
5. Пеш екі сағаттан кейін автоматты түрде сөнеді:
Бұл әдепкі белгіленген уақыт қауіпсіздік үшін барлық
тағам дайындау режимдеріне орнатылған.
Тағам дайындау ұзақтығын өзгертуге болады
(«Тағам дайындау режимдері» бөлімін қараңыз).
6. Егер пеш жұмыс істеп тұрғанда жарық сөнсе,
температура белгілі бір деңгейден төмен түсіп
кетпеген жағдайда құрылғының ішіндегі автоматты
жүйе тағам дайындау режимін, ол тоқтаған
жерден әрі қарай қайта іске қосады. Қосылмаған
бағдарламаға енгізілген режимдер қалпына
келтірілмейді және бағдарламаны қайта орнату
керек болады.
! FAST COOKING (ЖЫЛДАМ ПІСІРУ) және
BARBECUE (БАРБЕКЮ) режимдері үшін алдын ала
қыздыру сатысы болмайды.
! Ешқашан пештің астыңғы жағына зат қоймаңыз,
бұл эмальді қабатты зақымдайды.
! Әрқашан асхана ыдыстарын берілген тартпа(лар)
ға қойыңыз.
Салқындату желдеткіші
Пештің сыртқы температурасын салқындату үшін
салқындату желдеткіші басқару тақтасы мен пеш
есігінің арасында салқын ауа ағынын өткізеді. FAST
COOKING (ЖЫЛДАМ ПІСІРУ) режимінде желдеткіш
он минуттан кейін автоматты түрде қосылады.
BAKING (ПІСІРУ) режимінде салқындату желдеткіші
тек пеш қызған кезде ғана қосылады.
! Тағам дайын болғаннан кейін де пеш толық
салқындағанша желдеткіш жұмыс істеп тұрады.
Пештің шамдары
Пеш жұмыс істемей тұрғанда, шамды кез келген
уақытта
түймесін басу арқылы жағуға болады.
Қосу және пайдалану
66
KZ
Тағам дайындау режимдері
! Барлық пісіру режимдерінің әдепкі орнатылған
пісіру температурасы бар, оны 40°C пен 250°C
аралығында қолдан реттеуге болады.
Барбекю (BARBECUE) режимінде әдепкі қуат деңгейі
пайызбен (%) көрсетіледі және оны да қолмен
реттеуге болады.
TRADITIONAL OVEN (ДАҒДЫЛЫ ПЕШ) режимі
Әдеттегі тағам дайындау режимі қолданылғанда тек
тағам дайындайтын тартпаны пайдаланған дұрыс.
Егер бірнеше тартпа пайдаланылса, қызу біркелкі
тарамайды.
MULTI-COOKING (КӨП ТАҒАМ ДАЙЫНДАУ)
режимі
Пештің қызуы тұрақты болғанда ауа тағамды
біркелкі қызартып пісіреді. Бір уақытта ең көбі екі
тартпаны пайдалануға болады.
BARBECUE (БАРБЕКЮ) режимі
THERMOSTAT (ТЕРМОСТАТ) тұтқасын бұрау
арқылы орнатылатын әртүрлі қуат деңгейлері
дисплейге шығады; бұл 50% және 100%
аралығында болады. Грильдің жоғарғы және тіке
температурасы қабаттың жоғарғы температурасын
қажет ететін тағамдар үшін ұсынылады. Бұл режим
пайдаланылғанда пештің есігі әрдайым жабық тұруы
қажет.
GRATIN (ГРАТИН) режимі
Осы мүмкіндіктердің жиыны пештегі ауаның
күшейтілген айналымы арқылы қыздыру
элементтерінің көмегімен қамтамасыз етілетін бір
бағытқа жылылық бөлінудің тиімділігін арттырады.
Бұл тағамның күйіп кетуін болдырмауға көмектеседі
және жылудың тағамның ішкі жағына енуіне
мүмкіндік береді. Бұл режим пайдаланылғанда
пештің есігі әрдайым жабық тұруы қажет.
ПИЦЦА режимі
Бұл қосынды, әсіресе астыңғы элементке
байланысты, жоғары мөлшерде жылу шығарып,
пешті жылдам қыздырады. Бір жолда бірден көп
тартпа қолданылатын болса, тағам дайындау
үрдісінің ортасында табақтардың орындарын
алмастырыңыз.
BAKING (ПІСІРУ) режимі
Бұл режим температураға сезімтал болатын
тағамдарды (мысалы, көтерілуді қажет ететін торт
сияқты тағамдар) және ұннан жасалған «бір тістем»
кондитерлік өнімдерді 3 тартпада бірдей дайындауға
арналған.
FAST COOKING (ЖЫЛДАМ ПІСІРУ) режимі
Бұл пісіру режиміне алдын ала қыздыру қажет
емес. Бұл функция алдын ала оралған (қатырылған
немесе алдын ала пісірілген) тағамды жылдам
пісіруге ыңғайлы болып табылады. Жақсы нәтижеге
бір тағам дайындау тартпасын пайдалану арқылы
қол жеткізесіз.
ТЕКСЕРУ режимі
Пеш THERMOSTAT (ТЕРМОСТАТ) тұтқасының
позициясына қарамастан 40°C температураға
жетіп, ұстап тұрады. Бұл — ашытқымен ашытылған
қамырға тамаша режим.
Істікте қуыру (тек
белгілі модельдерде
болады)
Істікте қуыру
функциясын іске қосу
үшін (сызбаны қараңыз)
төмендегі әрекеттерді
орындаңыз:
1. Тұтқалы табаны бірінші позицияға
орналастырыңыз.
2. Гриль тірегін үшінші позицияға орналастырып,
істікті пештің артқы қабырғасындағы тесікке кіргізіңіз.
3.
немесе режимдерін таңдау үшін
SELECTOR (РЕТТЕУ) тұтқасын пайдаланып гриль
функциясын қосыңыз.
!
режимі іске қосылған кезде есік ашылса, істік
тоқтайды.
Тағам дайындау режимдері
67
KZ
Пісіруді бағдарламалау
! Тағам дайындау режимі бағдарламалау
басталардан бұрын таңдалуға тиіс.
Пісіру ұзақтығын орнату
1. Дисплейде
белгішесі мен үш сан
жыпылықтағанша
түймесін бірнеше рет басыңыз.
2. Ұзақтықты реттеу үшін ТАЙМЕР ТҰТҚАСЫН «+»
және «-» бағытына қарай бұраңыз.
3. Растау үшін
түймесін қайта басыңыз.
4. Белгіленген уақыт өткенде ДИСПЛЕЙ бетінде
«END» («Аяқталды») деген мәтін шығып, пеш
пісіруді тоқтатады да, дыбыстық сигнал ойнайды.
Мысалы: қазір сағат 9:00 делік және уақыт 1 сағат
15 минутқа орнатылсын. Бағдарлама сағат 10:15
болғанда автоматты түрде тоқтайды.
Тағам дайындау режимінің аяқталу уақытын
орнату
! Пісірудің аяқталу уақыты белгіленбей тұрып, пісіру
ұзақтығын орнату керек.
1. Ұзақтықты жоғарыда сипатталғандай орнату үшін
1-ден 3-қадамға дейін орындаңыз.
2. Содан кейін,
түймесін ДИСПЛЕЙ бетіндегі
белгішесі мен екі сан жыпылықтай бастағанша
басыңыз.
3. Сағаттың мәнін дұрыстау үшін ТАЙМЕР
ТҰТҚАСЫН «+» және «-» белгілеріне қарай
бұраңыз.
4. Басқа екі сан ДИСПЛЕЙДЕ жыпылықтай
бастағанға дейін
түймесін қайта басыңыз.
5. Минуттың мәнін дұрыстау үшін ТАЙМЕР
ТҰТҚАСЫН «+» және «-» белгілеріне қарай
бұраңыз.
6. Растау үшін
түймесін қайта басыңыз.
7. Белгіленген уақыт өткенде ДИСПЛЕЙ бетінде
«END» («Аяқталды») деген мәтін шығып, пеш
пісіруді тоқтатады да, дыбыстық сигнал ойнайды.
Бағдарламала орнатылғанда
және түймелері
жыпылықтайды. ДИСПЛЕЙ пісірудің аяқталу уақыты
мен пісіру ұзақтығын алма-кезек көрсетіп тұрады.
Бағдарламадан бас тарту үшін SELECTOR (РЕТТЕУ)
тұтқасын «0» позициясына бұраңыз.
Тағам дайындау бойынша кеңес
! Желдеткіш көмегімен тағам дайындау барысында
тартпаларды бірінші және бесінші позицияларға
орналастырмаңыз. Себебі, тым қатты тура
бағытталған қызу ыстыққа сезімтал тағамды күйдіріп
жіберуі мүмкін.
! БАРБЕКЮ (BARBECUE) ЖӘНЕ ГРАТИН (GRATIN)
пісіру режимдерінде, әсіресе бұрылмалы істікті
пайдаланған кезде, тағамның қалдықтарын (май
және (немесе) тоң май) жинау үшін тұтқалы табаны
1-ші позицияға қойыңыз.
КӨП ТАҒАМ ДАЙЫНДАУ
2-ші және 4-ші позицияларды пайдаланыңыз,
көбірек қызуды қажет ететін тағамдарды 2-шісіне
қойыңыз.
Тұтқалы табаны астыңғы жаққа, ал тартпаны
үстіңгі жаққа орнатыңыз.
БАРБЕКЮ
Сөрені 2 немесе 4-позицияға қойыңыз. Тағамды
сөренің ортасына орналастырыңыз.
Қуат деңгейін ең жоғарғы мәнге орнату
ұсынылады. Үстіңгі қыздыру элементі термостат
арқылы реттеледі және тұрақты күйде жұмыс
істемеуі мүмкін.
ПИЦЦА ПЕШІ
Жеңіл алюминийден жасалған пицца табасын
пайдаланыңыз. Оны қамтамасыз етілген тартпаға
орналастырыңыз.
Сыртын қытырлақ етіп пісіру үшін тұтқалы табаны
пайдаланбаңыз, себебі ол пісіру мерзімін ұзарту
арқылы қытырлақ болуына кедергі жасайды.
Пиццаның беті көп құрамды болғанда пісіру
үрдісінің ортасында пиццаның үстіне моцарелла
ірімшігін қосу ұсынылады.
68
KZ
Тағам дайындау бойынша кеңес кестесі
Тағам
дайындау
режимдері
Тағамдар Салмақ
(кг)
Тартпа позициясы Алдын
ала
қыздыру
Ұсынылатын
температура
(°C)
Пісіру
ұзақтығы
(минут)
стандартты
бағыттауыш
сырғытпалар
жылжымалы
бағыттауыш
сырғытпалар
Конвекция
пеші
Үйрек
Тауық
Қуырылған бұзау немесе сиыр еті
Қуырылған шошқа еті
Печенье (кішкентай кондитерлік өнімдер)
Бәліштер/торттар
1.5
1.5
1
1
-
1
2
2
2
2
2
2
1
1
1
1
1
1
Иә
Иә
Иә
Иә
Иә
Иә
200-210
200-210
200
200-210
180
180
70-80
60-70
70-75
70-80
15-20
30-35
Көп тағам
дайындау
Пицца - 2 сөреде
Екі сөреде бәліштер/2 сөреде кекстер
Ашыған қамыр бәліші 2 сөреде (тұтқалы
табада)
Қуырылған тауық еті + картоп
Жас қой еті
Макрель
Лазанья
Крем салынған пирожок - 2 сөреде
Печенье - 2 сөреде
Ірімшік салынған пирожок - 2 сөреде
Хош иісті бәліш
1+1
1
1
1
2 және 4
2 және 4
2 және 4
1 және 2
2
2 немесе 3
2
2 және 4
2 және 4
2 және 4
1 және 3
1 және 3
1 және 3
1 және 3
1 және 3
1
1
1
1 және 3
1 және 3
1 және 3
1 және 3
Иә
Иә
Иә
Иә
Иә
Иә
Иә
Иә
Иә
Иә
Иә
220-230
180
170
200-210
190-200
180
190-200
190
190
210
200
20-25
30-35
20-25
65-75
45-50
30-35
35-40
20-25
10-20
20-25
20-30
Барбекю Макрель
Палтус пен каракатица
Кальмар мен асшаян кебабы
Нәлім филесі
Грильде пісірілген көкөністер
Бұзау етінен пісірілген стейк
Шұжықтар
Гамбургер
Қыздырылған сэндвич (немесе тост)
Бұрылмалы істікке (егер болса) пісірілген
тауық еті
Бұрылмалы істікке (егер болса) пісірілген
қой еті
1
0.7
0.7
0.7
0.5
0.8
0.7
4 не 5
4 не 6
1
1
4
4
4
4
3 не 4
4
4
4
4
-
-
3
3
3
3
2 не 3
3
3
3
3
-
-
Жоқ
Жоқ
Жоқ
Жоқ
Жоқ
Жоқ
Жоқ
Жоқ
Жоқ
Жоқ
Жоқ
100%
100%
100%
100%
100%
100%
100%
100%
100%
100%
100%
15-20
10-15
8-10
10-15
15-20
15-20
15-20
10-12
3-5
70-80
70-80
Гратин Грильде пісірілген тауық еті
Каракатица
Бұрылмалы істікке (егер болса) пісірілген
тауық еті
Бұрылмалы істікке (егер болса) пісірілген
үйрек еті
Қуырылған бұзау немесе сиыр еті
Қуырылған шошқа еті
Жас қой еті
1,5
1
1,5
1,5
1
1
1
2
2
-
-
2
2
2
2
2
-
-
2
2
2
Жоқ
Жоқ
Жоқ
Жоқ
Жоқ
Жоқ
Жоқ
210
200
210
210
210
210
210
55-60
30-35
70-80
60-70
60-75
70-80
40-45
Пицца пеші Пицца
Фокаччия наны
0.5
0.5
2
2
1
1
Иә
Иә
220
200
15-20
20-25
Пісіру
режимі
Бәліштер/торттар
Жеміс қосылған бәліш
Йогуртттан жасалған пирог
Кішкентай бәліштер – 2-тартпада
Пирог
Крем салынған пирожок - 3 сөреде
Печенье - 3 сөреде
Құймақ
Меренга – 3-тартпада
Ірімшік салынған қаттама
0.5
1
0.7
0.7
0.6
0.7
0.7
0.8
0.5
0.5
2 не 3
2 не 3
2 не 3
2 және 4
2 не 3
1, 3 және 5
1, 3 және 5
2
1, 3 және 5
2
2 немесе 3
2 немесе 3
2 немесе 3
1 және 3
2 немесе 3
1, 2 және 4
1, 2 және 4
1
1, 2 және 4
1
Иә
Иә
Иә
Иә
Иә
Иә
Иә
Иә
Иә
Иә
180
180
170-180
180-190
160-170
180-190
180
200
90
210
25-35
40-50
45-55
20-25
30-40
20-25
20-25
30-35
180
20-25
Жылдам
пісіру*
Қатырылған тағам
Пицца
Кәді және креветка қосылған бәліш
Кантри стиліндегі шпинат бәліші
Салындысы бар бәліш
Лазанья
Тоқаштар
Тауық етінің бөліктері
0.3
0.4
0.5
0.3
0.5
0.4
0.4
2
2
2
2
2
2
2
1
1
1
1
1
1
1
-
-
-
-
-
-
-
250
200
220
200
200
180
220
12
20
30-35
25
35
25-30
15-20
Алдын ала пісірілген тағамдар
Қуырылған тауық қанаттары 0.4 2 1 - 200 20-25
Тағамдар
Печенье (кішкентай кондитерлік өнімдер)
Йогуртттан жасалған пирог
Ірімшік салынған қаттама
0.3
0.6
0.2
2
2
2
1
1
1
-
-
-
200
180
210
15-18
45
10-12
Тексеру Ашыған қамырдың көтерілуі (бриошь, нан,
тәтті торт, рогалик)
2 1 40 30-60
! Жоғарыдағы тізімде көрсетілген пісіру уақыттары тек нұсқау ретінде берілген және оларды қалауыңызға қарай өзгертуге болады. Пешті
алдын ала қыздыру уақыты стандарт бойынша орнатылған және оларды қолмен өзгертуге болмайды.
69
KZ
Сақтандырулар мен
кеңестер
! Бұл құрылғы халықаралық қауіпсіздік стандарттарына
сай өңделіп шығарылған. Төмендегі ескертулер қауіпсіздік
ережелерін ескерту мақсатында берілген және оны мұқият
оқып шығу қажет.
Жалпы қауіпсіздік
Құрылғы үйде қолдануға арналған, оны коммерциялық
немесе өндірістік тұрғыда қолдануға болмайды.
Жабық жер болса да, құрылғыны сыртта қолданбау
қажет. Құрылғыны қорғаусыз жаңбыр мен боранда
қалдыру аса қауіпті.
Құрылғыны жылжытқанда немесе орналастырғанда
пештің бүйіріндегі тұтқаларды пайдаланыңыз.
Құрылғыны жалаң аяқ немесе ылғал не дымқыл
қолмен, аяқпен түртпеңіз.
Құрылғыны кітапшада берілген нұсқауларға сай, тек
ересек адамдар ғана тағам дайындау мақсатында
пайдалануы тиіс.
Құрылғыны пайдаланған уақытта қыздыру
элементтерін немесе пеш есігінің белгілі бөліктерін
ұстамаңыз, бұл бөліктер қатты қызады. Құрылғыны
балалар қолы жетпейтін жерге қойыңыз.
Басқа электр құрылғыларына арналған
электр кабельдері пештің ыстық бөліктеріне
жақындамайтынын тексеріңіз.
Желдету және ыстықты салқындатуға арналған ашық
жерлерді ешқашан жаппау керек.
Пеш есігінің тұтқасын әрқашан ортасынан ұстаңыз:
шеттері ыстық болуы мүмкін.
Пешке асханалық ыдысты қоярда немесе оны алған
кезде әрдайым пеш қолғаптарын пайдаланыңыз.
Пеш түбін туралау үшін алюминий фольганы
пайдаланбаңыз.
Пешке жанғыш заттарды қоймаңыз. Егер байқаусызда
құрылғы қосылса, бұл заттардың жануы мүмкін.
Құрылғыны қолданбаған кезде түймешіктерінің “”/“
орнында екенін тексеріңіз.
Құрылғыны өшіргенде айырғышты әрдайым желі
розеткасынан алыңыз, кабельден тартып суырмаңыз.
Құрылғыны электр желісінен ажыратпастан ешқашан
тазалау немесе күтім көрсету жұмыстарын жасамаңыз.
Егер құрылғы істен шыққан болса, ешбір жағдайда
жөндеу жұмысын өзіңіз жасамаңыз. Тәжірибесіз
адам тарапынан жасалған жөндеу жұмыстарынан
құрылғының істен шығуы немесе жарамсыз болып
қалуы мүмкін. Қызмет көрсету орталығымен
байланысыңыз («Көмек» бөлімін қараңыз).
Ашық пештің есігіне ауыр заттарды қоймаңыз.
Құрылғыны физикалық, сезімталдық және психикалық
қабілеттері төмен адамдар (балалар да кіреді),
тәжірибесіз немесе өнімнен хабары жоқ кез келген
адамның қолданбауы тиіс. Мұндай адамдарға, кем
дегенде, қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін біреулер
жетекші болуы керек немесе құрылғының жұмысына
қатысты кіріспе нұсқаулары берілуі тиіс.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат етпеңіз.
Жою
Орау материалдарын тастаған кезде: ораманың қайта
пайдаланылуы мүмкін болатындай жергілікті заңды
қадағалаңыз.
Электр және электроникалық құралдардың қалдықтарына
(WEEE) қатысты 2002/96/EC Еуропа заңнамасына
сәйкес үй құрылғылары қалыпты толық қалалық қалдық
айналымын пайдаланып жойылмауы тиіс. Қоршаған
орта мен халық денсаулығына тиетін зиянның алдын
ала отырып, жарамсыз құрылғылар қайта пайдалану
мен машина ішіндегі материалдарды өңдеу құнын
оңтайландыру мақсатында бөлек жиналуы керек.
Барлық өнімдердегі сызылған қоқыс жәшігі өнім иесінің
бөлектелген қоқыс жинауға қатысты міндетін еске
салады. Жарамсыз үй құрылғыларын дұрыс жоюға
қатысты қосымша ақпарат алу үшін өнім иелері халыққа
қызмет көрсету орталығына немесе олардың жергілікті
өкілдеріне хабарласа алады.
Қоршаған ортаны сақтау және қорғау
Пешті таңертең ерте немесе түстен кейін кешірек
пайдалану арқылы электр қуатын қамтамасыз етуші
желілік компаниялардың ең жоғары жүктемесін
азайтуға көмектесе аласыз. Пісіру функциясын
бағдарламалау параметрлері – әсіресе, «кейінге
қалдырылған пісіру» режимі (Пісіру функциялары»
бөлімін қараңыз) және «кейінге қалдырылған автоматты
түрде тазалау» режимі (>Күтім және пайдалану»
бөлімін қараңыз) – пайдаланушының уақытын тиімді
пайдалануға мүмкіндік береді.
BARBECUE (БАРБЕКЮ) және GRATIN (ГРАТИН)
режимдері пайдаланылғанда пеш есігін әрқашан жауып
қою қажет. Бұл энергияны сақтай отырып (шамамен
10%), жақсы нәтижеге жеткізеді.
Есік тығыздағыштарын жиі тексеріңіз, олар есікке
тығыз келетіндей етіп, қалдық болмауы үшін тазалап
сүртіп тұрыңыз, осылайша ыстықтың сыртқа шығуын
болдырмайсыз.
70
KZ
Күтім және пайдалану
Құрылғыны өшіру
Кез келген бір жұмысты бастамастан бұрын
құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.
Құрылғыны тазалау
Тот баспайтын болат немесе эмальданған сыртқы
бөліктер және резеңке тығыздағыштар салқын
малынып, түссіз сабын жағылған губкамен
тазартылады. Қиын дақтарды кетіру үшін арнайы
өнімдерді пайдаланыңыз. Жуып болған соң оны
шайып, мұқият құрғатыңыз. Қатты ұнтақтарды
немесе таттандыратын заттарды пайдаланбаңыз.
Пештің іші әрбір қолданғаннан кейін жылы
кезінде мұқият тазалануы тиіс. Ыстық су мен
тазартқышты пайдаланыңыз, одан кейін шайып,
жұмсақ шүберекпен құрғатып сүртіңіз. Қырғыш
заттарды пайдаланбаңыз.
Сырғымалы тартпалардан басқа барлық керек-
жарақтар күнделікті ыдыстар сияқты жуылуы
мүмкін, тіпті оларды ыдыс жуғыш машинаға жууға
болады.
! Құрылғыда ешқашан бу тазартқышты немесе
шаңсорғышты пайдаланбаңыз.
Пеш есігін тазалау
Пеш есігінің әйнегін ысқышпен және қырғыш
емес тазартқыш құралдармен тазалап, жұмсақ
шүберекпен мұқият құрғатыңыз. Қатты қырғыш затты
немесе өткір темір қырғыштарды пайдаланбаңыз,
себебі олар әйнек бетін тырнап, оның сынуына
әкелуі мүмкін.
Мұқият тазалау үшін пештің
есігін алып тастауға болады.
1. Пеш есігін толық ашыңыз
(сызбаны қараңыз).
2. Шығарып алу үшін
бұрағышты пайдаланыңыз
және F екі ілгекке орналасқан
(сызбаны қараңыз) кішкентай
тұтқаларды бұраңыз.
3. Есікті екі жағынан қатты
ұстап, жартылай жабыңыз.
Қысқыштарды F басу
арқылы есікті босатыңыз,
одан кейін есікті орнынан
шығарылатындай өзіңізге
қарай тартыңыз (сызбаны
қараңыз).*
3. Есікті екі жағынан қатты
ұстап, жартылай жабыңыз.
Оны өзіңізге қарай орнынан
көтере тартыңыз (сызбаны
қараңыз).*
Есікті орнына қою үшін осы іс
ретін кері орындаңыз.
Тығыздағыштарды тексеру
Пештегі есік тығыздағыштарын жиі тексеріп
тұрыңыз. Егер тығыздағыштар зақымдалған болса,
жақын жердегі Сатудан кейін қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз («Көмек» бөлімін
қараңыз). Тығыздағыштар ауыстырылғанға дейін
пешті пайдаланбауды ұсынамыз.
Шамды ауыстыру
Пештің шамын ауыстыру үшін:
1. Шам ұясының шыны қақпағын алыңыз.
2. Шамды алып, оны сондай басқа шаммен
ауыстырыңыз: Қуаты 25 Вт, цоколі E 14.
3. Шыны қақпақты орнына қойыңыз (сызбаны
қараңыз).
F
F
F
* Тек белгілі бір модельдерде
71
KZ
Сырғымалы тартпалар жиынын
орнына салу
Сырғымалы тартпаларды құрастыру үшін:
1. Екі жақтауды
A бөлгіштерінен
алысырақ көтеріп,
шығарыңыз (сызбаны
қараңыз).
2. Сырғымалы
тартпамен
қайсы сөренің
пайдаланылатынын
таңдаңыз. Сырғымалы
тартпа шығарылып
алынатын бағытқа
назар аудара отырып,
B ілмегін, одан кейін
С ілмегін жақтауға
орналастырыңыз.
3. Пеш
қабырғаларындағы
тесіктерді пайдаланып,
бағыттаушы
жолдардың көмегімен
бекітіңіз (сызбаны
қараңыз). Сол жақ
жақтауға арналған
тесіктер жоғарыда,
ал оң жақ жақтау үшін
тесіктер төменде
орналасқан.
4. Ең соңында жақтауларды A бөлгіштеріне
орналастырыңыз.
! Сырғымалы тартпаларды 5-позицияға қоймаңыз.
D
A
B
C
Сол жақ
бағыттауыш
сырғытпа
Оң жақ бағыттауыш
сырғытпа
Шығару
бағыты
72
KZ
Ескерту:
Құрылғы кез келген дұрыс жұмыс істемеуін анықтайтын автоматты диагностикалық жүйе арқылы реттеледі.
Дұрыс жұмыс істемеу хабарлардың төмендегі түрімен бейнеленеді: «F» сандардың алдында келеді.
Дұрыс жұмыс істемеген кезде техникалық қолдау көрсету орталығына хабарласыңыз.
! Рұқсаты жоқ адамның қызметін ешқашан қабылдамаңыз.
Келесі мәліметтерді оңай жерде ұстаңыз:
Туындаған проблема түрі.
Құрылғының моделі (Мод.).
Сериялық нөмірі (С/н).
Мәліметтердің соңғы екі бөлігін құрылғының деректер тақтасынан көре аласыз.
Көмек
03/2010 - 195061766.05
XEROX FABRIANO
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44
  • Page 45 45
  • Page 46 46
  • Page 47 47
  • Page 48 48
  • Page 49 49
  • Page 50 50
  • Page 51 51
  • Page 52 52
  • Page 53 53
  • Page 54 54
  • Page 55 55
  • Page 56 56
  • Page 57 57
  • Page 58 58
  • Page 59 59
  • Page 60 60
  • Page 61 61
  • Page 62 62
  • Page 63 63
  • Page 64 64
  • Page 65 65
  • Page 66 66
  • Page 67 67
  • Page 68 68
  • Page 69 69
  • Page 70 70
  • Page 71 71
  • Page 72 72

Whirlpool FZ 99 C.1 (WH) /HA Руководство пользователя

Категория
Микроволновые печи
Тип
Руководство пользователя
Это руководство также подходит для

Задайте вопрос, и я найду ответ в документе

Поиск информации в документе стал проще с помощью ИИ