Hotpoint FH G/HA Инструкция по применению

Категория
Печи
Тип
Инструкция по применению
ПЕШ
Мазмұны
Орнату, 58-61
Орналастыру
Токқа жалғау
Газды жалғау
Деректер кестесі
Құрылғы сипаттамасы, 62
Жалпы шолу
Басқару тақтасы
Қосу жəне пайдалану, 63-64
Пешті қосу
Таймерді пайдалану əдісі
Оттық пен форсункалардың сипаттары
Тағам дайындау режимдері, 65
Тағам дайындау режимдері
Тағам дайындау бойынша кеңес
Тағам дайындау бойынша кеңес кестесі
Сақтандырулар мен кеңестер, 66
Жалпы қауіпсіздік
Жою
Қоршаған ортаны сақтау жəне қорғау
Жөндеу жəне күтім, 67
Құрылғыны өшіру
Құрылғыны тазалау
Пеш есігін тазалау
Шамды ауыстыру
Көмек
Пайдалану нұсқаулығы
English, 13
KZ
Italiano, 1
IT
KZ
FZ G /HA
FZ G IX /HA
FB G /HA
FB G IX /HA
FR G /HA
FR G IX /HA
FR G0 /HA
FR G0 IX /HA
FH G /HA
FH G IX /HA
FHR G /HA
Espanol, 35 Portuges, 46
ES PT
Français, 24
FRGB
Қазақша, 57
58
KZ
! Құрылғыны іске қоспастан бұрын нұсқаулықты
мұқият оқып шығыңыз. Мұнда құрылғыны қауіпсіз
қолдану, орнату жəне оны күту туралы маңызды
ақпараттар қамтылған.
! Келешекте анықтама ретінде қарау үшін пайдалану
нұсқаулығын сақтап қойыңыз. Оны құрылғының кез
келген жаңа иесіне беріңіз.
Орналастыру
! Орау материалдарын балалардың қолы жетпейтін
жерде сақтаңыз. Тыныс тарылу немесе тұншығып
қалу қаупін туғызуы мүмкін (Сақтандырулар мен
кеңестербөлімін қараңыз).
! Құрылғыны нұсқауларға сəйкес арнайы біліктілігі бар
маман орнатуға тиіс. Құрылғы дұрыс орнатылмаған
жағдайда, адамдар мен жануарлар өміріне қауіп
төндіруі немесе мүлікті зақымдауы мүмкін.
! Бұл құрылғыны, ағымдағы ұлттық заңнамаларға
сəйкес, ауасы үздіксіз алмасып тұратын бөлмелерде
ғана орнату жəне пайдалану керек. Төмендегі
шарттарды орындау қажет:
Бөлме кез келген түтіндерді айдап шығарып
жіберетін ауаны тартып алу жүйесімен
жабдықталуы тиіс. Ол құрылғы қосылған кезде
автоматты түрде қосылатын электр желдеткіштен
немесе қалқадан тұруы мүмкін.
Жану процесі қалыпты
түрде өтуі үшін ауа керек
болғандықтан бөлмеде тиісті ауа айналымы
болуы керек. Жануға қажетті ауаның ағымы
орнатылған қуаттың əр кВт
бірлігіне 2 м
3
/сағ мəнінен аз
болмауы тиіс.
Ауа айналымы жүйесіне, ішкі
диаметрі кем дегенде 100 cm
2
болатын түтік арқылы ауаны
тікелей даладан алуына
болады; тесігі кез келген
бөгетпен бітеліп қалуға бейім
болмауы тиіс.
Сондай-ақ, жүйе жануға
қажетті ауаны жанама жолмен
қамтамасыз ете алады,
яғни жоғарыда сипатталған
ауа айналымы түтіктерімен
жабдықталған жапсарлас
бөлмелерден. Дегенмен, бұл
бөлмелер ортақ бөлме, жататын
бөлме немесе өрт қаупі бар
бөлмелер болмауы тиіс.
Сығылған газ ауадан ауыр болғандықтан еденге
түседі. Сондықтан, сығылған газ баллондары
тұратын бөлмелер газдың шығуы жағдайында,
ол бөлмеден шығып кетуі үшін вентиляциялық
тесіктермен жабдықталуы тиіс. Сол себепті,
сығылған газ баллондары, жартылай немесе толық
болса да, жер деңгейінен төмен бөлмелерде не
сақтау аумақтарында (төле жəне т.б.) орнатылмауы
немесе сақталмауы тиіс.
Тек пайдаланылуда болған
баллонды, оны 50°C-тан жоғары температураға
дейін ысытып жіберуі мүмкін сыртқы қайнар көздері
(пештер, каминдер жəне т.б.) шығаратын қызудан
аулақ орналастырып, сақтаған абзал.
Құрылғыны орнату
Құрылғының дұрыс жұмыс жасауын қамтамасыз ету
үшін қолайлы ас үй жиһазын қолданыңыз.
Пешке жақын қабырғалар ыстыққа төзімді
материалдан жасалған болуы қажет.
Сыртқы қабығы бар шкафтарды жинағанда 100°C
температураға төзетін желімдер қолданылуы қажет.
Пешті ас үй үстелінің астына (сызбаны қараңыз)
немесе ас үй жиһазының ішіне орнату үшін
шкафтың өлшемдері төмендегідей болуы қажет:
! Құрылғы орнатылған кезде кез келген электрлі
заттардан алыс болуы қажет.
Негізгі деректер кестесінде берілген сандар осы
орнату түрі үшін есептелген.
Орнату
Мұрша құбырында немесе айыр түтіндікте
(тек тағам дайындау құрылғылары үшін).
Тікелей далаға
A
Жануға арналған ауаның желдету
тесіктерінің мысалдары.
A
Жануға арналған ауаның желдету
тесіктерінің мысалдары.
595 мм.
595 мм.
24 mm.
545 мм.
5 мм.
567 мм.
23 мм.
593 мм.
45 мм.
558 мм.
547 мм мин.
KZ
59
Желдету
Тиісті желдетудің орнатылғанын тексеру үшін
шкафтың артқы қабырғасын алып тастау қажет.
Пешті екі ағаш тақтайға немесе кемінде 45 x 560 мм
ашық тұрған тегіс жерде орналастыру ұсынылады
(сызбаны қараңыз).
Ортаға қою жəне бекіту
Пештің бүйірлеріндегі 4 құлақша сыртқы жақтаудың
4 тесігіне сəйкес келетіндей етіп орнатыңыз.
Құлақшаларды төменде көрсетілгендей шкафтың
бүйір қабырғасының қалыңдығына қарай
лайықтаңыз:
20
мм болса, құлақшаның
жылжымалы бөлігін алып
тастаңыз (сызбаны қараңыз).
18 мм болса, зауытта
орнатылған бірінші тілікті
пайдаланыңыз (сызбаны
қараңыз).
16 мм болса, екінші тілікті
пайдаланыңыз (сызбаны
қараңыз).
Пештің есігін ашып, 4 бұрандалы бекіткішті сыртқы
жақтаудың 4 тесігіне кіргізіп, құрылғыны шкафқа
бекітіңіз.
! Құрылғының қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз
ететін барлық бөліктері арнайы құралдардың
көмегімен ғана
алынуы тиіс.
Электр қосылымдары
! Үш ұялы электр кабелі бар пеш айнымалы ток
кернеуімен жəне құрылғыда орналасқан негізгі
деректер кестесінде көрсетілген жиілікпен жұмыс
істеу үшін жасақталған (төменге қараңыз).
Электр кабелін орнату
1. Қақпақтың бүйір
құлақшаларына бұрауышты
тығып, дəнекер қалқаншаны
ашыңыз. Бұрауышты төмен
басқанда қақпақты ашатындай
тұтқа түрінде пайдаланыңыз
(сызбаны қараңыз).
2. Бұрауышты тұтқа
түрінде пайдаланып, қыспа
бұранданы босатып алып
тастаңыз (сызбаны қараңыз).
3. Үш сымды L-N-
,
байланыс бұрандаларын
алып тастап, түстеріне
сай сымдарды бұранда
бастарының астына бекітіңіз:
Көк (N), Қоңыр (L) жəне Сары-жасыл (
).
Электр кабелін желіге қосу
Деректер кестесінде көрсетілген жүктемеге сəйкес
стандартты айырғышты орнатыңыз (жапсарлас
қорапты қараңыз).
Құрылғы тікелей электр желісіне құрылғы мен электр
желісі арасында орнатылған 3 мм ашық кішкене
байланыс бар бірнеше каналды айырып-қосқыш
арқылы қосылуы қажет. Айырып-қосқыш көрсетілген
жүктемеге лайықты жəне ағымдағы ток реттеуіне
сəйкес болуы қажет (жерге қосылған
сым айырып-
қосқыштан ажыратылмауы тиіс). Электр кабелін
температурасы 50°C-тан жоғары болатын жерден
өтпейтіндей етіп орналастыру қажет.
! Орнатушы дұрыс ток байланысын орнатқанына
жəне оның қауіпсіздік ережелеріне сəйкес екендігіне
сенімді болуы қажет.
560 мм.
45 мм.
60
KZ
Құрылғыны тоққа қоспастан бұрын төмендегілерді
тексеріңіз:
құрылғы жерге қосылған жəне айырғыш заңға
сəйкес болып табылады.
розетка негізгі деректер кестесінде көрсетілген
құрылғының ең жоғарғы күшіне төзімді (астын қараңыз).
кернеу негізгі деректер кестесінде көрсетілген мəн
аралығы аумағында (төменге қараңыз).
розетка құрылғының айырғышына сəйкес келеді.
Розетка айырғышына сəйкес болмаса, өкілетті
маманнан оны ауыстырып беруді өтініңіз.
Бірнеше розеткалар мен ұзартқыш сымдарын
пайдаланбаңыз.
! Құрылғы орнатылғаннан кейін электр кабелі мен
розетка жақын жерде болуы қажет.
! Кабель иілмеуі немесе қысылмауы қажет.
! Кабель жиі тексеріліп, тек өкілетті маманның көмегімен
ғана алмастырылуы тиіс (Көмек бөлімін қараңыз).
! Қауіпсіздік шаралары сақталмаған жағдайда өндіруші
жауапкершілікті өз мойнына алудан бас тартады.
Газды жалғау
Құрылғыны газ жеткізу жүйесіне немесе газ
баллонына ағымдағы ұлттық заңнамаларға
сəйкес жалғау қажет. Жалғауды іске асырмас
бұрын, пеш пайдаланғыңыз келетін газ жеткізу
жүйесімен сыйысымды екеніне көз жеткізіңіз.
Сыйысымды болмаса, “Газ түрлеріне сəйкестендіру
параграфындағы нұсқауларды орындаңыз.
Баллоннан сұйық газды пайдаланғанда, ағымдағы
ұлттық заңнамаларға сəйкес келетін қысым
реттегішін орнатыңыз.
! Газ жеткізу жүйесіндегі
қысым 1-кестеде (Оттық пен
форсункалардың сипаттары) көрсетілген мəндерге
сəйкес келетінін тексеріңіз, өйткені бұл қуатты тиімді
түрде жұмсап, құрылғыңыздың қауіпсіз əрі ұзақ
жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
! Ендірлген газ пешінің үстіне газ конфоркасын
орнату керек болса, екеуін жалғауға немесе
бір ағыту кранын қолдануға қатаң түрде тыйым
салынады. Екі құрылғы бөлек-бөлек
жалғануы
тиіс, жəне екеуін бір-бірінен толығымен тəуелсіз
қылу үшін əрбірінің жеке ағыту краны болуы тиіс
(суреттерді қараңыз).
Қатты түтік арқылы жалғау (мыс немесе болат)
! Газ жеткізу жүйесіне жалғауды кез келген
құрылғыға еш жүк түспейтін түрде іске асыру керек.
Құрылғының жабдықтары жинағында реттелмелі
L-пішініндегі түтік фитингі бар жəне оның
газдың
шығып кетуінің алдын алатын тығыны бар. Түтік
фитингін əр бұраған кезде тығынды орнына қою
керек (тығын құрылғымен бірге беріледі). Газ
жеткізу жүйесінің түтік фитингі – 1/2 оймасы сыртта
орналасқан цилиндр түріндегі жалғау.
Майысқақ буынсыз тот баспайтын болаттан
жасалған түтікті оймасы бар жалғауға қосу
Газ жеткізу жүйесінің түтік фитингі – 1/2 оймасы
сыртта орналасқан цилиндр
түріндегі жалғау.
Бұл түтіктер толығымен созылғанда 2000 мм-
ден аспайтындай орнатылуы тиіс. Жалғау
іске асырылғаннан кейін майысқақ металдан
жасалған түтік ешбір қозғалатын бөлшектерге тиіп
тұрмағанына жəне оны ешнəрсе қысып тұрмағанына
көз жеткізіңіз.
! Тек ағымдағы ұлттық заңнамаларға сəйкес келетін
түтіктер мен тығындарды ғана пайдаланыңыз.
Жалғаудың мықтылығын тексеру
! Орнату аяқталғаннан кейін, сабынды
сумен
түтік фитингтерінде тесіктердің бар не жоқ екенін
тексеріңіз. Ешқашанда алауды қолданушы
болмаңыз.
Газ түрлеріне сəйкестендіру
Пешті ол арналып өндірілген газ түрінен (белгіде
көрсетілген) басқа газ түріне сəйкестендіру үшін
төмендегі оңай қадамдарды орындаңыз:
Пештің оттығының форсункасын ауыстыру
1. Пештің есігін толық ашыңыз.
2. Пештің төменгі жағын
сырғытып шығарып алыңыз.
ЖОҚ
OK
KZ
61
3. Оттықтың бекіту
бұрандаларын босатыңыз.
4. “V” бұрандасын, содан
кейін пештің оттығын алып
тастаңыз.
5. Пештің оттығының
форсункасын арнайы
форсункаларға арналған
гайка кілтімен немесе одан
гөрі 7 мм гайка кілтімен
босатып шығарып алыңыз
да, оны басқа газ түріне
икемделген форсункамен
алмастырыңыз (1-кестені қараңыз).
6. Барлық бөлшектерді жоғарыда берілген
қадамдармен кері бағытта қайтадан орындарына
қойыңыз
.
! Тұтандырғыштың сымдарымен жəне терможұп
түтіктерімен жұмыс істегенде абай болыңыз.
Пеш оттығы үшін бастапқы ауаны басқару. Оттық
бастапқы ауаға кез келген реттеу қажет етпейтін
түрде жасақталған.
Пеш оттығын ең аз мəнге орнату.
1. Алдымен тұтқаны “Max” қалпына шамамен 10
минутқа бұрап қойыңыз да, содан кейін «Min»
қалпына орнатыңыз.
2. Тұтқаны алып тастаңыз.
3. Басқару
тақтасына бекітілген дискті алып
тастаңыз.
4. Алау кіші бірақ қалыпты болғанша термостат
болтының сыртында орналасқан бұранданы
реттеңіз (алауды пештің түбіндегі тесіктер арқылы
көруге болады).
ДЕРЕКТЕР КЕСТЕСІ
Өлшемдері
ені 43,5 см
биіктігі – 31 см
тереңдігі 43,5 см
Көлемі 58 л
Электр
қосылымдары
деректер кестесін қараңыз
Газдың
сипаттары
деректер кестесін қараңыз
Бұл құрылғы Еуропа
экономикалық қауымдастығының
келесі нұсқауларына сай келеді:
12.12.2006 жылғы 2006/95/EEC
(төмен кернеу) жəне кейінгі
өзгертулері – 03.05.1989 жылғы
89/336/EEC (Электромагнитті
үйлесімділік) жəне кейінгі
өзгертулері – 22.07.1993
жылғы 93/68/EEC жəне кейінгі
өзгертулері. -1990 жылдың 29
маусымындағы 90/336/EEC
(газ туралы) жəне одан кейінгі
түзетулер.
2002/96/EC
5. Тұтқаны “Max” қалпынан “Min” қалпына жылдам
бұрағанда немесе пештің есігін жылдам ашып
жапқан кезде оттық өшіп қалмайтынына көз
жеткізіңіз.
! Құрылғы сұйық газға жалғанған болса, реттеу
бұрандасы мүмкін болғанша мықты бекітілуі керек.
! Бұл рəсім аяқталғаннан кейін, ескі қуаттылық
жапсырмасын енді пайдаланылатын газ түрін
көрсететін жапсырмамен алмастырыңыз. Бұл
жапсырманы біздің кез келген
Қызмет көрсету
орталығымыздан алуға болады.
! Егер газдың қысымы ұсынылған қысымнан өзге
болса, ағымдағы ұлттық заңнамаларға сəйкес кіріс
түтігіне қолайлы қысым реттегіші орнатылуы керек.
V
62
KZ
Құрылғы сипаттамасы
Жалпы шолу
Басқару тақтасы
Басқару тақтасы
ГРИЛЬ
ТАБА
Сырғымалы
сөрелерге арналған
СЫРҒЫТПАЛАР
5-позиция
4-позиция
3-позиция
2-позиция
1-позиция
ГРИЛЬ
индикатор шамы
ТА
Й
М
Е
тұтқас
ы
ПЕШ/ГРИЛЬ
тұтқасы
ПЕШ ШАМЫ
түймесі
Min
Max
150
180
220
45
30
15
0
1
0
KZ
63
! Құрылғыны алғаш рет пайдаланғанда оны бос
күйінде есігін жауып, ең жоғарғы температурада
кемінде жарты сағаттай қыздырыңыз. Пешті
өшіріп, оның есігін ашпастан бұрын бөлменің
жақсы желдетілгенін тексеріңіз. Өндіру кезінде
қолданылған қорғағыш заттардың жанып кетуіне
байланысты жеңіл жағымсыз иіс шығуы мүмкін.
Пешті қосу
Бұл тұтқа тек пеш режимдерін таңдау үшін
ғана пайдаланылмайды, сондай-ақ, тұтқаның
өзінде көрсетілген температуралардан неше
түрлі тағамдарға лайықты пісіру температураны
(140°C-тан 240°C-қа дейінгі ауқым) таңдау үшін де
пайдаланылады. Пештің электрондық тұтату құралы
реттеу тұтқасына енгізілген. Пеш оттығын жағу үшін,
ПЕШ тұтқасын мүмкін болғанша ішке басыңыз да,
оны сағат тілінің
бағытына қарсы бұрап 1 қалпына
орнатыңыз (пештің есігі жабық тұруы керек). Пеш
қауіпсіздік құралымен жабдықталған. Оттықты
жаққаннан кейін ПЕШ тұтқасын шамамен 6 секунд
басып тұру арқылы қауіпсіздік терможұбы қызғанша
газдың айналымына жол беріңіз.
! Пештің электрондық тұтату құралын 15 секундтан
асатын мерзімге белсендіруге болмайды. Оттық 15
секундтан кейін жанбаса ПЕШ тұтқасын жіберіңіз де,
пештің
есігін ашып, оттықты қайта жақпастан бұрын
кем дегенде бір минут күтіңіз.
Пісіру температурасын қалаған температураны
басқару тақтасындағы сілтеме белгісімен сəйкес
келтіру арқылы таңдалады; температуралардың
толық ауқымы төменде көрсетілген:
Пеш орнатылған температураға автоматты түрде
жетеді, ал тұтқамен басқарылатын термостат
температураны бір қалыпта ұстайды.
Пешті қолмен қосу
Тоқ болмаған кезде пештің оттығын қолмен
жағуға
болады:
1. Пештің есігін ашыңыз.
2. Сіріңкені немесе
шақпақты суретте
көрсетілгендей
оттықтың тесігіне жақын
ұстаңыз, F тұтқасын
(суретті қараңыз) толық
басыңыз да, оны сағат
тілінің бағытына қарсы
бұрап, «Max» қалпына
орнатыңыз.
Пеш қауіпсіздік құралымен жабдықталған. Оттықты
жаққаннан кейін ПЕШ тұтқасын шамамен 6 секунд
басып тұру арқылы қауіпсіздік терможұбы қызғанша
газдың айналымына жол беріңіз
.
3. Оттық жанғаннан кейін пештің есігін жабыңыз.
! Егер оттықтың алауы байқамастан өшірілсе, ПЕШ
реттеу тұтқасынөшіруліқалпына бұраңыз да,
пештің есігін ашып, оттықты қайта жақпастан бұрын
кем дегенде бір минут күтіңіз.
ГРИЛЬ тұтқасы
Пеш электр грильмен жабжықталған. Грильдің аса
жоғары əрі тіке температурасы ет пен қақталған
етті жұмсақ түрде қалдыру
үшін нəрін ішінде ұстай
отырып, олардың бетін қызартуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, жоғары бет температурасын қажет ететін
тағамдарға грильді пайдаланған абзал: бифштекс,
сиыр еті, қабырға стейкі, белдеме, гамбургерлер
жəне т.б...
Грильдің пайдалану жолдарының кейбір мысалдары
Тағам дайындау бойынша кеңесбөлімінде
берілген.
! Грильді пайдаланған кезде, пештің есігі жабық
болуы
тиіс.
! Нысандарды тікелей пештің түбіне қоймаңызбұл
эмаль қаптамаға зақым келуге əкелуі мүмкін.
! Əрқашан асхана ыдыстарын берілген тартпа(лар)
ға қойыңыз.
Қосу жəне пайдалану
F
Ең
төмен
150 180 220
Ең
жоғары
140 145 160 200 230 240
64
KZ
Салқындату желдеткіші
Пештің сыртқы температурасын салқындату үшін
кейбір модельдер басқару тақтасы мен пеш есігінің
арасына жел айдайтын салқындату желдеткішімен
жабдықталады.
! Пісіріп болғаннан кейін де пеш толық
салқындағанға дейін желдеткіш қосулы тұрады.
Істік (тек белгілі модельдерде болады)
Гриль істігін іске қосу үшін (сызбаны қараңыз)
төмендегі əрекеттерді
орындаңыз:
1. Тұтқалы табаны
бірінші позицияға
орналастырыңыз.
2. Гриль тірегін
3 позициясына
орналастырып,
істікті пештің артқы
қабырғасындағы тесікке
кіргізіңіз.
3.
режимін таңдау үшін тұтқаны пайдаланып
гриль функциясын қосыңыз.
Пештің шамдары
Ол ЖАРЫҚ түймесін басу арқылы қосылады.
Таймерді пайдалану əдісі
1. Дыбыс сигналын орнату үшін ТАЙМЕР тұтқасын
сағат тілі бойынша бір толық айналымға бұраңыз.
2. Қажетті уақытты орнату үшін тұтқаны сағат тіліне
қарсы бұраңыз: тұтқада көрсетілген минутты басқару
тақтасындағы индикатормен теңестіріңіз.
3. Таймер минуттық режимде жұмыс істейді:
таңдалған уақыт біткенде дыбыс сигналы естіледі.
! Таймер пешті қоспайды жəне өшірмейді.
Оттық пен форсункалардың сипаттары
1-кесте Сұйық газ Табиғи газ
Оттық Жылу қуаттылығы кВт
(жылу беру мəні)*
Айналып
өту 1/100
Форсунка
1/100
Ағым* г/сағ Форсунка
1/100
Ағым*
л/сағ
Номиналды Азайтылған (мм) *** ** (мм)
Пеш 2,60 1,00 49 78 189 186 119 248
Жеткізу
қысымдары
Номиналды (мбар)
Ең төмен (мбар)
Ең жоғары (мбар)
28-30
20
35
37
25
45
20
17
25
* 15°C жəне 1013 мбарр жағдайындақұрғақ газ
** Пропан P.C.S. = 50,37 МДж/кг
*** Бутан P.C.S. = 49,47 МДж/кг
Табиғи P.C.S. = 37,78 МДж/м
3
KZ
65
Тағам дайындау режимдері
GRILL (ГРИЛЬ) режимі
Үстіңгі қыздыру элементі іске қосылады. Грильдің
аса жоғары əрі тіке температурасы ет пен қақталған
етті жұмсақ түрде қалдыру үшін нəрін ішінде ұстай
отырып, олардың бетін қызартуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, жоғары бет температурасын қажет ететін
тағамдарға грильді пайдаланған абзал: бифштекс,
сиыр еті, қабырға стейкі, белдеме, гамбургерлер
жəне т.
б... Осы режимде ас пісіргенде пештің есігін
əрқашанда жабық ұстаңыз.
Тағам дайындау бойынша кеңес
! GRILL (ГРИЛЬ) режимінде тағамның қалдықтарын
(май сияқты) жинау үшін тұтқалы табаны бірінші
позицияға орналастырыңыз.
Тағам дайындау
режимдері
ГРИЛЬ
Грильді 3 немесе 4-позицияға қойыңыз. Тағамды
грильдің ортасына орналастырыңыз.
Қуат деңгейін ең жоғарғы мəнге орнату
ұсынылады. Үстіңгі қыздыру элементі термостат
арқылы реттеледі жəне тұрақты күйде қосылып
тұрмауы мүмкін.
ПИЦЦА
Жеңіл алюминийден жасалған пицца табасын
пайдаланыңыз. Оны қамтамасыз етілген тартпаға
орналастырыңыз.
Сыртын қытырлақ етіп пісіру үшін тұтқалы табаны
пайдаланбаңыз (пісіру мерзімін
ұзарту арқылы
қытырлақ болуына кедергі жасайды).
Пиццаның беті көп құрамды болғанда пісіру
үрдісінің ортасында пиццаның үстіне моцарелла
ірімшігін қосу ұсынылады.
Тағам дайындау бойынша кеңес кестесі
Реттеу
тұтқасының
қалпы
Дайындалатын тағам Салмақ
(кг)
Пеш түбінен
санағанда
тағам
дайындау
тартпасының
орны
Алдын ала қыздыру
ұзақтығы (минут)
Термостат
тұтқасының
қалпы
Пісіру
ұзақтығы
(минут)
Пеш Лазанья
Ет қосылған қамыр түтіктері
Паста пісірмелері
Бұзау еті
Тауық еті
Түйетауық орамасы
Үйрек
Қоян
Шошқа белдемесі
Жас қойдың аяғы
Скумбрия
Зубан
Фольгада пісірілген бақтақ
Неаполитан стиліндегі
пицца
Құрғақ печенье
Жеміс қосылған бəліш
Шоколад торты
Ашыған торттар
2,5
2,5
2,2
1,7
1,5
2,5
1,8
2,0
1,5
1,8
1,3
1,5
1,0
0,6
0,5
1,1
1,0
1,0
3
3
3
2
3
3
3
3
3
3
3
3
3
3
4
3
3
4
10
10
10
10
10
10
10
10
10
10
10
10
10
15
15
15
15
15
200
200
200
210
200
200
200
200
200
200
200
180
200
210
180
180
165
165
55-60
40-45
50-55
80-90
70-80
80-90
90-100
80-90
70-80
80-90
30-40
30-40
30-35
15-20
25-30
30-35
50-60
50-60
Гриль Камбала мен каркатица
Кальмар мен асшаян кебабы
Треска белдемесі
Грильде пісірілген көкөністер
Бұзау етінен пісірілген стейк
Жақтар
Гамбургер
Шұжықтар
Қызартылған нан мен бутерброд
1
1
1
1
1
1,5
1
1,7
n.° 4
4
4
4
4
4
4
4
4
4
5
3
3
-
5
5
3
5
3
-
-
-
-
-
-
-
-
-
6
4
10
8-10
20-25
20-25
10-15
20-25
2-3
Гриль істігімен (бар
жерде)
Гриль істігінде пісірілген бұзау еті
Гриль істігінде пісірілген тауық еті
Гриль істігінде пісірілген жас қой еті
1.0
1.5
1.0
-
-
-
-
-
-
-
-
-
80-90
80-90
80-90
! Пісіру уақыттары шамалап берілген жəне оларды жеке қалауға қарай өзгертуге болады. Грильді пайдаланып тағам дайындаған кезде, тұтқалы
таба пештің түбінен санағанда бірінші тартпада орналастырылуы тиіс.
66
KZ
Сақтандырулар мен кеңестер
! Бұл құрылғы халықаралық қауіпсіздік стандарттарына
сай жасақталып, дайындалған. Төмендегі ескертулер
қауіпсіздік ережелерін ескерту мақсатында берілген
жəне оны мұқият оқып шығу қажет.
Жалпы қауіпсіздік
Бұл құрылғы 3-сынып ендірілген құрылғы
болып табылады.
Газ құрылғылары тиімді жұмыс істеуі үшін
тұрақты ауа алмасуын қажет етеді. Пешті
орнату кезінде құрылғыОрналастыру
параграфында берілген нұсқауларды
орындаңыз.
Құрылғы үйде қолдануға арналған, оны
коммерциялық немесе өндірістік тұрғыда
қолдануға болмайды.
Жабық жер болса да, құрылғыны сыртта
қолданбау қажет. Құрылғыны қорғаусыз жаңбыр
мен боранда қалдыру аса қауіпті.
Құрылғыны жылжытқанда немесе
орналастырғанда пештің бүйіріндегі тұтқаларды
пайдаланыңыз.
Құрылғыны жалаң аяқ немесе ылғал не дымқыл
қолмен, аяқпен түртпеңіз.
Құрылғыны осы кітапшада берілген нұсқауларға
сай тек ересек адамдар ғана тағам дайындау
мақсатында пайдалануы тиіс.
Құрылғыны пайдаланған уақытта қыздыру
элементтерін немесе пеш есігінің белгілі
бөліктерін
ұстамаңыз, бұл бөліктер қатты
қызады. Құрылғыны балалар қолы жетпейтін
жерге қойыңыз.
Басқа электр құрылғыларына арналған
электр кабельдері пештің ыстық бөліктеріне
жақындамайтынын тексеріңіз.
Желдету жəне ыстықты салқындатуға арналған
ашық жерлерді ешқашан жаппау керек.
Пеш есігінің тұтқасын əрқашан ортасынан
ұстаңыз: шеттері ыстық болуы мүмкін.
Пешке асханалық ыдысты қоярда немесе оны алу
үшін əрдайым пеш қолғаптарын пайдаланыңыз.
Пеш түбін туралау үшін алюминий фольганы
пайдаланбаңыз.
Пешке жанғыш заттарды қоймаңыз. Егер
байқаусызда құрылғы қосылатын болса, бұл заттың
жануы мүмкін.
Құрылғыны қолданбаған кезде түймешіктерінің
z”/“
{орнында екенін тексеріңіз.
Құрылғыны өшіргенде айырғышты əрдайым
желі розеткасынан алыңыз, кабельден тартып
суырмаңыз.
Штепсель айырын электр желісінен ажыратпастан
тазалау немесе күтім көрсету жұмыстарын
ешқашан жасамаңыз.
Егер құрылғы істен шыққан болса, ешбір жағдайда
жөндеу жұмысын өзіңіз жасамаңыз. Тəжірибесіз
адам тарапынан жасалған жөндеу жұмыстарынан
құрылғының істен шығуы немесе жарамсыз болып
қалуы
мүмкін. Қызмет көрсету орталығымен
байланысыңыз (Көмек бөлімін қараңыз).
Ашық пештің есігіне ауыр заттарды қоймаңыз.
Құрылғыны физикалық, сезімталдық жəне
психикалық қабілеттері төмен адамдар (балалар
да кіреді), тəжірибесіз немесе өнімнен хабары
жоқ кез келген адамның қолданбауы тиіс.
Мұндай адамдарға, кем дегенде, қауіпсіздіктерін
қамтамасыз ететін біреулер жетекші болуы керек
немесе құрылғының жұмысына қатысты кіріспе
нұсқаулары берілуі тиіс.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат етпеңіз.
Жою
Орау материалдарын тастаған кезде: ораманың
қайта пайдаланылуы мүмкін болатындай
жергілікті заңды қадағалаңыз.
Электр жəне электроникалық құралдардың
қалдықтарына (WEEE) қатысты 2002/96/EC
Еуропа заңнамасына сəйкес үй құрылғылары
қалыпты сортталмаған қалалық қалдық ағымымен
бірге жойылмауы тиіс. Қоршаған орта мен адам
денсаулығына тиетін зиянның алдын ала отырып,
ескі құрылғылар қайта пайдалануды жəне
қайта өңдеуді оңтайландыру мақсатында
бөлек
жиналуы керек. Өнімдегі сызылғандоңғалақты
қоқыс жəшіксізге құрылғыны тастаған уақытта
бөлек жиналуы туралы есіңізге салады.
Ескі құрылғыларды дұрыс тастау жөнінде ақпарат
алу үшін пайдаланушылар жергілікті өкілдеріне
немесе сатушыларына хабарласулары керек.
Қоршаған ортаны сақтау жəне қорғау
Құрылғыны таңертең ерте немесе түстен кейін
кешірек пайдалану арқылы электр қуатын
қамтамасыз етуші компаниялардың жүктемесін
азайтуға көмектесе аласыз.
Жақсы нəтиже алу үшін жəне энергияны үнемдеу
үшін (шамамен 10%). GRILL (ГРИЛЬ) режимін
пайдаланғанда пештің есігін жабық ұстаңыз.
Есік тығыздағыштарын жиі тексеріңіз, олар есікке
тығыз келетіндей етіп, қалдық болмауы үшін
тазалап сүртіп тұрыңыз,
осылайша ыстықтың
сыртқа шығуын болдырмайсыз.
KZ
67
Құрылғыны өшіру
Кез келген бір жұмысты бастамастан бұрын
құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.
Құрылғыны тазалау
! Құрылғыда ешқашан бу тазартқышты немесе
шаңсорғышты пайдаланбаңыз.
Тот баспайтын болат немесе эмальданған сыртқы
бөліктер жəне резеңке тығыздағыштар салқын
сумен нейтралды сабынға малынған ысқышпен
тазартылады. Қиын дақтарды кетіру үшін арнайы
өнімдерді пайдаланыңыз. Жуып болған соң оны
шайып, мұқият құрғатыңыз. Қатты ұнтақтарды
немесе таттандыратын заттарды пайдаланбаңыз.
Пештің іші əрбір қолданғаннан кейін
жылы
кезінде мұқият тазалануы тиіс. Ыстық су мен
тазартқышты пайдаланыңыз, одан кейін шайып,
жұмсақ шүберекпен құрғатып сүртіңіз. Қырғыш
заттарды пайдаланбаңыз.
Керек-жарақтарды күнделікті ыдыстар сияқты
жууға болады, тіпті оларды ыдыс жуғыш
машинада жууға болады.
Пеш есігін тазалау
Пеш есігінің əйнегін ысқышпен жəне қырғыш
емес тазартқыш құралдармен тазалап, жұмсақ
шүберекпен мұқият құрғатыңыз. Қатты қырғыш затты
немесе өткір темір қырғыштарды пайдаланбаңыз,
себебі олар əйнек бетін тырнап, оның сынуына
əкелуі мүмкін.
Пешті мұқият тазалау үшін оның есігін алып тастауға
болады.
1. Пеш есігін толық ашыңыз
(сызбаны қараңыз).
2. Екі ілмекте орналасқан
тұтқаларды көтеріп, бұрыңыз
(сызбаны қараңыз).
3. Есікті екі жағынан қатты
ұстап, жартылай жабыңыз.
Оны өзіңізге қарай тартып,
ілмектерінен шығарыңыз
(сызбаны қараңыз).
Есікті орнына қою үшін осы іс ретін кері орындаңыз.
Тығыздағыштарды
тексеру
Пештегі есік тығыздағыштарын жиі тексеріп
тұрыңыз. Егер тығыздағыштар зақымдалған болса,
жақын жердегі Сатудан кейін қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз (Көмек бөлімін қараңыз).
Тығыздағыштар ауыстырылғанға дейін пешті
пайдаланбауды ұсынамыз.
Шамды ауыстыру
Пештің шамын
ауыстыру үшін:
1. Шам ұясының шыны қақпағын алыңыз.
2. Шамды алып, оны сондай басқа шаммен
ауыстырыңыз: Қуаты 25 Вт, цоколі E 14.
3. Шыны қақпақты орнына қойыңыз (сызбаны
қараңыз).
Көмек
! Рұқсаты жоқ адамның қызметін ешқашан
қабылдамаңыз.
Келесі мəліметтерді оңай жерде ұстаңыз:
Туындаған проблема түрі.
Құрылғының моделі (Мод.).
Сериялық нөмірі (С/н).
Мəліметтердің соңғы екі бөлігін құрылғының
деректер тақтасынан көре аласыз.
Жөндеу жəне күтім
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44
  • Page 45 45
  • Page 46 46
  • Page 47 47
  • Page 48 48
  • Page 49 49
  • Page 50 50
  • Page 51 51
  • Page 52 52
  • Page 53 53
  • Page 54 54
  • Page 55 55
  • Page 56 56
  • Page 57 57
  • Page 58 58
  • Page 59 59
  • Page 60 60
  • Page 61 61
  • Page 62 62
  • Page 63 63
  • Page 64 64
  • Page 65 65
  • Page 66 66
  • Page 67 67
  • Page 68 68

Hotpoint FH G/HA Инструкция по применению

Категория
Печи
Тип
Инструкция по применению

Задайте вопрос, и я найду ответ в документе

Поиск информации в документе стал проще с помощью ИИ