• Сізде дұрыс оқшаулағыш құралдар болуға
тиіс: желіні қорғайтын ажыратқыштар,
сақтандырғыштар (ұстатқыштан алынған
бұрандалы сақтандырғыштар), жерге
тұйықталудан қорғау тетіктері мен
тұйықтағыштар.
• Электр құрылғыларын розеткаларға қосқан
кезде, қорек сымдарын құрылғының ыстық
есігіне тигізбеңіз немесе жақындатпаңыз.
• Көп тармақты ашаларды, жалғастырғыштар
мен ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз. Өрт
шығу қаупі бар.
• Құрылғының арт жағындағы электр ашасы
(егер қолданылса) мен қорек сымының
жаншылып немесе бүлініп қалмағанына көз
жеткізіңіз.
• Орнатып болғаннан кейін электр
розеткасының қол жететін жерде тұрғанына
көз жеткізіңіз.
• Құрылғыны ажырату үшін қуат сымынан
тартпаңыз. Әрқашан ашасынан (егер
болса) тартып ажыратыңыз.
• Қорек сымын ауыстырмаңыз немесе
өзгертпеңіз. Қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
1.5 Газға қосу
• Құрылғыны тек білікті газ орнатушы
орнатып, желіге қосуға тиіс. Уәкілетті
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Бұл құрылғының бөлшектерінің бүлінуіне
немесе адамның жарақаттануына жол
бермейді.
• Құрылғының айналасындағы ауа айналымы
жақсы екеніне көз жеткізіңіз. Ауаның
жеткілікті берілмесе, оттегі жетіспеуі
мүмкін.
• Орнатар алдында жергілікті жабдықтау
жағдайлары (газдың түрі мен қысымы)
және құрылғының параметрлері сәйкес
келетініне көз жеткізіңіз.
• Газбен жабдықтау туралы ақпарат
техникалық ақпарат тақтайшасында
берілген.
• Бұл құрылғы жану өнімдерін тартып
әкететін құрылғыға жалғанбаған. Бұл
құрылғыны қолданыстағы орнату
ережелеріне сай орнатып, желіге қосу
қажет. Желдетуге қатысты талаптардың
орындалуына ерекше назар аудару керек.
• Газға тамақ пісіру құрылғысын пайдаланған
кезде оны орнатқан бөлме ысып кетеді
және ылғал түзіледі. Ас үйдің жақсы
желдетілуін қамтамасыз етіңіз: табиғи
жолмен желдететін саңылауларды ашып
қойыңыз не механикалық желдету құралын
орнатыңыз (механикалық тартқыш
құрылғы).
• Құрылғыны ұзақ уақыт қарқынды
пайдаланған кезде, ас бөлмені көбірек
желдету (мысалы, терезені ашу немесе
механикалық желдеткіш бар болса,
деңгейін көтеру) керек.
1.6 Пайдалану
• Құрылғыны тек үйде тамақ пісіру үшін ғана
пайдаланыңыз. Құрылғыны коммерциялық
немесе өндірістік мақсатта қолданбаңыз.
Бұл адам жарақаттанып немесе мүлікке
зиян келмес үшін қажет.
• Жұмыс барысында құрылғыны үнемі
қадағалап отырыңыз.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін,
әрқашан құрылғыдан алыс тұрып ашыңыз.
Ыстық бу шығуы мүмкін. Күйіп қалу қаупі
бар.
• Бұл құрылғыны суға тиіп тұрса
пайдаланбаңыз. Құрылғыны су қолмен іске
пайдаланбаңыз.
• Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз.
• Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда, пісіру
алаңы ысып кетеді. Күйіп қалу қаупі бар.
Пісіру алаңына темір заттарды, мысалы ас
құралдары мен кәстрөл қақпақтарын
қоймаңыз, себебі олар қызып кетеді.
• Құрылғыны пайдаланған кезде оның іші
ысып кетеді. Күйіп қалу қаупі бар. Керек-
жарақтары мен кәстрөлдерді алып-салған
кезде қолғап киіңіз.
• Құрылғы мен оның қол жететін жердегі
бөлшектері қолдану барысында ысып
тұрады. Қыздырғыш элементтерге қолыңыз
тиіп кетпес үшін абай болыңыз. Жас
балаларды үнемі қадағалап отырмасаңыз
құрылғыдан алыс ұстау керек.
• Есікті абайлап ашыңыз. Алкоголь қосылған
қоспаларды қолданғанда, ауа мен алкоголь
қоспасы пайда болуы мүмкін. Өрт шығу
қаупі бар.
• Есікті ашқан кезде жарқыл немесе ашық
отты құрылғыға жақындатпаңыз.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш
зат салынған дымқыл заттарды және/
немесе балқығыш заттарды (пластмасса
немесе алюминийден жасалған) заттарды
құрылғының қасына немесе үстіне, ішіне
4
www.electrolux.com