Electrolux EWW51697SWD Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя
EWW 51697 SWD
KK Жуғыш-кептіргіш машина Қолдану туралы нұсқаулары 2
RU Стирально-сушильная машина Инструкция по эксплуатации 38
МАЗМҰНЫ
1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ................................................................................. 3
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ............................................................................ 6
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ................................................................................. 8
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ.............................................................................................9
5. БАҒДАРЛАМАЛАР ......................................................................................... 10
6. ПАЙДАЛАНУ КӨЛЕМІ.....................................................................................15
7. ФУНКЦИЯЛАР.................................................................................................16
8. ПАРАМЕТРЛЕР...............................................................................................18
9. ЕҢ АЛҒАШ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА.............................................................19
10. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ....................................................................................19
11. КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ - ТЕК КЕПТІРУ..................................................23
12. КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ - ЖУУ ЖӘНЕ КЕПТІРУ.....................................25
13. АҚЫЛ-КЕҢЕС................................................................................................ 26
14. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ............................................................................... 28
15. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ...................................................................................32
16. ЕСІКТІ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДА АШУ............................................................36
17. ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕК...................................................................................36
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар
бойғы кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны
таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны
жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын
тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Пайдалану туралы ақпарат, кітапша, ақаулықты түзету, қызмет ақпаратын
мына жерден алыңыз:
www.electrolux.com/webselfservice
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registerelectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және
фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын
болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты
Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
www.electrolux.com2
1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
Дұрыс орнатпау немесе пайдаланбау нәтижесінде
орын алған жарақат немесе зақымдарға өндіруші
жауапты емес. Нұсқаулықтарды кейін қарап жүру
үшін әрқашан қауіпсіз және қол жетімді жерде
сақтаңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың
қауіпсіздігі
ЕСКЕРТУ!
Тұншығып қалу, жарақат алуы немесе кемтар
болып қалу қаупі бар.
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен
денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым
келген не тәжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздіктерін
қамтамасыз ететін адамның қадағалауы не
құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша берген
нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау салдарын
түсінсе, онда қолдануына болады.
3 және 8 жас арасындағы балалар мен
мүмкіндіктері өте шектеулі мүгедек адамдарды
басқалар қадағаламаған жағдайда алыс ұстау
керек.
3 жасқа толмаған балаларды үнемі қарап
отырмаған жағдайда алыс ұстау керек.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Барлық орам материалдарын балалардан алыс
ұстап, қоқысқа тиісті түрде тастау керек.
Жуғыш заттарды балалардан алыс ұстаңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар мен үй
жануарларын оған жақындатпаңыз.
Құрылғыда бала қауіпсіздігінің құралы бар болса,
оны қосу керек.
ҚАЗАҚ 3
Балалар құрылғыны жөндеу және тазалау
жұмыстарын бақылаусыз орындамауы керек.
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын
өзгертпеңіз.
Құрылғыны жеке тұратын құрылғы ретінде немесе
өлшемдері сай келсе ас үй қаптамасының астына
орнатыңыз.
Құрылғыны бекітілетін есіктің артына, сырғыма
есіктің артына не топсасы керісінше орналасқан,
құрылғының есігін толық ашуға кедергі жасайтын
жерлерге орнатпаңыз.
Құрылғының ашасын розеткаға тек құрылғыны
орнатып болғаннан кейін ғана қосыңыз. Орнатып
болғаннан кейін ашаның қол жететін жерде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Табанындағы желдеткіш саңылауларға кілем,
төсеніш немесе еденнің қаптамасы кедергі
жасамауға тиіс.
ЕСКЕРТУ: Құрылғыны таймер сияқты сырттан
қосатын құралмен жабдықтамау немесе жиі
қосылып және сөніп тұратын желілерге қоспау
керек.
Газ немесе басқа жанармай қолданатын
құрылғылардан, сонымен қатар ашық оттан
бөлінетін қажетсіз газдар бөлмеге қайта кірмес
үшін, құрылғы орнатылған бөлменің жақсы
желдетілуін қамтамасыз етіңіз.
Шығасын ауаны құрылғыдан жанған газды немесе
басқа жанармайдан бөлінетін түтіндерді шығаруға
арналған түтік арқылы шығаруға болмайды.
Сыртқы қосылымнан су кіретін тұстағы судың
жұмыс қысымы 0,5 бар (0,05 МПа) және 8 бар (0,8
МПа) аралығында болуы керек.
Ең көбі 9 кг салмақтан асырмаңыз ("Бағдарлама
кестесі" тарауын қараңыз).
www.electrolux.com4
Құрылғыны су желісіне жаңадан берілген түтік
жинағын немесе уәкілетті қызмет көрсету орталығы
берген басқа түтік жинағын қолданып қосу керек.
Ескі түтіктерді қайта пайдалануға болмайды.
Қуат cымына зақым келсе, электр қатерінен
сақтандыру үшін оны өндіруші немесе оның
уәкілетті қызмет көрсету орталығы немесе сол
сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
Құрылғының айналасына жиналып қалған қыл-
қыбырды немесе орамдарды тазалаңыз.
Тағам пісіретін көкөніс майы, ацетон, спирт,
бензин, керосин, дақ кетіргіштер, скипидар,
балауыз және балауыз кетіргіш тәрізді заттарды,
кір кептіргіш машинамен кептірмей тұрып, қосымша
жуғыш зат пайдаланып, ыстық сумен жеке жуу
керек.
Өнеркәсіп химикаттарымен ластанған заттар үшін
осы құрылғыны қолданбаңыз.
Жуылмаған киімдерді кір кептіргіш машинада
кептірмеңіз.
Көбік резеңке (латекс көбік), монша қалпақтарын,
су өткізбейтін текстильді, резеңкемен астарланған
заттарды және киімдерді немесе резеңке
толтырылған жастықтарды кір кептіргіш машинада
кептіруге болмайды.
Мата жұмсартқыштарды немесе ұқсас заттарды
оларды өндірушінің нұсқауларына сәйкес ғана
пайдалану керек.
Темекі тұтатқыш немесе сіріңке тәрізді өрт көзіне
айналуы мүмкін заттардың барлығын алыңыз.
Егер барлық кірді дереу алып, қалдық қызулары
тезірек тарап кетпесе, кір кептіргіш машинаны
ешқашан кептіру циклы аяқталмай тұрып
тоқтатпаңыз.
Кептіргіштің соңғы циклы заттардың
температуралары оларға зақым келтірмейтіндей
ҚАЗАҚ 5
төмен болуы үшін ешбір қызусыз (салқындату
циклы) орындалады.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және/
немесе буды қолданбаңыз.
Құрылғыны дымқыл шүберекпен тазалаңыз.
Бейтарап жуғыш заттарды ғана қолданыңыз.
Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені, еріткіштерді
немесе темір заттарды пайдаланбаңыз.
Кез келген жөндеу жұмысын орындау алдында
құрылғыны сөндіріп, ашаны розеткадан суырыңыз.
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
Жергілікті стандарттарға
сәйкес етіп орнату керек.
Құрылғымен бірге жеткізілген
орнату нұсқауларын орындаңыз.
Құрылғыны температурасы 0°C
градустан төмен немесе ауа-райы
әсер ететін жерге орнатпаңыз
немесе пайдаланбаңыз.
Құрылғыны орнынан жылжытқан
кезде әрқашан тік қалыпта ұстаңыз.
Құрылғы мен еден арасында
ауаның айналуын қамтамасыз
етіңіз.
Орам материалдарының және
тасымал тетіктерінің барлығын
алыңыз.
Құрылғы орнатылатын еден тегіс,
орнықты, қызуға төзімді және таза
болуға тиіс.
Тасымал болттарын сенімді жерде
сақтаңыз. Кейін құрылғыны
көшірген кезде, ішкі бөліктеріне
зақым келмеу үшін барабанды
бекіту үшін оларды қайта салу
керек.
Құрылғы ауыр болғандықтан,
орнынан жылжытқан кезде әрқашан
абай болыңыз. Әрқашан қауіпсіздік
қолғабы мен бітеу аяқ киім киіңіз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
Құрылғыны құрылғының есігі толық
ашылмайтын жерге орнатпаңыз.
Құрылғы мен еден арасында тиісті
орын қалдыру үшін өзгермелі
тіректерді реттеңіз.
Құрылғыны тұрғылықты орнына
қойғаннан кейін, ватерпас арқылы
деңгейінің әбден дұрыс
қойылғанына көз жеткізіңіз. Деңгейі
дұрыс болмаса, тіректерін тиісінше
реттеңіз.
2.2 Электртоғына қосу
ЕСКЕРТУ!
Өрт және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Әрқашан дұрыс орнатылған,
қатерден сақтандырылған
розетканы қолданыңыз.
Көп тармақты адаптерлер мен
ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
Қорек сымын немесе ашасын су
қолмен ұстамаңыз.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне
сай келеді.
2.3 Суға қосу
Су түтіктеріне зақым келтірмеңіз.
Жаңа түтіктерді немесе ұзақ уақыт
қолданылмаған түтіктерді орнату
алдында, жөндеу жұмыстарын
орындағаннан кейін немесе жаңа
www.electrolux.com6
құралдарды орнатқаннан кейін (су
өлшегіш құрал, т.б.) суды таза және
тұнық су аққанша ағызыңыз.
Құрылғыны пайдалану барысында
немесе бірінші рет қолданғаннан
кейін ешбір су ағып тұрмағанына
көз жеткізіңіз.
2.4 Пайдалану
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, электр
қатері, күйіп қалу, өрт
қаупі, құрылғыны бүлдіріп
алу қаупі бар.
Бұл үйде ғана қолдануға арналған
құрылғы.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
Бағдарлама жұмыс істеп тұрған
кезде шыны есікті ұстамаңыз.
Шыны ысып кетуі мүмкін.
Төсемесі немесе толтырмасы
(жыртылған, сөгілген) бар, нұқсан
келген заттарды кептірмеңіз.
Кір дақ кетіргішпен жуылған болса,
кептіру циклын бастау алдында
қосымша шаю циклын қосыңыз.
Кірден барлық темір заттардың
алынғанына көз жеткізіңіз.
Кір жуғыш-кептіргіш машинада
кептіруге болатын маталарды ғана
кептіріңіз. Матаның затбелгісіндегі
тазалауға қатысты нұсқауларды
орындаңыз.
Пластик заттар қызуға төзімді емес.
Жуғыш зат шаригін
қолдансаңыз, кептіру
бағдарламасын бастамай тұрып
алыңыз.
Тоқтамайтын бағдарламаны
орнатсаңыз, жуғыш зат шаригін
пайдаланбаңыз.
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе
құрылғыны бүлдіріп алу
қаупі бар.
Ашық тұрған есіктің үстіне отыруға
немесе үстіне шығып тұруға
болмайды.
Суы сорғалап тұрған киімдерді
құрылғыға салып кептірмеңіз.
2.5 Құрылғыны тастау
Құрылғыны электр және сумен
жабдықтау желісінен ажыратыңыз.
Құрылғыға жақын орналасқан
электр сымын кесіп, қоқысқа
тастаңыз.
Балалар немесе үй жануарлары
барабанға қамалып қалмас үшін
есіктің бекітпесін ағытып алыңыз.
Құрылғыны Ескірген электр және
электроника құрылғыларын
тастауға (WEEE) арналған
жергілікті ережелерге сәйкес
тастаңыз.
ҚАЗАҚ 7
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
3.1 Құрылғының жалпы көрінісі
1
2
3
5
6
7
4
1
Жұмыс тақтасы
2
Жуғыш зат үлестіргіші
3
Басқару панелі
4
Есіктің тұтқасы
5
Техникалық ақпарат тақтайшасы
6
Су төгетін сорғының сүзгісі
7
Құрылғыны деңгейлеуге арналған
тіректер
3.2 Бала қауіпсіздігі құралын
қалай қосу керек
Бұл құрал балалар немесе үй
жануарларын барабанға кіріп кетуден
қорғайды.
Құралды сағат тілінің бағытымен
кертігі көлденең қалыпқа келгенше
бұраңыз.
Есікті жаба алмайсыз.
Есікті жабу үшін, құралды сағат тілінің
бағытына қарсы, кертігі тік қалыпқа
келгенше бұраңыз.
3.3 Орнатуға арналған жинақ
(4055171146)
Уәкілетті дилерден алуға болады.
Егер құрылғыны плинтусқа
орнатсаңыз, құрылғыны орнату
тақтайшасына бекіту керек.
Керек-жарақтармен бірге берілген
нұсқаулықты мұқият оқыңыз.
www.electrolux.com8
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
4.1 Басқару панелінің сипаттамасы
TimeManager
MyFavourite
Температура
Отжим
Время
сушки
Уровень
сушки
Отс
рочка
с
т
арта
53 4
1012 11
8
7
9
6
1 2
1
Қосу/Өшіру түймешігі (ВКЛ/
ВЫКЛ)
2
Бағдарлама түймешесі
3
Айналдыруды азайтатын
сенсорлық түймешік (Отжим)
4
Температура сенсорлық түймешігі
(Температура)
5
Дисплей
6
Кептіру сенсорлық түймешігі
(Время сушки)
7
Кешіктіріп бастау сенсорлық
түймешігі
(Oтсрочка старта)
8
Алдын ала жуу сенсорлық
түймешігі (Предв. стирка)
9
Кептіру деңгейінің сенсорлық
түймешігі (Уровень сушки)
10
Бастау/Үзіліс сенсорлық түймешігі
(Старт/Пауза)
11
Уақытты басқару сенсорлық
түймешіктері (Time
Manager)
12
Таңдаулы бағдарламаның
сенсорлық түймешігі
(My
favourites)
Дисплей
A B D
HL J IK
C E
F
G
ҚАЗАҚ 9
A. Температура аумағы:
: Температура индикаторы
: Суық су индикаторы
B. : Кірдің ең үлкен
салмағы
1)
Бағдарламаны орнатқаннан кейін
есік ашық тұрса осы индикатор
жанады. Есікті жапқан кезде
индикатор сөнеді.
C.
: Time Manager индикаторы
D. Уақыт аумағы:
: Бағдарламаның ұзақтығы
: Кешіктіріп бастау
: Ескерту кодтары
: Ақаулық хабары
: Бағдарлама аяқталды.
E. : Кешіктіріп бастау индикаторы
F.
: Тұрақты қосымша шаю
индикаторы
G. : Бала қауіпсіздігі құлпының
индикаторы
H. , , : Құрғақтық деңгейінің
индикаторлары
I. : Есік құлыптаулы индикаторы
Белгіше көрсетіліп тұрғанда
құрылғының есігін аша
алмайсыз.
Есікті белгіше көрінбей кеткенде
ғана аша аласыз.
J. Жуу және кептіру индикаторлары:
: Жуу циклы
: Шаю циклы
: Айналдыру циклы
: Кептіру циклы
: Бу циклы
Бағдарлама
орнатылған кезде,
бағдарламаның
циклдарына қатысты
индикаторлардың
барлығы жанады.
Бағдарлама
басталғанда, тек
орындалып тұрған
циклдің индикаторы
ғана жыпылықтайды.
Цикл аяқталған кезде
циклдың индикаторы
жанған қалпы тұрады.
Бағдарлама
аяқталғанда, соңғы
циклдің белгішесі
жанып тұрады.
K. : Eco Info индикаторы
L. Айналдыру аумағы:
: Айналдыру
жылдамдығының индикаторы
: Айналдырмау
индикаторы
: Шаюды кідірту индикаторы
: Өте шуылсыз режим
индикаторы
5. БАҒДАРЛАМАЛАР
5.1 Бағдарлама кестесі
Бағдарлама
Температура ауқымы
Ең үлкен
салмақ
Ең үлкен
айналдыру
жылдамдығ
ы
Бағдарлама сипаттамасы
(Кірдің салмағы және кірлеу
дәрежесі)
Жуу бағдарламалары
1)
есік ашық тұрған кезде ғана көрінеді.
www.electrolux.com10
Бағдарлама
Температура ауқымы
Ең үлкен
салмақ
Ең үлкен
айналдыру
жылдамдығ
ы
Бағдарлама сипаттамасы
(Кірдің салмағы және кірлеу
дәрежесі)
Хлопок
90°C- Суық
9 кг
1600 мин/айн
Ақ және түрлі-түсті мақта мата.
Қалыпты және шамалы ластанған кір.
Хлопок Экo
1)
60°C - 40°C
9 кг
1600 мин/айн
Ақ және бояуы қанық мақта мата.
Қалыпты кірлеген. Қуатты пайдалану
азаяды және жуу бағдарламасының
уақыты ұзарады.
Cтирка&Cушка 60 мин
40°C - 30°C
1 кг
1200 мин/айн
Аралас матадан (мақта мата және
синтетика заттар) жасалған аз
мөлшердегі заттарды жууға арналған,
жуу және кептіру циклынан тұратын
толық бағдарлама.
Синтетика
60°C- Суық
4 кг
1200 мин/айн
Синтетика немесе аралас матадан
жасалған заттар. Қалыпты кірлеген.
Тонкие ткани
40°C- Суық
4 кг
1200 мин/айн
Баппен жууды қажет ететін акрил,
вискоза және аралас маталарға
арналған. Қалыпты кірлеген.
Шелк
30°C
1 кг
800 мин/айн
Жібек мата және аралас синтетика
заттарға арналған арнайы
бағдарлама.
Шерсть/Ручная стирка
40°C- Суық
2 кг
1200 мин/айн
Машинамен жууға болатын жүн
маталар және қолмен жууға
болатын «Қолмен жуу» белгісі бар
маталар және жүн маталар
2)
.
Одеяла
60°C - 30°C
3 кг
800 мин/айн
Бір синтетикалық төсек жапқыш,
көрпе, төсек жабдығы т.с.с.
заттарды жууға арналған арнайы
бағдарлама.
Отжим/Слив
3)
9 кг
1600 мин/айн
Кірді айналдыруға және барабандағы
суды төгуге арналған. Жүн мата мен
өте нәзік маталардан басқа барлық
маталар.
Полоскание
Суық
9 кг
1600 мин/айн
Кірді шаюға және айналдыруға
арналған. Барлық маталар, жүн мата
мен өте нәзік матадан басқа.
Айналдыру жылдамдығын матаның
түріне қарай азайтыңыз.
ҚАЗАҚ 11
Бағдарлама
Температура ауқымы
Ең үлкен
салмақ
Ең үлкен
айналдыру
жылдамдығ
ы
Бағдарлама сипаттамасы
(Кірдің салмағы және кірлеу
дәрежесі)
Кептіру бағдарламалары
Сушка шерсти
1 кг Жүн матаны кептіруге арналған
бағдарлама.
Сушка синтетики
3 кг Синтетикалық заттарды кептіруге
арналған бағдарлама.
Сушка хлопка
6 кг Мақта мата заттарды кептіруге
арналған бағдарлама.
Бу бағдарламалары
Освежить паром
1,5 кг Мақта мата және синтетика
заттардың қыжымын жазуға немесе
жаңартуға арналған бу бағдарламасы.
Қол жетімді циклдарды таңдау үшін
Time Manager түймелерін басыңыз:
Қыжымданудан сақтау (әдепкі
бағдарлама ұзақтығы)
Жаңарту (қысқа бағдарламаның
ұзақтығы)
1)
Мақта мата, үнемді бағдарламасы. Бұл бағдарлама 60ºC градуспен жуатын, 9 кг
салмаққа арналған, қуат мәндері көрсетілген тақтайшадағы ақпарат негізінде EEC
92/75 стандарттарына сай берілген бағдарлама. Жуу нәтижесін жақсарту және қуатты
аз тұтыну үшін осы бағдарламаны орнатыңыз. Жуу бағдарламасының уақыты
ұзарады.
2)
Осы цикл кезінде кірді баппен жуу үшін барабан баяу айналады. Барабан айналмай
тұрған сияқты немесе дұрыс айналмай тұрған сияқты көрінуі мүмкін, бірақ бұл осы
бағдарлама үшін қалыпты жағдай
3)
Айналдыру жылдамдығын орнатыңыз. Жуылып жатқан кірдің түріне сай келетініне
көз жеткізіңіз. Егер Айналдырмау циклын орнатсаңыз, су төгу циклы ғана жұмыс
істейді.
Бағдарлама параметрлерінің үйлесімділігі
Бағдарлама
Хлопок
Хлопок Экo
Cтирка&Cушка 60 мин
Синтетика
www.electrolux.com12
Бағдарлама
Тонкие ткани
Шелк
Шерсть/Ручная стирка
Одеяла
Отжим/Слив
1)
Полоскание
1)
Айналдыру жылдамдығын орнатыңыз. Жуылып жатқан кірдің түріне сай келетініне
көз жеткізіңіз. Егер Айналдырмау циклын орнатсаңыз, су төгу циклы ғана жұмыс
істейді.
5.2 Автоматты кептіру
Құрғақтық деңгейі Матаның түрі Салыным
Өте құрғақ
Сүлгі материалдарына
арналған
Мақта мата және Зығыр
мата
(монша халаттары,
монша сүлгілері, т.с.с.)
6 кг-ға дейін
Шкафқа
1)
Сақтап қоюға арналған заттарға
арналған
Мақта мата және Зығыр
мата
(монша халаттары,
монша сүлгілері, т.с.с.)
6 кг-ға дейін
Синтетика және аралас
маталар
(джемперлер, блузалар,
іш киімдер, тұрмыстық
және төсек жабдықтары)
3 кг-ға дейін
Жібек бұйымдар (блуза,
жейде, киімдер.)
1 кг-ға дейін
Жүн бұйымдар (жүн
жейделер)
1 кг-ға дейін
Үтіктеуге
Үтіктеуге жарамды
Мақта мата және Зығыр
мата
(ақжаймалар, үстел
жапқыштар, жейделер
т.с.с.)
6 кг-ға дейін
1)
Сынақтан өткізетін мекемеге арналған кеңестер EN 50229 стандартына сай
сынақты БІРІНШІ кептірілетін кірді салып, ең үлкен көрсетілген кептіру параметрлері
бойынша, (кірдің құрамы EN61121 стандартына сай) АВТ. ШКАФҚА режимін Хлопок
Экo бағдарламасына қойып орындау керек. ЕКІНШІ кептірілетін кірлерді қалған кірмен
бірге, АВТ. ШКАФҚА бағдарламасын Хлопок Экo бағдарламасына қойып орындау
керек.
ҚАЗАҚ 13
5.3 Уақыты қойылған кептіру циклы
Құрғақтық деңгейі Матаның түрі Салмақ
(кг)
Айналд
ыру
жылда
мдығы
(айн/
мин)
Ұсынылат
ын уақыт
(мин)
Өте құрғақ
Сүлгі
материалдарына
арналған
Мақта мата және Зығыр
мата
(монша халаттары,
монша сүлгілері, т.с.с.)
6 1600 220 - 240
4 1600 140 - 160
2 1600 100 - 110
Шкафқа
Сақтап қоюға
арналған заттарға
арналған
Мақта мата және Зығыр
мата
(монша халаттары,
монша сүлгілері, т.с.с.)
6 1600 210 - 230
4 1600 130 - 150
2 1600 90 - 100
Шкафқа
Сақтап қоюға
арналған заттарға
арналған
Синтетика және аралас
маталар
(джемперлер, блузалар,
іш киімдер, тұрмыстық
және төсек жабдықтары)
3 1200 100 - 110
1 1200 40 - 50
Жүн
(жүн джемперлер)
1 1200 110 - 130
Жібек мата
(блуза, жейде, киім т.с.с.)
1 1000 80
Үтіктеуге
Үтіктеуге жарамды
Мақта мата және Зығыр
мата
(ақжаймалар, үстел
жапқыштар, жейделер
т.с.с.)
6 1600 150 - 170
4 1600 85 - 105
2 1600 55 - 65
5.4 Woolmark Apparel Care -
Көк
Woolmark компаниясы бұл
машинаның жүн матаны жуу
бағдарламасын тексерген және
сертификаттаған, дегенмен бұл
компанияның талабы бойынша
«қолмен жуу» деген затбелгісі бар
заттарды, киім өндіруші мен кір
жуғыш машинаны өндіруші
нұсқауларын сақтап жуу керек.
M1144
Осы кір кептіретін машинаның жүн
матаны кептіретін циклы The
Woolmark Company компаниясы
тарапынан тексерілген және
бекітілген. Бұл Woolmark рұқсат
еткен қолмен жуу циклымен
жуылған және өндіруші
нұсқауларына сай кір жуғыш
машинада кептірілген, "қолмен
жуылады" деген затбелгісі бар жүн
мата заттарды кептіруге сай келетін
цикл. M1224
Ұлыбританияда, Ирландияда,
Гонконгта және Индияда Woolmark
www.electrolux.com14
белгісі сертификатталған сауда белгісі
болып табылады.
6. ПАЙДАЛАНУ КӨЛЕМІ
Көрсетілген мәндер зертхана жағдайында тиісті стандарттар
көмегімен алынған. Әр түрлі себептер деректердің өзгеруіне әкелуі
мүмкін: кірдің мөлшері және түрі, қоршаған ортаның температурасы.
Судың қысымы, ток кернеуі және берілетін судың температурасы
жуу бағдарламасының ұзақтығына әсер етуі мүмкін.
Өнімнің сапасын жақсарту үшін техникалық параметрлер алдын ала
ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
Бағдарлама басталғанда дисплейде кірдің ең көп мөлшеріне
арналған бағдарламаның ұзақтығы көрсетіледі.
Жуу циклы кезінде бағдарламаның уақыты автоматты түрде
есептеледі, егер кірдің мөлшері ең көп кірдің мөлшерінен аз болса
барынша азая түсуі мүмкін (мысалы, Мақта мата 60°C, кірдің ең көп
мөлшері 9 кг, бағдарламаның уақыты 2 сағаттан асса; салынған
кірдің нақты салмағы 1 кг болса, бағдарламаның уақыты 1 сағатқа
жетпейді).
Құрылғы бағдарламаның нақты уақытын есептеп тұрғанда
дисплейде нүкте жыпылықтайды.
Бағдарламалар Салма
қ (кг)
Қуат
тұтыну
(кВт/сағ)
Суды
пайдалану
(литр)
Бағдарламаның
болжалды
ұзақтығы (минут)
Мақта мата 60°C 9 1.6 69 168
Хлопок Экo
Мақта мата, үнемді 60
°C
1)
9 1.05 56 244
Мақта мата 40°C 9 1.0 69 164
Синтетика 40°C 4 0.6 48 105
Нәзік мата 40°C 4 0.7 58 86
Жүн мата/Қолмен жуу
30°C
2 0.35 57 61
1)
бағдарламасы 9кг салмаққа арналған, 60°C градуста жуатын «Мақта мата, үнемді
бағдарламасы» үшін EEC 92/75стандарттарына сай қуат мәндері көрсетілген
тақтайшадағы ақпарат негізінде берілген бағдарлама.
ҚАЗАҚ 15
7. ФУНКЦИЯЛАР
7.1 Отжим
Осы функцияның көмегімен әдепкі
айналдыру жылдамдығын азайтуға
болады.
Бейнебетте орнатылған
жылдамдықтың индикаторы
көрсетіледі.
Қосымша айналдыру параметрлері:
Айналдырмау
Барлық айналдыру циклдарын алу
үшін осы параметрді орнатыңыз.
Бұл параметрді өте нәзік маталар
үшін орнатыңыз.
Кей жуу бағдарламаларында шаю
циклы көп су пайдаланады.
Бейнебетте индикаторы
пайда болады.
Шаюды кідірту
Кірлер мыжылып қалмас үшін осы
параметрді орнатыңыз.
Жуу бағдарламасы аяқталғанда
барабан ішінде су тұрады. Кір
мыжылып қалмас үшін барабан
мезгіл-мезгіл айналып тұрады.
Есік құлыпталып тұрады. Есікті ашу
үшін суды төгу керек.
Бейнебетте индикаторы пайда
болады.
Суды төгу үшін
"Бағдарламаның соңы"
тарауын қараңыз.
Өте шуылсыз
Бұл параметрді барлық айналдыру
циклдарын ажыратып, кірді
шуылсыз режим бойынша жуу үшін
орнатыңыз.
Кей жуу бағдарламаларында шаю
циклы көп су пайдаланады.
Жуу бағдарламасы аяқталғанда
барабан ішінде су тұрады. Кір
мыжылып қалмас үшін барабан
мезгіл-мезгіл айналып тұрады.
Есік құлыпталып тұрады. Есікті ашу
үшін суды төгу керек.
Бейнебетте индикаторы пайда
болады.
Суды төгу үшін
"Бағдарламаның соңы"
тарауын қараңыз.
7.2 Температура
Әдепкі температураны өзгерту үшін
осы параметрді орнатыңыз.
индикаторы = суық су.
Бейнебетте орнатылған температура
көрсетіледі.
7.3 Время сушки
Осы функцияның көмегімен матаны
кептіретін уақытты орнатуға болады.
Бейнебетте параметрдің орнатылған
мәні көрсетіледі.
Осы сенсорлық түймешікті әр басқан
сайын уақыт мәні 5 минутқа артып
отырады.
Әр түрлі маталарға арнап
түрлі уақыттарды орнату
мүмкін емес.
7.4 Oтсрочка старта
Осы параметрдің көмегімен
бағдарламаны 30 минуттан 20 сағатқа
дейін кешіктіріп бастауға болады.
Бейнебетте тиісті индикатор пайда
болады.
7.5 Предв. стирка
Осы параметрдің көмегімен жуу
бағдарламасына алдын ала жуу
циклын қосуға болады.
Осы параметрді қатты кірлеген кірді
жуу үшін пайдаланыңыз.
Осы параметрді орнатқан кезде
бағдарламаның уақыты ұзарады.
Тиісті индикатор жанады.
7.6 Уровень сушки
Осы функцияның көмегімен кірдің
автоматты құрғақтық деңгейін
www.electrolux.com16
орнатуға болады. Бейнебетте
орнатылған деңгейдің белгішесі
көрсетіледі.
Мақта мата заттарға арналған
Өте құрғақ деңгей
Мақта мата, синтетика, жүн және
жібек маталарға арналған Шкафқа
салуға болатын құрғақтық деңгейі
Мақта мата заттарға арналған
Үтіктеуге болатын құрғақтық
деңгейі
7.7 Таймер
Жуу бағдарламасын орнатқан кезде
бейнебетте әдепкі уақыт көрсетіледі.
Бағдарламаның уақытын азайту
немесе көбейту үшін немесе
түймешігін басыңыз.
Таймер функциясы кестеде
көрсетілген бағдарламаларда ғана
жұмыс істейді.
Индикатор
Хлопок Экo
1)
2)
3)
3)
Индикатор
Хлопок Экo
4)
3)
3)
5)
1)
Қысқа: кірді жаңартуға арналған.
2)
Қысқа уақыт: кірді жаңарту үшін
қолдануға жарамды бағдарлама.
3)
Бағдарламаның әдепкі уақыты.
4)
Ең ұзақ: Бағдарламаның ұзақтығын
баяу көбейткен кезде пайдаланылатын
қуат мөлшері азаяды.
Оңтайландырылған қыздыру циклы
пайдаланылатын қуат мөлшерін
азайтады және ұзақ бағдарламаны
қолданғанда, жуу нәтижесі өзгермейді
(қалыпты кірлеген кірлер).
5)
Әдепкі уақыт: кірді жаңарту үшін
қолдануға жарамды бағдарлама.
Эко ақпараты
Эко инфо жолақтары (мақта мата және
синтетика бағдарламаларда ғана бар)
жуу бағдарламасының қуатты үнемдеу
жағынан тиімділігін көрсетеді:
6 жолақ: жуу бағдарламасының
жұмысын барынша тиімді етуге
арналған ең тиімді параметр.
1 жолақ: тиімділігі ең аз параметр.
Егер жуу бағдарламасының уақытын
өзгертсеңіз (Уақыт басқарушысын
қараңыз) және жуу температурасы мен
кірдің салмағын өзгертсеңіз, Эко инфо
жолақтарының саны өзгереді. Жуу
бағдарламасының жұмысын тиімді ету
үшін жолақтардың саны көбеюге тиіс:
Егер бағдарламаның уақытын
ұзартсаңыз, Эко инфо
жолақтарының саны артады. Жуу
бағдарламасының уақытын
ұзартқан кезде құрылғы тұрақты
жұмыс істейді де, қуат аз
пайдаланылады.
Егер жуу температурасын
азайтсаңыз, Эко инфо
жолақтарының саны артады.
Ең тиімді параметрді орнату
бойынша ақыл-кеңес:
ҚАЗАҚ 17
Таймер индикаторларын немесе
орнатыңыз.
Төмендеу жуу температурасын
орнатыңыз.
Алдын ала жуу параметрін
орнатпаңыз.
7.8 My favourites
Осы параметрдің көмегімен таңдаулы
бағдарлама мен параметрлерді
жадыда сақтауға болады.
Кешіктіріп бастау функциясын
MyFavourite параметрімен бірге
жадыға сақтау мүмкін емес.
Бағдарламаны жадыда қалай сақтау
керек
1. Құрылғыны іске қосу үшін
түймешігін басыңыз.
2. Бағдарламаны және жадыда
сақтағыңыз келген параметрлерді
орнатыңыз.
3. MyFavourite түймешігін бейнебетте
"MEM" жазуы пайда болғанша
басыңыз.
Жадыдағы бағдарламаны қалай
орнату керек
1. Құрылғыны іске қосу үшін
түймешігін басыңыз.
2. MyFavourite түймешігін қысқа
басыңыз.
Кешіктіріп бастау
функциясы жадыда
сақталмаған.
7.9 Доп. полоскание
Осы параметрдің көмегімен жуу
бағдарламасына бірнеше шаю циклын
қосуға болады.
Бұл функцияны жуғыш заттарға
аллергиясы бар адамдар үшін және
суы тым тұщы жерлерде қолданыңыз.
Дисплейде тиісті индикатор жанады.
Бұл функцияны қосу жолын
"Параметрлер" бөлімінен қараңыз.
8. ПАРАМЕТРЛЕР
8.1 Бала қауіпсіздігінің құралы
Осы функцияның көмегімен балалар
басқару панелімен ойнауға жол
бермейсіз.
Осы функцияны іске қосу/ажырату
үшін
және түймешіктерін
индикаторы жанғанша/сөнгенше
қатар басыңыз.
Мына параметрді қосуға болады:
түймешігін басқаннан кейін:
функциялар мен бағдарлама тетігі
бұғатталады.
түймешігін баспайынша:
құрылғы іске қосылмайды.
8.2 Тұрақты қосымша шаю
Осы функцияның көмегімен жаңа
бағдарлама орнатқан кезде қосымша
шаю циклі тұрақты орнатылып тұрады.
Осы функцияны іске қосу/ажырату
үшін және түймешіктерін
индикаторы жанғанша/сөнгенше
қатар басыңыз.
8.3 Дыбыстық сигналдар
Дыбыстық сигналдар мына
жағдайларда қосылады:
Бағдарлама аяқталғанда.
Құрылғыда ақау бар кезде.
Дыбыстық сигналдарды сөндіру/қосу
үшін және түймешіктерін 6
секунд қатар басыңыз.
Егер дыбыстық
сигналдарды сөндірсеңіз,
олар құрылғыда ақау
пайда болған кезде қосыла
береді.
www.electrolux.com18
9. ЕҢ АЛҒАШ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА
1. Ашаны розеткаға қосыңыз.
2. Су құятын шүмекті ашыңыз.
3. Жуу циклына арналған бөлікке
шамалы жуғыш зат салыңыз.
4. Мақта матаға арналған
бағдарламаны орнатып, ең жоғары
температураға қойып ешбір кір
салмай жуыңыз.
Бұл цикл барабан мен машинаның
ішінде бар болуы мүмкін кірлердің
барлығын кетіреді.
10. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
10.1 Кірді салу
1. Құрылғының есігін ашыңыз
2. Кірлерді құрылғыға салар алдында
сілкілеңіз.
3. Кірді барабанға бір-бірден
салыңыз.
Барабанға тым көп кір салынбағанына
көз жеткізіңіз.
4. Есікті нығыздап жабыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Тығыздағыш пен есіктің
арасына ешбір кір
қыстырылып қалмағанына
көз жеткізіңіз. Су ағуы
немесе кірге нұқсан келуі
мүмкін.
Қатты майланған, май
дақтары түскен затты
жуғанда, кір жуғыш
машинаның резеңке
бөліктеріне зақым келуі
мүмкін.
10.2 Жуғыш зат пен
үстемелерді пайдалану
1. Жуғыш зат пен мата
жұмсартқышты өлшеп алыңыз.
2. Жуғыш зат пен мата
жұмсартқышты бөліктерге
салыңыз.
3. Жуғыш зат үлестіргішті абайлап
жабыңыз
10.3 Жуғыш зат салынатын бөліктер
АБАЙЛАҢЫЗ
Кір жуғыш машинаға арнайы жуғыш заттарды ғана пайдаланыңыз.
ҚАЗАҚ 19
Жуғыш заттардың орамында көрсетілетін нұсқауларды әрқашан
орындаңыз.
Алдын ала жуу циклына арналған жуғыш зат бөлігі.
Жуу циклына арналған жуғыш зат бөлігі.
Сұйық үстемелерге арналған бөлік (мата жұмсартқыш,
крахмал).
Ұнтақ немесе сұйық жуғыш затқа арналған бөлгіш.
10.4 Сұйық немесе ұнтақ
жуғыш зат
1.
A
2.
3.
B
4.
A қалпы ұнтақ жуғыш затқа арналған (зауыттық бапталым).
B - сұйық жуғыш затқа арналған.
Сұйық жуғыш затты пайдаланған кезде:
Қоймалжың немесе қою сұйық жуғыш заттарды қолданбаңыз.
Сұйық жуғыш затты ең жоғары деңгейден асырып салмаңыз.
Алдын ала жуу циклын орнатпаңыз.
Кешіктіріп бастау параметрін орнатпаңыз.
www.electrolux.com20
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44
  • Page 45 45
  • Page 46 46
  • Page 47 47
  • Page 48 48
  • Page 49 49
  • Page 50 50
  • Page 51 51
  • Page 52 52
  • Page 53 53
  • Page 54 54
  • Page 55 55
  • Page 56 56
  • Page 57 57
  • Page 58 58
  • Page 59 59
  • Page 60 60
  • Page 61 61
  • Page 62 62
  • Page 63 63
  • Page 64 64
  • Page 65 65
  • Page 66 66
  • Page 67 67
  • Page 68 68
  • Page 69 69
  • Page 70 70
  • Page 71 71
  • Page 72 72
  • Page 73 73
  • Page 74 74
  • Page 75 75
  • Page 76 76
  • Page 77 77
  • Page 78 78
  • Page 79 79
  • Page 80 80

Electrolux EWW51697SWD Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя

Задайте вопрос, и я найду ответ в документе

Поиск информации в документе стал проще с помощью ИИ