6
•Құрылғыға ауыр немесе сынғыш заттар, сұйықтықпен
толтырылған контейнерлер, жанғыш, тұтанғыш заттар
(балауыз, шамдар жəне т.б.) немесе жылыту құрылғыларын
(пештер, қыздырғыштар жəне т.б.) қоюға болмайды.
•Егер газ (изобутан, пропан, табиғи газ, т.б.) шығып жатса,
құрылғыны немесе қуат ашасын ұстамаңыз жəне бөлмені
дереу желдетіңіз. Бұл жабдықта газ түріндегі хладагент
(изобутан ,R600a) пайдаланылады. Пайдаланылатын газ
көлемі аз болса да, ол əлі де оңай жанғыш газ болып
табылады. Жабдықты тасымалдау, орнату немесе
пайдалануда газ жылыстаған жағдайда ұшқын пайда болса, ол
өртке жарылысқа немесе жарақатқа əкеліп соғуы мүмкін.
•Құрылғының жанында өртке қауіпті немесе жанатын заттарды
(мыс., жанармай, алкоголь, химикаттар, сұйытылған көмірсутек
газы, жанатын шашыратқыш, құрт-құмырсқаларды жоюға
арналған құрал, ауаны сергіткіш, косметика, т.б.) қолданбаңыз
немесе сақтамаңыз.
•Өзге дыбыс, иіс немесе құрылғыдан түтін шығатын б
олса,
дереу ашаны қуат көзінен ажыратып, LG Electronics
тұтынушыларды қолдау орталығымен байланысыңыз.
•Мұз дайындағыштың немесе диспенсердің суға арналған
багын тек ауыз суымен толтырыңыз.
•Салқындатқыш сұйықтық айналымының түтіктерін зақымдап
алмаңыз.
•Құрылғының ішіне электрондық құрылғыларды салмаңыз
(мысалы, жылытқыш жəне ұялы телефон).
Қызмет көрсету
•Құрылғыны тазаламас немесе ішкі шамын ауыстырмас бұрын
қуат сымын ажыратыңыз (салынған болса).
•Кез келген ылғалды жəне шаңды толығымен кетірген соң,
розетка саңылауына қуат ашасын қауіпсіз етіп жалғаңыз.
•Құрылғыны тоқтан ешқашан қуат кабелінен тартып
ажыратпаңыз. Əрқашан қуат ашасын мықтап ұстап, розеткадан
тіке тартып алыңыз.
•Құрылғыны тазалау үшін, оның ішкі немесе сыртқы жағына су
не тұтанғыш заттарды (тіс пастасы, спирт, еріткіш зат, бензол,
жанғыш сұйықтық, жыратын зат жəне т.б.) шашпаңыз.
KK