Electrolux KGV9539IK Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя
KGV9539IK
KK Пісіру алаңы Қолдану туралы нұсқаулары 2
RU Варочная панель Инструкция по эксплуатации 29
МАЗМҰНЫ
1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ................................................................................. 2
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ............................................................................ 5
3. ОРНАТУ............................................................................................................. 8
4. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ............................................................................... 13
5. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ......................................................................................15
6. АҚЫЛ-КЕҢЕС.................................................................................................. 18
7. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ................................................................................. 21
8. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ.....................................................................................23
9. ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕК.....................................................................................26
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар
бойғы кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны
таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны
жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын
тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Пайдалану туралы ақпарат, кітапша, ақаулықты түзету, қызмет ақпаратын
мына жерден алыңыз:
www.electrolux.com/webselfservice
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registerelectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және
фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын
болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты
Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
Дұрыс орнатпау немесе пайдаланбау нәтижесінде
орын алған жарақат немесе зақымдарға өндіруші
www.electrolux.com2
жауапты емес. Нұсқаулықтарды кейін қарап жүру
үшін әрқашан қауіпсіз және қол жетімді жерде
сақтаңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың
қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен
денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым
келген не тәжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздіктерін
қамтамасыз ететін адамның қадағалауы не
құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша берген
нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау салдарын
түсінсе, онда қолдануына болады.
3 және 8 жас арасындағы балалар мен
мүмкіндіктері өте шектеулі мүгедек адамдарды
басқалар қадағаламаған жағдайда алыс ұстау
керек.
3 жасқа толмаған балаларды үнемі қарап
отырмаған жағдайда алыс ұстау керек.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Барлық орам материалдарын балалардан алыс
ұстап, қоқысқа тиісті түрде тастау керек.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол суып
тұрғанда, балалар мен үй жануарларын оған
жақындатпаңыз. Қол жететін бөлшектері ыстық.
Құрылғыда бала қауіпсіздігінің құралы бар болса,
оны қосу керек.
Балалар құрылғыны жөндеу және тазалау
жұмыстарын бақылаусыз орындамауы керек.
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
ЕСКЕРТУ: Құрылғы мен оның қол жететін жердегі
бөлшектері қолдану барысында ысып тұрады.
Қыздырғыш элементтерге тиіп кетпеу үшін абайлау
керек.
Құрылғыны сыртқы таймермен немесе бөлек
қашықтан басқару жүйесімен басқармаңыз.
ҚАЗАҚ 3
ЕСКЕРТУ: Май немесе өсімдік майы қосылған
тағамды пештің үстіне қараусыз қалдыру қауіпті
және өрт шығуы мүмкін.
Өртті ЕШҚАШАН сумен сөндіруге әрекет
жасамаңыз, оның орнына құрылғыны сөндіріп,
жалынды қақпақ немесе өртке төзімді көрпе, т.б.
тәрізді затпен жабыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: Пісіру барысын қадағалап отыру
керек. Пісіру барысы қысқа болса, үздіксіз
қадағалап отыру керек.
ЕСКЕРТУ: Өрт қаупі бар: Пісіру алаңына зат
сақтамаңыз.
Пышақ, шанышқы, қасық және қақпақ тәрізді темір
заттарды пештің үстіне қоймаңыз, себебі ысып
кетеді.
Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып
тазаламаңыз.
Егер шыны керамика бет / шыны сынса, электр
қатері пайда болмас үшін құрылғыны сөндіріңіз
және ток көзінен ағытыңыз. Құрылғы ток көзіне
электр корапшасы арқылы қосылған болса,
құрылғыны тоқтан ағыту үшін сақтандырғышты
алыңыз. Осы жағдайларда уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Егер пеш үстінің шынысы сынып қалса:
барлық оттықтарды дереу сөндіріңіз де, электрлі
қыздырғыш элементтердің барлығын оқшаулап,
құрылғыны қуат көзінен ажыратыңыз.
құрылғының бетіне қол тигізбеңіз,
құрылғыны пайдаланбаңыз.
Егер қуат cымына зақым келген болса, қатерден
сақтану үшін оны өндіруші немесе уәкілетті техник
немесе сол сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
Құрылғыны тоққа тура қосу үшін, контакт
интервалы сақталатын, барлық полюстерде
оқшаулайтын айырып-қосқыш қажет. Тоқты айыру
жұмыстарын міндетті III-ші асқын кернеу санатында
www.electrolux.com4
көрсетілген жағдайларға сай іске асыру керек.
Жерге тұйықтау сымы қолданылмайды.
Электр сымын төсеген кезде, температурасы
бөлме температурасынан 50°C градус жоғары
болатын заттарға тура тигізбей (мысалы,
оқшаулағыш төлкені пайдаланып) орнатыңыз.
ЕСКЕРТУ: Пісіру құрылғысының өндірушісі жасаған
пеш қорғағыштарды ғана немесе құрылғы
өндірушісі пайдаланушы нұсқаулығында арнайы
көрсеткен немесе құрылғының өзіне орнатылған
қорғағыштарды ғана қолданыңыз. Сай келмейтін
қорғағыштарды пайдалансаңыз, оқыс жағдай орын
алуы мүмкін.
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
Бұл құрылғы келесі нарықтарға
арналған: BY KZ RU
2.1 Орнату
ЕСКЕРТУ!
Бұл құрылғыны тек білікті
маман ғана орнатуға тиіс.
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе
құрылғыны бүлдіріп алу
қаупі бар.
Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
Құрылғымен бірге жеткізілген
орнату нұсқауларын орындаңыз.
Құрылғылар мен заттардың
арасындағы минимум қашықтықты
сақтаңыз.
Құрылғы ауыр болғандықтан,
орнынан жылжытқан кезде әрқашан
абай болыңыз. Әрқашан қауіпсіздік
қолғабы мен бітеу аяқ киім киіңіз.
Кесілген беттерге ылғал кіріп
үлкейтіп жібермес үшін
тығыздағышпен бітеңіз.
Құрылғының астыңғы жағын бу мен
ылғалдан қорғаңыз.
Құрылғыны есікке жақын жерге
терезенің астына қоймаңыз. Бұл
есік немесе терезе ашылған кезде
ыстық ыдыстар құрылғыдан құлап
кетпеу үшін қажет.
Егер құрылғыны тартпалардың
үстіне орнатсаңыз, құрылғының
астыңғы жағы мен үстіңгі тартпаның
арасында ауа ауысып тұруға
жеткілікті орын қалуын қамтамасыз
етіңіз.
Құрылғының астыңғы жағы ысып
кетеді. Құрылғының астыңғы жағын
қол жетпейтін етіп бітеу үшін
тұтанбайтын оқшаулағыш панель
орнатыңыз.
2.2 Электртоғына қосу
ЕСКЕРТУ!
Өрт және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
Электртоғына қосу жұмыстарын
білікті электрші ғана іске асыруға
тиіс.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Қандай да бір жұмысты іске
асырмай тұрып, құрылғының электр
желісінен ажыратылғанына көз
жеткізіңіз.
ҚАЗАҚ 5
Техникалық ақпарат тақтасындағы
параметрлердің негізгі қуатпен
жабдықтау желісіндегі электр
параметрлеріне сәйкес келетініне
көз жеткізіңіз.
Құрылғының дұрыс орнатылғаныа
көз жеткізіңіз. Босап қалған және
дұрыс жалғанбаған электр сымы
немесе ашасы (бар болса)
ағытпаны өте ысытып жіберуі
мүмкін.
Дұрыс электр сымын
пайдаланыңыз.
Электр сымдарының оратылуына
жол бермеңіз.
Электр қатерінен сақтандыру
құралының орнатылғанына көз
жеткізіңіз.
Сымды тартылудан босататын
қапсырманы пайдаланыңыз.
Құрылғыны жақын тұрған розеткаға
жалғаған кезде электр сымы
немесе ашасы (бар болса) ыстық
құрылғыға немесе ыстық ыдысқа
тиіп кетпес үшін абай болыңыз.
Көп тармақты адаптерлер мен
ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғының сымына немесе
ашасына (бар болса) зақым
келтірмеу үшін абай болыңыз.
Зақым келген электр сымын
ауыстырту үшін біздің уәкілетті
қызмет көрсету орталығына немесе
электршіге хабарласыңыз.
Тоққа қосулы тұрған және
оқшаулағышы бар бөлшектердің
электр қатерінен сақтандырғышын,
саймансыз алынбайтын етіп бекітіп
қою керек.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан
кейін ғана жалғаңыз. Орнатып
болғаннан кейін ашаның қол
жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Егер розетка босап тұрса, оған
ашаны сұқпаңыз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
Дұрыс оқшаулағыш құралдарды
ғана қолданыңыз. желіні қорғайтын
ажыратқыштар, сақтандырғыштар
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге
тұйықталудан қорғау тетіктері мен
тұйықтағыштар.
Электр жүйесі құрылғыны кез
келген полюсте ажыратуға
мүмкіндік беретін оқшаулағыш
құралмен жабықталуға тиіс.
Оқшаулағыш құралдың контакт ара
қашықтығы кем дегенде 3 мм
болуға тиіс.
2.3 Газға қосу
Газға қосу жұмыстарының
барлығын білікті маман ғана іске
асыруға тиіс.
Орнатар алдында жергілікті
жабдықтау жағдайлары (газдың түрі
мен газдың қысымы) мен құрылғы
параметрлерінің сәйкес келетініне
көз жеткізіңіз.
Құрылғының айналасында ауаның
айналуын қамтамасыз етіңіз.
Газбен жабдықтау туралы ақпарат
техникалық ақпарат тақтайшасында
берілген.
Бұл құрылғы жану өнімдерін тартып
әкететін құрылғыға жалғанбаған.
Құрылғыны ағымдық орнату
ережелеріне сай орнатыңыз.
Желдету талаптарының дұрыс
орындалуына көз жеткізіңіз.
2.4 Пайдалану
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, күйіп қалу
және тоқ соғу қаупі бар.
Алғаш пайдалану алдында барлық
орамдарын, жапсырмалары мен
қорғағыш таспасын (бар болса)
алыңыз.
Бұл үйде ғана қолдануға арналған
құрылғы.
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
Желдеткіш саңылаулардың бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны
назардан тыс қалдырмаңыз.
Пісіру алаңын пайдаланып болған
сайын "off" қалпына қойыңыз.
Пісіру алаңдарына ас құралдарын
немесе кәстрөлдердің қақпақтарын
қоймаңыз. Қызып кетуі мүмкін.
www.electrolux.com6
Құрылғыны су қолмен іске қоспаңыз
немесе суға тиіп тұрған құрылғыны
пайдаланбаңыз.
Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде
қолданбаңыз.
Тағамды ыстық майға салғанда,
май шашырауы мүмкін.
ЕСКЕРТУ!
Өрт және жарылыс пайда
болу қаупі бар
Тоңмайларды немесе майды
қыздырған кезде тұтанғыш бу пайда
болады. Тоңмайға немесе майға
тамақ пісірген кезде қызған
заттарды немесе оттың жалынын
алыс ұстаңыз.
Қатты қызған майдан бөлініп
шығатын бу, кенет жарылыстың
орын алуына себеп болады.
Құрамында тағам қалдықтары бар
қолданылған май, бірінші рет
қолданылып отырған майға
қарағанда, төмен температурада
өрт пайда болуға әкелуі мүмкін.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
ЕСКЕРТУ!
Құрылғыны бүлдіріп
алуыңыз мүмкін.
Басқару панеліне ыстық ыдыс
қоймаңыз.
Ыдысты ішіндегісі сарқылғанша
қайнатпаңыз.
Құрылғының үстіне зат немесе
ыдыс құлап кетуге жол бермеңіз.
Құрылғының бетіне зақым келуі
мүмкін.
Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып
немесе ешбір ыдыс қоймай іске
қоспаңыз.
Құрылғының үстіне алюминий
жұқалтыр қоймаңыз.
Құйылған шойыннан, алюминийден
жасалған немесе астына нұқсан
келген ыдыстар, шыны / шыны
керамика бетке сызат түсіреді.
Бұндай заттарды құрылғының
бетінде үнемі көтеріп жылжыту
керек.
Пішімі дұрыс, диаметрі оттықтың
диаметрлерінен үлкен орнықты
ыдыстарды ғана пайдаланыңыз.
Ыдыстардың оттықтың тура
ортасына қойылғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғының шетін жауап қалатын
үлкен ыдыстарды пайдаланбаңыз.
Бұл жұмыс бетіне нұқсан келтруі
мүмкін.
Құрылғымен бірге жеткізілген керек-
жарақтарды ғана қолданыңыз.
Оттыққа жалын шашыратқышты
орнатпаңыз.
Газбен пісіретін құрылғыны
пайдаланған кезде қызу және ылғал
бөлінеді. Құрылғы орнатылған
бөлменің жақсы желдетілуін
қамтамасыз етіңіз.
Құрылғыны ұзақ уақыт пайдаланған
кезде қосымша желдету қажет
болуы, мысалы, терезені ашу
немесе барынша тиімді желдету
тәсілін пайдалану қажет болуы
мүмкін, егер механикалық тартқыш
бар болса, оның қарқынын
арттыруға болады.
Бұл тек тағам пісіруге арналған
құрылғы. Басқа мақсатта, мысалы
бөлмені қыздыру үшін қолдануға
болмайды.
Сірке суы, лимон шырыны немесе
әк дағын кетіретін құралдар тәрізді
қышқыл заттарды пештің үстіне
тигізбеңіз. Бұл заттар ақтаңдақ із
қалады.
Құрылғының эмаль қаптамасының
немесе тот баспайтын болат
бөлігінің түсінің өзгеруі құрылғы
жұмысына әсер етпейді.
2.5 Күту менен тазалау
Құрылғының бетіндегі материалдың
сапасы түспес үшін мезгіл-мезгіл
тазалаңыз.
Құрылғыны тазалардан бұрын
сөндіріңіз де, суығанша күтіңіз.
Қызмет көрсету алдында
құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы
спрейді және буды қолданбаңыз.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Тек
бейтарап тазартқыш заттарды
ҚАЗАҚ 7
қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,
түрпілі жөкелерді, еріткіштерді
немесе металл заттарды
пайдаланбаңыз.
Оттықтарды ыдыс жуғыш
машинада жумаңыз.
2.6 Құрылғыны тастау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны қоқысқа дұрыс тастауға
қатысты ақпаратты жергілікті
әкімшілік мекемеге хабарласып
алыңыз.
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Құрылғыға жақын орналасқан
электр сымын кесіп, қоқысқа
тастаңыз.
Сыртқы газ түтіктерін
майыстырыңыз.
2.7 Сервис
Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Тек ғана фирмалық қосалқы
бөлшектерді қолданыңыз.
3. ОРНАТУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
3.1 Орнату алдында
Пешті орнату алдында, техникалық
сипаттама тақтайшасынан келесі
деректерді жазыңыз. Техникалық
ақпарат тақтайшасы пештің астыңғы
жағында орналасқан.
Үлгі .......................................
Құрылғының нөмірі
(PNC) .........................
Сериялық
нөмірі ...........................
3.2 Газға қосу
ЕСКЕРТУ!
Құрылғыны орнату, жалғау
мен жөндеу бойынша
төмендегі нұсқауларды
нормаларға және жергілікті
заң ережелеріне сәйкес
білікті техник қызметкерлер
іске асыруға тиіс.
Қолданыстағы ережелерге сәйкес
тұрақты қосылым сымдарын немесе
тот баспайтын болатпен қапталған
иілгіш түтікті таңдаңыз. Егер иілгіш
металл түтіктерді пайдаланатын
болcаңыз, олардың жылжымалы
бөлшектерге жанаспауын немесе
қысылып қалмауын қадағалаңыз.
Сондай-ақ пешті тұмшапешке абайлап
орнатыңыз.
Құрылғының газбен
жабдықтау қысымының
ұсынылған мәндерге
сәйкес екеніне көз
жеткізіңіз. Реттелетін
қосылым бұрандалы G 1/2"
сомынының көмегімен
ауқымды еңіске бекітіледі.
Бөлшектерін күш салмай
бұраңыз, қосылымды
қажетті бағытта реттеп
орналастырыңыз да,
барлығын қатайтып
бұраңыз.
A
A. Шайбасы бар сүмбінің ұшы
Сұйылтылған газ
Сұйылтылған газ үшін резеңке түтік
ұстатқышты пайдаланыңыз. Әрқашан
тығыздағышты орнатыңыз. Содан
кейін газ желісіне қосуды
жалғастырыңыз.
www.electrolux.com8
Иілгіш түтік төмендегі жағдайларда
қолдану үшін дайындалады:
ол бөлме температурасынан
жоғары, 30°C-тан асып қызып кете
алмаса;
ұзындығы 1500 мм-ден аспаса;
ешбір жері жаншылмаса;
оны тартып не бұрап майыстыруға
болмаса;
ол өткір жиектер мен бұрыштарға
жанаспаса;
оның күйін тексеру үшін оны оңай
қарап шығу мүмкін болса.
Иілгіш түтіктің жақсы сақталғанын
бақылау үшін төмендегілерді тексеру
керек:
екі ұшында және ұзына бойында
жарылған, кесілген жерлер, күйген
белгілері болмауын;
материал қатқылданбаған,
керісінше, серпімділігі дұрыс
болуын;
бекіткіш қапсырмаларды тот
баспағанын;
жарамдылық мерзімі өтіп
кетпегенін.
Егер бір немесе бірнеше ақаулығы
байқалса, түтікті жөндеудің керегі жоқ,
ауыстыру керек.
ЕСКЕРТУ!
Орнату аяқталғаннан кейін
әр түтік фиттингінің
жақсылап бекітілгенін
тексеріңіз. От емес, сабын
ерітіндісін пайдаланыңыз!
3.3 Инжекторды ауыстыру
1. Кәстрөл тірегіштерді алыңыз.
2. Оттықтың қақпақтары мен
шілтерлерін алыңыз.
3. 7-ші гайка кілтінің көмегімен
инжекторларды алып, оларды
қолданып отырған газдың түріне
сәйкес келетін инжекторлармен
ауыстырыңыз ("Техникалық дерек"
тарауын қараңыз).
4. Бөлшектерді құрастыру үшін
процедураларды кері ретпен
орындаңыз.
5. Техникалық ақпарат (газбен
жабдықтайтын құбырдың қасында)
тақтасын жаңа газға сәйкес келетін
тақтамен алмастырыңыз. Бұл
тақтаны құрылғымен бірге берілген
жинақтан табуға болады.
Берілетін газдың қысымы өзгермелі
болса немесе қажет қысымнан өзге
болса, құрылғының газбен жабдықтау
құбырына тиісті қысым реттегішті
орнату керек.
3.4 Газды таңдау
1. белгісін 3 секунд басыңыз.
2. 7 секунд ішінде
белгісін 3 секунд
басыңыз.
3.
3 рет түртіңіз.
Дисплейде G1 режимі көрінеді.
4.
түртіңіз.
Режимге кіріңіз.
5. Таймер дисплейінде таңдалған газ
түрі көрінеді.
6. Газ түрін төмендегі кестеге сай
орнату үшін белгісін түртіңіз.
7. түртіңіз.
Газ түрін растаңыз.
Режимнен шығу үшін түртіп,
Автоматты түрде сөндіру функциясы
қосылғанша күтіңіз.
Газды таңдау
0 1 2
G20 13 mbar Сұйылтылған газ 29 mbar G20 20 mbar
ҚАЗАҚ 9
3.5 Ең кіші деңгейді лайықтау
ЕСКЕРТУ!
Уәкілетті орнатушыға
арналған ақпарат.
Түзету алдында пешті
сөндіріңіз.
Оттықтардың ең төменгі деңгейін
баптау үшін:
1. белгісін 3 секунд басыңыз.
2. 7 секунд ішінде
белгісін 3 секунд
басыңыз.
3. 4 рет түртіңіз.
Дисплейде G2 режимі көрінеді.
4. түртіңіз.
Режимге кіріңіз.
5. Режимді таңдағаннан кейін 5
секунд күтіңіз.
Оттықта мин. деңгей және басқару
жолағында көрінеді.
6. Немесе түртіңіз.
Параметр мәнін қосу не азайту үшін
мин. деңгейді реттеңіз.
7. 5 секунд күтіңіз.
Қуат тақтасына таңдалған мәнді
жіберу үшін.
8. Мин. деңгей дұрыс екенін тексеріп,
түртіңіз.
Мин. деңгейді растау үшін.
Мин. деңгей дұрыс
болмаса 6 және 7
қадамдарды қайталаңыз.
9. Келесі оттықты таңдау үшін
белгісін түртіп, 5-8 қадамдарын
қайталаңыз.
Режимнен шығу үшін белгісін
түртіңіз.
ЕСКЕРТУ!
Газ берілімінің ең үлкен
қалпынан ең кіші қалпына
ауысқанда, жалынның өшіп
қалмайтынына көз
жеткізіңіз.
ЕСКЕРТУ!
G3 және G4 режимдерін
орнатпаңыз. Бұл уәкілетті
орнатушыға ғана арналған.
3.6 Электртоғына қосу
Техникалық ақпарат
тақтайшасындағы атаулы кернеу
мен электрмен жабдықтау түрінің
жергілікті кернеу мен қуатпен
жабдықтау мәндеріне сай
келетініне көз жеткізіңіз.
Құрылғы электр сымымен
жабдықталған. Оны техникалық
ақпарат тақтайшасындағы
жүктемені көтере алатын дұрыс
ашамен жабдықтау керек. Ашаның
сай келетін розеткаға қосылғанына
көз жеткізіңіз.
Әрқашан дұрыс орнатылған,
қатерден сақтандырылған
розетканы қолданыңыз.
Орнатып болғаннан кейін ашаның
қол жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
Құрылғыны ұзартқыш сыммен,
адаптермен немесе көп тармақты
қосылым арқылы қосқан кезде өрт
шығу қаупі бар. Жерге тұйықтау
стандарттар мен ережелерге сай
іске асырылғанына көз жеткізіңіз.
Қуат сымын 90° C градустан асатын
температурамен қыздырмаңыз.
3.7 Қосылым сымы
Қосылым сымын ауыстыру үшін тек
арнайы сымды немесе соның
баламасы болатын сымды ғана
пайдаланыңыз. Сымның түрі: H05SS-
FT180.
Сымның қимасының кернеуге және
жұмыс температурасына сәйкес
екеніне көз жеткізіңіз. Сары/жасыл
түсті жерге қосу сымы қоңыр (немесе
қара) түсті фазалық сымнан шамамен
2 см ұзынырақ болуға тиіс.
www.electrolux.com10
3.8 Құрастыру
min.
100mm
min.
650mm
min. 2 mm
A
B
A
12 mm
28 mm
38 mm
B
57 mm
41 mm
31 mm
min
30 mm
min. 500 mm
< 20 mm
> 20 mm
min. 2 mm
A
B
A
12 mm
28 mm
38 mm
B
57 mm
41 mm
31 mm
min. 500 mm
890
min.
38 mm
min.
2 mm
ҚАЗАҚ 11
min.
12 mm
min.
2 mm
АБАЙЛАҢЫЗ
Құрылғыны беті тегіс
жұмыс үстеліне ғана
орнатыңыз.
3.9 Құрылғыны ауа
тартқыштың астына орнату
Құрылғыны ауа
тартқыштың астына
орнатсаңыз,
құрылғылардың
арасындағы мин.
қашықтықты орнату
нұсқауларынан қараңыз.
3.10 Кірістіру жолдары
Пештің астына орнатылатын тақта
алуға оңай және техникалық қызмет
көрсету қажет болғанда қол жеткізуге
оңай болуға тиіс.
Есігі ас үй жиһазы
min 6 mm
min 5 mm
(max 150 mm)
min 40 mm
60 mm
B
A
A. Алынбалы тақта
B. Қосылым сымдарына арналған
орын
www.electrolux.com12
Тұмшапеш орнатылған ас үй
жиһазы
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін және
тұмшапешті құрылғыдан оңай алу үшін
пештің үсті мен тұмшапешті электр
желісіне жеке-жеке қосу керек.
4. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
4.1 Пісіруге арналған беттің көрінісі
1 1
3
2
4
1
1
Жартылай жылдам оттық
2
Көп шілтерлі оттық
3
Қосымша оттық
4
Басқару панелі
4.2 Басқару панелінің көрінісі
5 621 43
11 8
7
9
10
Құрылғыны іске қосу үшін сенсорлық өрістерді пайдаланыңыз. Бейнебеттер,
индикаторлар мен дыбыстық сигналдар қай функциялардың жұмыс жасайтынын
көрсетеді.
Сенсо
рлық
өріс
Функция Түсіндірме
1
ҚОСУ/СӨНДІРУ Пештің үстін қосуға және сөндіруге
арналған.
2
Құлып / Бала
қауіпсіздігінің құралы
Басқару панелін құрсаулайды/құрсауын
ағытады.
3
Үзіліс Функцияны іске қосады және сөндіреді.
ҚАЗАҚ 13
Сенсо
рлық
өріс
Функция Түсіндірме
4
- Қыздыру параметрінің
бейнебеті
Қыздыру параметрін көрсетуге
арналған.
5
- Таймер бейнебеті Уақытты минут бойынша көрсетуге
арналған.
6
Индикатор шам Қосылған функцияны көрсету үшін.
7
Hob²Hood Функцияны қолмен басқару режимін
іске қосуға және сөндіруге арналған.
8
- Таймерді қосуға және сөндіруге
арналған.
9
/
- Уақытты көбейтуге немесе азайтуға
арналған.
10
- Hob²Hood инфрақызыл
сигнал аумағы
Тартқыш құрылғы байланысы.
11
- Басқару жолағы Оттықтың қызу параметрін орнату.
4.3 Қызу параметрінің бейнебеттері
Дисплей Сипаттама
Оттық сөндірулі.
-
Оттық жұмыс істейді.
Ақау бар.
Пісіру алаңы әлі ыстық (қалдық қызу).
Құлып /Бала қауіпсіздігінің құралы жұмыс істейді.
Үзіліс жұмыс істейді.
Автоматты сөндіру функциясы қосылады.
www.electrolux.com14
4.4 Ыстық бет индикаторы
ЕСКЕРТУ!
Тағам пісіру барысында
пештің үсті ысып кетсе,
алаңды сөндірген кезде
параметр индикаторы
Ыстық бет ескертуін
көрсетеді. Ыстық бет
индикаторы пісіру алаңы
суығанша көрсетіліп
тұрады.
5. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
5.1 Оттықтың көрінісі
$
%
'
&
$
%
'
&
A. Оттық табақшасы
B. Оттық шілтері
C. От алдырғыш
D. Жалын қауіпсіздігінің құралы
5.2 Оттықты тұтату
Оттықты әрқашан ыдысты
қоймай тұрып жағыңыз.
ЕСКЕРТУ!
Ас үйде ашық отты
пайдаланған кезде өте
абай болыңыз. Жалын
дұрыс пайдаланылмаса,
өндіруші жауапты емес.
1. Пешті қосу үшін түймесін 1
секунд түртіңіз.
20 секунд пайдаланбаса, пеш сөнеді.
2. Жарық жанғаннан кейін дисплейде
пайда болса, басқару
жолағының қыздыру параметрін
дұрыс түртіңіз немесе
саусағыңызды басқару жолағының
бойымен дұрыс қыздыру
параметріне жеткенше
сырғытыңыз.
Қызу параметрін орнату немесе
өзгерту үшін.
ҚАЗАҚ 15
Бірнеше рет әрекет
еткеннен кейін оттық
жанбаса, шілтер мен оның
қақпағының дұрыс
қойылғанын тексеріңіз
және жалын қауіпсіздігі
құралының металл бөлігін
тазалаңыз ("Күту менен
тазалау" тармағын
қараңыз).
Оттық кенет сөніп қалса,
пеш оттықты 3 рет қайта
жағады. Жалын сонда да
пайда болмаса,
көрінеді.
Егер пайда болса, пешті
сөндіріңіз және қосыңыз.
Жарық жанғаннан кейін
қайта пайда болса,
түймесін басып, содан
кейін
түймесін 3 секунд
ішінде басыңыз. Ақау
пайда болған кезде
бастапқы қалпына
қойылады.
5.3 Оттықты сөндіру
Жалынды өшіру үшін басқару жолағын
сөндіру қалпына бұраңыз.
ЕСКЕРТУ!
Кәстрөлдерді оттықтан
алардан бұрын үнемі отты
азайтыңыз немесе сөндіріп
қойыңыз.
5.4 Автоматты түрде сөндіру
Функция пештің үстін келесі
жағдайларда автоматты түрде
сөндіреді:
барлық оттықтар сөнеді,
пештің үстін іске қосқан соң қызу
параметрін орнатпасаңыз,
басқару панеліне бір нәрсе төгіліп
қалса немесе ол 10 секундтан
артық (ыдыс, киім т.с.с.) жабық
қалса. Дыбыстық сигнал естіліп,
пештің үсті сөнеді. Заттарды
алыңыз немесе басқару панелін
тазалаңыз.
оттықты сөндірмесеңіз немесе қызу
параметрін өзгертпесеңіз. Шамалы
уақыттан кейін жанады да, пеш
жұмысын тоқтатады.
Пештің үстін сөндіргеннен кейінгі
уақыт пен қызу параметрінің
арасындағы байланыс:
Деңгей Уақыт (сағат)
1 6
2 3
3 3
4 1,5
5 1,5
5.5 Пештің үстін бұғаттау
және бұғатын ашу
Басқару панелін оттықтар жұмыс істеп
тұрғанда бұғаттауға болады. Ол қызу
параметрінің кездейсоқ өзгеруіне жол
бермейді.
Басқару панелін бұғаттау үшін:
1. Қызу параметрін орнатыңыз.
2.
белгісін түртіңіз.
3. оттықтың дисплейінде пайда
болады.
Басқару панелінің бұғатын ашу үшін
белгісін қайта түртіңіз.
Басқару панелі бұғатталып
тұрғанда оттықтарды
сөндіруге болады. Пештің
үстін сөндіру үшін
пайдаланыңыз.
Бала қауіпсіздігі үшін бұғатты орнату
үшін:
1. Пештің үстіне қосу үшін
түймесін басыңыз.
2. Бұғат функциясы қосу үшін
белгісін 3 секунд түртіңіз.
барлық басқару жолақтарында
жанады.
www.electrolux.com16
3. Пештің үстіне сөндіру үшін
түймесін басыңыз.
Бала қауіпсіздігі
функциясы қосулы
тұрғанда пеш үстінің
бұғатын ашуға болады.
Уақытша ағыту үшін:
1. Пештің үстіне қосу үшін
түймесін басыңыз.
2. белгішесін 3 секунд басыңыз.
3. оттықтың дисплейінде пайда
болады.
4. Қызу параметрін орнатыңыз.
5. Пісіріп болғаннан кейін және пешті
сөндіргеннен кейін Бұғат
функциясы белсенді тұрады.
Бұғатты толық ағыту үшін:
1. Пештің үстіне қосу үшін
түймесін басыңыз.
2. белгішесін 3 секунд басыңыз.
Бұғат ағытылады.
3. Пештің үстіне сөндіру үшін
түймесін басыңыз.
5.6 Үзіліс
Бұл функция ең төмен қыздыру
параметрі бойынша жұмыс істейтін
оттықтардың барлығын орнатады.
Функция жұмыс істеп тұрғанда, сіз
қызу параметрін өзгерте алмайсыз.
Функция таймер функцияларын
тоқтатпаған кезде.
Функцияны іске қосу үшін
белгісін
түртіңіз.
жанады.
Функцияны сөндіру үшін
түртіңіз.
Алдыңғы қызу параметрі жанады.
5.7 Минут операторы
Пеш қосулы тұрғанда бұл функцияны
минут операторы ретінде пайдалануға
болады.
1. түртіңіз.
2. Таймердің не түймесін
басып, уақытты минут бойынша
(00-99) орнатыңыз. Уақыт
параметрі кезінде таймер
индикаторы жылдам
жыпылықтай бастайды.
3. Таймер индикаторы баяу
жыпылықтай бастағанда таймер
қосылады.
Уақыт аяқталған кезде, дыбыстық
сигнал естіліп, 00 жыпылықтайды.
4. түртіңіз.
Дыбыстық сигналды тоқтату үшін.
Функция оттықтардың
жұмысына әсер етпейді.
Таймер функциясының ең
үлкен уақыты 00-99 минут.
Минут операторы
нұсқауларын (таймерді
реттеу қамтылмаған)
қараңыз.
5.8 OffSound Control
(Дыбыстық сигналдарды
сөндіру және қосу)
Пешті сөндіріңіз. белгішесін 3
секунд басыңыз. Бейнебет жанады да,
сөнеді. белгісін 3 секунд басыңыз.
немесе жанады. Келесі
параметрдің бірін таңдау үшін
таймердің
белгісін таңдаңыз:
- дыбыстық сигнал сөндірулі
- дыбыстық сигнал қосулы
Таңдауды растау үшін пеш автоматты
түрде сөнгенше күтіңіз.
Функцияны қалпына қойғанда
келесі жағдайларда ғана дыбыстық
сигнал естіледі:
түрткенде
Минут операторы сөнгенде
Кері санақ таймері сөнгенде
басқару панеліне бір нәрсе
қойылғанда.
5.9
Hob²Hood
Бұл пештің үстін арнайы ауа тартқыш
құралға жалғайтын заманауи
автоматты функция. Пеш пен ауа
ҚАЗАҚ 17
тартқыш құрал екеуі де инфрақызыл
сигнал коммуникаторымен
жабдықталған. Желдеткіштің
жылдамдығы режим параметрі мен
пештің үстіндегі ең ыстық ыдыстың
температурасы бойынша автоматты
түрде анықталады. Сондай-ақ пешті
желдеткіш арқылы қолмен де басқара
аласыз.
Ауа тартқыш құрылғы тек
пеш қосулы тұрса ғана
жұмыс істейді.
Ауа тартқыш құралдардың
көпшілігінде бастапқыда
қашықтан басқару жүйесі
ажыратылып тұрады. Оны
функцияны пайдаланар
алдында қосыңыз.
Қосымша ақпаратты ауа
тартқыш құралдың
пайдалану нұсқаулығын
қараңыз.
Пеш желдеткіштің
жылдамдығын пісіру
процесіне қарай автоматты
түрде орнатады.
Автоматты режимдер
Режи
м
Үлгі
сипаттама
сы
Автом
атты
шам
Автом
атты
желдет
кіш
жылда
мдығы
H0 Қол
режимі
Өшіру Өшіру
H1 Авт. шам Қосу Өшіру
H2 Тұрақты
жылдамды
қ
Қосу 1
Режи
м
Үлгі
сипаттама
сы
Автом
атты
шам
Автом
атты
желдет
кіш
жылда
мдығы
H3 Авт. жылд.
төмен
Қосу 0-1
H4 Авт. жылд.
орташа
Қосу 0-1
H5 Авт. жылд.
жоғары
Қосу 0-2
H6 Авт. жылд.
қарқынды
Қосу 0-3
Автоматты режимді өзгерту
1. Құрылғыны сөндіріңіз.
2. белгісін 3 секунд басыңыз,
дисплей жанады және сөнеді.
3. белгішесін 3 секунд басыңыз.
4. түймешігін бірнеше рет
жанғанша түртіңіз.
5. Автоматты режимді таңдау үшін
таймердің
тетігін басыңыз.
Жылдамдықты қолмен
орнату үшін белгісін
түртіңіз.
Желдеткішті және жарықты
сөндіру үшін ұзақ
басыңыз.
ЕСКЕРТУ!
Пісіріп болғаннан кейін ауа
тартқыш автоматты түрде
сөнбейді. Қолмен
сөндіріңіз.
6. АҚЫЛ-КЕҢЕС
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
www.electrolux.com18
6.1 Ыдыс-аяқ
АБАЙЛАҢЫЗ
Шойыннан құйылған
табаларды, фарфор не
балшықтан жасалған
ыдысты, гриль не тостер
табақтарын
пайдаланбаңыз.
ЕСКЕРТУ!
Бір табаны екі оттыққа
қоймаңыз.
ЕСКЕРТУ!
Орнықсыз не табанына
нұқсан келген кәстрөлдерді
ішіндегісі төгіліп, адам
жарақат алмау үшін
қолданбаңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Кәстрөл саптарының пісіру
алаңының алдыңғы
қырының үстінде емес
екеніне көз жеткізіңіз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Кәстрөлді орнықты етіп
қою және газды
мүмкіндігінше аз
пайдалану үшін кәстрөлді
оттықтың ортасына
қойыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Тағам пісіру барысында
шашыраған сұйық,
шыныны сындырып жіберуі
мүмкін.
6.2 Қуат үнемдеу
Егер мүмкіндік болса, ыдысқа
әрқашан қақпақ жабыңыз.
Сұйықтық қайнай бастағанда, оны
ақырындап қайнату үшін отты
азайтыңыз.
6.3 Ыдыстың диаметрі
Оттықтың диаметрлеріне
сай келетін ыдыстарды
пайдаланыңыз.
Оттық Ыдыстың
диаметрі
(мм)
Көп шілтерлі 220 - 260
Жартылай жылдам
(артқы сол жақ)
120 - 240
Жартылай жылдам
(артқы оң жақ)
120 - 240
Жартылай жылдам
(алдыңғы сол жақ)
120 - 220
Қосымша 80 - 180
6.4 Hob²Hood функциясына
арналған ақыл-кеңес
Пешті мына функциямен бірге
пайдаланғанда:
Тартқыш құрылғы панелін тура
түсетін күннен қорғаңыз.
Тартқыш құрылғы панеліне галоген
жарығын түсірмеңіз.
Пештің басқару панелін жаппаңыз.
Пеш пен тартқыш құрылғы
арасындағы сигналға кедергі
жасамаңыз (мысалы, қолыңызбен
немесе ыдыстың тұтқасымен).
Суретке қараңыз.
Суреттегі пеш мысал ретінде ғана
берілген.
ҚАЗАҚ 19
Hob²Hood (пештен ауа
тартқышқа) инфрақызыл
сигналы
коммуникаторының
терезесін таза ұстаңыз.
Басқа қашықтан
басқаратын құрылғылар
сигналды бұғаттауы
мүмкін. Пештегі функцияны
пайдаланған кезде басқа
қашықтан басқаратын
құрылғыларды
пайдаланбаңыз.
Hob²Hood функциясы бар пештің
тартқыш құрылғылары
Осы функцияда жұмыс істейтін пештің
тартқыш құрылғыларының кең
ауқымын біздің пайдаланушыға
арналған веб-сайтымыздан таба
аласыз. Осы функцияда жұмыс
істейтін Electrolux пешінің тартқыш
құрылғыларында
белгісі болуы
керек.
6.5 Тағам пісіру
бағдарламаларының үлгілері
Кестеде баппен немесе майға
батырып қуыру, баяу пісіруге арналған
қызу параметрлері мен пісіру
уақыттары берілген.
Параметрлерді тағам түріне,
пайдаланылатын газ, ыдыстың
материалы мен көлеміне қарай
реттеңіз. Ақыл-кеңес тарауынан
ыдыс диаметрлерін қараңыз.
Баппен пісіру үшін қосымша
оттықты немесе жалын таратқышы
бар жартылай жылдам оттықты
пайдаланыңыз.
Қызу біркелкі таралу үшін
қаптамасы бар ыдысты немесе
қосымша не жартылмай жылдам
оттықты пайдаланыңыз.
Кестедегі әр мысалда екі немесе
үш қадам берілген.
Егер табаны пайдалансаңыз,
алдымен майды қыздырып, қуыру
барысында температураны кестеде
ұсынылған мәндерге сәйкес
бірқалыпты ұстаңыз.
Кестеде пайдаланылған пісіру тәсілінің
белгілері:
Майды қыздыру
Баппен қуыру
Қатты қайнату
Баяу қайнату
Құраластарды
араластыру, еріту
Таға
м
П
о
р
ц
и
я
л
а
р
Отты
қ
1-қадам 2-қадам 3-қадам
Белгі
Д
е
ңг
е
й
Уақыт
(мин)
Белгі
Д
е
ңг
е
й
Уақыт
(мин)
Белгі
Д
е
ңг
е
й
Уақыт
(мин)
Құйм
ақ
4 ЖЖ 5 1-4 2 4-8
www.electrolux.com20
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44
  • Page 45 45
  • Page 46 46
  • Page 47 47
  • Page 48 48
  • Page 49 49
  • Page 50 50
  • Page 51 51
  • Page 52 52
  • Page 53 53
  • Page 54 54
  • Page 55 55
  • Page 56 56
  • Page 57 57
  • Page 58 58
  • Page 59 59
  • Page 60 60

Electrolux KGV9539IK Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя

Задайте вопрос, и я найду ответ в документе

Поиск информации в документе стал проще с помощью ИИ