• Құрылғыны едендегі су ағатын
арықшаның үстіне тура орнатпаңыз.
• Құрылғы мен еден арасында тиісті
орын қалдыру үшін өзгермелі
тіректерді реттеңіз.
• Құрылғыны құрылғының қақпағы
толық ашылмайтын жерге
орнатпаңыз.
• Құрылғының астына ағып кетуі
мүмкін суды құю үшін сауыт
қоймаңыз. Қолданылатын керек-
жарақтың түрін уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласып
біліңіз.
2.2 Электртоғына қосу
• Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
• Әрқашан дұрыс орнатылған,
қатерден сақтандырылған
розетканы қолданыңыз.
• Техникалық ақпарат тақтасындағы
параметрлердің негізгі қуатпен
жабдықтау желісіндегі электр
параметрлеріне сәйкес келетініне
көз жеткізіңіз.
• Көп тармақты адаптерлер мен
ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
• Құрылғының ашасына және
сымына зақым келтірмеңіз. Қорек
сымын ауыстыру қажет болса, оны
міндетті түрде қызмет көрсету
орталығы жүзеге асыруға тиіс.
• Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан
кейін ғана жалғаңыз. Орнатып
болғаннан кейін ашаның қол
жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
• Қорек сымын немесе ашасын су
қолмен ұстамаңыз.
• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
• Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне
сай келеді.
2.3 Суға қосу
• Су түтіктеріне зақым келтірмеңіз.
• Жаңа түтіктерді немесе ұзақ уақыт
қолданылмаған түтіктерді орнату
алдында, жөндеу жұмыстарын
орындағаннан кейін немесе жаңа
құралдарды орнатқаннан кейін (су
өлшегіш құрал, т.б.) суды таза және
тұнық су аққанша ағызыңыз.
• Құрылғыны пайдалану барысында
немесе бірінші рет қолданғаннан
кейін ешбір су ағып тұрмағанына
көз жеткізіңіз.
• Су құятын түтік тым қысқа болса
ұзартқыш түтікті қолданбаңыз. Су
құятын түтікті ауыстыру үшін қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Су төгетін түтікті ең көбі 400 cм-ге
ұзартуға болады. Басқа су төгетін
түтік алу немесе оны ұзарту үшін
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
2.4 Пайдалану
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, электр
қатері, күйіп қалу, өрт
қаупі, құрылғыны бүлдіріп
алу қаупі бар.
• Бұл үйде ғана қолдануға арналған
құрылғы.
• Жуғыш заттың орамындағы
қауіпсіздік нұсқауларын орындаңыз.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
• Кірден барлық темір заттардың
алынғанына көз жеткізіңіз.
• Май немесе басқа да майлы заттар
қатты ластаған маталарды
жумаңыз. Бұл кір жуғыш
машинаның резеңке бөліктерін
зақымдауы мүмкін. Мұндай
маталарды кір жуғыш машинаға
салар алдында, алдын ала қолмен
жуыңыз.
2.5 Ішкі шамдар
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу қауіпі бар.
• Шамнан көзге көрінетін сәуле
шығады, сәулеге тура қарамаңыз.
• LED шамы барабанды
жарықтандыру үшін қажет. Бұл
шамды басқа жарықтандыру
мақсаттары үшін қайта пайдалануға
болмайды.
ҚАЗАҚ 5