Zanussi ZWSG6120V Руководство пользователя

  • Здравствуйте! Я ознакомился с инструкцией по эксплуатации стиральной машины Zanussi ZWSG 6120 V. Готов ответить на ваши вопросы о ее функциях, программах стирки, установке и уходе. В руководстве подробно описаны различные режимы стирки, функции управления температурой и скоростью отжима, а также советы по уходу за устройством. Задавайте ваши вопросы!
  • Как выбрать подходящую программу стирки?
    Что делать, если машина не сливает воду?
    Как использовать функцию отложенного старта?
    Какова максимальная загрузка белья?
Қолдану туралы
нұсқаулары 2
Инструкция по
эксплуатации 19
Інструкція 37
KK
RU
UK
ZWSG 6120 V
Кір жуғыш машина
Стиральная машина
Пральна машина
Мазмұны
Сақтық шаралары 2
Қауіпсіздік нұсқаулары 3
Бұйым сипаттамасы 5
Басқару панелі 5
Бағдарлама кестесі 6
Пайдалану көлемі 8
Функциялар 9
Параметрлер 9
Бірінші қолданғанға дейін 9
Әркүндік қолдану 10
Ақыл-кеңес 12
Күту менен тазалау 14
Ақаулықты түзету 16
Техникалық сипаттама 18
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
Сақтық шаралары
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Құрылғыны
дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нәтижесінде адам
жарақат алса және ақаулық орын алса өндіруші жауапты
емес. Нұсқаулықты келешекте қарап жүру үшін үнемі
сақтап қойыңыз.
Балалар мен дәрменсіз адамдардың қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен денесіне,
сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым келген адамдар не
тәжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз
ететін адамның қадағалауы немесе құрылғыны қауіпсіз
қолдану бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс
қолданбау салдарын түсінсе қолдануына болады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Орам материалдарының барлығын балалардан алыс
ұстаңыз.
Жуғыш заттардың барлығын балалардан алыс ұстаңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар мен үй
жануарларын алыс ұстаңыз.
Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын
басқаның бақылауынсыз орындамауға тиіс.
Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын өзгертпеңіз.
Ең көп салмақ 6 кг көрсетілімін орындаңыз ("Бағдарлама
кестесі" тарауын қараңыз).
2 www.zanussi.com
Судың жұмыс кезіндегі қысымы (ең аз және ең көп) 0,5
бар (0,05 МПа) және 8 бар (0,8 МПа) арасында болуға
тиіс.
Табанындағы желдеткіш саңылауларға (егер бар болса)
кілем кедергі жасамауға тиіс.
Құрылғыны жаңа түтіктер жинағын пайдаланып, су
жүйесіне қосу керек. Ескі түтіктерді қайта пайдалануға
болмайды.
Егер қуат cымына зақым келсе, қатерден сақтану үшін
оны өндіруші немесе уәкілетті қызмет көрсету орталығы
немесе сол сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
Құрылғыны жөндеу алдында электр желісінен ағытып,
ашасын розеткадан суырыңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және буды
қолданбаңыз.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен тазалаңыз. Тек
бейтарап тазартқыш заттарды қолданыңыз. Жеміргіш
заттарды, түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе темір
заттарды пайдаланбаңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулары
Орнату
Орам материалдарының және тасымал
тетіктерінің барлығын алыңыз.
Тасымал тетіктерін сақтап қойыңыз.
Құрылғыны қайта көшірген кезде,
барабанды бұғаттап қою керек.
Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі
абай болыңыз, себебі салмағы ауыр.
Әрқашан қорғаныс қолғабын киіңіз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе
іске қоспаңыз.
Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғыны температурасы 0 °C
градустан төмен немесе ауа-райы әсер
ететін жерлерге орнатпаңыз немесе
пайдаланбаңыз.
Құрылғы орнатылатын еденнің тегіс,
орнықты, қызуға төзімді және таза
болуын қамтамасыз етіңіз.
Құрылғыны есігі толық ашылмайтын
жерге орнатпаңыз.
Құрылғы мен еден арасында ауаның
айналуын қамтамасыз етіңіз.
Құрылғы мен кілемнің арасында тиісті
орын болуын қамтамасыз ету үшін
өзгермелі тіректерін реттеңіз.
Электртоғына қосу
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Әрқашан дұрыс орнатылған, қатерден
сақтандырылған розетканы
қолданыңыз.
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
электр параметрлерінің электр
желісіндегі параметрлерге сай
келетініне көз жеткізіңіз. Сай келмесе
электршіге хабарласыңыз.
Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш
сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғының ашасына және сымына
зақым келтірмеңіз. Қорек сымын
ауыстыру қажет болса, оны міндетті
түрде қызмет көрсету орталығы жүзеге
асыруға тиіс.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан кейін
www.zanussi.com 3
ғана жалғаңыз. Орнатып болғаннан
кейін ашаның қол жететін жерде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Қорек сымын немесе ашасын су қолмен
ұстамаңыз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
ҰБ мен Ирландияға ғана арналған:
Құрылғының 13 амперлік қуат ашасы
бар. Егер қуат ашасының
сақтандырғышын ауыстыру қажет болса
13 амперлік ASTA (BS 1362)
сақтандырғышын пайдаланыңыз.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай
келеді.
Суға қосу
Су қосылымы түтіктеріне ешбір зақым
келтірмеңіз.
Құрылғыны жаңа құбырларға немесе
ұзақ уақыт қолданылмаған құбырларға
жалғамай тұрып, суын тазарғанша
ағызыңыз.
Құрылғыны алғаш рет қолданған кезде
еш жерінен су ақпай тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Пайдалану
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу, электр қатері, күйіп
қалу және өрт қаупі, құрылғыны
бүлдіріп алу қаупі бар.
Бұл құрылғыны үйде ғана
пайдаланыңыз.
Жуғыш заттың орамында көрсетілетін
нұсқауларды орындаңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
Кірдегі темір заттардың барлығының
алынғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғының астына ағып кетуі мүмкін
суды құю үшін сауыт қоймаңыз.
Қолданылатын керек-жарақтың түрін
уәкілетті қызмет көрсету орталығына
хабарласып біліңіз.
Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде
есіктің шынысына қол тигізбеңіз. Шыны
ыстық болуы мүмкін.
Құрылғыны тастау
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу немесе тұншығып
қалу қаупі бар.
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа
тастаңыз.
Балалар мен жануарлар құрылғыға
қамалып қалмас үшін есіктің бекітпесін
алыңыз.
4 www.zanussi.com
Бұйым сипаттамасы
Құрылғының жалпы көрінісі
1
2
3
4
5
6
7
1
Жұмыс тақтасы
2
Жуғыш зат үлестіргіші
3
Басқару панелі
4
Есіктің тұтқасы
5
Техникалық ақпарат тақтайшасы
6
Құрылғы деңгейін реттеуге арналған
тірек
Басқару панелі
Басқару панелінің сипаттамасы
Температура
31 2
5 467
1
Бағдарлама түймешесі
2
Кешіктіріп бастау түймешігі
(Отложенный старт
)
3
Бағдарлама циклының индикаторлары:
Жуу циклы
Қосымша шаю циклы
Циклдың соңы
4
Бастау/Үзіліс түймешігі (Старт/Пауза)
5
Өте Жылдам цикл түймешігі (Супер
Быстрый)
6
Айналдыруды автоматты түрде азайту
(Отжим) және Шаюды кідірту
7
Температура түймешігі (Температура)
www.zanussi.com 5
Бағдарлама кестесі
Бағдарлама
Температура
ауқымы
Ең үлкен
салмақ
Ең үлкен
айналдыру
жылдамдығы
Бағдарлама сипаттамасы
(Кірдің салмағы және кірлеу дәрежесі)
Жуу бағдарламалары
Хлопок
90°C -
(Суық)
6 кг
1200 мин/айн
Ақ және түрлі-түсті мақта мата. Қалыпты және
шамалы ластанған кір.
Хлопок + Предв.
стирка
90°C -
(Суық)
6 кг
1200 мин/айн
Ақ және түрлі-түсті мақта мата. Қатты және
қалыпты кірлеген.
Хлопок Eco
1)
60°C - 40°C
6 кг
1200 мин/айн
Ақ мақта мата және бояуы қанық мақта мата.
Қалыпты кірлеген. Қуатты пайдалану азаяды және
жуу бағдарламасының уақыты ұзарады.
Синтетика
60°C -
(Суық)
3 кг
1200 мин/айн
Синтетика немесе аралас матадан жасалған
заттар. Қалыпты кірлеген.
Mикc 20°
20°C
3 кг
1200 мин/айн
Шамалы кірлеген мақта матаға, синтетикаға және
аралас маталарға арналған арнайы бағдарлама.
Қуат мөлшерін азайту үшін осы бағдарламаны
орнатыңыз. Жақсы жуу нәтижелеріне қол жеткізу
үшін, жуғыш заттың төмен температураға
арналғанын тексеріңіз
2)
.
Тонкие ткани
40°C -
(Суық)
3 кг
700 мин/айн
Акрил, вискоза, полиэстер тәрізді биязы матадан
жасалған заттар. Қалыпты кірлеген.
Шерсть/Ручная
стирка
40°C -
(Суық)
2 кг
1200 мин/айн
«Қолмен жуу» белгісі бар нәзік маталар,
машинамен жууға болатын жүн маталар және
қолмен жууға болатын жүн маталар.
3)
Полоскание 6 кг
1200 мин/айн
Кірді шаюға және айналдыруға арналған. Барлық
маталар.
Слив 6
кг Барабандағы суды төгуге арналған. Барлық
маталар.
Отжим 6 кг
1200
мин/айн
Кірді айналдыруға және барабандағы суды төгуге
арналған. Барлық маталар.
6 www.zanussi.com
Бағдарлама
Температура
ауқымы
Ең үлкен
салмақ
Ең үлкен
айналдыру
жылдамдығы
Бағдарлама сипаттамасы
(Кірдің салмағы және кірлеу дәрежесі)
Легкая глажка
60°C -
(Суық)
1.5 кг
900 мин/айн
Баппен жуылатын синтетикалық заттар. Қалыпты
немесе аздап кірлеген.
4)
5 pубашек
30°C
900 мин/айн Синтетика және аралас матадан жасалған заттар.
Шамалы кірлеген және жаңартуды қажет ететін
заттар. 5 - 6 жейде.
Mини 30
30°C
3 кг
700 мин/айн
Синтетика және нәзік заттар. Шамалы кірлеген
немесе жаңартуды ғана қажет ететін заттар.
Джинсы
60°C -
(Суық)
6 кг
1200 мин/айн
Джинс және джерсиден жасалған заттар. Баран
түсті заттарға да арналған.
1) Мақта мата, үнемді бағдарламасы. Бұл бағдарлама 60°С градуспен жуатын, 6 қуат мәндері көрсетілген тақтайшадағы ақпарат
негізінде EEC 92/75 стандарттарына сай берілген бағдарлама. Жуу нәтижесін жақсарту және қуатты аз тұтыну үшін осы
бағдарламаны орнатыңыз. Жуу бағдарламасының уақыты ұзарады.
2) Егер судың температурасы 20°
C градустан төмен болса, құрылғы қысқа жылыту циклын орындайды. Құрылғы судың
температурасын "суық" ретінде көрсетеді.
3)
Осы цикл кезінде кірді баппен жуу үшін барабан баяу айналады. Барабан айналмай тұрған сияқты немесе дұрыс айналмай
тұрған сияқты көрінуі мүмкін. Бұл құрылғы үшін қалыпты жағдай.
4)
Бұл цикл кірлер мыжылып қалмас үшін судың температурасын реттеп, баппен жуады және сығады. Құрылғы бірнеше шаю
циклдарын қосады.
Бағдарлама параметрлерінің
сыйысымдылығы
Бағдарлама
Отжим
Шаюд
ы
кідірту
Супер
Быстр
ый
1)
Доп.
полоск
ание
2)
Отложе
нный
старт
Хлопок
Хлопок + Предв. стирка
Хлопок Eco
Синтетика
Mикc 20°
Тонкие ткани
Шерсть/Ручная стирка
Полоскание
www.zanussi.com 7
Бағдарлама
Отжим
Шаюд
ы
кідірту
Супер
Быстр
ый
1)
Доп.
полоск
ание
2)
Отложе
нный
старт
Слив
Отжим
Легкая глажка
5 pубашек
Mини 30
Джинсы
1) Егер қысқа цикл уақытын орнатсаңыз, кірдің мөлшерін азайтуды ұсынамыз. Құрылғыға кірді толтыра салуға болады, бірақ жуу
нәтижесі төмендейді.
2) Егер Қосымша шаю функциясы орнатылса, құрылғы қосымша шаю циклдарын қосады. Шаю бағдарламасы үшін төмен
жылдамдықпен айналдыру циклын орнатсаңыз, құрылғы баппен шаю және қысқа айналдыру циклын орындайды.
Пайдалану көлемі
Осы кестеде жалпылама орташа мәндер көрсетілген. Әр түрлі себептер
деректердің өзгеруіне әкелуі мүмкін: кірдің мөлшері мен түрі, судың және
қоршаған ортаның температурасы.
Бағдарламалар Салма
қ (кг)
Қуат
тұтыну
(кВт/сағ)
Суды
пайдалану
(литр)
Бағдарламаның
болжалды ұзақтығы
(минут)
Мақта мата 60 °C 6 1.20 72 170
Мақта мата, үнемді 60°72
бағдарламасы
1)
6 0.90 46 223
Мақта мата 40 °C 6 0.75 72 145
Синтетика 40 °C 3 0.60 57 120
Нәзік мата 40 °C 3 0.60 65 75
Жүн мата/Қолмен жуу 30 °C 2 0.30 48 55
1) 6 кг салмаққа арналған «Мақта мата, үнемді 60° бағдарламасы» үшін EEC 92/75 стандартына сай қуат мәндері көрсетілген
тақтайшадағы ақпарат негізінде берілген бағдарлама.
Сөндіру режимі (Вт) Қосулы режим (Вт)
0,48 0,48
Жоғарыда көрсетілген кестедегі ақпарат 2009/125/EО нұсқауын жүзеге асыру үшін ЕО
Комиссиясының 1015/2010 ережесіне сай берілген.
8 www.zanussi.com
Функциялар
Температура
Осы функцияның көмегімен әдепкі
температураны өзгертуге болады.
индикаторы = суық су.
Орнатылған температураның индикаторы
жанады.
Отжим
Осы түймешіктің көмегімен келесі
функциялардың бірін орнатуға болады:
Орнатылған жылдамдықтың индикаторы
жанады.
Айналдыруды авт. түрде азайту
Бұл параметрді айналдыру
жылдамдығын жартысына дейін азайту
үшін орнатыңыз, бірақ 400 мин/айн-нан
аз болмауға тиіс.
Өте нәзік маталар үшін жарамды.
Шаюды кідірту
Кірлер мыжылып қалмас үшін осы
параметрді орнатыңыз. Кір мыжылып
қалмас үшін барабан мезгіл-мезгіл
айналып тұрады.
Бағдарлама аяқталған кезде
барабан ішінде су қалады.
Есік құлыпталып тұрады.
Есікті ашу үшін суды төгу
керек. Суды төгу үшін
"Бағдарламаның соңы"
тарауын қараңыз.
Супер Быстрый
Бағдарламаның уақытын қысқарту үшін
осы түймешікті басыңыз.
Осы параметрді шамалы кірлеген немесе
жаңартуды қажет ететін кірлерді жуу үшін
орнатыңыз.
Доп. полоскание
Осы параметрдің көмегімен жуу
бағдарламасына бірнеше шаю циклын
қосуға болады.
Бұл функцияны жуғыш заттарға
аллергиясы бар адамдар үшін және суы
тым тұщы жерлерде қолданыңыз.
Басқару панелінде тиісті цикл индикаторы
жанады.
Отложенный старт
Осы параметрдің көмегімен бағдарламаны
9, 6 немесе 3 сағатқа дейін кешіктіріп
бастауға болады.
Параметрлер
Экстра шаю
Осы функцияны қолдансаңыз, жаңа
бағдарлама орнатқанда қосымша шаю
циклі тұрақты орнатылып тұрады.
Осы функцияны қосу/сөндіру үшін
Отжим және Супер Быстрый
түймешіктерін индикаторы
жанғанша/сөнгенше қатар басыңыз.
Бірінші қолданғанға дейін
1. Жуу циклына арналған бөлікке шамалы
жуғыш зат салыңыз.
2. Мақта матаға арналған бағдарламаны
орнатып, ең жоғары температураға
қойып ешбір кір салмай жуыңыз.
www.zanussi.com
9
Бұл цикл барабан мен машинаның ішінде
бар болуы мүмкін кірлердің барлығын
кетіреді.
Әркүндік қолдану
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Кірді салу
Су құятын шүмекті ашыңыз. Ашаны
розеткаға қосыңыз.
1. Құрылғының есігін ашу үшін есіктің
тұтқасын тартыңыз.
2. Кірді барабанға бір-бірден салыңыз.
3. Кірлерді құрылғыға салар алдында
сілкілеңіз.
Барабанға тым көп кір салынбағанына көз
жеткізіңіз. "Бағдарлама кестесі" тарауында
көрсетілген кірдің мах. салмағын қараңыз.
4. Есікті жабыңыз.
САҚТАНДЫРУ
ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Тығыздағыш
пен есіктің
арасына ешбір
кір қыстырылып
қалмағанына
көз жеткізіңіз.
Су ағуы немесе
кірге нұқсан
келуі мүмкін.
Жуғыш зат пен үстемелерді
пайдалану
2
1
1. Жуғыш зат пен
мата
жұмсартқышты
өлшеп алыңыз.
2. Жуғыш зат
үлестіргішті
абайлап жабыңыз.
Жуғыш зат салынатын бөліктер
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Кір жуғыш машинаға арнайы
жуғыш заттарды ғана
пайдаланыңыз.
Жуғыш заттардың орамында
көрсетілетін нұсқауларды
әрқашан орындаңыз.
1 Алдын ала жуу немесе жібіту
бағдарламаларына арналған
жуғыш зат салынатын бөліктер
(егер бар болса). Алдын ала жуу
және жібіту циклдарына
арналған жуғыш затты
бағдарламаны бастамай тұрып
салыңыз.
2 Жуу циклына арналған жуғыш
зат бөлігі. Сұйық жуғыш затты
қолдансаңыз, оны бағдарламаны
бастаудың сәл алдында ғана
салыңыз.
Сұйық үстемелерге арналған
бөлік (мата жұмсартқыш,
крахмал). Жуғыш құралды
бағдарламаны бастамай тұрып
бөлікке салыңыз.
Сұйық немесе ұнтақ жуғыш зат
Жуғыш зат үлестіргішті
тоқтап қалғанша
сыртқа қарай
тартыңыз. Жуғыш зат
бөлгіштің A қалпы -
ұнтақ жуғыш затқа
арналған.
10 www.zanussi.com
A
Сұйық жуғыш затты
пайдалану үшін:
1. Жуғыш зат бөлгішті
A қалпынан алыңыз.
B
2. Жуғыш зат бөлгішті
B қалпына қойыңыз.
3. Жуғыш зат
үлестіргішін абайлап
жабыңыз.
Қайта ұнтақ жуғыш затты
пайдалану үшін, жуғыш зат
бөлгішті қайта A қалпына
қойыңыз.
Сұйық жуғыш затты пайдаланған
кезде:
Қоймалжың немесе қою сұйық
жуғыш заттарды
қолданбаңыз.
Сұйық жуғыш затты жуғыш
заттың бөлгішіндегі
көрсетілген межеден
асырмаңыз.
Алдын ала жуу параметрін
орнатпаңыз.
Кешіктіріп бастау параметрін
орнатпаңыз.
Бағдарламаны орнату
1. Бағдарлама орнату және құрылғыны
қосу үшін бағдарлама тетігін бұраңыз:
Старт/Пауза түймешігінің индикаторы
жыпылықтайды.
2. Қажет болса, температура мен
айналдыру жылдамдығын өзгертіңіз
немесе қолжетімді параметрлерді
қосыңыз.
Параметрді қосқан кезде орнатылған
параметрдің индикаторы жанады.
Кешіктіріп бастау функциясы жоқ
бағдарламаны бастау
Старт/Пауза түймешігін басыңыз.
Тиісті индикатор жыпылықтауын тоқтатады.
Цикл индикаторы тұрақты жанып
тұрады.
Бағдарлама басталады да, есік
құлыпталады.
Су сорғысы жуу циклының
басында шамалы уақыт жұмыс
істейді.
Кешіктіріп бастау параметрі бар
бағдарламаны бастау
1. Қажетті кешіктіріп бастау циклын
орнату үшін Отложенный старт
түймешігін бірнеше рет басыңыз.
Орнатылған кешіктіріп бастау параметрінің
индикаторы жанады.
2. Старт/Пауза
түймешігін басыңыз:
Есік құлыпталған.
Құрылғы кері санай бастайды.
Кері санақ аяқталған кезде,
бағдарлама автоматты түрде
басталады.
Кешіктіріп бастау параметрін
Старт/Пауза түймешігін баспай
тұрып өзгертуге немесе
болдырмауға болады. Старт/
Пауза түймешігін басқаннан
кейін, кешіктіруді болдырмайтын
ғана мүмкіндік бар.
Кешіктіріп бастау функциясын болдырмау
үшін:
a. Құрылғыны үзіліске қою үшін
Старт/
Пауза
түймешігін басыңыз.
Тиісті индикатор жыпылықтайды.
b. Отложенный старт түймешігін бір
рет ғана басыңыз, орнатылған
кешіктіру индикаторы сөнеді.
Бағдарламаны дереу бастау үшін
Старт/Пауза түймешігін қайта
басыңыз.
Бағдарламаны кідірту және
параметрлерді өзгерту
Кей функцияларды ғана басталмай тұрып
өзгертуге болады.
1. Старт/Пауза
түймешігін басыңыз.
Индикатор жыпылықтайды.
2. Функцияларды өзгертіңіз.
3. Старт/Пауза түймешігін қайта басыңыз.
Бағдарлама жалғасады.
www.zanussi.com 11
Бағдарламаны болдырмау
1. Бағдарламаны біржола тоқтату және
құрылғыны сөндіру үшін бағдарлама
тетігін
қалпына қойыңыз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін бағдарлама
тетігін қайта бұраңыз. Енді жаңа жуу
бағдарламасын орнатуға болады.
Жаңа бағдарламаны бастау
алдында құрылғының суы
төгіледі. Жуғыш зат үлестіргіште
жуғыш заттың бар екеніне көз
жеткізіңіз, егер жоқ болса
қайтадан толтырыңыз.
Есікті ашу
Бағдарлама немесе кешіктіріп бастау
жұмыс істеп тұрғанда, құрылғының есігі
бекітулі тұрады.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Егер барабанның ішіндегі
температура мен судың деңгейі
өте жоғары болса және барабан
әлі айналып тұрса, есік
ашылмайды.
Циклдың алғашқы минутында немесе
кешіктіріп бастау функциясы жұмыс істеп
тұрғанда есікті ашу үшін:
1. Құрылғыны кідірте тұру үшін Старт/
Пауза түймешігін басыңыз.
2. Есік ашылғанша бірнеше минут күтіңіз.
3. Есікті ашуға болады.
4. Есікті жауып Старт/Пауза түймешігін
қайта басыңыз. Бағдарлама (немесе
кешіктіру функциясы) жалғасады.
Бағдарламаның соңы
Құрылғы автоматты түрде тоқтайды.
Старт/Пауза түймешігінің индикаторы
сөнеді. Цикл индикаторы тұрақты
жанып тұрады.
Құрылғыны сөндіру үшін бағдарлама
тетігін қалпына бұраңыз.
Бірнеше минуттан кейін есікті ашуға
болады.
Құрылғыдан кірді алыңыз. Барабанның
бос екеніне көз жеткізіңіз.
Судың шүмегін жабыңыз.
Зең және иіс пайда болмас үшін есікті
және жуғыш зат үлестіргішті сәл ашып
қойыңыз.
Жуу бағдарламасы аяқталды, бірақ
барабанда су тұр:
Кір мыжылып қалмас үшін барабан
мезгіл-мезгіл айналып тұрады.
индикаторы жанып тұрады.
Суды төгу керек екенін ескерту үшін
Старт/Пауза индикаторы
жыпылықтайды.
Есікті ашу үшін суды төгу керек.
Суды төгу:
1. Суды төгу (Слив) немесе айналдыру
(Отжим) бағдарламасын орнатыңыз.
2. Старт/Пауза түймешігін басыңыз.
Құрылғы суды төгеді де, айналдыру кезеңін
орындайды.
3. Бағдарлама аяқталған кезде:
Старт/Пауза
индикаторы сөнеді
және
цикл индикаторы жанады.
Бірнеше минуттан кейін есіктің
бекітпесі ашылады; енді есікті ашуға
болады.
4. Құрылғыны сөндіру үшін бағдарлама
тетігін
қалпына бұраңыз.
Күту режимі
Жуу бағдарламасы аяқталғаннан кейін
бірнеше минуттан кейін құрылғыны
сөндірмесеңіз, қуатты үнемдеу режимі
қосылады. Қуатты үнемдеу режимі құрылғы
күту режимінде тұрған кезде
пайдаланылатын қуат мөлшерін азайтады:
Барлық индикаторлар сөнеді.
Старт/Пауза
түймешігінің индикаторы
баяу жыпылықтайды.
Қуатты үнемдеу режимін ажырату үшін
түймешіктердің бірін басыңыз.
Ақыл-кеңес
Кір салу
Кірді былай сұрыптаңыз: ақ, түрлі-түсті,
синтетика, нәзік және жүн мата.
Кірдің затбелгісіндегі жуу нұсқауларын
орындаңыз.
Ақ және түрлі-түсті заттарды бірге
жумаңыз.
12 www.zanussi.com
Кейбір түрлі-түсті заттарды алғаш
жуғанда бояуы шығуы мүмкін. Оларды
алғаш жуғанда бөлек жууға кеңес
береміз.
Жастық қаптарының түймесін салып,
тартпаларды тартып жауып, ілгектер
мен батырма түймешіктерді салыңыз.
Белбеулерді байлаңыз.
Қалталарды босатып, оралған заттарды
ашыңыз.
Көп қабатты матадан жасалған, жүн
матадан жасалған немесе сурет
салынған киімдердің астарын сыртына
аударыңыз.
Қатты дақтарды кетіріңіз.
Өте кір дақтарды арнайы жуғыш затпен
жуыңыз.
Перделерді абайлап жуыңыз. Ілгектерін
алыңыз немесе перделерді кір жуатын
торға немесе жастықтың тысына
салыңыз.
Шашақтары бар немесе кесілген
жерлері бар заттарды құрылғыда
жумаңыз. Кішкене заттарды жуу үшін
(мысалы, сым өткізілген төс тартқыш,
белдіктер, колготкилер, т.с.с.) кір жууға
арналған торды пайдаланыңыз.
Кір өте аз салынса, айналдыру циклі
кезінде теңгерімді сақтауға қатысты
мәселе орын алуы мүмкін. Бұндай
жағдай орын алса, барабандағы кірді
қолмен таратып, қайта айналдыра
бастаңыз.
Оңай кетпейтін дақтар
Кейбір дақтарды кетіру үшін су мен жуғыш
зат жеткіліксіз болады.
Бұндай дақтарды кірді құрылғыға салмай
тұрып тазалауды ұсынамыз.
Дақ кетіретін арнайы құралдар болады. Дақ
пен матаның түріне сай келетін арнайы дақ
кетіргішті қолданыңыз.
Жуғыш заттар мен үстемелер
Кір жуғыш машиналарға арналған
жуғыш заттар мен үстемелерді ғана
қолданыңыз:
матаның барлық түрлеріне арналған
ұнтақ жуғыштар,
нәзік мата (ең көбі 40 °C) мен жүн
тоқымаларға арналған ұнтақ
жуғыштар,
матаның барлық түрлеріне не тек
жүн матаға арналған, төмен
температурада жуатын
бағдарламаларға (ең көбі 60 °C)
арналған сұйық жуғыш заттар.
Әр түрлі жуғыш заттарды
араластырмаңыз.
Қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін
жуғыш затты қажетті мөлшерден артық
пайдаланбаңыз.
Осы заттардың орамында көрсетілетін
нұсқауларды орындаңыз.
Матаның түріне және түсіне,
бағдарламаның температурасы мен
кірдің деңгейіне сай келетін құралдарды
қолданыңыз.
Егер құрылғының жуғыш зат
үлестіргішінде мөлшерлегіш құрал
(жуғыш зат өндірушісі қамтамасыз етеді)
болмаса, мөлшерлегіш шарикті
қолданыңыз.
Қоршаған ортаға қатысты ескерім
Қалыпты кірлеген кірді алдын ала жуу
циклі жоқ бағдарламаны қолданып
жуыңыз.
Жуу бағдарламасын кірді әрқашан
неғұрлым көп салғаннан кейін бастаңыз.
Төмен температурада жуатын
бағдарламаны таңдаған кезде, қажет
болса дақ кетіргішті қолданыңыз.
Жуғыш затты дұрыс мөлшерде қолдану
үшін, жергілікті су жүйесіндегі судың
кермектігін тексеріңіз
Су кермектігі
Сіз тұратын жердегі су өте кермек немесе
орташа кермек болса, кір жуғыш машинада
су жұмсартқышты қолдануды ұсынамыз.
Суы тұщы жерлерде су жұмсартқышты
қолдану қажет емес.
Жергілікті жердегі судың кермектігін білу
үшін су жүйесін басқару мекемесіне
хабарласыңыз.
Су жұмсартқышты дұрыс мөлшерлеп
пайдаланыңыз. Бұйымның орамында
көрсетілетін нұсқауларды орындаңыз.
www.zanussi.com 13
Күту менен тазалау
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Сыртын тазалау
Құрылғыны сабын мен жылы суды ғана
қолданып тазалаңыз. Барлық беттерін
әбден құрғатыңыз.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Спирт, еріткіш немесе химиялық
заттарды қолданбаңыз.
Қақты тазалау
Сіз тұратын жердегі су өте кермек немесе
орташа кермек болса, кір жуғыш машинада
су жұмсартқышты қолдануды ұсынамыз.
Барабанның ішін мезгіл-мезгіл тексеріп, әк
және тот бөлшектерінің жоқ екеніне көз
жеткізіңіз.
Тот бөлшектерін тазалау үшін кір жуғыш
машиналарға арналған арнайы
құралдарды ғана пайдаланыңыз. Бұны кір
жумай тұрғанда орындаңыз.
Бұйымның орамында
көрсетілетін нұсқауларды
әрқашан орындаңыз.
Тазалап жуу
Төмен температура бағдарламаларын
қолданғанда барабанда шамалы жуғыш
зат қалып қоюы мүмкін. Құрылғыға күтім
көрсету үшін уақытылы жуыңыз. Ол үшін:
Барабаннан кірді алыңыз.
Мақта мата жууға арналған
бағдарламаны, шамалы жуғыш зат
салып ең жоғары температураға қойып
орнатыңыз.
Есік тығыздағышы
Тығыздағышты мезгіл-
мезгіл тексеріп,
ішіндегі заттардың
барлығын алыңыз.
Жуғыш зат үлестіргішін тазалау
1 2
3 4
5
1 2
14 www.zanussi.com
Су сорғысын тазалау
6
3 4
1
2
5
7 8
1
2
9 10
Су құятын түтіктің және клапанның
сүзгісін тазалау
1
2
3
1 2
3
45°
20°
4
Суды тосын жағдайда төгу
Ақаулыққа байланысты құрылғы суды төге
алмайды.
Бұндай жағдай орын алса, 'Су төгетін
сүзгіні тазалау' тарауындағы (1) бастап (10)
дейінгі қадамдарды орындаңыз. Қажет
болса, сорғыны тазалаңыз.
Суды төтенше жағдайда төгетін тәсілмен
төккеннен кейін, су төгетін жүйені қайта
іске қосу керек:
1. Суды төтенше жағдайда төгетін
тәсілмен төккеннен кейін, су төгетін
жүйені қайта іске қосу керек: Жуғыш зат
үлестіргіштің негізгі жуу циклына
арналған бөлігіне 2 литр су құйыңыз.
2. Суды төгу үшін бағдарламаны
бастаңыз.
Мұздап кетуден сақтау
Құрылғы температурасы 0° градустан
төмен түсетін жерге орнатылса, су құятын
түтіктегі және су төгетін сорғыдағы қалдық
суды төгіңіз.
1. Ашаны розеткадан суырып алыңыз.
2. Судың шүмегін жабыңыз.
3. Су құятын түтіктің екі ұшын ыдысқа
салып, түтіктегі суды ағызыңыз.
4. Су төгетін сорғыны босатыңыз. Суды
төтнше жағдайда төгу қадамдарын
қараңыз.
5. Су төгетін сорғы босаған кезде, су
құятын түтікті қайта орнына қойыңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Құрылғыны қайта іске қолданар
алдында температураның 0 °C
градустан жоғары екеніне көз
жеткізіңіз. Төмен температураға
байланысты орын алған
ақауларға өндіруші
жауапкершілік көтермейді.
www.zanussi.com 15
Ақаулықты түзету
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Кіріспе
Құрылғы жұмыс істей бастамайды немесе
жұмыс істеп тұрып тоқтап қалады.
Алдымен ақаулықты түзету жолын іздеңіз
(кестеге қараңыз). Әйтпесе қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Кей ақаулық орын алғанда дыбыстық
сигнал естіледі. Ескерту кодын көрсету
үшін қызыл индикатор (Старт/Пауза
түймешігінің) жыпылықтайды да, цикл
индикаторларының бірі жанады:
- Құрылғыға су дұрыс құйылмай тұр.
- Құрылғының суы төгілмей тұр.
- Құрылғының есігі ашық немесе
дұрыс жабылмаған. Есікті тексеріңіз!
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Тексеріп көру алдында
құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.
Ықтимал ақаулықтар
Ақаулық Ықтимал шешімі
Бағдарлама басталмай
тұр.
Ашаның розеткаға қосылғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғы есігінің жабық тұрғанына көз жеткізіңіз.
Сақтандырғыш қорабындағы сақтандырғышқа зақым
келмегеніне көз жеткізіңіз.
Бастау/Үзіліс түймешігінің басылғанына көз жеткізіңіз.
Егер кешіктіріп бастау функциясы орнатылып тұрса, оны
ажыратыңыз не кері санақ аяқталғанша күтіңіз.
Бала қауіпсіздігінің құралы қосулы тұрса, оны сөндіріңіз
(егер бар болса).
Құрылғыға су дұрыс
құйылмай тұр.
Су шүмегінің ашық тұрғанына көз жеткізіңіз.
Сумен жабдықтау жүйесіндегі судың қысымының өте төмен
емес екеніне көз жеткізіңіз. Бұл ақпаратты жергілікті су
ресурстары мекемесіне хабарласып алыңыз.
Су шүмегінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
Су құятын түтіктің сүзгісі мен клапанның сүзгілерінің бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз. “Күту менен тазалау” тарауын
қараңыз.
Су құятын түтіктің бұратылып немесе майысып қалмағанына
көз жеткізіңіз.
Су құятын түтіктің дұрыс орнатылғанын көз жеткізіңіз.
Су төгетін түтіктің дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз. Түтік
өте төмен болуы мүмкін.
16 www.zanussi.com
Ақаулық Ықтимал шешімі
Құрылғы суы сарқылмай
тұр.
Раковина түтікшесінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
Су төгетін түтіктің бұратылып немесе майысып қалмағанына
көз жеткізіңіз.
Су төгетін түтік сүзгісінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
Қажет болса сүзгіні тазалаңыз. "Күту менен тазалау"
тарауын қараңыз.
Су төгетін түтіктің дұрыс қосылғанына көз жеткізіңіз.
Егер су төгетін циклы жоқ бағдарлама орнатылып тұрса, су
төгу бағдарламасын орнатыңыз.
Аяқталғанда барабан ішінде су қалатын функцияны
таңдасаңыз, су төгу бағдарламасын орнатыңыз.
Айналдыру циклы
жұмыс істемейді немесе
жуу циклы әдеттегіден
ұзаққа созылады.
Айналдыру бағдарламасын орнатыңыз.
Су төгетін түтік сүзгісінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
Қажет болса сүзгіні тазалаңыз. "Күту менен тазалау"
тарауын қараңыз.
Бұндай жағдай орын алса, барабандағы кірді қолмен
таратып, айналдыру циклін қайта бастаңыз. Бұл мәселе
теңгерімге байланысты болуы мүмкін.
Еденге су аққан.
Су түтіктерінің жалғастырғыштарының берік екеніне және су
ағып тұрмағанына көз жеткізіңіз.
Су төгетін түтіктің еш жерінің бүлінбегеніне көз жеткізіңіз.
Дұрыс жуғыш заттың дұрыс мөлшерде пайдаланылғанына
көз жеткізіңіз.
Құрылғының есігін аша
алмадыңыз.
Жуу бағдарламасының аяқталғанына көз жеткізіңіз.
Барабанның ішінде су бар болса, су төгу немесе айналдыру
бағдарламасын орнатыңыз.
Құрылғыдан тосын
шуыл шығады.
Құрылғы деңгейінің дұрыс реттелгеніне көз жеткізіңіз.
"Орнату" тарауын қараңыз.
Орам материалдарының және/немесе тасымал
болттарының алынғанына көз жеткізіңіз. "Орнату" тарауын
қараңыз.
Барабанға көбірек кір қосып салыңыз. Кір тым аз салынған
болуы мүмкін.
Жуу нәтижелері
қанағаттанарлық емес.
Жуғыш заттың мөлшерін көбейтіңіз немесе басқа жуғыш
затты пайдаланыңыз.
Оңай жуылмайтын дақтарды арнайы жуғыш заттарды
пайдаланып, кір жумай тұрып тазалаңыз.
Температураның дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Кірдің салмағын азайтыңыз.
Функцияны орната
алмадыңыз.
Қажет сенсорлық түймешік(тер)дің ғана басылғанына көз
жеткізіңіз.
Тексеріп болғаннан кейін құрылғыны іске
қосыңыз. Бағдарлама үзілген жерінен
бастап жалғасады.
Ақаулық қайта орын алса, уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Қызмет
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Уәкілетті қызмет көрсету орталығына
хабарласқан кезде мына деректерді
дайындап алыңыз. Бұл ақпаратты
www.zanussi.com 17
техникалық ақпарат тақтайшасынан таба
аласыз. үлгі (Mod.), Өнім нөмірі (Prod.No.),
Сериялық нөмірі (Ser.No.).
Техникалық сипаттама
Өлшемі Ені / Биіктігі / Тереңдігі/
Жалпы тереңдігі
595 мм / 850 мм / 450 мм / 490 мм
Электртоғына қосу Кернеу
Жалпы қуат
Сақтандырғыш
Жиілік
230 В
2200 Вт
10 A
50 Гц
Төмен кернеумен жұмыс істейтін және ылғалға
қарсы қорғалмаған жерлерден басқа жерлердің
барлығы қатты заттар және ылғалдың кіруіне жол
бермейтін қорғаныс қабатымен қорғалған
IPX4
Құйылатын судың
қысымы
Ең азы
Ең көбі
0,5 бар (0,05 MПa)
8 бар (0,8 MПa)
Сумен жабдықтау
1)
Суық су
Ең үлкен салмақ Мақта мата 6 кг
Айналдыру
жылдамдығы
Ең көбі 1200 мин/айн
1) Су құятын түтікті 3/4'' бұрамасы бар су шүмегіне жалғаңыз.
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат.
белгішесі салынған орам
материалдарын қайта өңдеуге
тапсырыңыз. Орам материалдарын қайта
өңделетін қалдыққа арналған жәшікке
тастаңыз. Қоршаған орта мен адам
денсаулығын сақтауға және электр,
электроника құрылғыларын өңдеуден
өткізуге көмектесіңіз. Таңба салынған
құрылғыларды тұрмыстық қоқыстармен
бірге тастамаңыз. Құрылғыны жергілікті
қайта өңдеуден өткізу мекемесіне
қайтарыңыз немесе жергілікті әкімшілік
мекемеге хабарласыңыз.
18 www.zanussi.com
Содержание
Сведения по технике безопасности 19
Указания по безопасности 20
Описание изделия 22
Панель управления 22
Таблица программ 23
Показатели потребления 25
Режимы 26
Параметры 27
Перед первым использованием 27
Ежедневное использование 27
Полезные советы 30
Уход и очистка 31
Поиск и устранение неисправностей 34
Технические данные 36
Право на изменения сохраняется.
Сведения по технике безопасности
Перед установкой и эксплуатацией прибора внимательно
ознакомьтесь с приложенным руководством.
Производитель не несет ответственность за травмы и
повреждения, полученные/вызванные неправильной
установкой и эксплуатацией. Позаботьтесь о том, чтобы
данное руководство было у Вас под рукой на протяжении
всего срока службы прибора.
Безопасность детей и лиц с ограниченными
возможностями
Данный прибор может эксплуатироваться детьми старше
8 лет и лицами с ограниченными физическими,
сенсорными или умственными способностями и с
недостаточным опытом или знаниями только при
условии нахождения под присмотром лица, отвечающего
за их безопасность, или после получения
соответствующих инструкций, позволяющих им
безопасно эксплуатировать электроприбор и дающих им
представление об опасности, сопряженной с его
эксплуатацией.
Не позволяйте детям играть с прибором.
Храните все упаковочные материалы вне досягаемости
детей.
Храните все средства для стирки вне досягаемости
детей.
Не подпускайте детей и домашних животных к прибору,
когда его дверца открыта.
www.zanussi.com 19
Очистка и доступное пользователю техническое
обслуживание не должно производиться детьми без
присмотра.
Общие правила техники безопасности
Не изменяйте параметры данного прибора.
Соблюдайте максимально допустимую загрузку в
6 кг
(см. Главу «Таблица программ»).
Рабочее давление воды (минимальное и максимальное)
должно находиться в пределах 0,5 бар (0,05 МПа) и 8
бар (0,8 МПа).
Вентиляционные отверстия в днище (если они
предусмотрены конструкцией) не должны перекрываться
ковровым покрытием.
При подключении прибора к водопроводу должны
использоваться новые поставляемые с ним комплекты
шлангов. Использовать старые комплекты шлангов
нельзя.
В случае повреждения шнура питания во избежание
несчастного случая он должен быть заменен
изготовителем, авторизованным сервисным центром или
специалистом с равнозначной квалификацией.
Перед выполнением операций по чистке и уходу
выключите прибор и извлеките вилку сетевого шнура из
розетки.
Не используйте для очистки прибора подаваемую под
давлением воду или пар.
Протирайте прибор мягкой влажной тряпкой.
Используйте только нейтральные моющие средства. Не
используйте абразивные средства, царапающие губки,
растворители или металлические предметы.
Указания по безопасности
Установка
Удалите всю упаковку и вывинтите
транспортировочные болты.
Сохраните транспортировочные болты.
Перед следующим перемещением
прибора Вам будет необходимо
заблокировать барабан.
Прибор имеет большой вес: не
забывайте о мерах предосторожности
при его перемещении. Обязательно
используйте защитные перчатки.
20 www.zanussi.com
/