EKK951301W

Electrolux EKK951301W, EKK951301X Руководство пользователя

  • Здравствуйте! Я прочитал инструкцию по эксплуатации для кухонных плит Electrolux моделей EKK951301W и EKK951301X. Я могу ответить на ваши вопросы о функциях данных моделей, способах их использования, уходе и решении проблем. В руководстве подробно описаны режимы работы духовки, способы очистки плиты и меры безопасности.
  • Как зажечь конфорку?
    Как выбрать режим работы духовки?
    Как очистить варочную панель?
    Что делать, если конфорка погасла?
EKK951301W
EKK951301X
KK ПЕШ ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ
НҰСҚАУЛАРЫ 2
RU КУХОННАЯ ПЛИТА ИНСТРУКЦИЯ ПО
ЭКСПЛУАТАЦИИ 33
МАЗМҰНЫ
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ....................................................................................... 3
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ............................................................................ 5
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ................................................................................. 8
4. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН.......................................................................9
5. ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ................................................... 10
6. ПЕШ - АҚЫЛ-КЕҢЕС.......................................................................................11
7. ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ...........................................12
8. ТҰМШАПЕШ - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ ....................................................13
9. ТҰМШАПЕШ - САҒАТ ФУНКЦИЯЛАРЫ........................................................ 14
10. ТҰМШАПЕШ - КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ....................................... 14
11. ТҰМШАПЕШ - АҚЫЛ-КЕҢЕС....................................................................... 15
12. ТҰМШАПЕШ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ...........................................22
13. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ...................................................................................24
14. ОРНАТУ......................................................................................................... 26
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар
бойғы кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны
таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны
жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын
тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет
көрсету туралы ақпарат:
www.electrolux.com
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registerelectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және
фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын
болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты
Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
www.electrolux.com2
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау
нәтижесінде адам жарақат алса және ақаулық орын
алса өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты
келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың
қауіпсіздігі
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Тұншығып қалу, жарақат алуы немесе кемтар
болып қалу қаупі бар.
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен
денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым
келген адамдар не тәжірибесі аз адамдар өз
қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның
қадағалауы немесе құрылғыны қауіпсіз қолдану
бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс
қолданбау салдарын түсінсе қолдануына болады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Орам материалдарының барлығын балалардан
алыс ұстаңыз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол суып
тұрғанда, балалар мен үй жануарларын оған
жақындатпаңыз. Қол жететін бөлшектері ыстық.
Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын
басқаның бақылауынсыз орындамауға тиіс.
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Тек білікті маман ғана осы құрылғыны орнатып,
сымын ауыстыруға тиіс.
Құрылғыны сыртқы таймермен немесе бөлек
қашықтан басқару жүйесімен басқармаңыз.
ҚАЗАҚ 3
Май немесе өсімдік майы қосылған тағамды пештің
үстіне қараусыз қалдыру қауіпті және өрт шығуы
мүмкін.
Өртті ешқашан сумен сөндіруге әрекет жасамаңыз,
бұндай жағдайда құрылғыны сөндіріп, содан кейін
жалынды қақпақ немесе өрт басқыш көрпе тәрізді
затпен жабыңыз.
Пісіру алаңына зат сақтамаңыз.
Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып
тазаламаңыз.
Пышақ, шанышқы, қасық және қақпақ тәрізді темір
заттарды пештің үстіне қоймаңыз, себебі ысып
кетеді.
Ашатын кезде қақпаққа төгілген затты тазалаңыз.
Қақпақты жабар алдында пештің үстін
салқындатып алыңыз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының ішкі жағы ысып
кетеді. Құрылғының ішіндегі қыздырғыш
элементтерге қол тигізбеңіз. Керек-жарақтарды
немесе ыдыстарды алып-салған кезде үнемі қолғап
киіңіз.
Күтім көрсетер алдында электр желісінен
ажыратыңыз.
Электр қатеріне ұшырамау үшін шамды ауыстырар
алдында құрылғыны сөндіріп қойыңыз.
Шыны есікті тазалау үшін қатты жеміргіш заттарды
немесе өткір темір құралдарды пайдаланбаңыз,
себебі сызат түсіп, шыны шытынап кетуі мүмкін.
Егер қуат cымына зақым келсе, қатерден сақтану
үшін оны өндіруші немесе уәкілетті қызмет көрсету
орталығы немесе сол сияқты білікті маман
ауыстыруға тиіс.
Сақтау тартпасын ұстаған кезде абай болыңыз.
Ысып тұрады.
www.electrolux.com4
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
Бұл құрылғы келесі нарықтарға
арналған: KZ RU
2.1 Орнату
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Бұл құрылғыны тек білікті
маман ғана орнатуға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
алыңыз
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі
абай болыңыз, себебі салмағы
ауыр. Әрқашан қорғаныс қолғабын
киіңіз.
Құрылғыны тұтқасынан тартпаңыз.
Ас үй қаптамасы мен ұясының
өлшемдері құрылғыға сай келуге
тиіс.
Осы құрылғы мен басқа
құрылғылардың, заттардың
арасындағы минимум қашықтықты
сақтаңыз.
Құрылғының үсті мен жан-жағын
қоршаған конструкциялардың
қауіпсіз болуын қамтамасыз етіңіз.
Құрылғының бөлшектерінде кернеу
бар. Құрылғының қауіпті
бөлшектеріне қол тиіп кетпес үшін
оны ас үй қаптамасымен жабыңыз.
Құрылғының жан-жағын биіктігі осы
құрылғының биіктігімен бірдей
құрылғылармен жанастырып қою
керек.
Құрылғыны тағанға қоймаңыз.
Құрылғыны есікке жақын жерге
терезенің астына қоймаңыз. Бұл
есік немесе терезе ашылған кезде
ыстық ыдыс құрылғыдан құлап
кетпеу үшін қажет.
Құрылғы аударылып кетпес үшін
оны орнықты етіп орнататын
құралдарды орнатыңыз. Орнату
тарауын қараңыз.
2.2 Электртоғына қосу
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Өрт шығу және электр
қатеріне ұшырау қаупі бар.
Электртоғына қосу жұмыстарын
білікті электрші ғана іске асыруға
тиіс.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Техникалық ақпарат
тақтайшасындағы электр
параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз
жеткізіңіз. Сай келмесе, электршіге
хабарласыңыз.
Әрқашан дұрыс орнатылған,
қатерден сақтандырылған
розетканы қолданыңыз.
Көп тармақты адаптерлер мен
ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
Электр сымдарына қол тигізуге
немесе құрылғының есігіне
жақындауға, әсіресе ыстық тұрған
есікке жақындауға болмайды.
Тоққа қосулы тұрған және
оқшаулағышы бар бөлшектердің
электр қатерінен сақтандырғышын,
саймансыз алынбайтын етіп бекітіп
қою керек.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан
кейін ғана жалғаңыз. Орнатып
болғаннан кейін ашаның қол
жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Егер розетка босап тұрса, оған
ашаны сұқпаңыз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
Дұрыс оқшаулағыш құралдарды
ғана қолданыңыз. желіні қорғайтын
ажыратқыштар, сақтандырғыштар
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге
тұйықталудан қорғау тетіктері мен
тұйықтағыштар.
Электр жүйесі құрылғыны кез
келген полюсте ажыратуға
мүмкіндік беретін оқшаулағыш
ҚАЗАҚ 5
құралмен жабықталуға тиіс.
Оқшаулағыш құралдың контакт ара
қашықтығы кем дегенде 3 мм
болуға тиіс.
Ашаны розеткаға қосар алдында
құрылғының есігін толық жабыңыз.
2.3 Газға қосу
Газға қосу жұмыстарының
барлығын білікті маман ғана іске
асыруға тиіс.
Орнатар алдында жергілікті
жабдықтау жағдайлары (газдың түрі
мен газдың қысымы) мен құрылғы
параметрлерінің сәйкес келетініне
көз жеткізіңіз.
Құрылғының айналасында ауаның
айналуын қамтамасыз етіңіз.
Газбен жабдықтау туралы ақпарат
техникалық ақпарат тақтайшасында
берілген.
Бұл құрылғы жану өнімдерін тартып
әкететін құрылғыға жалғанбаған.
Құрылғыны ағымдық орнату
ережелеріне сай орнатыңыз.
Желдету талаптарының дұрыс
орындалуына көз жеткізіңіз.
2.4 Пайдалану
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Жарақат алу және күйіп
қалу қаупі бар.
Электр қатеріне ұшырау
қаупі бар.
Бұл құрылғыны үйде ғана
пайдаланыңыз.
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
Желдеткіш саңылаулардың бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны
назардан тыс қалдырмаңыз.
Құрылғыны пайдаланып болған
сайын тоқтан ажыратыңыз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының
есігін ашқан кезде абай болыңыз.
Ыстық ауа шығуы мүмкін.
Құрылғыны су қолмен іске қоспаңыз
немесе суға тиіп тұрған құрылғыны
пайдаланбаңыз.
Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде
қолданбаңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Өрт және жарылыс пайда
болу қаупі бар
Тоңмайларды немесе майды
қыздырған кезде тұтанғыш бу пайда
болады. Тоңмайға немесе майға
тамақ пісірген кезде қызған
заттарды немесе оттың жалынын
алыс ұстаңыз.
Қатты қызған майдан бөлініп
шығатын бу, кенет жарылыстың
орын алуына себеп болады.
Құрамында тағам қалдықтары бар
қолданылған май, бірінші рет
қолданылып отырған майға
қарағанда, төмен температурада
өрт пайда болуға әкелуі мүмкін.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
Есікті ашқан кезде құрылғыға от
жарқылын немесе ашық отты
жақындатпаңыз.
Құрылғының есігін абайлап
ашыңыз. Алкоголь қосылған
қоспаларды қолданғанда, ауа мен
алкоголь қоспасы пайда болуы
мүмкін.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Құрылғыны бүлдіріп
алуыңыз мүмкін.
Құрылғының эмаль қаптамасы
бүлініп немесе өңі кетпес үшін:
пештің ыдыстарын немесе
басқа заттарды құрылғының
табанына тура қоймаңыз.
суды ыстық құрылғыға тура
қоймаңыз.
тамақ пісіріп болғаннан кейін
дымқыл ыдыс пен тағамды
құрылғының ішінде ұстамаңыз.
керек-жарақтарды алғанда
немесе орнатқанда абай
болыңыз.
Құрылғының эмаль қаптамасының
түсінің өзгеруі құрылғы жұмысына
әсер етпейді. Бұл кепілдік заңына
www.electrolux.com6
сәйкес қарастырылатын ақаулық
емес.
Сұйық қоспадан жасалатын тортты
пісіру үшін шұңғыл табаны
қолданыңыз. Жеміс шырындарынан
кетпейтін дақ қалуы мүмкін.
Басқару панеліне ыстық ыдыс
қоймаңыз.
Ыдыстың ішіндегісі сарқылғанша
қайнатпаңыз.
Құрылғының үстіне зат немесе
ыдыс құлап кетуге жол бермеңіз.
Құрылғының бетне зақым келуі
мүмкін.
Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып
немесе ешбір ыдыс қоймай іске
қоспаңыз.
Алюминий жұқалтырды құрылғыға
немесе құрылғының астыңғы
бөлігіне тура қоймаңыз.
Құйылған шойын, алюминий немесе
табанына нұқсан келген ыдыстар
құрылғының бетіне сызат түсіруі
мүмкін. Бұндай заттарды
құрылғының бетінде үнемі көтеріп
жылжыту керек.
Құрылғы орнатылған бөлменің
жақсы желдетілуін қамтамасыз
етіңіз.
Пішімі дұрыс, диаметрі оттықтың
диаметрлерінен үлкен орнықты
ыдыстарды ғана пайдаланыңыз.
Тетікті ең үлкен қалпынан ең кіші
қалпына дейін жылдам бұраған
кезде, жалынның өшіп
қалмайтынына көз жеткізіңіз.
Құрылғымен бірге жеткізілген керек-
жарақтарды ғана қолданыңыз.
Оттыққа жалын шашыратқышты
орнатпаңыз.
Бұл тек тағам пісіруге арналған
құрылғы. Басқа мақсатта, мысалы
бөлмені қыздыру үшін қолдануға
болмайды.
2.5 Күту менен тазалау
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Жарақат алу, өрт қаупі
немесе құрылғыны
бүлдіріп алу қаупі бар.
Күтім көрсетер алдында құрылғыны
сөндіріңіз.
Ашаны розеткадан суырып алыңыз.
Құрылғының салқын тұрғанына көз
жеткізіңіз. Шыны панелі сынып
қалуы мүмкін.
Есіктің шыныларына зақым келсе
дереу ауыстырыңыз. Уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Құрылғының ішінде қалған майдың
немесе тағамның қалдығынан өрт
шығуы мүмкін.
Құрылғының қаптамасының сапасы
түспес үшін мезгіл-мезгіл
тазалаңыз.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Тек
бейтарап тазартқыш заттарды
қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,
түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе
темір заттарды пайдаланбаңыз.
Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз,
оның орамында көрсетілген сақтық
шараларын орындаңыз.
Каталитті эмаль қаптаманы (егер
бар болса) ешбір жуғыш затпен
тазаламаңыз.
Оттықтарды ыдыс жуғыш
машинада жумаңыз.
2.6 Қақпақ
Қақпақтың техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
Қақпақты мезгілімен тазалаңыз.
Қақпақтың бетіне нәрсе шашыраған
кезде ашпаңыз.
Қақпақты жабар алдында
оттықтардың барлығын сөндіріңіз.
Пештің үсті мен тұмшапеш әбден
суымайынша қақпақты жаппаңыз.
Шыны қақпақ (егер бар болса)
қызған кезде жарылып кетуі мүмкін.
2.7 Ішкі жарық шамы
Осы құрылғыда тек тұрмыстық
құрылғыларға ғана арналған
жарықтама шам немесе галоген
шамы қолданылған. Оны бөлмені
жарықтандыру үшін қолданбаңыз.
ҚАЗАҚ 7
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Электр қатеріне ұшырау
қаупі бар.
Шамды ауыстырар алдында
құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.
Техникалық параметрлері сай
келетін шамдарды ғана
қолданыңыз.
2.8 Құрылғыны тастау
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны қоқысқа дұрыс тастауға
қатысты ақпаратты жергілікті
әкімшілік мекемеге хабарласып
алыңыз.
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да,
қоқысқа тастаңыз.
Балалар мен жануарлар құрылғыға
қамалып қалмас үшін есіктің
бекітпесін алыңыз.
Сыртқы газ түтіктерін
майыстырыңыз.
2.9 Сервис
Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Тек ғана фирмалық қосалқы
бөлшектерді қолданыңыз.
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
3.1 Жалпы көрінісі
2 3
5
4
6
8
7
9
1
4
3
2
1
1
Пеш үстінің тетіктері
2
Минут операторының тетігі
3
Температура тетігі
4
Температура шамы/белгішесі/
индикаторы
5
Тұмшапеш функцияларының тетігі
6
Қыздырғыш элемент
7
Шам
8
Желдеткіш
9
Сөре деңгейлері
www.electrolux.com8
3.2 Пісіру алаңдарының көрінісі
1 2 3
5 4
1
Қосымша оттық
2
Бу шығатын саңылау - саны мен
орны үлгі түріне байланысты
3
Жартылай жылдам оттық
4
Жартылай жылдам оттық
5
Жылдам оттық
3.3 Керек-жарақтары
Торкөз сөре
Ыдыс, торт қалыптарын қою, тағам
қуыруға арналған.
Пісірме табақ
Торттар мен печеньелерге
арналған.
Зат сақтау суырмасы
Зат сақтау суырмасы тұмшапештің
төменгі бөлігінде орналасқан.
4. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
4.1 Алғашқы тазалау
Құрылғы ішіндегі керек-жарақтардың
барлығын алыңыз.
"Күту менен тазалау"
тарауын қараңыз.
Құрылғыны алғаш рет пайдаланар
алдында тазалаңыз.
Керек-жарақтарды өз орындарына
қойыңыз.
4.2 Алдын ала қыздыру
Қалған майды күйдіріп жіберу үшін бос
құрылғыны алдын ала қыздырыңыз.
1.
функциясы мен ең үлкен
температураны орнатыңыз.
2. Құрылғыны 1 сағат қосып қойыңыз.
3. функциясы мен ең үлкен
температураны орнатыңыз. Бұл
функцияға арналған ең үлкен
температура: 210 °C.
4. Құрылғыны 15 минут қосып
қойыңыз.
Керек-жарақтар бұрыңғыдан да ыстық
болып кетеді. Құрылғыдан иіс және
түтін шығады. Бұл қалыпты жағдай.
Бөлме ішіндегі ауаның жеткілікті түрде
ауысып тұрғанына көз жеткізіңіз.
4.3 Бу шүмегінің қақпағын
орнату
Кей үлгілерде ғана. Ақ қақпағы бар
пеш үлгілеріне ғана қатысты.
Бу шүмегінен шығатын ыстық ауа
пештің ақ қақпағының түсін кетіруі
мүмкін. Осы жері сарғыш тартуы
мүмкін. Осындай жағдайдың алдын
алу үшін бу шүмегінің қақпағын
орнатыңыз.
1. Қақпақтың ілгектерін бу шығатын
саңылаулардың алдыңғы
ҚАЗАҚ 9
жақтауының астыңғы жағына
орналастырыңыз.
2. Қақпақты бекіту үшін артқы
жақтауын төмен басыңыз.
5. ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
5.1 Пеш оттығын тұтату
Оттықты әрқашан ыдысты
қоймай тұрып жағыңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Ас үйде ашық отты
пайдаланған кезде өте
абай болыңыз. Жалын
дұрыс пайдаланылмаса,
өндіруші жауапты емес.
1. Пештің тетігін сағат тілінің
бағытына қарсы бұрап, газ
берілімінің ең үлкен қалпына
бұраңыз да, оттықты жағу үшін
басыңыз.
2. Пештің тетігін термоэлемент
қызғанша 10 секунд немесе одан
аз уақыт басып ұстап тұрыңыз.
Бұлай істемеген жағдайда газ
беріліміне кедергі келеді.
3. Жалынды бірқалыпты жанғаннан
кейін реттеңіз.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Тетікті 15 секундтан артық
басып тұрмаңыз. Егер
оттық 15 секундтан кейін
жанбаса, тетікті босатыңыз
да, өшіру қалпына бұрап,
кем дегенде 1 минуттан
кейін оттықты тағы бір рет
жағып көріңіз.
Егер бірнеше әрекеттен
кейін оттық жанбаса, оның
шілтері мен қақпағының
дұрыс орналасқанын
тексеріңіз.
Егер тоқ болмаса, оттықты
электрлі құрылғының
көмегінсіз тұтандыра
аласыз. Ол үшін оттыққа
жалынды таятып, қажетті
тетікті төмен қарай басып
тұрып, ең жоғары деңгейге
дейін бұраңыз. Тетікті
термоэлемент қызғанша 10
секунд немесе одан аз
уақыт басып ұстап
тұрыңыз.
Егер оттық кездейсоқ сөніп
қалса, тетікті сөндірулі
қалыпқа бұраңыз да, кем
дегенде 1 минуттан кейін
оттықты тағы бір рет жағып
көріңіз.
www.electrolux.com10
Пешті орнатқаннан кейін
немесе қуат үзілісінен кейін
электр қуатын қосқан
кезде, тұтату генераторы
өздігінен іске қосылуы
мүмкін. Бұл қалыпты
жағдай.
5.2 Оттықтың көрінісі
A
B
D
C
A) Оттық табақшасы
B) Оттық шілтері
C) От алдырғыш
D) Термореле
5.3 Оттықты сөндіру
Жалынды өшіру үшін тетікті
қалпына бұраңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Кәстрөлдерді оттықтан
алардан бұрын үнемі отты
азайтыңыз немесе сөндіріп
қойыңыз.
6. ПЕШ - АҚЫЛ-КЕҢЕС
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
6.1 Ыдыс-аяқ
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Бір табаны екі оттыққа
қоймаңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Орнықсыз және түбі
деформацияланған
кәстрөлдерді ішіндегісі
төгіліп, адам жарақат
алмау үшін оттыққа
қоймаңыз.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Кәстрөл саптарының пісіру
алаңының алдыңғы
қырының үстінде емес
екеніне көз жеткізіңіз.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Кәстрөлді барынша
орнықты етіп қою және
газды мүмкіндігінше аз
пайдалану үшін кәстрөлді
оттықтың ортасына
қойыңыз.
6.2 Ыдыстың диаметрі
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Оттықтың диаметрлеріне
сай келетін ыдыстарды
пайдаланыңыз.
ҚАЗАҚ 11
Оттық Ыдыстың
диаметрі (мм)
Жылдам 160 - 220
Жартылай
жылдам
140 - 220
Қосымша 120 - 180
6.3 Қуат үнемдеу
Егер мүмкіндік болса, ыдысқа
әрқашан қақпақ жабыңыз.
Сұйықтық қайнай бастағанда, оны
ақырындап қайнату үшін отты
азайтыңыз.
7. ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
7.1 Жалпы ақпарат
Пештің үстін пайдаланған сайын
тазалаңыз.
Ыдысты қолданғанда табаны
әрқашан таза болсын.
Пештің үстіне түскен сызаттар
немесе қошқыл дақтар оның
жұмысына ешқандай әсер етпейді.
Пештің үстін тазалауға жарамды
арнайы тазалағышты
пайдаланыңыз.
Тот баспайтын болат бөліктерін
сумен жуыңыз да, содан кейін
жұмсақ шүберекпен құрғатыңыз.
7.2 Пештің үстін тазалау
Дереу тазалаңыз: балқыған
пластмасса, пластик фольга және
қант қосылған тағам. Дереу
тазаламасаңыз, пештің үстін
бүлдіріп алуыңыз мүмкін.
Пештің үсті жеткілікті түрде
суыған кезде алыңыз: әк дақтары,
су дақтары, май дақтары, металдың
жылтыраған дақтары. Пешті
дымқыл шүберекпен, шамалы
жуғыш зат қосып тазалаңыз.
Тазалап болғаннан кейін пештің
үстін жұмсақ шүберекпен
құрғатыңыз.
Эмальмен қапталған бөліктерді,
қақпақшасы мен шілтерін сабыны
бар сумен жуып, орнына қайта қояр
алдында жақсылап құрғатыңыз.
7.3 От алдырғыш құралды
тазалау
Бұл функция керамикалық тұтандыру
білтесі мен металл электродтың
көмегімен орындалады. Тұтандыру
қиынға соқпауы үшін осы құрамдас
бөліктерді таза ұстаңыз және
оттықтағы шілтер тесіктерінің
бітелмегеніне көз жеткізіңіз.
7.4 Таба тағандары
Ыдыс тағандары ыдыс
жуғыш машинада жууға
төзімді емес. Оларды
қолмен жуу керек.
1. Пештің үстін оңай тазалау үшін
таба тағандарын алыңыз.
Пештің үстін бүлдіріп
алмас үшін таба
тағандарын орнына
қойған кезде абай
болыңыз.
2. Эмальмен қапталған ыдыстан
кейде жолақ қалуы мүмкін,
сондықтан, ыдыс тірегін қолмен
жуып, кептірген кезде байқаңыз.
Қажет болса, қатып қалған
дақтарды тазартқыш
қоймалжыңмен тазалаңыз.
3. Ыдыс тағандарын тазалап
болғаннан кейін орындарына
дұрыс салынғанына көз жеткізіңіз.
4. Оттық дұрыс жұмыс істеу үшін таба
тағандарының тармақтары
оттықтың ортасына дәл келіп
тұрғанына көз жеткізіңіз.
www.electrolux.com12
7.5 Мерзімдік техникалық
қызмет көрсету
Газбен жабдықтау түтігінің, егер
орнатылған болса, қысым реттегіш
құралдың қалып-күйін тексеру үшін
жергілікті уәкілетті қызмет көрсету
орталығына уақытылы хабарласыңыз.
8. ТҰМШАПЕШ - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
8.1 Құрылғыны іске қосу және
сөндіру
Тетіктің белгілері,
индикаторлары немесе
шамдарының болуы-
болмауы, құрылғының
үлгісіне байланысты.
Тұмшапеш қызғанда
индикатор жанады.
Құрылғы іске
қосылғанда шам
жанады.
Белгіше арқылы тетіктің
пісіру алаңдарының,
тұмшапеш
функцияларының
қайсысын басқаратыны
не оның температураны
басқаратыны
көрсетіледі.
1. Тұмшапеш функциясын таңдау
үшін тұмшапеш функцияларының
тетігін бұраңыз.
2. Температураны таңдау үшін
температура тетігін бұраңыз.
3. Құрылғыны сөндіру үшін,
тұмшапеш функциялары мен
температура тетіктерін "сөндіру"
қалпына қойыңыз.
8.2 Қауіпсіздік термостаты
Құрылғы дұрыс жұмыс істемесе
немесе бөлшектерінде ақау бар болса,
қатты қызып кету қаупі бар. Бұндай
жағдайдың алдын алу үшін тұмшапеш
тоқты кідіртуге арналған термостатпен
жабдықталған. Температура
төмендеген кезде тұмшапеш қайта
автоматты түрде қосылады.
8.3 Тұмшапеш функциялары
Белгі Тұмшапеш
функциясы
Қолданылуы
Сөндіру қалпы Құрылғы сөндірулі.
Дәстүрлі пісіру Тағамды 1 сөреде пісіруге және қуыруға
арналған.
Гриль Жалпақ етіп тағамнан гриль жасауға және тост
нанын жасауға арналған.
Бұл функцияға арналған ең үлкен
температура: 210 °C.
ҚАЗАҚ 13
Белгі Тұмшапеш
функциясы
Қолданылуы
Астыңғы қызу Түбі қытырлақ торттарды пісіруге және
тағамды консервілеуге арналған.
Желдеткішпен пісіру Пісіру температуралары бірдей тағамды 1
емес, бірнеше сөреге қойып, иістерін сіңірмей
қуыруға немесе қуырып-пісіруге арналған.
Жібіту Мұздатылған тағамды жібітуге арналған.
Бұл функцияны қолдану үшін температура
тетігін "сөндіру" қалпына қою керек.
Жеңіл пісіру Қалбырда пісіруге және 1 сөреге қойып төмен
температурада кептіруге арналған.
Жібіту Мұздатылған тағамды жібітуге арналған.
Бұл функцияны қолдану үшін температура
тетігін "сөндіру" қалпына қою керек.
9. ТҰМШАПЕШ - САҒАТ ФУНКЦИЯЛАРЫ
9.1 Минут операторы
Кері санақ уақытын орнату үшін
қолданыңыз.
Бұл функция құрылғының
жұмысына әсер етпейді.
1. Тұмшапештің функциясы мен
температурасын орнатыңыз.
2. Таймердің тетігін шегіне дейін
бұраңыз да, содан кейін қажетті
уақытқа бұраңыз.
Уақыт аяқталған кезде дыбыстық
сигнал естіледі.
10. ТҰМШАПЕШ - КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
10.1 Керек-жарақтарды салу
Торкөз сөре:
Тор сөренің артқы жағында
қызу алмасуға көмек
болатын арнайы пішім бар.
Сөрені дұрыс сөре орнына салып
итеріңіз. Тұмшапештің артқы
қабырғасына тимей тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Науа:
www.electrolux.com14
Пісірме табақты корпустың
артқы қабырғасына
тигенше итермеңіз. Себебі
бұлай істегенде табақтың
айналасына қызу келуге
кедергі жасайды.
Тағамның әсіресе
табақтың артқы жағындағы
бөлігі күйіп қалуы мүмкін.
Науаны немесе шұңғыл табаны
сөренің орнына қойыңыз.
Тұмшапештің артқы қабырғасына
тимей тұрғанына көз жеткізіңіз.
11. ТҰМШАПЕШ - АҚЫЛ-КЕҢЕС
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
Кестелердегі температура
мен пісіру уақыттары тек
нұсқау ретінде беріледі.
Олар рецептерге, олардың
құрамының сапасы мен
мөлшеріне байланысты
болады.
11.1 Жалпылама ақпарат
Құрылғының сөре қоюға арналған
төрт деңгейі бар. Сөренің
деңгейлерін құрылғының астыңғы
жағынан бастап санаңыз.
Құрылғы ауа айналдыратын және
буды үздіксіз қайта айналдырып
отыратын арнайы жүйемен
жабдықталған. Бұл жүйенің
көмегімен тағамды булы ортада,
ішін жұмсақ, сыртын кітірлек етіп
пісіруге болады. Бұл пісіру уақыты
мен пайдаланылатын қуат
мөлшерін барынша азайтады.
Құрылғының ішіне немесе есігінің
шыны панельдеріне бу тұруы
мүмкін. Бұл қалыпты жағдай. Тағам
пісіріп жатқанда құрылғының есігін
ашу қажет болса, әрқашан артқа
шегініңіз. Буды азайту үшін
құрылғыны тағам пісіру алдында 10
минут қыздырыңыз.
Құрылғыны пайдаланып болған
сайын ылғалды жерлерін
тазалаңыз.
Заттарды құрылғының табанына
тура қоймаңыз және тағам пісіріп
жатқан кезде құрылғының ешбір
бөлшектерін алюминий
жұқалтырмен жаппаңыз. Себебі
пісіру нәтижесіне әсер етіп, пештің
эмаль қаптамасын бүлдіруі мүмкін.
11.2 Пісіру
Тұмшапешіңіз бұрыңғы
құрылғыңызға қарағанда басқаша
пісіруі немесе қуыруы мүмкін.
Әдетте қолданатын
параметрлеріңізді (температура,
пісіру уақыттары) және сөре
деңгейлерін кестедегі мәндерге сай
келтіріңіз.
Өндіруші тұмшапешті ең алғаш рет
қолданғанда төмен температураны
қолдануды ұсынады.
Арнайы рецептіге сай келетін
параметрлерді таба алмасаңыз,
соған ұқсас параметрлерді іздеңіз.
ҚАЗАҚ 15
Егер торттарды бірнеше сөрелерге
қойып пісірсеңіз, пісіру уақыттарын
10 – 15 минутқа созуға болады.
Кекстер мен пісірілген нандар
басында әр түрлі биіктікте бірдей
қызармауы мүмкін. Бұл жағдай
орын алса, температура параметрін
өзгертпеңіз. Айырмашылықтар
пісіру барысында бір деңгейге
келеді.
Пісіру уақыты ұзақ болса,
тұмшапешті пісіру уақытының
аяқталуына 10 минут қалғанда
сөндіріп, содан кейін қалған қызуды
қолданыңыз.
Мұздатылған тағамды пісірген кезде,
тұмшапештің науалары майысып
қалуы мүмкін. Науалар суыған кезде
майысқаны қалпына келеді.
11.3 Торт пісіру
Тұмшапештің есігін орнатылған
пісіру уақытының 3/4 мөлшері
өткенше ашпаңыз.
Егер бір уақытта екі пісіру сөресін
пайдалансаңыз, олардың арасына
бір ашық қатар қалдырыңыз.
11.4 Ет пен балық пісіру
Тұмшапешке мүлдем
тазаланбайтын дақ түспес үшін, өте
майлы тағамды пісіргенде шұңғыл
табақты пайдаланыңыз.
Етті кесердің алдында сөлі ағып
кетпес үшін шамамен 15 минут қоя
тұрыңыз.
Тағам қуырған кезде тұмшапештің
іші қатты түтіндеп кетпес үшін
шұңғыл табаққа шамалы су
құйыңыз. Түтін жиналып қалмас
үшін су таусылған сайын үстемелеп
құйып отырыңыз.
11.5 Пісіру уақыттары
Пісіру уақыттары тағамның түріне,
құрамына және мөлшеріне
байланысты.
Бастапқыда тағам пісірген кезде пісіру
үрдісін бақылап отырыңыз. Осы
құрылғыны пайдаланған кезде
қолданылатын ыдыстарға,
рецептілерге және тағамның
мөлшеріне сай келетін параметрлерді
(қызу параметрі, пісіру уақыты т.с.с.)
анықтап алыңыз.
11.6 Дәстүрлі пісіру
Тағам Мөлшері
(г)
Температу
ра (°C)
Уақыт
(мин.)
Сөрені
ң
орнала
суы
Керек-
жарақтары
Тәтті таспа 250 150 25 - 30 3 пісірме табақ
Жалпақ
торт
1)
1000 160 - 170 30 - 35 2 пісірме табақ
Алма
қосылған
ашыған қамыр
торты
2000 170 - 190 40 - 50 3 пісірме табақ
www.electrolux.com16
Тағам Мөлшері
(г)
Температу
ра (°C)
Уақыт
(мин.)
Сөрені
ң
орнала
суы
Керек-
жарақтары
Алма бәліші
2)
1200 +
1200
180 - 200 50 - 60 1 Алюминиймен
қапталған 2
дөңгелек табақ
(диаметрі: 20
см)
Кішкене
кекстер
1)
500 160 - 170 25 - 30 2 пісірме табақ
Майсыз
қопсыма
торт
1)
350 160 - 170 25 - 30 1 Алюминиймен
қапталған 1
дөңгелек табақ
(диаметрі: 26
см)
Құймақ 1500 160 - 170
45 - 55
3)
2 пісірме табақ
Бүтін тауық 1350 200 - 220 60 - 70 2 темір сөре
1 пісірме табақ
Тауықтың
жарты еті
1300 190 - 210 35 + 30 3 темір сөре
1 пісірме табақ
Қуырылған
шошқа котлеті
600 190 - 210 30 - 35 3 Торкөз сөре
1 пісірме табақ
Флан наны
4)
800 230 - 250 10 - 15 2 пісірме табақ
Толтырмасы
бар ашыған
қоспа торты
5)
1200 170 - 180 25 - 35 2 пісірме табақ
Пицца 1000 200 - 220 25 - 35 2 пісірме табақ
Сүзбе торты 2600 170 - 190 60 - 70 2 пісірме табақ
Швейцариялы
қ алма
бәліші
5)
1900 200 - 220 30 - 40 1 пісірме табақ
Рождество
торты
5)
2400 170 - 180
55 - 65
6)
2 пісірме табақ
Киш лорен
5)
1000 220 - 230 40 - 50 1 1 дөңгелек
табақ
(диаметрі: 26
см)
ҚАЗАҚ 17
Тағам Мөлшері
(г)
Температу
ра (°C)
Уақыт
(мин.)
Сөрені
ң
орнала
суы
Керек-
жарақтары
Шаруа наны
7)
750 + 750 180 - 200 60 - 70 1 2 алюминий
табақ
(ұзындығы: 20
см)
Румын
қопсыма
торт
1)
600 + 600 160 - 170 40 - 50 2 2 алюминий
табақ
(ұзындығы: 25
см), бір сөренің
үстіне қойып
Румын
бисквит торты
- дәстүрлі
600 + 600 160 - 170 30 - 40 2 2 алюминий
табақ
(ұзындығы: 25
см), бір сөренің
үстіне қойып
Ашыған
булочкалар
5)
800 200 - 210 10 - 15 2 пісірме табақ
Швейцариялы
қ орама
1)
500 150 - 170 15 - 20 1 пісірме табақ
Меренга 400 100 - 120 40 - 50 2 пісірме табақ
Үгілме торт
5)
1500 180 - 190 25 - 35 3 пісірме табақ
Қопсыма
торт
1)
600 160 - 170 25 - 35 3 пісірме табақ
Майлы торт
1)
600 180 - 200 20 - 25 2 пісірме табақ
1)
Тұмшапешті алдын ала 10 минут қыздырыңыз.
2)
Тұмшапешті алдын ала 15 минут қыздырыңыз.
3)
Құрылғыны сөндіргеннен кейін тортты 7 минут тұмшапеште ұстаңыз.
4)
Тұмшапешті алдын ала 20 минут қыздырыңыз.
5)
Тұмшапешті алдын ала 10 - 15 минут қыздырыңыз.
6)
Құрылғыны сөндіргеннен кейін тортты 10 минут тұмшапеште ұстаңыз.
7)
Температураны 250 °C градусқа қойып, тұмшапешті 18 минут алдын ала
қыздырыңыз.
www.electrolux.com18
11.7 Ауамен желпіп пісіру
Тағам Мөлшері
(г)
Температу
ра (°C)
Уақыт (мин.) Сөрені
ң
орнала
суы
Керек-
жарақтары
Тәтті таспа
1)
250 145 25 3 пісірме
табақ
Тәтті таспа
1)
250 + 250 145 25 1 + 3 пісірме
табақ
Жалпақ торт
1)
1000 150 30 2 пісірме
табақ
Жалпақ торт
1)
1000 +
1000
155 40 1 + 3 пісірме
табақ
Алма қосылған
ашыған қамыр
торты
2000 170 - 180 40 - 50 3 пісірме
табақ
Алма бәліші 1200 +
1200
175 55 2 Алюминийм
ен қапталған
2 дөңгелек
табақ
(диаметрі:
20 см), бір
сөренің
үстіне қойып
Кішкене
кекстер
1)
500 155 30 2 пісірме
табақ
Кішкене
кекстер
1)
500 + 500 155 40 1 + 3 пісірме
табақ
Майсыз
қопсыма
торт
1)
350 160 30 1 Алюминийм
ен қапталған
1 дөңгелек
табақ
(диаметрі:
26 см)
Құймақ 1200 150 - 160
30 - 35
2)
2 пісірме
табақ
Бүтін тауық 1400 180 55 2 темір сөре
1 пісірме
табақ
Шошқаның
қуырылған еті
800 170 - 180 45 - 50 2 темір сөре
1 пісірме
табақ
ҚАЗАҚ 19
Тағам Мөлшері
(г)
Температу
ра (°C)
Уақыт (мин.) Сөрені
ң
орнала
суы
Керек-
жарақтары
Толтырылған
ашыған қамыр
кексі
1200 150 - 160 20 - 30 2 пісірме
табақ
Пицца 1000 +
1000
200 - 210 30 - 40 1 + 3 пісірме
табақ
Пицца 1000 190 - 200 25 - 35 2 пісірме
табақ
Сүзбе торты 2600 160 - 170 40 - 50 1 пісірме
табақ
Швейцариялы
қ алма
бәліші
3)
1900 180 - 200 30 - 40 2 пісірме
табақ
Рождество
торты
1)
2400 150 - 160
35 - 40
2)
2 пісірме
табақ
Киш лорен
3)
1000 190 - 210 30 - 40 1 1 дөңгелек
табақ
(диаметрі:
26 см)
Шаруа наны
4)
750 + 750 160 - 170 40 - 50 1 пісірме
табақ
Румын
қопсыма
торт
3)
600 + 600 155 - 165 40 - 50 2 2 алюминий
табақ
(ұзындығы:
25 см), бір
сөренің
үстіне қойып
Румын бисквит
торты -
дәстүрлі
600 + 600 150 - 160 30 - 40 2 2 алюминий
табақ
(ұзындығы:
25 см), бір
сөренің
үстіне қойып
Ашыған
булочкалар
1)
800 190 15 3 пісірме
табақ
Ашыған
булочкалар
5)
800 + 800 190 15 1 + 3 пісірме
табақ
Швейцариялы
қ орама
1)
500 150 - 160 15 - 20 3 пісірме
табақ
www.electrolux.com20
/