Electrolux IPE6474KF Руководство пользователя

  • Привет! Я прочитал инструкцию по эксплуатации варочной панели Electrolux IPE6474KF. Я могу ответить на ваши вопросы о её функциях, таких как индукционный нагрев, функция Bridge, Hob²Hood, и о том, как ею пользоваться и чистить. Задавайте ваши вопросы!
  • Как включить и выключить варочную панель?
    Что делать, если панель автоматически выключается?
    Как использовать функцию Bridge?
    Что такое функция Hob²Hood?
    Как очистить варочную панель?
IPE6474KF
KK Пісіру алаңы Қолдану туралы нұсқаулары 2
RU Варочная панель Инструкция по эксплуатации 23
МАЗМҰНЫ
1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ................................................................................. 2
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ............................................................................ 5
3. ОРНАТУ............................................................................................................. 7
4. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ................................................................................. 9
5. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ......................................................................................10
6. АҚЫЛ-КЕҢЕС.................................................................................................. 15
7. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ................................................................................. 18
8. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ.....................................................................................18
9. ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕК.....................................................................................20
10. ҚУАТ ТИІМДІЛІГІ........................................................................................... 21
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар
бойғы кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны
таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны
жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын
тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Пайдалануға қатысты кеңесті, кітапша, ақаулықты түзету, қызмет көрсету
және жөндеу туралы ақпаратты мына жерден алыңыз:
www.electrolux.kz/support
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registerelectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және
фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.part33.ru
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын
болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты
Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
Дұрыс орнатпау немесе пайдаланбау нәтижесінде
www.electrolux.com2
орын алған жарақат немесе зақымдарға өндіруші
жауапты емес. Нұсқаулықтарды кейін қарап жүру
үшін әрқашан қауіпсіз және қол жетімді жерде
сақтаңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың
қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен
денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым
келген не тәжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздіктерін
қамтамасыз ететін адамның қадағалауы не
құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша берген
нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау салдарын
түсінсе, онда қолдануына болады.
3 және 8 жас арасындағы балалар мен
мүмкіндіктері өте шектеулі мүгедек адамдарды
басқалар қадағаламаған жағдайда алыс ұстау
керек.
3 жасқа толмаған балаларды үнемі қарап
отырмаған жағдайда алыс ұстау керек.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Барлық орам материалдарын балалардан алыс
ұстап, қоқысқа тиісті түрде тастау керек.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол суып
тұрғанда, балалар мен үй жануарларын оған
жақындатпаңыз. Қол жететін бөлшектері ыстық.
Құрылғыда бала қауіпсіздігінің құралы бар болса,
оны қосу керек.
Балалар құрылғыны жөндеу және тазалау
жұмыстарын бақылаусыз орындамауы керек.
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
ЕСКЕРТУ: Құрылғы мен оның қол жететін жердегі
бөлшектері қолдану барысында ысып тұрады.
Қыздырғыш элементтерге тиіп кетпеу үшін абайлау
керек.
Құрылғыны сыртқы таймермен немесе бөлек
қашықтан басқару жүйесімен басқармаңыз.
ҚАЗАҚ 3
ЕСКЕРТУ: Май немесе өсімдік майы қосылған
тағамды пештің үстіне қараусыз қалдыру қауіпті
және өрт шығуы мүмкін.
Өртті ЕШҚАШАН сумен сөндіруге әрекет
жасамаңыз, оның орнына құрылғыны сөндіріп,
жалынды қақпақ немесе өртке төзімді көрпе, т.б.
тәрізді затпен жабыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: Пісіру барысын қадағалап отыру
керек. Пісіру барысы қысқа болса, үздіксіз
қадағалап отыру керек.
ЕСКЕРТУ: Өрт қаупі бар: Пісіру алаңына зат
сақтамаңыз.
Пышақ, шанышқы, қасық және қақпақ тәрізді темір
заттарды пештің үстіне қоймаңыз, себебі ысып
кетеді.
Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып
тазаламаңыз.
Пайдаланып болғаннан кейін пеш үстінің
элементін, ыдыс анықтағышқа сүйенбей, оның
басқару тетігімен сөндіріңіз.
Егер шыны керамика бет / шыны сынса, электр
қатері пайда болмас үшін құрылғыны сөндіріңіз
және ток көзінен ағытыңыз. Құрылғы ток көзіне
электр корапшасы арқылы қосылған болса,
құрылғыны тоқтан ағыту үшін сақтандырғышты
алыңыз. Осы жағдайларда уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Егер қуат cымына зақым келген болса, қатерден
сақтану үшін оны өндіруші немесе уәкілетті техник
немесе сол сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
ЕСКЕРТУ: Пісіру құрылғысының өндірушісі жасаған
пеш қорғағыштарды ғана немесе құрылғы
өндірушісі пайдаланушы нұсқаулығында арнайы
көрсеткен немесе құрылғының өзіне орнатылған
қорғағыштарды ғана қолданыңыз. Сай келмейтін
қорғағыштарды пайдалансаңыз, оқыс жағдай орын
алуы мүмкін.
www.electrolux.com4
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
ЕСКЕРТУ!
Бұл құрылғыны тек білікті
маман ғана орнатуға тиіс.
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе
құрылғыны бүлдіріп алу
қаупі бар.
Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
Құрылғымен бірге жеткізілген
орнату нұсқауларын орындаңыз.
Құрылғылар мен заттардың
арасындағы минимум қашықтықты
сақтаңыз.
Құрылғы ауыр болғандықтан,
орнынан жылжытқан кезде әрқашан
абай болыңыз. Әрқашан қауіпсіздік
қолғабы мен бітеу аяқ киім киіңіз.
Кесілген беттерге ылғал кіріп
үлкейтіп жібермес үшін
тығыздағышпен бітеңіз.
Құрылғының астыңғы жағын бу мен
ылғалдан қорғаңыз.
Құрылғыны есікке жақын жерге
терезенің астына қоймаңыз. Бұл
есік немесе терезе ашылған кезде
ыстық ыдыстар құрылғыдан құлап
кетпеу үшін қажет.
Әр құрылғының астыңғы жағында
өз желдеткіштері бар.
Егер құрылғы тартпаның үстіне
орнатылса:
Желдеткішке кіріп кетуі мүмкін
кішкене қағаздарды немесе
парақтарды сақтамаңыз, себебі
олар салқындатқышқа зақым
келтіруі немесе салқындату
жүйесін зақымдауы мүмкін.
Құрылғының астыңғы жағы мен
тартпада сақталған заттардың
арасына кемінде 2 см орын
қалдырыңыз.
2.2 Электртоғына қосу
ЕСКЕРТУ!
Өрт және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
Электртоғына қосу жұмыстарын
білікті электрші ғана іске асыруға
тиіс.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Қандай да бір жұмысты іске
асырмай тұрып, құрылғының электр
желісінен ажыратылғанына көз
жеткізіңіз.
Техникалық ақпарат тақтасындағы
параметрлердің негізгі қуатпен
жабдықтау желісіндегі электр
параметрлеріне сәйкес келетініне
көз жеткізіңіз.
Құрылғының дұрыс орнатылғаныа
көз жеткізіңіз. Босап қалған және
дұрыс жалғанбаған электр сымы
немесе ашасы (бар болса)
ағытпаны өте ысытып жіберуі
мүмкін.
Дұрыс электр сымын
пайдаланыңыз.
Электр сымдарының оратылуына
жол бермеңіз.
Электр қатерінен сақтандыру
құралының орнатылғанына көз
жеткізіңіз.
Сымды тартылудан босататын
қапсырманы пайдаланыңыз.
Құрылғыны жақын тұрған розеткаға
жалғаған кезде электр сымы
немесе ашасы (бар болса) ыстық
құрылғыға немесе ыстық ыдысқа
тиіп кетпес үшін абай болыңыз.
Көп тармақты адаптерлер мен
ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғының сымына немесе
ашасына (бар болса) зақым
келтірмеу үшін абай болыңыз.
Зақым келген электр сымын
ауыстырту үшін біздің уәкілетті
қызмет көрсету орталығына немесе
электршіге хабарласыңыз.
Тоққа қосулы тұрған және
оқшаулағышы бар бөлшектердің
электр қатерінен сақтандырғышын,
саймансыз алынбайтын етіп бекітіп
қою керек.
ҚАЗАҚ 5
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан
кейін ғана жалғаңыз. Орнатып
болғаннан кейін ашаның қол
жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Егер розетка босап тұрса, оған
ашаны сұқпаңыз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
Дұрыс оқшаулағыш құралдарды
ғана қолданыңыз. желіні қорғайтын
ажыратқыштар, сақтандырғыштар
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге
тұйықталудан қорғау тетіктері мен
тұйықтағыштар.
Электр жүйесі құрылғыны кез
келген полюсте ажыратуға
мүмкіндік беретін оқшаулағыш
құралмен жабықталуға тиіс.
Оқшаулағыш құралдың контакт ара
қашықтығы кем дегенде 3 мм
болуға тиіс.
2.3 Пайдалану
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, күйіп қалу
және тоқ соғу қаупі бар.
Алғаш пайдалану алдында барлық
орамдарын, жапсырмалары мен
қорғағыш таспасын (бар болса)
алыңыз.
Бұл құрылғыны үйде ғана
пайдаланыңыз.
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
Желдеткіш саңылаулардың бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны
назардан тыс қалдырмаңыз.
Пісіру алаңын пайдаланып болған
сайын "off" қалпына қойыңыз.
Ыдыс анықтағышқа сенбеңіз.
Пісіру алаңдарына ас құралдарын
немесе кәстрөлдердің қақпақтарын
қоймаңыз. Қызып кетуі мүмкін.
Құрылғыны су қолмен іске қоспаңыз
немесе суға тиіп тұрған құрылғыны
пайдаланбаңыз.
Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде
қолданбаңыз.
Құрылғының бетіне сызат түссе,
дереу тоқ көзінен ағытыңыз. Бұл
әрекет электр қатеріне ұшырап
қалуға жол бермейді.
Кардиостимуляторы бар адамдар
құрылғы іске қосылып тұрған кезде
индукциялық пісіру алаңдарынан
кем дегенде 30 см алыс тұруға тиіс.
Тағамды ыстық майға салғанда,
май шашырауы мүмкін.
ЕСКЕРТУ!
Өрт және жарылыс пайда
болу қаупі бар
Тоңмайларды немесе майды
қыздырған кезде тұтанғыш бу пайда
болады. Тоңмайға немесе майға
тамақ пісірген кезде қызған
заттарды немесе оттың жалынын
алыс ұстаңыз.
Қатты қызған майдан бөлініп
шығатын бу, кенет жарылыстың
орын алуына себеп болады.
Құрамында тағам қалдықтары бар
қолданылған май, бірінші рет
қолданылып отырған майға
қарағанда, төмен температурада
өрт пайда болуға әкелуі мүмкін.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
ЕСКЕРТУ!
Құрылғыны бүлдіріп
алуыңыз мүмкін.
Басқару панеліне ыстық ыдыс
қоймаңыз.
Ыстық табаның қақпағын пештің
ыстық әйнек бетіне қоймаңыз.
Ыдысты ішіндегісі сарқылғанша
қайнатпаңыз.
Құрылғының үстіне зат немесе
ыдыс құлап кетуге жол бермеңіз.
Құрылғының бетіне зақым келуі
мүмкін.
Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып
немесе ешбір ыдыс қоймай іске
қоспаңыз.
Құрылғының үстіне алюминий
жұқалтыр қоймаңыз.
Құйылған шойыннан, алюминийден
жасалған немесе астына нұқсан
келген ыдыстар, шыны / шыны
керамика бетке сызат түсіреді.
www.electrolux.com6
Бұндай заттарды құрылғының
бетінде үнемі көтеріп жылжыту
керек.
Бұл тек тағам пісіруге арналған
құрылғы. Басқа мақсатта, мысалы
бөлмені қыздыру үшін қолдануға
болмайды.
2.4 Күту менен тазалау
Құрылғының бетіндегі материалдың
сапасы түспес үшін мезгіл-мезгіл
тазалаңыз.
Құрылғыны тазалардан бұрын
сөндіріңіз де, суығанша күтіңіз.
Қызмет көрсету алдында
құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы
спрейді және буды қолданбаңыз.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Тек
бейтарап тазартқыш заттарды
қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,
түрпілі жөкелерді, еріткіштерді
немесе металл заттарды
пайдаланбаңыз.
2.5 Қызмет
Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Тек түпнұсқалық
қосалқы бөлшектерді
пайдаланыңыз.
Осы өнімнің ішіндегі шам(дар) мен
шамдардың қосалқы бөлшектері
жеке сатылады: Бұл шамдар
температура, діріл, ылғалдылық
сияқты төтенше физикалық
жағдайларға тұрмыстық
құрылғылардың қарсы тұруына
немесе құрылғының жұмыс
жағдайы туралы сигнал беруге
арналған. Олар басқа
қолданбаларда пайдалануға
арналмаған және тұрғын үйлерді
жарықтандыруға сәйкес келмейді.
2.6 Құрылғыны тастау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны қоқысқа дұрыс тастауға
қатысты ақпаратты жергілікті
әкімшілік мекемеге хабарласып
алыңыз.
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Құрылғыға жақын орналасқан
электр сымын кесіп, қоқысқа
тастаңыз.
3. ОРНАТУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
3.1 Орнату алдында
Пешті орнату алдында, техникалық
сипаттама тақтайшасынан келесі
деректерді жазыңыз. Техникалық
ақпарат тақтайшасы пештің астыңғы
жағында орналасқан.
Сериялық
нөмірі ...........................
3.2 Кіріктірілген пештер
Кіріктірілген пештерді, пешті дұрыс
қондырылған құрылғыларға және
стандартты талаптарға сай келетін
жұмыс беттеріне құрастырғаннан кейін
ғана пайдаланыңыз.
3.3 Қосылым сымы
Пеш электр қосылымы сымымен
жабдықталған.
Нұқсан келген қуат сымын
ауыстыру үшін мына кабель түрін
қолданыңыз: H05V2V2-F, 90°C
немесе одан жоғары температураға
төзімді. Жергілікті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
ҚАЗАҚ 7
3.4 Құрастыру
min.
50mm
min.
500mm
R 5mm
min.
55mm
560
+1
mm
490
+1
mm
min.
28 mm
min.
12 mm
min. 60mm
Құрылғы тартпаның үстіне
орнатылса, пештің
желдеткіші тағам пісіру
барысында тартпадағы
заттарды жылытуы мүмкін.
www.electrolux.com8
4. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
4.1 Пісіруге арналған беттің
көрінісі
1 1
2
1
1
1
Индукциялық пісіру алаңы
2
Басқару панелі
4.2 Басқару панелінің көрінісі
1 2 4 5 63 10 117
12
8
13
9
1
Пештің үстін қосуға және сөндіруге арналған.
2
Бекітпені немесе Бала қауіпсіздігінің құралын қосу және сөндіруге
арналған.
3
Пісіру алаңының индикаторы.
4
CountUp Timer индикаторы.
5
Кері санақ таймері индикаторы.
6
Таймер дисплейі: 00 - 99 минут.
7
Bridge функциясын қосу және сөндіру үшін.
8
Таймер функциясын орнату үшін.
9
/ Уақытты қосу және азайту үшін.
10
Hob²Hood функциясын қосу және сөндіру үшін.
11
Үзіліс функциясын қосу және сөндіру үшін.
12
PowerBoost функциясын қосуға арналған.
13
Қызу параметрін 0 - 9 қалпына қоюға арналған басқару жолағы.
ҚАЗАҚ 9
4.3 OptiHeat Control (3
қадамды Қалдық қызу
индикаторы)
ЕСКЕРТУ!
/ / Индикаторлар
қазір пайдаланылып тұрған
пісіру алаңдарының
қалдық қызуын көрсетеді.
Қолданылмай тұрған
көршілес орналасқан пісіру
алаңдарының да
индикаторлары жануы
мүмкін.
Индукциялық пісіру алаңдары тағам
пісіру үшін қажет қызуды ыдыстың
табанына тура жібереді. Ыдыстағы
қалдық қызу пештің керамика бетін
қыздырады.
Пештің үстін сөндіргенде
индикаторлар әлі де көрініп тұрады.
Пештің үсті суыған кезде олар
көрінбей кетеді.
5. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
5.1 Іске қосу және сөндіру
Пештің үстін қосу немесе сөндіру үшін
белгісін 1 секунд түртіңіз.
Пешті қосқаннан кейін басқару
жолақтары жанады да, пешті
сөндіргеннен кейін сөнеді.
Пеш сөнгеннен кейін ғана көрінеді.
5.2 Автоматты түрде сөндіру
Функция пештің үстін келесі
жағдайларда автоматты түрде
сөндіреді:
пештің үстіне 50 секунд бойы ешбір
ыдыс қойылмаса,
ыдысты қойғаннан кейін 50 секунд
қызу параметрін орнатпасаңыз,
басқару панеліне бір нәрсе төгіп
алсаңыз немесе ол 10 секундтан
артық (ыдыс, киім т.с.с.) жабық
қалса. Дыбыстық сигнал естілгенде,
пеш сөнеді. Заттарды алыңыз
немесе басқару панелін тазалаңыз.
пештің үсті қатты қызып кетсе
(мысалы, кәстрөлдің ішіндегісі
сарқылғанша қайнаса). Пештің үстін
қайта қолдану алдында пісіру
алаңын салқындатыңыз.
пісіру алаңын сөндірмесеңіз немесе
қызу параметрін өзгертпесеңіз.
Біраз уақыт өткеннен кейін пеш
сөнеді.
Пештің үстін сөндіргеннен кейінгі
уақыт пен қызу параметрінің
арасындағы байланыс:
Қызу параметрі Пештің үсті
мына уақыттан
кейін сөнеді:
1 - 2 6 сағат
3 - 4 5 сағат
5 4 сағат
6 - 9 1,5 сағат
5.3 Пісіру алаңдарын
пайдалану
АБАЙЛАҢЫЗ
Басқару панеліне ыстық
ыдыс қоймаңыз.
Электроникалық
бөлшектерге нұқсан келуі
мүмкін.
www.electrolux.com10
Ыдыстарды таңдалған пісіру
алаңының тура ортасына қойыңыз.
Индукциялық пісіру алаңдары, ыдыс
табанының өлшеміне автоматты түрде
бейімделеді.
Ыдысты дұрыс орынға қойғанда, пеш
ыдыстың қойылғанын анықтап, тиісті
басқару жолағы жанады. Басқару
жолағының үстіңгі жағында қызыл
пісіру индикаторы көрініп, ыдыстың
тұрған орнын көрсетеді.
Басқару панеліндегі әр текше
индукциялық пісіру алаңындағы пісіру
алаңын білдіреді. Алаң индикаторлары
қай пісіру алаңының қандай басқару
жолағымен басқарылып тұрғанын
көрсетеді.
5.4 Қызу параметрі
Басқару панеліндегі дұрыс қызу
параметрін түртіңіз немесе басқару
жолағының бойымен саусағыңызды
сырғытып, пісіру алаңына қызу
параметрін орнатыңыз немесе
өзгертіңіз.
Ыдысты алаңға қойып параметрді
орнатқаннан кейін, бұлар ыдысты
алғаннан кейін 2 минут сол қалпы
тұрады. Басқару жолағы мен пісіру
алаңының индикаторы 2 минут
жыпылықтайды. Осы уақыт
аралығында ыдысты пісіру алаңына
қойсаңыз, қызу параметрі қайта
қосылады, бұлай істемегенде, сөнеді.
5.5 Bridge функциясы
Бұл функция екі пісіру алаңын өзара
қосады да, олар бір пісіру алаңы
тәрізді жұмыс істейді. Функцияны
үлкен ыдыс үшін қолдануға болады.
1. Ыдысты екі пісіру алаңына
қойыңыз. Ыдыс екі алаңның да
ортасын жауып тұруы керек.
түсі аққа айналады.
2. Функцияны қосу үшін басыңыз.
3. Қызу параметрін орнатыңыз.
Ыдыстар екі алаңның да ортасын
жауып, бірақ белгіленген жерден
аспай тұруы керек.
Функцияны сөндіру үшін түртіңіз.
Пісіру алаңдары дербес жұмыс істейді.
ҚАЗАҚ 11
5.6 PowerBoost
Бұл функция тиісті пісіру алаңына
көбірек қуат жібереді және ол ыдыстың
көлеміне байланысты. Бұл функцияны
қысқа уақытқа ғана қосуға болады.
Пісіру алаңына арналған функцияны
қосу үшін
түртіңіз.
Белгінің түсі қызылға айналады.
Функция автоматты түрде сөнеді.
Ұзақтық параметрінің ең
үлкен мәндерін
"Техникалық ақпарат”
тарауынан қараңыз.
5.7 Таймер
Кері санақ таймері
Бұл функциямен пісіру алаңының бір
пісіру циклы кезінде қанша уақыт
жұмыс істейтінін көрсетіңіз.
Пісіру алаңын үшін қыздыру
параметрін, содан кейін функцияны
орнатыңыз.
1. Функцияны іске қосу немесе
уақытты өзгерту үшін
түртіңіз.
Таймер сандары 00 мен
және
индикаторлары дисплейге шығады.
түсі қызылға айналады, содан кейін
аққа айналады.
Таймер қойылмаса, индикаторлар 4
секундтан кейін көрінбей кетеді.
2. Уақытты
не түймесін басып
орнатыңыз (00 - 99 минут).
3 секундтан кейін таймер автоматты
түрде кері санай бастайды. ,
және индикаторлары көрінбей
кетеді. қызыл қалпы қалады.
Уақыт аяқталған кезде, дыбыстық
сигнал естіліп 00 жыпылықтайды.
Сигналды тоқтату үшін түртіңіз.
Функцияны сөндіру үшін: түртіңіз.
және индикаторлары жанады.
немесе көмегімен дисплейге 00
орнатыңыз. Альтернатива ретінде
қызу параметрін 0 қалпына қоюға
болады. Нәтижесінде сигнал естіледі
және таймер біржола тоқтайды.
CountUp Timer (Санақ
таймері)
Пісіру алаңдарының жұмыс істеу
уақытының ұзақтығын бақылау үшін
осы функцияны қолдануға болады.
Функцияны қосу үшін түймесін екі
рет түртіңіз.
индикаторы қызыл түске айналып,
таймер автоматты түрде санай
бастайды.
Функцияны сөндіру үшін: түртіңіз.
Индикаторлар жанғанда
түртіңіз.
Минут операторы
Бұл функцияны пеш қосулы, бірақ
пісіру алаңдары жұмыс істемей
тұрғанда қолдануға болады.
Басқару панелін көру үшін ыдысты
пісіру алаңына қойыңыз.
1. Функцияны қосу үшін белгісін
индикаторы қызыл түске
айналғанша басыңыз.
2. Уақытты орнату үшін немесе
белгісін басыңыз.
Функция 4 секундтан кейін автоматты
түрде басталады.
, және
индикаторлары көрінбей кетеді.
қызыл қалпы қалады.
Функцияны орнатқаннан кейін, ыдысты
алыңыз.
Уақыт аяқталған кезде, дыбыстық
сигнал естіліп 00 жыпылықтайды.
Сигналды тоқтату үшін түймесін
түртіңіз.
Функцияны сөндіру үшін: түртіңіз.
және индикаторлары жанады.
немесе көмегімен дисплейге 00
орнатыңыз.
Бұл функция пісіру
алаңдарының жұмысына
еш әсер етпейді.
www.electrolux.com12
5.8 Үзіліс
Бұл функция ең төмен қыздыру
параметрі бойынша жұмыс істейтін
пісіру алаңдарының барлығын
орнатады.
Функция жұмыс істеп тұрғанда,
басқару панеліндегі басқа белгілер
бұғатталып тұрады.
Функция қосулы тұрғанда
және
белгілері пайдаланылады.
Функция таймер функцияларын
тоқтатпайды.
Функцияны іске қосу үшін
түймешігін басыңыз.
Белгі қызыл түске айналады.Қызу
параметрі 1 қалпына қойылады.
Функцияны сөндіру үшін түртіңіз.
Белгінің түсі аққа өзгереді.Алдыңғы
қызу параметрлері қосылады.
5.9 Құлып
Басқару панелін пеш жұмыс істеп
тұрғанда бұғаттауға болады. Ол қызу
параметрінің кездейсоқ өзгеруіне жол
бермейді.
Әуелі қыздыру параметрін орнатыңыз.
Функцияны іске қосу үшін
түймешігін басыңыз.
Белгі түсі қызылға айналады және
жыпылықтайды.
Функцияны сөндіру үшін түртіңіз.
Белгінің түсі аққа айналады
Пешті сөндірген кезде, осы
функция да сөнеді.
5.10 Бала қауіпсіздігінің
құралы
Бұл функция пеш үстінің кездейсоқ
қосылып кетуіне жол бермейді.
Әуелі пештің үстін қосып, қызу
параметрін орнатпаңыз.
Функцияны қосу үшін
белгісін қызыл
түске айналғанша басыңыз.
Басқару жолақтары көрінбей кетеді.
Функцияны бір пісіру уақыты үшін
ғана орнату үшін: Пешті көмегімен
қосыңыз. жанады. белгісін түсі
аққа айналғанша түртіңіз. Басқару
жолағы пайда болады. Қызу
параметрін 50 секунд ішінде
орнатыңыз. Пештің үстін іске қосуға
болады. Пешті көмегімен сөндірген
кезде, функция әлі қосулы тұрады.
Функцияны толық сөндіру үшін пешті
қосып, қызу параметрін орнатпаңыз.
белгісін түсі аққа айналғанша
түртіңіз. Басқару жолағы пайда
болады. Пешті сөндіріңіз.
5.11 Hob²Hood
Бұл пештің үстін арнайы ауа тартқыш
құралға жалғайтын заманауи
автоматты функция. Пеш пен ауа
тартқыш құрал екеуі де инфрақызыл
сигнал коммуникаторымен
жабдықталған. Желдеткіштің
жылдамдығы режим параметрі мен
пештің үстіндегі ең ыстық ыдыстың
температурасы бойынша автоматты
түрде анықталады. Сондай-ақ,
желдеткішті пеш арқылы қолмен де
басқара аласыз.
Ауа тартқыш құралдардың
көпшілігінде бастапқыда
қашықтан басқару жүйесі
ажыратылып тұрады. Оны
функцияны пайдаланар
алдында қосыңыз.
Қосымша ақпаратты ауа
тартқыш құралдың
пайдалану нұсқаулығын
қараңыз.
Функцияны автоматты түрде қосу
Функцияны автоматты түрде іске қосу
үшін автоматты режимді H1 – H6
аралығына орнатыңыз. Пеште әдетте
H5 режимі орнатылып тұрады. Пештің
үстін іске қосқанда, иіс тартқыш құрал
іске қосылады. Пеш ыдыстың
температурасын автоматты түрде
анықтап, желдеткіштің жылдамдығын
реттейді.
Шамды қосу
Пешті іске қосқан сайын шам өздігінен
жанатын ету үшін пештің параметрін
ҚАЗАҚ 13
орнатуға болады. Бұл үшін автоматты
режимді H1 – H6 аралығына қойыңыз.
Пешті сөндіргеннен кейін 2
минут өткенде тартқыш
құрылғының үстіндегі шам
сөнеді.
Автоматты режимдер
Авто
матт
ы
шам
Қайнат
у
1)
Қуыр
у
2)
H0 режимі Өшір
у
Өшіру Өшіру
H1 режимі Қосу Өшіру Өшіру
H2
режимі
3)
Қосу Желдет
кіштің
жылдам
дығы 1
Желдет
кіштің
жылдам
дығы 1
H3 режимі Қосу Өшіру Желдет
кіштің
жылдам
дығы 1
H4 режимі Қосу Желдет
кіштің
жылдам
дығы 1
Желдет
кіштің
жылдам
дығы 1
H5 режимі Қосу Желдет
кіштің
жылдам
дығы 1
Желдет
кіштің
жылдам
дығы 2
H6 режимі Қосу Желдет
кіштің
жылдам
дығы 2
Желдет
кіштің
жылдам
дығы 3
1)
Пеш қайнау үдерісін сезіп,
желдеткіштің жылдамдығын автоматты
режимге сай қосады.
2)
Пеш қуыру үдерісін сезіп, желдеткіштің
жылдамдығын автоматты режимге сай
қосады.
3)
Бұл режим желдеткіш пен шамды
қосады және келесіге тәуелді емес:
температура.
Автоматты режимді өзгерту
1. Құрылғыны сөндіріңіз.
2. белгішесін 3 секунд басыңыз.
Дисплей жанады да, сөнеді.
3. белгішесін 3 секунд басыңыз.
4. түймешігін бірнеше рет
жанғанша түртіңіз.
5. Автоматты режимді таңдау үшін
таймердің тетігін басыңыз.
Тағам пісіруді аяқтап, пешті
сөндіргеннен кейін де иіс тартқыш
құралдың желдеткіші біраз уақыт
жұмыс істеп тұрады. Осы уақыттан
кейін жүйе желдеткішті автоматты
түрде сөндіріп, желдеткішті алдағы 30
секунд ішінде кездейсоқ қосып қоюға
жол бермейді.
Иіс тартқыш құралды осы
құралдың басқару панелі
арқылы тура іске қосу үшін
функцияның автоматты
режимін сөндіріңіз.
Желдеткіштің жылдамдығын
қолмен басқару
Сондай-ақ, желдеткішті пеш арқылы
қолмен де басқара аласыз.
Пеш қосулы тұрғанда
түймесін
басыңыз.
Бұл функцияның автоматты режимін
сөндіріп, желдеткіштің жылдамдығын
қолмен өзгертуге мүмкіндік береді.
белгісін басқанда, желдеткіштің
жылдамдығын бір бірлікке көбейтесіз.
Ең жоғарғы деңгейге жеткенде
белгісін қайта бассаңыз, желдеткіштің
жылдамдығы 0-ге қойылып, тартқыш
құрылғының желдеткіші сөнеді.
Желдеткіштің жылдамдығын 1-ге
қойып желдеткішті қосу үшін
белгісін басыңыз.
Функцияның автоматты
режимін іске қосу үшін
пешті сөндіріп, қайта іске
қосыңыз.
5.12 OffSound Control
(Дыбыстық сигналдарды
сөндіру және қосу)
Алдымен пешті сөндіріңіз.
www.electrolux.com14
1. Пешті қосу үшін белгісін 3
секунд қосыңыз.
Бейнебет жанады да, сөнеді.
2. белгішесін 3 секунд басыңыз.
немесе жанады.
3. Келесі параметрдің бірін таңдау
үшін таймердің белгісін түртіңіз:
- сигналдар сөндірулі
- сигналдар қосулы
4. Пеш автоматты түрде сөніп,
растауды құптағанша күтіңіз.
Функцияны қалпына қойғанда
келесі жағдайларда ғана дыбыстық
сигнал естіледі:
түрткенде
Минут операторы сөнгенде
Кері санақ таймері сөнгенде
басқару панеліне бір нәрсе
қойылғанда.
5.13 Қуатты басқару
функциясы
Пісіру алаңдары пештегі фаза
санымен және орналасқан
орындарына қарай
топтастырылған. Суретке қараңыз.
Әр фаза ең көбі 3700 Вт электр
жүктемесін көтере алады.
Бұл функция бір фазаға қосылған
пісіру алаңдарының арасындағы
қуат мөлшерін бөледі.
Бұл функция бір фазаға қосылған
пісіру алаңдарының жалпы электр
жүктемесі 3700 Вт-тан артқанда іске
қосылады.
Бұл функция осы фазаға қосылған
басқа пісіру алаңдарының қуат
мөлшерін төмендетеді.
Қуаты азайтылған пісіру алаңдары
үшін басқару панелінде ең үлкен
ықтимал қызу параметрлері
көрсетіледі.
Функцияның қосылу-қосылмауы
ыдыстардың саны мен
өлшемдеріне байланысты.
6. АҚЫЛ-КЕҢЕС
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
6.1 Ыдыс-аяқ
Индукциялық пісіру
алаңдарында, электр-
магнитті өріс ыдыс ішінде
жылдам қызу пайда
болдырады.
Индукциялық пісіру
алаңдарын сай келетін
ыдыспен бірге
пайдаланыңыз.
Ыдыс-аяқтың материалы
жарамды: шойын, темір, эмальмен
қапталған болат, тоттанбайтын
темір, табаны көп қабаттан тұратын
ыдыс (өндіруші тарапынан дұрыс
таңба салынған).
жарамсыз: алюминий, мыс, сары
мыс, шыны, керамика, фарфор.
Ыдыс индукция пешіне сай келеді,
егер:
жоғары қызу параметрі орнатылған
пісіру алаңындағы су өте жылдам
қайнап кетсе.
ыдыстың түбіне магнитке жабысса.
Ыдыстың түбі барынша
қалың әрі мүмкіндігінше
жайпақ болуға тиіс.
Пештің үстіне қойылатын
ыдыс табанының құрғақ
және таза екенін тексеру
керек.
Ыдыстардың өлшемдері
ҚАЗАҚ 15
Индукциялық пісіру алаңдары, ыдыс
табанының өлшеміне автоматты түрде
бейімделеді.
Пісіру алаңының тиімділігі ыдыстың
диаметріне байланысты. Диаметрі
көрсетілген ең кіші диаметрден кіші
ыдыс, пісіру алаңынан бөлінетін
қуаттың тек бір бөлігін ғана қабылдай
алады.
"Техникалық сипаттама"
тарауын қараңыз.
6.2 Жұмыс кезіндегі шуыл
Егер келесі шуыл естілсе:
сыртылдаған дыбыс естісеңіз: ыдыс
әр түрлі материалдардан жасалған
(көп қатпарлы құрылым).
ысқырған дыбыс: сіз пісіру алаңын
жоғары қуат деңгейіне қойып
пайдаланасыз, және ыдыс әр түрлі
материалдардан жасалған (көп
қатпарлы құрылма).
гуілдеу: жоғары қуат деңгейін
пайдаланғансыз.
шыртылдау: электр тоғы қосылып-
ажыратылады.
ысылдау, ызыңдау: желдеткіш
жұмыс істейді.
Бұл шуыл қалыпты болып
есептеледі және пештің ақаулығына
жатпайды.
6.3 Öko Timer (Эко таймері)
Қуатты үнемдеу үшін пісіру алаңының
қыздырғышы кері санақ таймерінің
сигналы естілмей тұрып сөнеді.
Жұмыс істеу уақытының әр түрлі
болуы қызу параметріне және пісіру
уақытына байланысты.
6.4 Тағам пісіру
бағдарламаларының үлгілері
Пісіру алаңының қызу параметрі мен
қуатты тұтыну мәні өзара тура
байланысты емес. Қызу параметрін
көбейткен кезде, пісіру алаңы
пайдаланатын қуат мәні
пропорциональды түрде көбеймейді.
Сондықтан орташа қызу параметрін
қолданатын пісіру алаңы, өз қуатының
жартысынан азын жұмсайды.
Кестедегі деректер
жалпылама нұсқау ретінде
ғана берілген.
Қызу
параметрі
Пайдалану: Уақыт
(мин.)
Ақыл-кеңес
1 Піскен тағамды жылы
ұстаңыз.
қажетін
е орай
Ыдыстың қақпағын
жабыңыз.
1 - 2 Голланд тұздығы,
балқытылған: сары май,
шоколад, желатин.
5 - 25 Ара-тұра араластырыңыз.
1 - 2 Қойылту: шайқалған омлет,
піскен жұмыртқалар.
10 - 40 Қақпағын жауып пісіріңіз.
2 - 3 Күріш және сүтке пісірілген
тағамдарды баяу қайнату,
дайын тағамдарды
жылыту.
25 - 50 Кемінде күріштен екі есе
көп сұйық қосыңыз, сүт
тағамдарын пісірудің
ортасына келгенде
араластырыңыз.
3 - 4 Буға піскен көкөністер,
балық, ет.
20 - 45 Бірнеше ас қасық сұйықтық
құйыңыз.
4 - 5 Буға піскен картоптар. 20 - 60 750 г картопқа ең көбі ¼ л
су пайдаланыңыз.
www.electrolux.com16
Қызу
параметрі
Пайдалану: Уақыт
(мин.)
Ақыл-кеңес
4 - 5 Көп мөлшердегі тағамдар,
бұқтырылған тағамдар мен
көже пісіру.
60 -
150
3 литрге дейін су және
құраластар.
6 - 7 Баппен қуыру: эскалоп,
"кордон блё" бұзау еті,
котлет, риссоль, шұжық,
бауыр, майға қуырылған
ұн, жұмыртқа, құймақ,
бауырсақ.
қажетін
е орай
Орта тұсында аударыңыз.
7 - 8 Қатты қуыру, қуырылған
картоп, қоң ет,
бифштекстер.
5 - 15 Орта тұсында аударыңыз.
9 Суды қайнату, макарон пісіру, етті қызартып қуыру (гуляш,
бұқтырып пісіру), фри қуыру үшін.
Суды көп мөлшерде қайнатыңыз. PowerBoost қосылады.
6.5 Hob²Hood функциясына
арналған ақыл-кеңес
Пешті мына функциямен бірге
пайдаланғанда:
Тартқыш құрылғы панелін тура
түсетін күннен қорғаңыз.
Тартқыш құрылғы панеліне галоген
жарығын түсірмеңіз.
Пештің басқару панелін жаппаңыз.
Пеш пен тартқыш құрылғы
арасындағы сигналға кедергі
жасамаңыз (мысалы, қолыңызбен
немесе ыдыстың тұтқасымен).
Суретке қараңыз.
Суреттегі пеш мысал ретінде ғана
берілген.
Басқа қашықтан
басқаратын құрылғылар
сигналды бұғаттауы
мүмкін. Пештегі функцияны
пайдаланған кезде басқа
қашықтан басқаратын
құрылғыларды
пайдаланбаңыз.
Hob²Hood функциясы бар пештің
тартқыш құрылғылары
Осы функцияда жұмыс істейтін пештің
тартқыш құрылғыларының кең
ауқымын біздің пайдаланушыға
арналған веб-сайтымыздан таба
аласыз. Осы функцияда жұмыс
істейтін Electrolux пешінің тартқыш
құрылғыларында
белгісі болуы
керек.
ҚАЗАҚ 17
7. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
7.1 Жалпы ақпарат
Пештің үстін пайдаланған сайын
тазалаңыз.
Әрқашан табаны таза ыдысты
пайдаланыңыз.
Пештің үстіне түскен сызаттар
немесе қошқыл дақтар оның
жұмысына ешқандай әсер етпейді.
Пештің бетіне арналған арнайы
тазалағышты пайдаланыңыз.
Шыныға арналған арнайы
қырғышты қолданыңыз.
7.2 Пештің үстін тазалау
Дереу тазалаңыз: еріген пластик,
пластик жұқалтыр, қант және қанты
бар тағам немесе қоқыстар пештің
бетіне зақым келтіруі мүмкін. Күйіп
қалмау үшін абай болыңыз.
Қырғышты шыны бетке арнайы
сүйір бұрыш жасап қойып, оны
жылжыта отырып тазалаңыз.
Пештің үсті жеткілікті түрде
суыған кезде алыңыз: әк дақтары,
су дақтары, май дақтары, металдың
жылтыраған дақтары. Пештің бетін
дымқыл шүберекпен және жеміргіш
емес жуғыш затпен тазалаңыз.
Тазалап болғаннан кейін пештің
үстін жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Жылтыраған металл дақтарын
кетіріңіз: сірке суы қосылған су
ерітіндісін пайдаланып, әйнек бетін
шүберекпен тазалаңыз.
8. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
8.1 Не істерсіңіз, егер...
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Пешті қосып немесе іске
пайдалана алмадыңыз.
Пеш электр тоғына
қосылған жоқ немесе
теріс қосылған.
Пештің электр көзіне
дұрыс қосылғанына көз
жеткізіңіз. Қосылым
сызбасын қайта қараңыз.
Сақтандырғыш жанып
кеткен.
Ақаулыққа
сақтандырғыштың себеп
болғанына көз жеткізіңіз.
Сақтандырғыш қайта-
қайта жанып кетсе, білікті
электршіге
хабарласыңыз.
Бір уақытта 2 немесе
одан да көп сенсорлық
өрістерді басып
қойғансыз.
Бір ғана сенсорлық өрісті
басыңыз.
www.electrolux.com18
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Үзіліс жұмыс істейді. "Күнделікті қолдану"
тарауын қараңыз.
Басқару панеліне су
немесе май шашыраған.
Басқару панелін
тазалаңыз.
Пісіру алаңдарының
біріне қызу параметрін
орната алмайсыз.
Басқа пісіру алаңдары
макс. қолжетімді қуатты
пайдаланады.
Пештің үсті дұрыс жұмыс
істеп тұр.
Осы фазаға қосылған
басқа пісіру
алаңдарының қызу
параметрі мәнін
азайтыңыз.
"Қуат параметрін
басқару” тармағын
қараңыз.
Дыбыстық сигнал естіліп,
пештің үсті сөнеді.
Пеш сөнген кезде
дыбыстық сигнал
естіледі.
Бір немесе бірнеше
сенсорлық өріске зат
қойылған.
Сенсорлық өрістердегі
затты алыңыз.
Пештің үсті сөнеді.
Сенсорлық өріске бір
зат қойылған.
Сенсорлық өрістердегі
заттарды алыңыз.
Қалдық жылу индикаторы
жанбай тұр.
Алаң ыстық емес, себебі
ол аз уақыт ғана қосылып
тұрған не сенсордың
ақауы бар.
Егер алаң қызу үшін
едәуір ұзақ жұмыс істесе,
уәкілетті қызмет көрсету
орталығына
хабарласыңыз.
Hob²Hood жұмыс істемей
тұр.
Басқару панелін жауып
қойдыңыз.
Басқару панеліндегі
затты алыңыз.
Сигналға бөгет жасайтын
өте биік ыдысты
пайдаландыңыз.
Кішірек ыдысты
пайдаланыңыз, пісіру
алаңын ауыстырыңыз
немесе пешті қолмен
басқарыңыз.
Сенсорлық өрістер қызып
кетеді.
Тым үлкен ыдыс
қолданылған немесе
ыдыстар басқару
құралдарына тым жақын
қойылған.
Үлкен ыдыстарды артқы
пісіру алаңдарына
қойыңыз.
Панельдің сенсорлық
өрістерін түрткен кезде
ешбір сигнал естілмейді.
Дыбыстық сигналдар
сөндірулі.
Дыбыстық сигналдарды
қосыңыз. "Күнделікті
қолдану" тарауын
қараңыз.
жанады.
Бала қауіпсіздігінің
құралы немесе Құлып
қосылады.
"Күнделікті қолдану"
тарауын қараңыз.
ҚАЗАҚ 19
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
және сан жанады.
Пеште ақау бар. Пешті сөндіріңіз де, қайта
30 секундтан кейін іске
қосыңыз. Егер қайта
жанса, пешті тоқ көзінен
ағытыңыз. 30 секундтан
кейін пешті қайта
қосыңыз. Ақаулық
жойылмаса уәкілетті
қызмет көрсету
орталығына
хабарласыңыз.
Үздіксіз сигнал естілуі
мүмкін.
Электр қосылымы дұрыс
емес.
Пешті электр желісінен
ажыратыңыз. Білікті
электршіге хабарласып,
қалай орнатылғанын
тексертіңіз.
8.2 Ақаулықты түзету шешімін
өзіңіз таба алмасаңыз...
Ақаулықты түзету шешімін өзіңіз таба
алмасаңыз, дилеріңізге не уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Техникалық ақпарат
тақтайшасындағы деректерді беріңіз.
Пешті дұрыс пайдаланғаныңызға көз
жеткізіңіз. Бұлай істемеген жағдайда,
қызмет көрсету орталығының технигі
немесе дилер көрсеткен қызмет,
кепілдік мерзімі кезінде де ақылы
болуы мүмкін. Қызмет көрсету
орталығына қатысты нұсқаулар мен
кепілдік шарттары кепілдік
кітапшасында берілген.
9. ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕК
9.1 Техникалық ақпарат
тақтайшасы
Үлгісі IPE6474KF Өнім нөмірі PNC 949 596 760 00
Түрі 61 B4A 04 AA 220 - 240 В / 400 В 2N 50 - 60 Гц
Индукция 7.35 кВт Германияда жасалған
Сер.№. ................. 7.35 кВт
ELECTROLUX
9.2 Пісіру алаңдарының сипаттамасы
Пісіру алаңы Номинальды
қуат (ең
жоғары қызу
параметрі)
[Вт]
PowerBoost
[Вт]
PowerBoost
ең көп
ұзақтық [мин]
Ыдыстың
диаметрі [мм]
Алдыңғы сол
жақ
2300 3200 10 125 - 210
www.electrolux.com20
/