Орнату
45
1. Жақсы орын табыңыз. Екі камералы тоңазытқышты оңай
пайдалатын жерге орнатыңыз.
2. Қондырғыны жылыту көздерінен, тікелей күн сəулесінен
немесе ылғалдықтан аулақ орнатыңыз.
3. Тоңазытқыш-мұздатқыштың ішіндегі ауа дұрыс айналуын
қамтамасыз ету үшін оның екі жағынан, сондай-ақ үстіңгі
жағынан жеткілікті ашық жер жəне артқы жағынан қабырғаға
дейін кемінде 2 дюйм (5 см) ашық жер қалдырыңыз.
4. Тоңазытқыштың сыртқы жағындағы дөңгелек
жапсырмаларды алып тастамаңыз. Олар технологиялық
саңылауларды жауып, безендіргіш рөл атқарады.
5. Вибрацияны болдырмау үшін қондырғыны түзету керек.
Қажет болса, еденнің қисықтығын түзету бұрамалар
арқылы жоққа шығарыңыз. Есіктің жабылуын жеңілдету
үшін алдыңғы жағы артқы жағынан сəл жоғары болу керек.
Корпусын сəл көтеріңкіресе, түзету бұрамалар оңай
бұралады. Қондырғыны жоғарлату үшін түзету
бұрамаларды сағат жүрісіне қарсы ( ) бұраңыз,
ал төмендеті үшін - сағат жүрісі бойымен ( ) бұраңыз.
6. Екі камералы тоңазытқышты мұқият тазартып, тасымалдау
кезінде жиналған барлық шаң-тозаңды сүртіп тастаңыз.
7. Мұз текшелерін салатын қалта жəне тағы басқалар сияқты
керек-жарақтарды өздерінің тиісті орындарына салыңыз.
Тасымалдау кезінде ықтимал зақымдануды болдырмау
үшін олардың бəрі бір орамаға салынады.
8. Қуат сымын (немесе шанышқыны) қуат көзіне қосыңыз.
Бір қуат көзіне басқа қондырғыларды қоспаңыз.
Екі камералы тоңазытқыш орнатылып болғаннан кейін
құнақы немесе мұздатылған азықты салар алдында,
оны қалыпты жұмыс температурасында тұрақтандыру
үшін 2-3 сағат беріңіз. Егер қуат шанышқысы ажыратылып
тұрса, қайта іске қосар алдында 5 минуттай күте тұрыңыз.
Енді екі камералы тоңазытқышыңыз іске дайын.
Орнату
Іске қосу
Құрылғы климаттық белдеуге қатысты қоршаған ортаның
шектеулі температура диапазонында пайдалану үшін арналған.
Диапазонның ең төменгі, ең жоғары шекарасынан шығып кетуге
болмайды. Сіздің құрылғыңызға сəйкес келетін климаттық
сынып, тоңазыту бөлігінің ішкі бүйір тарапындағы техникалық
мəліметтер тақтайшасында көрсетілген.
Климаттық
сынып
Қоршаған ортаның рұқсат
етілген температурасы
+10 С до 32 С
+18 С до 43 С
+18 С до 38 С
+16 С до 32 С
SN
N
T
ST
o
o
o
o
o
o
o
o
Климаттық
сынып