жеткізіңіз. Сай келмесе, электршіге
хабарласыңыз.
• Көп тармақты адаптерлер мен
ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
• Құрылғының ашасына және
сымына зақым келтірмеңіз. Қорек
сымын ауыстыру қажет болса, оны
міндетті түрде қызмет көрсету
орталығы жүзеге асыруға тиіс.
• Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан
кейін ғана жалғаңыз. Орнатып
болғаннан кейін ашаның қол
жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
• Қорек сымын немесе ашасын су
қолмен ұстамаңыз.
• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
• Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне
сай келеді.
2.3 Суға қосу
• Су түтіктеріне зақым келтірмеңіз.
• Жаңа түтіктерді немесе ұзақ уақыт
қолданылмаған түтіктерді орнату
алдында, жөндеу жұмыстарын
орындағаннан кейін немесе жаңа
құралдарды орнатқаннан кейін (су
өлшегіш құрал, т.б.) суды таза және
тұнық су аққанша ағызыңыз.
• Құрылғыны пайдалану барысында
немесе бірінші рет қолданғаннан
кейін ешбір су ағып тұрмағанына
көз жеткізіңіз.
2.4 Пайдалану
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, электр
қатері, күйіп қалу және өрт
қаупі, құрылғыны бүлдіріп
алу қаупі бар.
• Бұл үйде ғана қолдануға арналған
құрылғы.
• Жуғыш заттың орамындағы
қауіпсіздік нұсқауларын орындаңыз.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
• Кірден барлық темір заттардың
алынғанына көз жеткізіңіз.
• Құрылғының астына ағып кетуі
мүмкін суды құю үшін сауыт
қоймаңыз. Қолданылатын керек-
жарақтың түрін уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласып
біліңіз.
2.5 Сервис
• Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
• Тек ғана фирмалық қосалқы
бөлшектерді қолданыңыз.
2.6 Құрылғыны тастау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
• Құрылғыны электр және сумен
жабдықтау желісінен ажыратыңыз.
• Құрылғыға жақын орналасқан
электр сымын кесіп, қоқысқа
тастаңыз.
• Балалар немесе үй жануарлары
барабанға қамалып қалмас үшін
есіктің бекітпесін ағытып алыңыз.
• Құрылғыны Ескірген электр және
электроника құрылғыларын
тастауға (WEEE) арналған
жергілікті ережелерге сәйкес
тастаңыз.
ҚАЗАҚ 5