KAZ ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Аспапты қолданар алдында пайдалану бойынша нұсқаулықты мұқият оқып, оны ары қарай анықтама үшін сақтап қойыңыз.
Бұл аспап физикалық және психикалық шектеулері бар, бұл аспаппен жұмыс тәжірибесі жоқ адамдардың қолдануына арналмаған. Мұндай жағдайларда пайдаланушыға оның қауіпсіздігі
үшін жауап беретін адам алдын ала нұсқау беруі тиіс.
Аспапты алғаш қолданар алдында Сіздің ет тартқышыңыздың техникалық сипаттамаларының кестесінде көрсетілген электр қоректенуі Сіздің жергілікті желіңіздегі электр қоректендіруге
сәйкес келетінін тексеріңіз. Тек тұрмыстық мақсаттарда ғана қолдану керек. Аспап өнеркәсіптік пайдалануға арналмаған.
Аспапты тек осы нұсқаулықта сипатталғандай қолданған жөн.
Егер бұйым біраз уақыт 0ºC-ден төмен температурада болса, қосар алдында оны кем дегенде 2 сағат бөлме жағдайында ұстау қажет.
Құрылғыны желіге қосылып тұрғанда ашуға болмайды. Аспаптың айналмалы бөліктеріне тимеңіз! Аспапты Сіз қолданбасаңыз да, сонымен қатар тазалар алдында қоректендіру желісінен
үнемі өшіріп тұрыңыз. Электр тоғына ұрынбау үшін аспапты суға немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз.
Аспапты жұмсақ бетке орнатпаңыз, жұмыс кезінде үстіне мата немесе басқа материалдар жаппаңыз. Бұл желдетуді қиындатып, аспаптың сынуына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Балалардың аспапты қолдануына рұқсат етпеңіз. Қосулы аспапты қараусыз қалдырмаңыз.
Осы аспаптың жинағына кірмейтін керек-жарақтарды қолданбаңыз. Аспапқа азық-түлік қоймаңыз.
Қоректендіру бауының үшкір шеттер мен ыстық беттерге тимегенін қадағалаңыз. Аспапты ыстық газ немесе электр плитаға немесе жылу көздерінің қасына қоймаңыз.
Пышақпен абай болыңыз – ол өте өткір. Ауызға азық-түлікті саусақпен итермеңіз, ол үшін итергіш қолданыңыз.
Егер азық-түлік жүктеу аузында тұрып қалса, аппаратты өшіріп, жүздердің толық тоқтағанын күтіңіз де, оны желіден ажыратып, тұрып қалған заттарды шығару үшін ашыңыз.
Тасымалдау барысында аппаратты жүктеу ұяшығынан немесе жүктеу аузынан ұстамаңыз. Аппаратты екі қолмен корпусынан ұстаңыз.
Шұжықшалар мен кеббенеге арналған саптамаларды қолдануда пышақ пен торларды орнатыңыз. Электр бауы зақымдалған аспапты қолданбаңыз.
Ет тартқышта қатты азық-түлікті үгітпеңіз (сүйек, зімбір, жаңғақтар және т.б.)
Үздіксіз жұмыстың кеңес берілген ең көп уақыты – кем дегенде 10 минут міндетті үзіліспен 5 минуттан асырмай.
Егер қозғалтқышты қызудан қорғау жүйесі іске қосылса, аспап толық суығанша оны қоспаңыз.
Аспапты өздігіңізден жөндеуге тырыспаңыз. Аспап жұмысында ақаулар анықталған жағдайда жақын жердегі сервистік орталыққа жолығыңыз.
Аспапты қолдану барысында ет тартқыштың блогында кішігірім люфт болады, бұл ақау болып табылмайды.
Қозғалысты тоқтату үшін бекіткіш сақинаны қатты бұрамаңыз, бұл оның сынуына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Ет тартқыштың алынбалы металл бөлшектері (шнек, торлар, пышақ) қолданған соң тотығуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдайда және ақау болып табылмайды.
АЛҒАШ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА
Аспапты ашып, барлық жапсырмаларды алып тастаңыз. Аспаптың барлық құрамдастарының барын және зақымдардың жоғын тексеріңіз.
Аспапты «Тазалау және күту» тарауына сәйкес тазартыңыз. Моторлық блокты суға салмаңыз. Жинар алдында аспаптың барлық бөліктері кебуі тиіс.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТУ
Ет тартқышты өшіріп, қозғалтқыштың толық тоқтағанына көз жеткізіңіз. Аспапты электр желісінен ажыратыңыз. Жинаудың кері тәртібінде ашыңыз.
Алынбалы блоктың бекіткіш-түймешігін басып, ет тартқыштың блогын сағат тілімен бұрып, моторлы блоктан ажыратыңыз.
Ет тартқыштың барлық бөлшектерін пайдаланған соң бірден тазартыңыз.
Моторлы блок, электр қоректендіру бауы мен ашаны суға батырмаңыз. Моторлы блокты дымқыл матамен сүртіңіз.
Ет тартқыштың азық-түлікке тиген барлық бөлшектерін жуу құралымен жылы суға жуыңыз.
Тазалау үшін абразивті және хлорлы заттар немесе органикалық еріткіштер қолданбаңыз.
Аспаптың металл бөліктерін (торлар, пышақ, шнек, бекіткіш бұранда, ұяшық, алынбалы блок) ыдыс жуғыш мәшинеде жумаңыз!
Ет тартқыштың металл бөліктерін жуу үшін 40℃-ден жоғары температуралы ыстық су қолданбаңыз, өйткені бұл олардың тотығуын тездетеді.
Жуған соң металл бөліктерді құрғақ матамен сүртіңіз. Таза және кептірілген пышақ пен торларды өсімдік майына шыланған матамен сүртіңіз.