Electrolux EHL8840FOG Руководство пользователя

  • Здравствуйте! Я прочитал руководство пользователя для индукционной варочной панели Electrolux EHL8840FOG и готов ответить на ваши вопросы. В руководстве подробно описаны функции панели, такие как таймер, Power Boost и функция поддержания тепла, а также даны рекомендации по установке, использованию и уходу за устройством. Спрашивайте!
  • Как включить и выключить варочную панель?
    Какие типы посуды подходят для индукционной варочной панели?
    Что делать, если на панели появились трещины?
    Как очистить варочную панель?
МАЗМҰНЫ
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 38
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 39
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 41
4. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 43
5. ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 46
6. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 48
7. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 48
8. ОРНАТУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 50
9. ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 53
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар бойғы кәсіби тәжірибе мен
инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық
бұл құрылғыны жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын тамаша нәтижеге
қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет көрсету туралы ақпарат:
www.electrolux.com
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.RegisterElectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және фирмалық қосалқы
бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА КӨМЕК, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын болуын қамтамасыз етіңіз.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан табуға болады. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі
Ескерту / Абайлаңыз - Қауіпсіздік туралы маңызды мағлұмат.
Жалпы мағлұматтар менен кеңестер
Қорғаған ортаға зиян келдірмей пайдалану туралы нұсқаулар
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
ҚАЗАҚ 37
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге жеткізілген
нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Құрылғыны дұрыс
орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нәтижесінде адам жарақат
алса және ақаулық орын алса өндіруші жауапты емес.
Нұсқаулықты келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың қауіпсіздігі
Назарыңызда болсын!
Тұншығып қалу, жарақат алуы немесе мүгедек болып
қалу қаупі бар.
Бұл құрылғыны 8 жасқа толған және одан асқан балалар
және кемтар, сезім немесе ой-қабілетіне нұқсан келген
адамдар немесе тәжірибесі немесе білімі аз адамдар, өз
қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның бақылауында
болса пайдалана алады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз. 3 жасқа
толмаған балаларды құрылғының қасына қараусыз
қалдыруға болмайды.
Орам материалдарының барлығын балалардан алыс
ұстаңыз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол суып тұрғанда,
балалар мен үй жануарларын оған жақындатпаңыз.
Қолжетімді бөлшектері ыстық болады.
Егер құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен жабдықталса,
оны іске қосуды ұсынаыз.
Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын басқаның
бақылауынсыз орындамауға тиіс.
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Құрылғы мен оның қол жететін жердегі бөлшектері қолдану
барысында ысып тұрады. Қыздырғыш элементтерін
ұстамаңыз.
Құрылғыны сыртқы таймермен немесе бөлек қашықтан
басқару жүйесімен басқармаңыз.
38
www.electrolux.com
Май немесе өсімдік майы қосылған тағамды пештің үстіне
қараусыз қалдыру қауіпті және өрт шығуы мүмкін.
Өртті ешқашан сумен сөндіруге әрекет жасамаңыз, бұндай
жағдайда құрылғыны сөндіріп, содан кейін жалынды қақпақ
немесе өрт басқыш көрпе тәрізді затпен жабыңыз.
Пісіру алаңына зат сақтамаңыз.
Құрылғыны бумен тазалайтын құралмен тазаламаңыз.
Пышақ, шанышқы, қасық және қақпақ тәрізді темір заттарды
пештің үстіне қоймаңыз, себебі ысып кетеді.
Егер шыны керамика бетке сызат түссе, электр қатері пайда
болмас үшін құрылғыны сөндіріңіз.
Пайдаланып болғаннан кейін пеш үстінің элементін, ыдыс
анықтағышқа сүйенбей, оның басқару тетігімен сөндіріңіз.
2.
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
Назарыңызда болсын!
Бұл құрылғыны тек білікті маман ғана
орнатуға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе
іске қоспаңыз.
Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Осы құрылғы мен басқа құрылғылардың,
заттардың арасындағы ең аз қашықтықты
сақтаңыз.
Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі абай
болыңыз, себебі салмағы ауыр. Әрқашан
қорғаныс қолғабын киіңіз.
Кесілген беттерге ылғал кіріп үлкейтіп
жібермес үшін тығыздағышпен бітеңіз.
Құрылғының астыңғы жағын бу мен
ылғалдан қорғаңыз.
Құрылғыны есікке жақын жерге терезенің
астына қоймаңыз. Бұл есік немесе терезе
ашылған кезде ыстық ыдыс құрылғыдан
құлап кетпеу үшін қажет.
Егер құрылғыны тартпалардың үстіне
орнатсаңыз, құрылғының астыңғы жағы
мен үстіңгі тартпаның арасында ауа
ауысып тұруға жеткілікті орын қалуын
қамтамасыз етіңіз.
Жұмыс алаңы мен оның астыңғы
жағындағы құрылғының алдыңғы жағында
2 мм ауа алмасып тұруға арналған
орынның болуын қамтамасыз етіңіз. Ауа
алмасып тұруға қажетті саңылаудың
жеткіліксіз болуына байланысты орын
алған ақауларға өндіруші жауапты емес.
•Құрылғының астыңғы жағы ысып кетеді.
Құрылғының астыңғы жағын қол жетпейтін
етіп бітеу үшін тұтанбайтын оқшаулағыш
панель орнатуды ұсынамыз.
Электртоғына қосу
Назарыңызда болсын!
Өрт шығу және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
Электртоғына қосу жұмыстарының
барлығын білікті электрші ғана іске асыруға
тиіс.
Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау
қажет.
Қандай да бір жұмысты іске асырмай
тұрып, құрылғының электр желісінен
ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
ҚАЗАҚ 39
Дұрыс электр сымын пайдаланыңыз.
Электр сымдарының оратылуына жол
бермеңіз.
Құрылғыны жақын тұрған розеткаға
жалғаған кезде электр сымы немесе ашасы
(бар болса) ыстық құрылғыға немесе ыстық
ыдысқа тиіп кетпес үшін абай болыңыз
Құрылғының дұрыс орнатылғаныа көз
жеткізіңіз. Босап қалған және дұрыс
жалғанбаған электр сымы немесе ашасы
(бар болса) ағытпаны өте ысытып жіберуі
мүмкін.
Электр қатерінен сақтандыру құралының
орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Сымға деформацияға қарсы қапсырманы
пайдаланыңыз.
Құрылғының сымына немесе ашасына (бар
болса) зақым келтірмеу үшін абай
болыңыз. Зақым келген электр сымын
ауыстырту үшін қызмет көрсету
орталығына немесе электршіге
хабарласыңыз.
Электр жүйесі құрылғыны кез келген
полюсте ажыратуға мүмкіндік беретін
оқшаулағыш құралмен жабықталуға тиіс.
Оқшаулағыш құралдың контакт ара
қашықтығы кем дегенде 3 мм болуға тиіс.
Дұрыс оқшаулағыш құралдарды ғана
қолданыңыз. желіні қорғайтын
ажыратқыштар, сақтандырғыштар
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге тұйықталудан
қорғау тетіктері мен тұйықтағыштар.
2.2 Қолданылуы
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу, күйіп қалу немесе
электр тоғының қатеріне ұшырау
қаупі бар.
Ең алғаш пайдалану алдында барлық орам
материалын, жапсырмасын және қорғау
таспасын (бар болса) алыңыз.
Бұл тұрмыста қолдануға арналған құрылғы.
Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын
өзгертпеңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны назардан
тыс қалдырмаңыз.
Құрылғыны су қолмен іске қоспаңыз немесе
суға тиіп тұрған құрылғыны
пайдаланбаңыз.
Пісіру алаңдарына ас құралдарын немесе
кәстрөлдердің қақпақтарын қоймаңыз.
Қызып кетуі мүмкін.
Пісіру алаңын пайдаланып болған сайын
"off" (сөндіру) қалпына қойыңыз. Ыдыс
анықтағышқа сенбеңіз.
Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз.
Құрылғының бетіне сызат түссе, дереу тоқ
көзінен ағытыңыз. Бұл әрекет электр
қатеріне ұшырап қалуға жол бермейді.
Кардиостимуляторы бар адамдар құрылғы
іске қосылып тұрған кезде индукциялық
пісіру алаңдарынан кем дегенде 30 см
алыс тұруға тиіс.
Тағамды ыстық майға салғанда, май
шашырауы мүмкін.
Назарыңызда болсын!
Өрт немесе жарылыс шығу қаупі бар.
Тоңмайларды немесе майды қыздырған
кезде тұтанғыш бу пайда болады. Тоңмайға
немесе майға тамақ пісірген кезде қызған
заттарды немесе оттың жалынын алыс
ұстаңыз.
Қатты қызған майдан бөлініп шығатын бу,
кенет жарылыстың орын алуына себеп
болады.
Құрамында тағам қалдықтары бар
қолданылған май, бірінші рет қолданылып
отырған майға қарағанда, төмен
температурада өрт пайда болуға әкелуі
мүмкін.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш
зат салынған дымқыл заттарды
құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне
қоймаңыз.
Назарыңызда болсын!
Құрылғыны бүлдіріп алуыңыз мүмкін.
Басқару панеліне ыстық ыдыс қоймаңыз.
Ыдысты ішіндегісі сарқылғанша
қайнатпаңыз.
Құрылғының үстіне заттарды немесе
ыдыстарды құлатып алмаңыз. Құрылғының
бетіне зақым келуі мүмкін.
Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып немесе
ешбір ыдыс қоймай іске қоспаңыз.
Құрылғының үстіне алюминий жұқалтыр
қоймаңыз.
Құйылған шойыннан, алюминийден
жасалған немесе астына нұқсан келген
ыдыстар, шыны немесе шыны керамика
40
www.electrolux.com
бетке сызат түсіреді. Бұндай заттарды
құрылғының бетінде үнемі көтеріп жылжыту
керек.
2.3 Күту менен тазалау
Назарыңызда болсын!
Құрылғыны бүлдіріп алуыңыз мүмкін.
Құрылғының қаптамасының сапасы түспес
үшін мезгіл-мезгіл тазалаңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және
буды қолданбаңыз.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш
заттарды қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,
түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе темір
заттарды пайдаланбаңыз.
2.4 Құрылғыны тастау
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу немесе тұншығып қалу
қаупі бар.
Құрылғыны қоқысқа дұрыс тастауға
қатысты ақпаратты жергілікті әкімшілік
мекемеге хабарласып алыңыз.
Құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа
тастаңыз.
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
3.1 Жалпы көрінісі
1 2
3
5 4
1
Индукциялық пісіру алаңы
2
Индукциялық пісіру алаңы
3
Индукциялық пісіру алаңы
4
Басқару панелі
5
Индукциялық пісіру алаңы
3.2 Басқару панелінің көрінісі
1
43
5
6
7
8
9
10
2
4
ҚАЗАҚ 41
Құрылғыны іске қосу үшін сенсорлық өрістерді пайдаланыңыз. Бейнебеттер, индикаторлар
мен дыбыстық сигналдар қай функциялардың жұмыс жасайтынын көрсетеді.
Сенсорлық өріс Функция
1
Бейнебет Жұмыс істейтін функцияларды көрсетуге
арналған.
2
Басқару жолағы Қыздыру параметрлерін орнатуға арналған.
3
Таймер ( Automatic Counter , Power-off timer ,
Minute Minder ) параметрін орнатуға
арналған.
4
/ Параметрді орнатуға арналған.
5
OK Параметрлерді растауға арналған.
6
Құрылғыны іске қосуға және сөндіруге
арналған.
7
Connect Function функциясын қосуға және
сөндіруге арналған.
8
Басқару панелін құрсаулайды/құрсауын
ағытады.
9
STOP+GO функциясын іске қосады және
сөндіреді.
10
Power Boost функциясын іске қосуға
арналған.
3.3 Бейнебет
Бейнебеттер, индикаторлар мен дыбыстық
сигналдар қай функцияның жұмыс
жасайтынын көрсетеді.
F
G
B
A
C
D
E
A)
Пісіру алаңдары
B)
Automatic Counter
C)
Power-off timer
D)
Minute Minder
E)
Minute Minder индикаторы
F)
Түймешік бекітпесі функциясы іске
қосылады.
G)
функциясы жұмыс істейді.
Бейнебеттегі пісіру алаңы Сипаттама
12
15:23
Пісіру алаңы жұмыс істейді. Жоғары: қызу параметрі, төмен:
таймер.
Keep Warm / STOP+GO функциясы іске қосылады.
P
Power Boost іске қосылады.
42
www.electrolux.com
Бейнебеттегі пісіру алаңы Сипаттама
POWER
Power Boost жұмыс істейді.
6
Алаң параметрі реттеліп тұр.
?
Пісіру алаңында ешбір ыдыс жоқ.
A
Автоматты түрде қыздыру функциясы жұмыс істейді.
OptiHeat Control. Пісіру алаңы сөндірулі. Өлшем мен түс
қалдық қызуды көрсетеді:
Үлкен қызыл - әлі пісіп жатыр
Үлкен ашық қызыл - жылы ұстау
Кішкене ашық қызыл - әлі ыстық
Кішкене ақ - пісіру алаңы суық
3.4 Қалдық қызу
Назарыңызда болсын!
Пісіру циклінен кейін пісіру алаңы
ыстық болып тұрады. Күйіп қалу қаупі
бар!
Индукция арқылы пісіретін алаңдар, тағам
пісіруге қажетті қызуды ыдыстың түбіне тура
бағыттайды. Ыдыстың қызуы пештің керамика
бетін қыздырады.
4. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
4.1 Қосу және сөндіру
Құрылғыны қосу немесе сөндіру үшін
белгісін 1 секунд басыңыз.
4.2 Автоматты түрде сөндіру
Функция құрылғыны төмендегі жағдайларда
автоматты түрде тоқтатады:
Барлық пісіру алаңдары сөндірулі болса.
Құрылғыны іске қосқан соң қызу параметрін
орнатпасаңыз.
Басқару панеліне бір нәрсе төгіліп қалса
немесе ол 10 секундтан артық (ыдыс, киім
т.с.с.) жабық қалса. Дыбыстық сигнал біраз
уақыт естіліп тұрады да, құрылғы сөнеді.
Заттарды алыңыз немесе басқару панелін
тазалаңыз.
Құрылғы қатты қызып кетсе (мысалы,
кәстрөлдің ішіндегісі сарқылғанша
қайнаса). Пештің үстін қайта іске қоспас
бұрын пісіру алаңын суытып алу керек.
Егер сай келмейтін ыдыс пайдаланылса. ?
белгісі жанып, пісіру алаңы 2 минуттан
кейін автоматты түрде сөнеді.
Пісіру алаңын тоқтатпасаңыз немесе қызу
параметрін өзгертпесеңіз. Біраз уақыт
өткеннен кейін құрылғы сөнеді. Кестеге
қараңыз.
Қызу параметрі мен Автоматты түрде
сөндіру функциясы уақыттарының ара
қатынасы:
1 — 3 — 6 сағат
4 — 7 — 5 сағат
8 — 9 — 4 сағат
10 — 14 — 1.5 сағат
4.3 Тілді таңдау
Тілді өзгерту үшін құрылғыны арқылы іске
қосып, содан кейін OK белгісін түртіңіз. Тіл
мәзірін көрсеткінің көмегімен орнатыңыз. OK
белгісін түртіп құптаңыз. Бейнебетте тілдер
тізімі көрсетіледі. Тілді орнату үшін
немесе
түймешігін басыңыз. OK белгісін түртіп
құптаңыз.
ҚАЗАҚ 43
4.4 Қызу параметрі
Қызу параметрінің басқару жолағын түртіңіз.
Параметрді өзгерту үшін саусағыңызды
басқару жолағының үстімен сырғытыңыз.
Дұрыс қызу параметрі орнатылмайынша
босатпаңыз.
4.5 Connect Function
Connect Function функциясын Infinite
Plancha керек-жарағымен бірге
қолданыңыз
3)
.
Connect Function функциясы ыдыстың
астындағы екі оң пісіру алаңын біріктіріп, бір
пісіру алаңы ретінде жұмыс істеткізеді.
Алдымен пісіру алаңдарының біріне қызу
параметрін орнатыңыз.
Connect Function функциясын іске қосу үшін
белгісін түртіңіз. Қызу параметрін орнату
немесе өзгерту үшін басқару сенсорларының
бірін түртіңіз.
Connect Function функциясын ажырату үшін
белгісін түртіңіз. Пісіру алаңдары дербес
жұмыс істейді.
4.6 Автоматты түрде қыздыру
Автоматты түрде қыздыру функциясын
қоссаңыз, қызу параметрінің қажетті мәніне
жылдамырақ жетуге болады. Бұл функция
біраз уақыт (сызбаны қараңыз) қыздыру
параметрінің ең жоғары мәнін орнатады да,
содан кейін қажетті қыздыру параметріне
дейін түсіреді.
Пісіру алаңын автоматты түрде қыздыру
функциясымен бірге бастау үшін:
1.
түймешігін басыңыз. (бейнебетте
жанады).
2.
Қажетті қыздыру параметріне дереу
басыңыз. 3 секундтан кейін бейнебетте
жанады.
Функцияны тоқтату үшін қызу параметрін
өзгертіңіз.
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
0
1 2 3 4 5 6 7 8 9 101112 1314
4.7 Power Boost
Power Boost функциясы индукциялық пісіру
алаңдарының қуатын көбейтеді. Power Boost
функциясын шамалы уақыт ғана қосып қоюға
болады ("Техникалық ақпарат" тарауын
қараңыз). Содан кейін индукциялық пісіру
алаңы автоматты түрде ең жоғары қызу
параметріне қойылады.
Функцияны іске қосу үшін
белгісін түртіңіз.
Шеңбердегі
жанады. Пісіру алаңы қатты
қыза бастаған кезде, шеңбердің түсі өзгереді.
Функцияны тоқтату үшін қызу параметрін
өзгертіңіз.
4.8 Қуатты басқару
Қуатты басқару жүйесі, қуатты жұптасып
тұрған пісіру алаңдарына бөліп таратады
(суретке қараңыз). Power Boost функциясы
жұпқа кіретін пісіру алаңдарының бірінің
қуатын максимум деңгейге қояды. Екінші
пісіру алаңындағы қуат автоматты түрде
азаяды. Қуаты азайған алаңның қызу
параметрін көрсететін бейнебетінде екі
деңгей кезек-кезек көрсетіліп тұрады.
3)
Infinite Plancha керек-жарағы құрылғымен бірге жеткізілмейді. Қосымша ақпаратты жергілікті
жабдықтаушыға хабарласып алыңыз.
44
www.electrolux.com
Бала қауіпсіздігінің құралын ажырату
Құрылғыны
арқылы іске қосыңыз.
белгісін, содан кейін OK белгісін
түртіңіз.
Бала қауіпсіздігінің құралын бір пісіру уақыты
үшін ғана ажыратып қою
Құрылғыны
арқылы іске қосыңыз.
белгісін және белгісін түртіңіз.
Қызу параметрін 10 секунд ішінде
орнатыңыз. Құрылғыны іске қосуға болады.
Құрылғыны
арқылы сөндірген кезде,
Бала қауіпсіздігінің құралы қайта іске
қосылады.
4.13 Сигналдарды сөндіру және
іске қосу
Құрылғыны іске қосыңыз. OK белгісін түртіп,
содан кейін меңзерлі түймешіктің көмегімен
сигналдар мәзірін таңдаңыз. OK белгісін
түртіп құптаңыз. Параметрді меңзерлердің
көмегімен орнатыңыз. OK белгісін түртіп
құптаңыз.
Осы функция жұмыс істеп тұрғанда, тек
төмендегі жағдайларда дыбыс шығады:
түрткенде
Minute Minder төмендейді
Power-off timer сөнеді
басқару панеліне бір нәрсе қойылғанда.
5. ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР
ИНДУКЦИЯЛЫҚ ПІСІРУ АЛАҢДАРЫ
Индукциялық пісіру алаңдарында, электр-
магнитті өріс ыдыс ішінде жылдам қызу пайда
болдырады.
5.1 Индукциялық пісіру алаңдарына
арналған ыдыс-аяқ
Индукциялық пісіру алаңына дұрыс
ыдыс қойып пайдаланыңыз.
Ыдыс-аяқтың материалы
жарамды: шойын, темір, эмальмен
қапталған болат, тоттанбайтын темір,
табаны көп қабаттан тұратын ыдыс
(өндіруші тарапынан жарамдылығы
көрсетілген).
жарамсыз: алюминий, мыс, сары мыс,
шыны, керамика, фарфор.
Ыдыс индукциялық пісіру алаңына сай келеді,
егер ...
... жоғары қызу параметрі орнатылған пісіру
алаңындағы аз су жылдам қайнап кетсе.
... ыдыстың түбіне магнитке жабысса.
Ыдыстың табаны барынша қалың,
барынша тегіс болуы керек.
5.2 Пісіру алаңдарын пайдалану
МАҢЫЗДЫ
Ыдысты пісіру алаңының бетіндегі айқышқа
қойыңыз. Айқышты ыдыспен толық жабыңыз.
Ыдыстың магнитті табаны кем дегенде 125
мм болуға тиіс. Индукциялық пісіру алаңдары,
ыдыс табанының өлшеміне автоматты түрде
бейімделеді. Үлкен ыдысты екі пісіру алаңына
қатар қойып, оларды бір уақытта
қолдануыңызға болады.
5.3 Жұмыс кезіндегі шуыл
Егер
сыртылдаған дыбыс естісеңіз: ыдыс әр
түрлі материалдардан жасалған (көп
қатпарлы құрылма).
ысқырған дыбыс: бір немесе бірнеше пісіру
алаңдарын жоғары қуат деңгейлерінде
пайдаланғансыз және ыдыс әр түрлі
материалдардан жасалған (көп қатпарлы
құрылма).
гуілдеу: жоғары қуат деңгейлерін
пайдаланғансыз.
шыртылдау: электр тоғы қосылып-
ажыратылады.
46
www.electrolux.com
ысылдау, ызыңдау: желдеткіш жұмыс
істейді.
Бұл шуыл түрлері қалыпты жайт және
құрылғының ақаулығына жатпайды.
5.4 Қуат үнемдеу
Қуатты үнемдеу жолдары
Егер мүмкіндік болса, ыдысқа әрқашан
қақпақ жабыңыз.
Пісіру алаңын ыдысты үстіне қойғаннан
кейін ғана іске қосыңыз.
Тағамды жылы ұстау немесе жібіту үшін
қалдық қызуды пайдаланыңыз.
Пісіру алаңының тиімділігі
Пісіру алаңының тиімділігі ыдыстың
диаметріне байланысты. Диаметрі көрсетілген
ең кіші диаметрден кіші ыдыс, пісіру алаңынан
бөлінетін қуаттың бір бөлігін ғана қабылдай
алады. Ең кіші диаметр мәндерін Техникалық
ақпарат тарауынан қараңыз.
5.5 Öko Timer (Эко таймері)
Қуатты үнемдеу үшін пісіру алаңының
қыздырғышы кері санақ таймерінің
сигналы естілмей тұрып сөнеді.
Жұмыс істеу уақытының әр түрлі
болуы қызу параметріне және пісіру
уақытына байланысты.
5.6 Тағам пісіру үлгілері
Қызу параметрі мен пісіру алаңының қуатты
тұтыну мәні өзара тура байланысты емес.
Қызу параметрінің мәнін көбейткен кезде,
пісіру алаңының қуатты тұтыну мәні
пропорциональды түрде көбеймейді.
Сондықтан да, орташа қызу параметрін
қолданатын пісіру алаңы, өз қуатының
жартысынан азын жұмсайды.
Кестедегі деректер жалпылама
нұсқау ретінде ғана берілген.
Қыз
у
пар
аме
трі
Пайдалану: Уақыт Ақыл-кеңес Қуат
шығысының
номинальды
мәні
1
Піскен тағамды жылы
күйде ұстау
қажетіне
орай
Ыдыстың қақпағын
жабыңыз
3 %
1 - 3 Голланд тұздығы,
балқытылған: сары май,
шоколад, желатин
5 - 25 мин Ара-тұра
араластырыңыз
3 – 8 %
1 - 3 Қойылту: шайқалған
омлет, піскен жұмыртқа
10 - 40 мин Қақпағын жауып пісіру
керек
3 – 8 %
3 - 5 Күріш және сүтке
пісірілген тағамдарды,
дайын тағамдарды
жылыту
25 - 50 мин Күріштен кем дегенде
екі есе артық су
құйыңыз, сүт
тағамдарын арасында
араластырыңыз
8 – 13 %
5 - 7 Буға піскен көкөніс,
балық, ет
20 - 45 мин Бірнеше ас қасық
сұйықтық қосыңыз
13 – 18 %
7 - 9 Буға піскен картоптар 20 - 60 мин 750 г картопқа ең көбі ¼
л су пайдаланыңыз
18 – 25 %
7 - 9 Көп мөлшердегі
тағамдар, бұқтырылған
тағамдар мен көже пісіру
60 - 150 мин 3 литрге дейін су және
құраластар
18 – 25 %
ҚАЗАҚ 47
Қыз
у
пар
аме
трі
Пайдалану: Уақыт Ақыл-кеңес Қуат
шығысының
номинальды
мәні
9 -
12
Сәл қуыру: эскалоп,
"кордон блё" бұзау еті,
риссоль, котлет, шұжық,
бауыр, майға қуырылған
ұн, жұмыртқа, құймақ,
бауырсақ
қажетіне
орай
Орта тұсында
аударыңыз
25 – 45 %
12 -
13
Қатты қуыру, қуырылған
картоп, қоң ет,
бифштекстер
5 - 15 мин Орта тұсында
аударыңыз
45 – 64 %
14 Суды қайнату, макарон пісіру, етті қызартып қуыру (гуляш,
бұқтырып пісіру), фри
100 %
Суды көп мөлшерде қайнатыңыз. Қуат функциясы қосылып тұр.
6. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Құрылғыны әр пайдаланғаннан кейін тазалап
отырыңыз.
Ыдысты қолданғанда табаны әрқашан таза
болсын.
Шыны керамикаға түскен сызаттар
немесе қошқыл дақтар құрылғының
жұмысына ешқандай әсер етпейді.
Қоқысты тазалау үшін:
•–Дереу тазалаңыз: балқыған пластик,
пластик жұқалтыр және қант қосылған
тағам. Дереу тазаламасаңыз, құрылғыны
бүлдіріп алуыңыз мүмкін.
Құрылғы жеткілікті түрде суыған кезде
алыңыз:әк дақтары, су дақтары, май
дақтары, металдың жылтыраған
дақтары. Шыны керамикаға арналған
арнайы тазалағыш затты қолданыңыз.
Пештің үстінде көлденең кертіктер бар.
Құрылғыны дымқыл шүберек пен шамалы
жуғыш затты қолданып, солдан оңға қарай
баппен сүртіп тазалаңыз.
•Соңында құрылғыны таза шүберекпен
әбден құрғатыңыз.
7. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Қрылғыны қосып, немесе
пайдалана алмайсыз.
Құрылғыны қайта іске
қосыңыз да, қызу
параметрін 10 секундтан аз
уақыт ішінде орнатңыз.
Бір уақытта 2 немесе одан
да көп сенсорлық өрістерді
басып қойғансыз.
Бір ғана сенсорлық өрісті
басыңыз.
48
www.electrolux.com
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
STOP+GO функциясы
жұмыс істейді.
"Күнделікті пайдалану"
тарауын қараңыз.
Басқару панеліне су немесе
май шашыраған.
Басқару панелін тазалаңыз.
Дыбыстық сигнал естіліп,
құрылғы сөнеді.
Құрылғы сөнген кезде
дыбыстық сигнал естіледі.
Бір немесе бірнеше
сенсорлық өріске зат
қойылған.
Сенсорлық өрістердегі
заттарды алыңыз.
Қалдық жылу
индикаторының түсі
өзгермейді.
Пісіру алаңы ыстық емес,
себебі ол аз уақыт ғана
қосылып тұрған.
Егер пісіру алаңы
қызатындай ұзақ жұмыс
істесе, қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Автоматты қыздыру
функциясы іске
қосылмайды.
Пісіру алаңы ыстық. Пісіру алаңын әбден
салқындатып алыңыз.
Қызу параметрінің ең
жоғары мәні орнатылған.
Ең жоғары қызу
параметрінің қуаты,
автоматты түрде қыздыру
функциясының қуатымен
бірдей.
Екі қызу параметрі ауысып
көрсетіледі.
Қуатты басқару функциясы
іске қосылған.
"Қуатты басқару" тарауын
қараңыз.
Сенсорлық өрістер қызып
кетеді.
Тым үлкен ыдыс
қолданылған немесе
ыдыстар басқару
құралдарына тым жақын
қойылған.
Қажет болса, үлкен
ыдыстарды артқы пісіру
алаңдарына қойыңыз.
Сенсорлық өрістерді
түрткен кезде ешбір сигнал
естілмейді.
Дыбыстық сигналдар
өшірулі.
Сигналдарды қосыңыз
("Дыбыстық сигналдарды
сөндіру және қосу" тарауын
қараңыз).
Өңдік жарық қосулы, бірақ
бейнебеттің контрасты
нашар.
Бейнебетке ыстық ыдыс
қойылған.
Затты алыңыз да,
құрылғыны әбден
суытыңыз. Контраст
айқындалмаса, қызмет
көрсету орталығына
хабарласыңыз.
II және жазу пайда болады. Автоматты түрде
ажыратқыш қосылады.
Құрылғыны ажыратыңыз да,
қайтадан іске қосыңыз.
жанады.
Бала қауіпсіздігінің құралы
немесе Құлып функциясы
іске қосылады.
"Күнделікті пайдалану"
тарауын қараңыз.
? жанады. Пісіру алаңында ешқандай
ыдыс жоқ.
Пісіру алаңына ыдыс
қойыңыз.
Сай келетін ыдыс
қолданылмаған.
Дұрыс ыдысты
пайдаланыңыз.
ҚАЗАҚ 49
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Ыдыс түбінің диаметрі пісіру
алаңы үшін тым кішкене.
Өлшемі сай келетін ыдысты
пайдаланыңыз.
Ыдыс айқыштың / текшенің
үстіне қойылмаған.
Айқышты / текшені ыдыспен
толық жабыңыз.
E және сан жанады. Құрылғыда ақау бар. Құрылғыны электр желісінен
біраз уақыт ажырата
тұрыңыз. Сақтандырғышты
электр желісінен ағытып
қойыңыз. Қайта қосыңыз.
Егер E қайта көрініс берсе,
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
E4 жанады. Құрылғыда ақау пайда
болды, себебі ыдыстың
ішіндегісі таусылғанша
қайнайды. Пісіру
алаңдарына арналған,
қатты қызып кетуден
сақтандыру функциясы мен
Автоматты түрде ажырату
функциясы іске қосылған.
Құрылғыны сөндіріңіз.
Ыстық ыдысты алыңыз.
Шамамен 30 секунд
өткеннен кейін пісіру
алаңын қайта қосыңыз.
Ақаулық ыдысқа
байланысты болса,
бейнебеттен ақаулыққа
қатысты жазу көрінбей
кетеді де, қалдық қызу
индикаторы жанған қалпы
тұрады. Ыдыс әбден
суығанша күтіңіз де,
ыдыстың осы құрылғыға сай
келетін-келмейтінін тексеру
үшін "Индукциялық пісіру
алаңдарына арналған
ыдыс-аяқ" тарауын қараңыз.
Егер жоғарыда берілген шешімдерді
қолданып ақаулықты түзете алмасаңыз,
дилеріңізге немесе қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз. Техникалық
ақпарат тақтайшасындағы деректерді, шыны
керамиканың үш саннан тұратын нөмірін,
(шынының бетіндегі бұрышта) және ақаулық
орын алғанда көрсетілген хабарды беріңіз.
Құрылғыны іске дұрыс қосқаныңызға көз
жеткізіңіз. Бұлай істемеген жағдайда, қызмет
көрсету орталығының технигі немесе дилер
көрсеткен қызмет, кепілдік мерзімі кезінде де
ақылы болуы мүмкін. Тұтынушыға қызмет
көрсетуге қатысты нұсқаулар мен кепілдік
шарттары кепілдік кітапшасында берілген.
8. ОРНАТУ
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Орнату алдында
Құрылғыны орнатуға кіріспей тұрып,
техникалық ақпарат тақтайшасында
көрсетілген келесі деректерді жазып алыңыз.
Техникалық ақпарат тақтайшасы құрылғы
корпусының астыңғы жағында орналасқан.
Үлгі ...........................
Құрылғының нөмірі (PNC) .............................
Сериялық нөмірі ....................
50
www.electrolux.com
8.1 Кіріктірілген құрылғылар
Кіріктірілген құрылғыларды, аспапты дұрыс
қондырылған құрылғыларға және
стандартты талаптарға сай келетін жұмыс
беттеріне құрастырғаннан кейін ғана
пайдаланыңыз.
8.2 Қосылым сымы
Құрылғы электр қосылымы сымымен
жабдықталған.
Бүлінген қорек сымын арнайы сымға
(H05BB-F Tмакс. 90°C; немесе жоғары)
ауыстырыңыз. Жергілікті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
8.3 Құрастыру
min.
50mm
min.
500mm
min.
2mm
< 20 mm
min. 2 mm
A
B
A
12 mm
28 mm
38 mm
B
57 mm
41 mm
31 mm
min
30 mm
min. 500 mm
> 20 mm
min. 2 mm
A
B
A
12 mm
28 mm
38 mm
B
57 mm
41 mm
31 mm
min. 500 mm
R 5mm
min.
55mm
490
+1
mm
750
+1
mm
min.
12 mm
min.
2 mm
ҚАЗАҚ 51
min.
38 mm
min.
2 mm
R 5mm
min.
55mm
490
+1
mm
750
+1
mm
min.
12 mm
min.
2 mm
min.
38 mm
min.
2 mm
Егер қорғаныс қорабын қолдансаңыз
(қосымша керек-жарақ
1)
), алдыңғы жақтан 2
мм орын қалдыру және құрылғының тура
астында қорғаныс еденінің болуы қажет емес.
Егер құрылғыны тұмшапештің үстіне
орнатсаңыз, қорғағыш қорапты қолдана
алмайсыз.
1)
Керек-жарақ болып есептелетін қорғаныс қорабы кей елдерде берілмеуі мүмкін. Жергілікті
жабдықтаушыға хабарласыңыз.
52
www.electrolux.com
9. ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ
Modell EHL8840FOG Prod.Nr. 949 596 051 00
Typ 58 GBD C3 AU 220 - 240 В 50 - 60 Гц
Induction 7,4 кВт Made in Germany
Ser.Nr. .......... 7,4 кВт
Electrolux
Пісіру алаңдарының қуаты
Пісіру алаңы Номинальды
қуат (ең жоғары
қызу параметрі)
[Вт]
Қуат функциясы
қосылған [Вт]
Қуат
функциясының
макс. жұмыс
істеу уақыты
[мин]
Ыдыстың ең
кіші диаметрі
[мм]
Артқы оң жақ 2300 Вт 3200 Вт 10 125
Алдыңғы оң жақ 2300 Вт 3200 Вт 10 125
Артқы сол жақ 2300 Вт 3200 Вт 10 125
Алдыңғы сол
жақ
2300 Вт 3200 Вт 10 125
Пісіру алаңдарының қуаты кестеде
көрсетілген мәндерден сәл ғана өзгеше
болуы мүмкін. Бұл мәндер ыдыстың
материалы мен өлшемдеріне байланысты
өзгереді.
10. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЗИЯН КЕЛДІРМЕУ ТУРАЛЫ
МАҒЛҰМАТТАР
Белгі
салынған материалдарды қайта
өңдеуден өткізуге тапсырыңыз. Орам
материалдарын қайта өңдеуден өткізу үшін
тиісті контейнерлерге салыңыз.
Электрлік және электроникалық
құрылғылардың қалдығын қайта өңдеуден
өткізу арқылы, қоршаған ортаға және
адамның денсаулығына зиын келтіретін
жағдайларға жол бермеуге өз үлесіңізді
қосыңыз. Белгі
салынған құрылғыларды
тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз.
Өнімді жергілікті қайта өңдеу орталығына
өткізіңіз немесе жергілікті мекемеге
хабарласыңыз.
ҚАЗАҚ 53
/