• Дұрыс электр сымын пайдаланыңыз.
• Электр сымдарының оратылуына жол
бермеңіз.
• Құрылғыны жақын тұрған розеткаға
жалғаған кезде электр сымы немесе ашасы
(бар болса) ыстық құрылғыға немесе ыстық
ыдысқа тиіп кетпес үшін абай болыңыз
• Құрылғының дұрыс орнатылғаныа көз
жеткізіңіз. Босап қалған және дұрыс
жалғанбаған электр сымы немесе ашасы
(бар болса) ағытпаны өте ысытып жіберуі
мүмкін.
• Электр қатерінен сақтандыру құралының
орнатылғанына көз жеткізіңіз.
• Сымға деформацияға қарсы қапсырманы
пайдаланыңыз.
• Құрылғының сымына немесе ашасына (бар
болса) зақым келтірмеу үшін абай
болыңыз. Зақым келген электр сымын
ауыстырту үшін қызмет көрсету
орталығына немесе электршіге
хабарласыңыз.
• Электр жүйесі құрылғыны кез келген
полюсте ажыратуға мүмкіндік беретін
оқшаулағыш құралмен жабықталуға тиіс.
Оқшаулағыш құралдың контакт ара
қашықтығы кем дегенде 3 мм болуға тиіс.
• Дұрыс оқшаулағыш құралдарды ғана
қолданыңыз. желіні қорғайтын
ажыратқыштар, сақтандырғыштар
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге тұйықталудан
қорғау тетіктері мен тұйықтағыштар.
2.2 Қолданылуы
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу, күйіп қалу немесе
электр тоғының қатеріне ұшырау
қаупі бар.
• Ең алғаш пайдалану алдында барлық орам
материалын, жапсырмасын және қорғау
таспасын (бар болса) алыңыз.
• Бұл тұрмыста қолдануға арналған құрылғы.
• Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын
өзгертпеңіз.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғыны назардан
тыс қалдырмаңыз.
• Құрылғыны су қолмен іске қоспаңыз немесе
суға тиіп тұрған құрылғыны
пайдаланбаңыз.
• Пісіру алаңдарына ас құралдарын немесе
кәстрөлдердің қақпақтарын қоймаңыз.
Қызып кетуі мүмкін.
• Пісіру алаңын пайдаланып болған сайын
"off" (сөндіру) қалпына қойыңыз. Ыдыс
анықтағышқа сенбеңіз.
• Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз.
• Құрылғының бетіне сызат түссе, дереу тоқ
көзінен ағытыңыз. Бұл әрекет электр
қатеріне ұшырап қалуға жол бермейді.
• Кардиостимуляторы бар адамдар құрылғы
іске қосылып тұрған кезде индукциялық
пісіру алаңдарынан кем дегенде 30 см
алыс тұруға тиіс.
• Тағамды ыстық майға салғанда, май
шашырауы мүмкін.
Назарыңызда болсын!
Өрт немесе жарылыс шығу қаупі бар.
• Тоңмайларды немесе майды қыздырған
кезде тұтанғыш бу пайда болады. Тоңмайға
немесе майға тамақ пісірген кезде қызған
заттарды немесе оттың жалынын алыс
ұстаңыз.
• Қатты қызған майдан бөлініп шығатын бу,
кенет жарылыстың орын алуына себеп
болады.
• Құрамында тағам қалдықтары бар
қолданылған май, бірінші рет қолданылып
отырған майға қарағанда, төмен
температурада өрт пайда болуға әкелуі
мүмкін.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш
зат салынған дымқыл заттарды
құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне
қоймаңыз.
Назарыңызда болсын!
Құрылғыны бүлдіріп алуыңыз мүмкін.
• Басқару панеліне ыстық ыдыс қоймаңыз.
• Ыдысты ішіндегісі сарқылғанша
қайнатпаңыз.
• Құрылғының үстіне заттарды немесе
ыдыстарды құлатып алмаңыз. Құрылғының
бетіне зақым келуі мүмкін.
• Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып немесе
ешбір ыдыс қоймай іске қоспаңыз.
• Құрылғының үстіне алюминий жұқалтыр
қоймаңыз.
• Құйылған шойыннан, алюминийден
жасалған немесе астына нұқсан келген
ыдыстар, шыны немесе шыны керамика
40
www.electrolux.com