Electrolux EWW51676HW Руководство пользователя

  • Здравствуйте! Я прочитал руководство пользователя для стирально-сушильной машины Electrolux EWW 51676 HW и готов ответить на ваши вопросы. В руководстве подробно описаны различные режимы стирки и сушки, функции машины, советы по уходу и устранению неполадок. Спрашивайте!
  • Как выбрать подходящий режим стирки?
    Как использовать функцию отложенного запуска?
    Что делать, если машина выдает код ошибки?
    Как очистить фильтр насоса?
EWW 51676 HW
KK ЖУҒЫШ-КЕПТІРГІШ
МАШИНА
ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ
НҰСҚАУЛАРЫ 2
UK ПРАЛЬНА МАШИНА ІЗ
СУШКОЮ
ІНСТРУКЦІЯ 36
МАЗМҰНЫ
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ....................................................................................... 4
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ............................................................................ 7
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ................................................................................. 8
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ.............................................................................................9
5. БАҒДАРЛАМАЛАР ......................................................................................... 10
6. ПАЙДАЛАНУ КӨЛЕМІ.....................................................................................15
7. ФУНКЦИЯЛАР.................................................................................................15
8. ПАРАМЕТРЛЕР...............................................................................................17
9. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН.....................................................................17
10. КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ - ТЕК ЖУУ.........................................................18
11. КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ - ТЕК КЕПТІРУ..................................................22
12. КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ - ЖУУ ЖӘНЕ КЕПТІРУ.....................................23
13. АҚЫЛ-КЕҢЕС................................................................................................ 25
14. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ............................................................................... 27
15. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ...................................................................................31
16. ЕСІКТІ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДА АШУ............................................................34
17. ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМА........................................................................35
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар
бойғы кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны
таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны
жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын
тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет
көрсету туралы ақпарат:
www.electrolux.com
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registerelectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және
фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын
болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты
Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
www.electrolux.com2
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
ҚАЗАҚ 3
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау
нәтижесінде адам жарақат алса және ақаулық орын
алса өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты
келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың
қауіпсіздігі
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Тұншығып қалу, жарақат алуы немесе кемтар
болып қалу қаупі бар.
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен
денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым
келген адамдар не тәжірибесі аз адамдар өз
қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның
қадағалауы немесе құрылғыны қауіпсіз қолдану
бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс
қолданбау салдарын түсінсе қолдануына болады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
3 жасқа толмаған балаларды үнемі қарап
отырмаған жағдайда құрылғыдан алыс ұстау керек.
Орам материалдарының барлығын балалардан
алыс ұстаңыз.
Жуғыш заттардың барлығын балалардан алыс
ұстаңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар мен үй
жануарларын алыс ұстаңыз.
Құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен
жабдықталса, оны іске қосуды ұсынамыз.
Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын
басқаның бақылауынсыз орындамауға тиіс.
www.electrolux.com4
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын
өзгертпеңіз.
Бұл құрылғыны жеке орнатуға немесе дұрыс орын
қалдыра отырып, ас үй қаптамасына орнатуға
болады.
Құрылғыны бекітілетін есіктің, сырғыма есіктің
артына немесе топсасы керісінше орналасқан,
құрылғының есігін толық ашуға кедергі жасайтын
жерлерге орнатпаңыз.
Құрылғының ашасын розеткаға тек құрылғыны
орнатып болғаннан кейін ғана жалғаңыз. Орнатып
болғаннан кейін ашаның қол жететін жерде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Табанындағы желдеткіш саңылауларға (егер бар
болса) кілем кедергі жасамауға тиіс.
Басқа жанармай қолданылатын құрылғылардан,
сондай-ақ ашық оттан бөлінетін шығынды газдар
қайта бөлмеге кірмес үшін, құрылғы орнатылған
бөлменің жақсы желдетілуін қамтамасыз етіңіз.
Шығасын ауаны құрылғыдан жанған газды немесе
басқа отын түрінің шығарынды түтіндерін шығаруға
арналған түтіктен шығаруға болмайды (егер бар
болса).
Судың жұмыс кезіндегі қысымы (ең аз және ең көп)
0,5 бар (0,05 МПа) және 8 бар (0,8 МПа) арасында
болуға тиіс.
Ең көп салмақ 7 кг көрсетілімін орындаңыз
("Бағдарлама кестесі" тарауын қараңыз).
Құрылғыны жаңа түтіктер жинағын пайдаланып, су
жүйесіне қосу керек. Ескі түтіктерді қайта
пайдалануға болмайды.
Егер қуат cымына зақым келсе, қатерден сақтану
үшін оны өндіруші немесе уәкілетті қызмет көрсету
орталығы немесе сол сияқты білікті маман
ауыстыруға тиіс.
ҚАЗАҚ 5
Құрылғының айналасына жиналып қалған қыл-
қыбырды тазалаңыз.
Тағам пісіретін май, ацетон, алкоголь, бензин,
керосин, дақ кетіргіштер, скипидар, балауыз және
балауыз кетіргіш тәрізді заттарды, кір кептіргіш
машинамен кептірмей тұрып, қосымша жуғыш зат
пайдаланып, ыстық сумен жуу керек.
Өнеркәсіптік тазалағыш құралдармен тазаланған
құрылғыны пайдаланбаңыз.
Жуылмаған киімдерді кір кептіргіш машинада
кептірмеңіз.
Көбік резеңке (латекс көбік), моншада киілетін
қалпақтар, су өткізбейтін текстиль, резеңкемен
астарланған заттарды және киімдерді немесе
резеңке толтырылған жастықтарды кір кептіргіш
машинада кептіруге болмайды.
Мата жұмсартқыштарды немесе ұқсас заттарды
мата жұмсартқыштың нұсқауларында көрсетілген
тәрізді пайдалану керек.
Қалталардан шылым тұтатқыш және сіріңке тәрізді
заттардың барлығын алыңыз.
Егер барлық кір дереу алынып, қызулары тезірек
тарап кетпесе, кір кептіргіш машинаны ешқашан
кептіру циклы аяқталмай тұрып тоқтатпаңыз.
Кір кептіргіш машинаның соңғы циклы кезінде,
киімдердің температурасы киімдерге зақым
келтірмейтін деңгейде болуы үшін қызу бөлінбейді
(салқындату циклы).
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және буды
қолданбаңыз.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш заттарды
қолданыңыз. Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені,
еріткіштерді немесе темір заттарды
пайдаланбаңыз.
Құрылғыны жөндеу алдында электр желісінен
ағытып, ашасын розеткадан суырыңыз.
www.electrolux.com6
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
Орам материалдарының және
тасымал тетіктерінің барлығын
алыңыз.
Тасымал тетіктерін сақтап қойыңыз.
Құрылғыны қайта көшірген кезде,
барабанды бұғаттап қою керек.
Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі
абай болыңыз, себебі салмағы
ауыр. Әрқашан қорғаныс қолғабын
киіңіз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғыны температурасы 0 °C
градустан төмен немесе ауа-райы
әсер ететін жерлерге орнатпаңыз
немесе пайдаланбаңыз.
Құрылғы орнатылатын еденнің
тегіс, орнықты, қызуға төзімді және
таза болуын қамтамасыз етіңіз.
Құрылғыны есігі толық ашылмайтын
жерге орнатпаңыз.
Құрылғыны үнемі тік қалыпта
жылжытыңыз.
Құрылғының артқы жағын
қабырғаға қаратып қою керек.
Құрылғы мен еден арасында
ауаның айналуын қамтамасыз
етіңіз.
Құрылғы мен кілемнің арасында
тиісті орын болуын қамтамасыз ету
үшін өзгермелі тіректерін реттеңіз.
Құрылғыны тұрғылықты орнына
қойғаннан кейін, ватерпас
көмегімен деңгейінің әбден дұрыс
қойылғанын тексеріңіз. Деңгейі
дұрыс болмаса, тіректерін реттеңіз.
2.2 Электртоғына қосу
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Өрт шығу және электр
қатеріне ұшырау қаупі бар.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Әрқашан дұрыс орнатылған,
қатерден сақтандырылған
розетканы қолданыңыз.
Көп тармақты адаптерлер мен
ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
Қорек сымын немесе ашасын су
қолмен ұстамаңыз.
ҰБ мен Ирландияға ғана арналған:
Құрылғының 13 амперлік қуат
ашасы бар. Егер қуат ашасының
сақтандырғышын ауыстыру қажет
болса 13 амперлік ASTA (BS 1362)
сақтандырғышын пайдаланыңыз.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне
сай келеді.
2.3 Суға қосу
Су қосылымы түтіктеріне ешбір
зақым келтірмеңіз.
Құрылғыны жаңа құбырларға
немесе ұзақ уақыт қолданылмаған
құбырларға жалғамай тұрып, суын
тазарғанша ағызыңыз.
Құрылғыны алғаш рет қолданған
кезде еш жерінен су ақпай
тұрғанына көз жеткізіңіз.
2.4 Пайдалану
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Жарақат алу, электр
қатері, күйіп қалу және өрт
қаупі, құрылғыны бүлдіріп
алу қаупі бар.
Бұл құрылғыны үйде ғана
пайдаланыңыз.
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
Бағдарлама жұмыс істеп тұрған
кезде есіктің шынысына қол
тигізбеңіз. Шыны ыстық болуы
мүмкін.
Толтырмасы бар немесе ішіне
нәрсе салынған, нұқсан келген
заттарды кептірмеңіз.
ҚАЗАҚ 7
Егер кірді дақ кетіргішпен жусаңыз,
кептіру циклы алдында қосымша
шаю циклын орындаңыз.
Кірдегі темір заттардың
барлығының алынғанына көз
жеткізіңіз.
Кір жуғыш машинада кептіруге
болатын маталарды ғана кептіріңіз.
Матаның затбелгісіндегі
нұсқауларды орындаңыз.
Пластик заттар қызуға төзімді емес.
Егер жуғыш зат салынған
шарикті пайдалансаңыз, оны
кептіру бағдарламасын
орнатпай тұрып алыңыз.
Тоқтамайтын бағдарламаны
орнатқан кезде жуғыш зат
шаригін пайдаланбаңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Жарақат алу немесе
құрылғыны бүлдіріп алу
қаупі бар.
Ашық тұрған есіктің үстіне отыруға
немесе үстіне шығып тұруға
болмайды.
Суы сорғалап тұрған киімдерді
құрылғыға салып кептірмеңіз.
2.5 Құрылғыны тастау
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да,
қоқысқа тастаңыз.
Балалар мен жануарлар құрылғыға
қамалып қалмас үшін есіктің
бекітпесін алыңыз.
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
3.1 Құрылғының жалпы көрінісі
1 2 3
5
6
7
4
1
Жұмыс тақтасы
2
Жуғыш зат үлестіргіші
3
Басқару панелі
4
Есіктің тұтқасы
5
Техникалық ақпарат тақтайшасы
6
Су төгетін сорғының сүзгісі
7
Құрылғы деңгейін реттеуге
арналған тірек
3.2 Бала қауіпсіздігі құралын
қалай қосу керек
Бұл құрал балалар немесе үй
жануарлары құрылғыға кіріп кетуден
қорғайды.
Құралды сағат тілінің бағытымен
кертігі көлденең қалыпқа келгенше
бұраңыз.
Есікті жаба алмайсыз.
www.electrolux.com8
Есікті жабу үшін, құралды сағат тілінің
бағытына қарсы, кертігі тік қалыпқа
келгенше бұраңыз.
3.3 Орнатуға арналған жинақ
(4055171146)
Уәкілетті дилерден алуға болады.
Егер құрылғыны плинтусқа
орнатсаңыз, құрылғыны орнату
тақтайшасына бекіту керек.
Керек-жарақтармен бірге берілген
нұсқаулықты мұқият оқыңыз.
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
4.1 Басқару панелінің сипаттамасы
Доп.
полоскание
Время
сушки
Отсрочка
старта
Уровень
сушки
Температура
Отжим
Ст
арт
/П
ауза
TimeManager
Одеяла
Шерсть/Ручная стирка
Тонкие ткани
Синтетика
Хлопок Eco
Хлопок
Освежить
Разглаживание
Сушка
шерсти
Сушка
синтетики
Сушка
хлопка
Отжим/
Слив
Полоскание
Хлопок + Предв. стирка
53 41 2
8
7
9
6
1011
1
Қосу Өшіру түймешігі (ВКЛ/
ВЫКЛ)
2
Бағдарлама түймешесі
3
Айналдыруды азайтатын
сенсорлық перне (Отжим)
4
Температура сенсорлық пернесі
(Температура)
5
Дисплей
6
Кептіру уақытының сенсорлық
пернесі (Время сушки)
7
Кешіктіріп бастау сенсорлық
пернесі
(Oтсрочка старта)
8
Қосымша шаю сенсорлық пернесі
(Доп. полоскание)
9
Кептіру деңгейінің сенсорлық
пернесі (Уровень сушки)
10
Бастау/Үзіліс сенсорлық пернесі
(Старт/Пауза)
11
Таймер сенсорлық пернесі
(Time Manager)
ҚАЗАҚ 9
4.2 Дисплей
A B C
D
E
F
GH
I
J
K
A) Температура аумағы:
: Температура индикаторы
: Суық су индикаторы
B) : Таймер индикаторы.
C) Уақыт аумағы:
: бағдарламаның ұзақтығы
: кешіктіріп бастау
: ескерту кодтары
: ақаулық хабарлары
: бағдарлама аяқталды.
D) : Кептіру циклы.
E) : Бу циклы.
F) : Тұрақты қосымша шаю
параметрі.
G) , , : Құрғақтық деңгейінің
индикаторлары.
H) Айналдыру аумағы:
: Айналдыру
жылдамдығының индикаторы
: Айналдырмау
индикаторы
: Шаюды кідірту индикаторы
I) : Жуу циклы.
J)
: Бала қауіпсіздігі құралының
индикаторы.
K) : Есік құлыптаулы индикаторы
5. БАҒДАРЛАМАЛАР
5.1 Бағдарлама кестесі
Бағдарлама
Температура
ауқымы
Ең үлкен
салмақ
Ең үлкен
айналдыру
жылдамдығы
Бағдарлама сипаттамасы
(Кірдің салмағы және кірлеу
дәрежесі)
Жуу бағдарламалары
Хлопок
90°C- Суық
7 кг
1600 мин/айн
Ақ және түрлі-түсті мақта мата.
Қалыпты және шамалы ластанған кір.
www.electrolux.com10
Бағдарлама
Температура
ауқымы
Ең үлкен
салмақ
Ең үлкен
айналдыру
жылдамдығы
Бағдарлама сипаттамасы
(Кірдің салмағы және кірлеу
дәрежесі)
Хлопок + Предв.
стирка
90°C- Суық
7 кг
1600 мин/айн
Ақ және түрлі-түсті мақта мата.
Қатты және қалыпты кірлеген.
Хлопок Eco
1)
60°C - 40°C
7 кг
1600 мин/айн
Ақ мақта мата және бояуы қанық
мақта мата. Қалыпты кірлеген.
Қуатты пайдалану азаяды және жуу
бағдарламасының уақыты ұзарады.
Синтетика
60°C- Суық
3.5 кг
1200 мин/айн
Синтетика немесе аралас матадан
жасалған заттар. Қалыпты кірлеген.
Тонкие ткани
40°C- Суық
3.5 кг
1200 мин/айн
Акрил, вискоза, полиэстер тәрізді
биязы матадан жасалған заттар.
Қалыпты кірлеген.
Шерсть/Ручная
стирка
40°C- Суық
1.5 кг
1200 мин/айн
«Қолмен жуу» белгісі бар нәзік
маталар, машинамен жууға
болатын жүн маталар және қолмен
жууға болатын жүн маталар.
2)
Одеяла
60°C - 30°C
2 кг
800 мин/айн
Бір синтетикалық төсек жапқыш,
көрпе, төсек жабдығы т.с.с.
заттарды жууға арналған арнайы
бағдарлама.
Полоскание
Суық
7 кг
1600 мин/айн
Кірді шаюға және айналдыруға
арналған. Барлық маталар.
Отжим/Слив
3)
7 кг
1600 мин/айн
Кірді айналдыруға және барабандағы
суды төгуге арналған. Барлық
маталар.
Кептіру бағдарламалары
Сушка шерсти
1 кг Жүн матаны кептіруге арналған
бағдарлама.
Сушка синтетики
2 кг Синтетикалық заттарды кептіруге
арналған бағдарлама.
Сушка хлопка
4 кг Мақта мата заттарды кептіруге
арналған бағдарлама.
ҚАЗАҚ 11
Бағдарлама
Температура
ауқымы
Ең үлкен
салмақ
Ең үлкен
айналдыру
жылдамдығы
Бағдарлама сипаттамасы
(Кірдің салмағы және кірлеу
дәрежесі)
Бу бағдарламалары
4)
Бу циклін кепкен, жуылған немесе бір рет жуылған кір үшін қолдануға болады.
Бұл бағдарламалар кірдің бырысын жазып, иісін азайтып, матаны барынша
тегіс етуге көмектеседі.
Ешбір жуғыш зат қолданбаңыз. Егер қажет болса, дақты жуу немесе жумай
тұрып тазарту арқылы кетіріңіз.
Бу бағдарламалары ешбір зарарсызданыру циклін орындамайды.
Мына заттар үшін Бу бағдарламасын орнатпаңыз:
зат белгісінде кептіргіш машинада кептіруге болады деген жазуы жоқ заттар.
пластик, темір, ағаш немесе сол сияқты заттар тағылған киімдердің барлығы.
Освежить
паром
40°C
1,5 kg Мақта мата және синтетика заттарға
арналған бу бағдарламасы. Бұл цикл
кірдің иісін кетіреді.
5)
Разглаживание
паром
40°C
1,5 kg Мақта мата және синтетика заттарға
арналған бу бағдарламасы. Бұл цикл
кірдің бырысын жазуға көмектеседі.
1)
60ºC градуспен жуатын Хлопок Eco жуу бағдарламасы (7 кг үшін) және Сушка
хлопка кептіру бағдарламасы - қуат мәндері EEC 92/75 стандарттары бойынша
көрсетілген тақтайшадағы ақпарат негізінде берілген үлгілік бағдарлама.
Жуу циклы суының температурасы таңдалған бағдарламаға арнап
көрсеткен температурадан өзгеше болуы мүмкін.
2)
Осы цикл кезінде кірді баппен жуу үшін барабан баяу айналады. Барабан айналмай
тұрған сияқты немесе дұрыс айналмай тұрған сияқты көрінуі мүмкін. Бұл құрылғы үшін
қалыпты жағдай.
3)
Айналдыру жылдамдығын орнатыңыз. Оның кірге сай келетініне жақсылап көз
жеткізіңіз. Егер Айналдырмау циклын орнатсаңыз, тек су төгу циклы ғана жұмыс
істейді.
4)
Бу бағдарламасын кепкен кір үшін орнатқан кезде, цикл соңында кір дымқыл болуы
мүмкін. Кірді кептіріп алу үшін таза ауаға шамамен 10 минут қою керек. Бағдарлама
аяқталған кезде кірді барабаннан дереу алыңыз. Бу циклі аяқталғаннан кейін, кірді
бәрібір үтіктеу керек, бірақ ол жеңіл үтіктеледі!
5)
Бу киімнен шығатын жануарлардың иісін кетірмейді.
Бағдарлама параметрлерінің сыйысымдылығы
Бағдарлама
www.electrolux.com12
Бағдарлама
+ Алғашқы жуу
Эко
1)
1)
Айналдыру жылдамдығын орнатыңыз. Оның кірге сай келетініне жақсылап көз
жеткізіңіз. Егер Айналдырмау циклын орнатсаңыз, тек су төгу циклы ғана жұмыс
істейді.
5.2 Автоматты кептіру бағдарламалары
Құрғақтық деңгейі Матаның түрі Салыным
Өте құрғақ
Сүлгі материалдарына
арналған
Мақта мата және Зығыр
мата
(монша халаттары,
монша сүлгілері, т.с.с.)
4 кг-ға дейін
Шкафқа
1)
Жинап қойылатын заттарға
арналған
Мақта мата және Зығыр
мата
(монша халаттары,
монша сүлгілері, т.с.с.)
4 кг-ға дейін
Синтетика және аралас
маталар
(джемпер, блуза, іш
киімдер, тұрмыста
пайдаланылатын
жапқыштар)
2 кг-ға дейін
Үтіктеуге
Үтіктеуге жарамды
Мақта мата және Зығыр
мата
(ақжаймалар, үстел
жапқыштар, жейделер
т.с.с.)
4 кг-ға дейін
1)
Сынақтан өткізетін мекемеге арналған кеңестер EN 50229 стандартына сай
сынақты БІРІНШІ кептірілетін кірді салып, ең үлкен көрсетілген кептіру параметрлері
бойынша, (кірдің құрамы EN61121 стандартына сай) АВТ. ШКАФҚА бағдарламасын
Мақта мата режиміне қойып орындау керек. ЕКІНШІ кептірілетін кірлерді қалған кірмен
бірге, АВТ. ШКАФҚА бағдарламасын Мақта мата режиміне қойып орындау керек.
ҚАЗАҚ 13
5.3 Уақыты қойылған кептіру бағдарламалары
Құрғақтық деңгейі Матаның түрі Салмақ
(кг)
Айналд
ыру
жылда
мдығы
(айн/
мин)
Ұсынылат
ын уақыт
(мин)
Өте құрғақ
Сүлгі
материалдарына
арналған
Мақта мата және Зығыр
мата
(монша халаттары,
монша сүлгілері, т.с.с.)
4 1600 140 - 155
2 1600 75 - 90
1 1600 50 - 60
Шкафқа
Жинап қойылатын
заттарға арналған
Мақта мата және Зығыр
мата
(монша халаттары,
монша сүлгілері, т.с.с.)
4 1600 130 - 145
2 1600 65 - 80
1 1600 40 - 50
Шкафқа
Жинап қойылатын
заттарға арналған
Синтетика және аралас
маталар
(джемпер, блуза, іш
киімдер, тұрмыста
пайдаланылатын
жапқыштар)
2 1200 95 - 110
1 1200 45 - 55
Үтіктеуге
Үтіктеуге жарамды
Мақта мата және Зығыр
мата
(ақжаймалар, үстел
жапқыштар, жейделер
т.с.с.)
4 1600 95 - 110
2 1600 50 - 60
1 1600 30 - 40
Жүн матаны
кептіру
Жүн мата
(жүн мата джемперлер)
1 1200 80 - 100
5.4 Woolmark Apparel Care -
Көк
Woolmark компаниясы бұл
машинаның жүн матаны жуу
бағдарламасын сертификаттаған,
дегенмен бұл компанияның талабы
бойынша «қолмен жуу» деген
затбелгісі бар заттарды, осы кір
жуғыш машинаны өндірушінің
нұсқауларын сақтап жуу керек.
Киімді кептіру және басқа
нұсқауларды күтім көрсету
белгісінен қараңыз. M1380
Woolmark компаниясы бұл
машинаның жүн матаны кептіру
бағдарламасын сертификаттаған,
дегенмен бұл компанияның талабы
бойынша «қолмен жуу» деген
затбелгісі бар заттарды, осы
машинаны өндірушінің нұсқауларын
сақтап кептіру керек. Киімге күтім
көрсетуге қатысты басқа
нұсқауларды киімге күтім көрсету
белгісінен қараңыз. M1381
Ұлыбританияда, Ирландияда, Гонконг
пен Индияда Woolmark белгісі -
сертификатталған сауда белгісі болып
табылады.
www.electrolux.com14
6. ПАЙДАЛАНУ КӨЛЕМІ
Осы кестеде жалпылама орташа мәндер көрсетілген. Әр түрлі
себептер деректердің өзгеруіне әкелуі мүмкін: кірдің мөлшері мен
түрі, судың және қоршаған ортаның температурасы.
Бағдарлама басталған кезде бейнебетте кірдің ең көп мөлшеріне
арналған бағдарламаның ұзақтығы көрсетіледі.
Жуу циклы кезінде бағдарлама ұзақтығы автоматты түрде
есептеледі және салынған кірдің салмағы кірдің ең көп мөлшерінен
аз болса барынша азаяды (мысалы, Мақта мата 60°C, кірдің ең көп
мөлшері 7 кг болса, онда бағдарлама ұзақтығы 2 сағаттан асады;
нақты салмақ 1 кг болса, бағдарлама ұзақтығы 1 сағатқа жетпейді).
Құрылғы бағдарламаның нақты уақытын есептеп тұрғанда
бейнебетте нүкте жыпылықтайды.
Бағдарламалар Салма
қ (кг)
Қуат
тұтыну
(кВт/сағ)
Суды
пайдалану
(литр)
Бағдарламаның
болжалды
ұзақтығы (минут)
Мақта мата 60 °C 7 1.30 62 157
Хлопок Eco
Мақта мата, үнемді 60 °C
бағдарламасы
1)
7 1.02 55 258
Мақта мата 40 °C 7 0.80 62 154
Синтетика 40 °C 3.5 0.50 57 110
Нәзік мата 40 °C 3.5 0.53 50 100
Жүн мата/Қолмен жуу 30
°C
1.5 0.25 45 56
1)
7 кг салмаққа арналған «Мақта мата, үнемді 60°C бағдарламасы» қуат мәндері
көрсетілген тақтайшадағы ақпарат негізінде EEC 92/75 стандарттарына сай берілген
бағдарлама.
7. ФУНКЦИЯЛАР
7.1 Температура
Әдепкі температураны өзгерту үшін
осы параметрді орнатыңыз.
индикаторы = суық су.
Бейнебетте орнатылған температура
көрсетіледі.
7.2 Отжим
Осы функцияның көмегімен әдепкі
айналдыру жылдамдығын азайтуға
болады.
Бейнебетте орнатылған
жылдамдықтың индикаторы
көрсетіледі.
Қосымша айналдыру параметрлері:
Айналдырмау
ҚАЗАҚ 15
Барлық айналдыру циклдарын алу
үшін осы параметрді орнатыңыз.
Бұл параметрді өте нәзік маталар
үшін орнатыңыз.
Кей жуу бағдарламаларында шаю
циклы көп су пайдаланады.
Бейнебетте индикаторы
пайда болады.
Шаюды кідірту
Кірлер мыжылып қалмас үшін осы
параметрді орнатыңыз.
Жуу бағдарламасы аяқталғанда
барабан ішінде су тұрады. Кір
мыжылып қалмас үшін барабан
мезгіл-мезгіл айналып тұрады.
Есік құлыпталып тұрады. Есікті ашу
үшін суды төгу керек.
Бейнебетте индикаторы пайда
болады.
Суды төгу үшін
"Бағдарламаның соңы"
тарауын қараңыз.
7.3 Время сушки
Осы функцияның көмегімен матаны
кептіретін уақытты орнатуға болады.
Бейнебетте параметрдің орнатылған
мәні көрсетіледі.
Осы сенсорлық түймешікті әр басқан
сайын уақыт мәні 5 минутқа артып
отырады.
Әр түрлі маталарға арнап
түрлі уақыттарды орнату
мүмкін емес.
7.4 Oтсрочка старта
Осы параметрдің көмегімен
бағдарламаны 30 минуттан 20 сағатқа
дейін кешіктіріп бастауға болады.
Бейнебетте тиісті индикатор пайда
болады.
7.5 Доп. полоскание
Осы параметрдің көмегімен жуу
бағдарламасына бірнеше шаю циклын
қосуға болады.
Бұл функцияны жуғыш заттарға
аллергиясы бар адамдар үшін және
суы тым тұщы жерлерде қолданыңыз.
Тиісті индикатор жанады.
7.6 Уровень сушки
Осы функцияның көмегімен кірдің
автоматты құрғақтық деңгейін
орнатуға болады. Бейнебетте
орнатылған деңгейдің белгішесі
көрсетіледі.
Мақта мата заттарға арналған
ерекше құрғақ деңгей
Мақта мата және синтетика
заттарға арналған шкафқа салуға
болатын құрғақ деңгей
Мақта мата заттарға арналған
үтіктеуге болатын құрғақ деңгей
7.7 Таймер
Жуу бағдарламасын орнатқан кезде
бейнебетте әдепкі уақыт көрсетіледі.
Бағдарламаның уақытын азайту
немесе көбейту үшін немесе
түймешігін басыңыз.
Таймер функциясы кестеде
көрсетілген бағдарламаларда ғана
жұмыс істейді.
Индикатор
Хлопок Eco
1) 1)
2)
3)
3)
3)
www.electrolux.com16
Индикатор
Хлопок Eco
1) 1)
4)
3)
3)
3)
1)
Қол жетімді болса.
2)
Ең қысқа: кірді жаңартуға арналған.
3)
Бағдарламаның әдепкі уақыты.
4)
Ең ұзақ: Бағдарламаның ұзақтығын
баяу көбейткен кезде пайдаланылатын
қуат мөлшері азаяды.
Оңтайландырылған қыздыру циклы
пайдаланылатын қуат мөлшерін
азайтады және ұзақ бағдарламаны
қолданғанда, жуу нәтижесі өзгермейді
(әсіресе қалыпты кірлеген кірлерде).
8. ПАРАМЕТРЛЕР
8.1 Бала қауіпсіздігінің құралы
Осы функцияның көмегімен балалар
басқару панелімен ойнауға жол
бермейсіз.
Осы функцияны іске қосу/ажырату
үшін
және түймешіктерін
индикаторы жанғанша/сөнгенше
қатар басыңыз.
Мына параметрді қосуға болады:
түймешігін басқаннан кейін:
функциялар мен бағдарлама тетігі
бұғатталады.
түймешігін баспайынша:
құрылғы іске қосылмайды.
8.2 Тұрақты қосымша шаю
Осы функцияның көмегімен жаңа
бағдарлама орнатқан кезде қосымша
шаю циклі тұрақты орнатылып тұрады.
Осы функцияны іске қосу/ажырату
үшін және түймешіктерін
индикаторы жанғанша/сөнгенше
қатар басыңыз.
8.3 Дыбыстық сигналдар
Дыбыстық сигналдар мына
жағдайларда қосылады:
Бағдарлама аяқталғанда.
Құрылғыда ақау бар кезде.
Дыбыстық сигналдарды сөндіру/қосу
үшін
және түймешіктерін 6
секунд қатар басыңыз.
Егер дыбыстық
сигналдарды сөндірсеңіз,
олар құрылғыда ақау
пайда болған кезде қосыла
береді.
9. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
1. Жуу циклына арналған бөлікке
шамалы жуғыш зат салыңыз.
2. Мақта матаға арналған
бағдарламаны орнатып, ең жоғары
ҚАЗАҚ 17
температураға қойып ешбір кір
салмай жуыңыз.
Бұл цикл барабан мен машинаның
ішінде бар болуы мүмкін кірлердің
барлығын кетіреді.
10. КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ - ТЕК ЖУУ
10.1 Кірді салу
1. Құрылғының есігін ашыңыз
2. Кірді барабанға бір-бірден
салыңыз.
3. Кірлерді құрылғыға салар алдында
сілкілеңіз.
Барабанға тым көп кір салынбағанына
көз жеткізіңіз.
4. Есікті жабыңыз.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Тығыздағыш пен есіктің арасына
ешбір кір қыстырылып қалмағанына
көз жеткізіңіз. Су ағуы немесе кірге
нұқсан келуі мүмкін.
10.2 Жуғыш зат пен
үстемелерді пайдалану
1. Жуғыш зат пен мата
жұмсартқышты өлшеп алыңыз.
2. Жуғыш зат үлестіргішті абайлап
жабыңыз
10.3 Жуғыш зат салынатын бөліктер
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!
Кір жуғыш машинаға арнайы жуғыш заттарды ғана пайдаланыңыз.
Жуғыш заттардың орамында көрсетілетін нұсқауларды әрқашан
орындаңыз.
Алдын ала жуу циклына арналған жуғыш зат бөлігі.
Жуу циклына арналған жуғыш зат бөлігі.
Сұйық үстемелерге арналған бөлік (мата жұмсартқыш,
крахмал).
Ұнтақ немесе сұйық жуғыш затқа арналған бөлгіш.
www.electrolux.com18
10.4 Сұйық немесе ұнтақ
жуғыш зат
1.
A
2.
3.
B
4.
A қалпы ұнтақ жуғыш затқа арналған (зауыттық бапталым).
B - сұйық жуғыш затқа арналған.
Сұйық жуғыш затты пайдаланған кезде:
Қоймалжың немесе қою сұйық жуғыш заттарды қолданбаңыз.
Сұйық жуғыш затты ең жоғары деңгейден асырып салмаңыз.
Алдын ала жуу циклын орнатпаңыз.
Кешіктіріп бастау параметрін орнатпаңыз.
10.5 Құрылғыны іске қосу
Құрылғыны қосу немесе сөндіру үшін
түймешігін басыңыз. Құрылғы іске
қосылған кезде дыбыстық сигнал
естіледі.
10.6 Бағдарламаны орнату
1. Бағдарлама тетігін бұрап, жуу
бағдарламасын орнатыңыз:
Тиісті бағдарламаның
индикаторы жанады.
индикаторы жыпылықтайды.
Бейнебетте Таймердің деңгейі,
бағдарламаның уақыты және
бағдарлама циклдарының
индикаторлары көрсетіледі.
2. Қажет болса, температураны,
айналдыру жылдамдығын, цикл
ұзақтығын өзгертіңіз немесе
қолжетімді параметрлерді
қосыңыз. Параметрді қосқан кезде
орнатылған параметрдің
индикаторы жанады.
Егер қате орнатып
қойсаңыз, бейнебетте
көрсетіледі.
ҚАЗАҚ 19
10.7 Кешіктіріп бастау
функциясы жоқ
бағдарламаны бастау
түймешігін басыңыз.
индикаторы жыпылықтауын
тоқтатып, жанған қалпы тұрады.
Бейнебетте индикаторы
жыпылықтай бастайды.
Бағдарлама басталады да, есік
құлыпталып, дисплейде
индикаторы көрсетіледі.
Құрылғыға су құйылған кезде су
төгетін сорғы шамалы уақыт
жұмыс істейді.
Бағдарлама басталғаннан
кейін шамамен 15
минуттан кейін:
Құрылғы
бағдарламаның
ұзақтығын автоматты
түрде кірдің ластану
деңгейіне сай келтіріп
реттейді.
Бейнебетте жаңа мән
көрсетіледі.
10.8 Кешіктіріп бастау
функциясы бар
бағдарламаны бастау
1. түймешігін бейнебетте
орнатқыңыз келген кешіктіріп
бастау уақыты көрсетілгенше
қайта-қайта басыңыз.
Бейнебетте тиісті индикатор жанады.
2.
түймешігін басыңыз:
Құрылғы кері санай бастайды.
Кері санақ аяқталған кезде,
бағдарлама автоматты түрде
басталады.
Орнатылған кері санақ
мәнін түймешігін
баспай тұрып болдырмауға
немесе өзгертуге болады.
Кешіктіріп бастау
функциясын болдырмау
үшін:
Құрылғыны кідірту
үшін түймешігін
басыңыз.
түймешігін
дисплейде
' пайда
болғанша басыңыз.
Бағдарламаны
дереу бастау үшін
түймешігін қайта
басыңыз.
10.9 Бағдарламаны кідірту
және параметрлерді өзгерту
Кей функцияларды ғана басталмай
тұрып өзгертуге болады.
1.
түймешігін басыңыз.
Индикатор жыпылықтайды.
2. Функцияларды өзгертіңіз.
3. түймешігін қайта басыңыз.
Бағдарлама жалғасады.
10.10 Жұмыс істеп тұрған
бағдарламаны болдырмау
1. Бағдарламаны біржола тоқтатып
құрылғыны сөндіру үшін
түймешігін бірнеше секунд
басыңыз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін осы
түймешікті қайта басыңыз. Енді
жаңа жуу бағдарламасын орнатуға
болады.
Жаңа бағдарламаны
бастау алдында
құрылғының суы төгіледі.
Бұл жағдайда, жуғыш зат
үлестіргіште жуғыш заттың
әлі бар екеніне көз
жеткізіңіз, егер жоқ болса
қайтадан толтырыңыз.
www.electrolux.com20
/