76
• Арнайы көрсетілмейінше, сорғышты ЕШҚАШАН тірек беті ретінде пайдаланбаңыз.
• Тек орнату үшін өніммен бірге берілген бекіту бұрандаларын пайдаланыңыз, егер берілмесе,
бұранданың тиісті түрін сатып алыңыз.
• Бұрандалардың орнату нұсқаулығында көрсетілген дұрыс ұзындығын пайдаланыңыз.
• Күмәндансаңыз, өкілетті қызмет көрсету бойынша жәрдем көрсету орталығына немесе тиісті
маманданған тұлғаға хабарласыңыз.
ЕСКЕРТУ!
• Бұрандаларды немесе бекіту құрылғысын осы нұсқауларға сәйкес орнатпау электрлік қауіптерге
әкелуі мүмкін.
• Бағдарламалаушымен, таймермен, бөлек қашықтан басқару жүйесімен немесе автоматты түрде
қосылатын кез келген басқа құрылғымен қолданбаңыз.
Өте жас балалар (0-3 жастағы) құрылғыға жақындамауы тиіс. Жас балалар (3-8 жастағы) үздіксіз бақылаусыз
құрылғыдан аулақ болуы тиіс.
АБАЙЛАҢЫЗ: бұл құрылғы таймер немесе бөлек қашықтан басқару жүйесі сияқты сыртқы қосу-өшіру
құрылғысымен пайдалануға арналмаған.
Бұл құрылғы кәсіби қолданысқа арналмаған. Бұл құрылғыны сыртта пайдаланбаңыз.
Құрылғыны екі немесе одан көп адам ұстауы және орнатуы керек, әйтпесе жарақат алу қаупі болады.
Орнатуды, сонымен қатар су беру желісін (егер болса),электрлік желілерді жалғауды және жөндеу
жұмыстарын білікті маман орындауы тиіс.
Орнатылған соң, қаптамадан қалған қоқыстарды (пластик, пенопласт бөлшектер және т.б.)балалардың қолы
жетпейтін жерде сақталуы тиіс, әйтпесе жұтып қою қаупі туындайды.
Егер ылғалды немесе жалаң аяқ болсаңыз, бұл құрылғыны пайдаланбаңыз.
Бумен тазалау құрылғыларын ешқашан пайдаланбаңыз, әйтпесе электр тогына түсу қаупі болады.
Қаптама 100% қайта өңдеуге болатын материалдан тұрады және ол қайта өңдеуге жіберу таңбасымен
белгіленген
Қақпақ осы кітапшада көрсетілген суреттерден өзгеше болып көрінуі мүмкін. Дегенмен, қолдану, техникалық қызмет
көрсету және орнату нұсқаулары бірдей болады.
Дайындаушы аспапты пайдалану барысында бұл нұсқауда белгіленген қолдану шарттарын сақтамағанның кесірінен болған олқылық
өрт пен зақым үшін жауап бермейді. Сорғыш тек қана үйде пайдалануға болатындай етіп жобаланған.
• Кезкелген уақытта бұл нұсқаумен пайдалану үшін ақтаған маңызды. Бұйым сатылған,тапсырған немесе
жойылған кезде ол онымен бірге қалғанына көз жеткізіңіз.
• Нұсқауды мұқият оқыңыз: онда бұйамды қондыру, пайдалану және қауыпсіздік жөнінде маңызды мәлімет
бар.
• Бұйымның электрондық немесе механикалық конструкциясында немесе сорғыш вентиляциялық
каналдарында ешқандай да өзгерістер жасамаңыз.
• Орнатуды орындамас бұрын берілген барлық құрамдастардың зақымдалмағанын тексеріңіз немесе
орнатуды жалғастырмас бұрын делдалға хабарласыңыз.
Сорғыштың төменгі қыры мен ыдыс астындағы тіреуіш жазықтығының ара қашықтығы электр плитасы үшін 50cm, ал газ немесе
біріктірілген плиталар үшін 65cm ден кем болмауы тиіс.
Егер нұсқауда газ плитасын орнатуға артығырақ ара қашықтық белгіленген болса, оны ескеріңіз.
ЭЛЕКТР БАЙЛАНЫСЫ
Желінің кернеуі аспаптың ішінде орналасқан тақтайшада белгіленген техникалық деректердей
кернеуге сәйкес келуі керек. Егер сорғыш вилкамен жабдықталған болса, орнатылғаннан кейін де
істеуге болатын, қол жетерлік жерде болуы тиіс, істеп тұрған ережелерге сәйкес алмалы-салмалы
штепсельге сорғышты қосыңыз. Егер сорғыш вилкамен жабдықталмаған болса (желіге тура қосылу),
немесе алмалы-салмалы штепсель орнатылғаннан кейін де қол жетерлік жерде болмаса, онда
орнату нұсқауына сәйкес 3-дәрежедегі асқын кернеуді болдырмайтын және желінің толық ашылуын
қамтамассыз ететін тиісті екіполюстік ажыратқышты пайдаланыңыз.