Electrolux EWS1264EDW Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя
EWS 1264 EDW
KK КІР ЖУҒЫШ МАШИНА ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛАРЫ 2
RU СТИРАЛЬНАЯ МАШИНА ИНСТРУКЦИЯ ПО ЭКСПЛУАТАЦИИ 26
МАЗМҰНЫ
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ....................................................................................... 3
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ............................................................................ 4
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ................................................................................. 6
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ.............................................................................................6
5. БАҒДАРЛАМАЛАР ........................................................................................... 7
6. ПАЙДАЛАНУ КӨЛЕМІ.....................................................................................10
7. ФУНКЦИЯЛАР.................................................................................................10
8. ПАРАМЕТРЛЕР...............................................................................................12
9. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН.....................................................................12
10. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ....................................................................................13
11. АҚЫЛ-КЕҢЕС................................................................................................ 17
12. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ............................................................................... 18
13. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ...................................................................................22
14. ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМА........................................................................24
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар бойы
жинақталған кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны
таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны
жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын
тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет
көрсету туралы ақпарат:
www.electrolux.com
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registerelectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және
фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын
болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты
Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
www.electrolux.com2
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау
нәтижесінде адам жарақат алса және ақаулық орын
алса өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты
келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың
қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен
денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым
келген адамдар не тәжірибесі аз адамдар өз
қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның
қадағалауы немесе құрылғыны қауіпсіз қолдану
бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс
қолданбау салдарын түсінсе қолдануына болады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Орам материалдарының барлығын балалардан
алыс ұстаңыз.
Жуғыш заттардың барлығын балалардан алыс
ұстаңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар мен үй
жануарларын алыс ұстаңыз.
Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын
басқаның бақылауынсыз орындамауға тиіс.
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын
өзгертпеңіз.
Ең көп салмақ 6 кг көрсетілімін орындаңыз
("Бағдарлама кестесі" тарауын қараңыз).
Судың жұмыс кезіндегі қысымы (ең аз және ең көп)
0,5 бар (0,05 МПа) және 8 бар (0,8 МПа) арасында
болуға тиіс.
Табанындағы желдеткіш саңылауларға (егер бар
болса) кілем кедергі жасамауға тиіс.
ҚАЗАҚ 3
Құрылғыны жаңа түтіктер жинағын пайдаланып, су
жүйесіне қосу керек. Ескі түтіктерді қайта
пайдалануға болмайды.
Егер қуат cымына зақым келсе, қатерден сақтану
үшін оны өндіруші немесе уәкілетті қызмет көрсету
орталығы немесе сол сияқты білікті маман
ауыстыруға тиіс.
Құрылғыны жөндеу алдында электр желісінен
ағытып, ашасын розеткадан суырыңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және буды
қолданбаңыз.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш заттарды
қолданыңыз. Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені,
еріткіштерді немесе темір заттарды
пайдаланбаңыз.
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
Орам материалдарының және
тасымал тетіктерінің барлығын
алыңыз.
Тасымал тетіктерін сақтап қойыңыз.
Құрылғыны қайта көшірген кезде,
барабанды бұғаттап қою керек.
Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі
абай болыңыз, себебі салмағы
ауыр. Әрқашан қорғаныс қолғабын
киіңіз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғыны температурасы 0 °C
градустан төмен немесе ауа-райы
әсер ететін жерлерге орнатпаңыз
немесе пайдаланбаңыз.
Құрылғы орнатылатын еденнің
тегіс, орнықты, қызуға төзімді және
таза болуын қамтамасыз етіңіз.
Құрылғыны есігі толық ашылмайтын
жерге орнатпаңыз.
Құрылғы мен еден арасында
ауаның айналуын қамтамасыз
етіңіз.
Құрылғы мен кілемнің арасында
тиісті орын болуын қамтамасыз ету
үшін өзгермелі тіректерін реттеңіз.
Құрылғыны есігі толық ашылмайтын
жерге орнатпаңыз.
2.2 Электртоғына қосу
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Әрқашан дұрыс орнатылған,
қатерден сақтандырылған
розетканы қолданыңыз.
Техникалық ақпарат
тақтайшасындағы электр
параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз
жеткізіңіз. Сай келмесе электршіге
хабарласыңыз.
Көп тармақты адаптерлер мен
ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғының ашасына және
сымына зақым келтірмеңіз. Қорек
сымын ауыстыру қажет болса, оны
міндетті түрде қызмет көрсету
орталығы жүзеге асыруға тиіс.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан
кейін ғана жалғаңыз. Орнатып
www.electrolux.com4
болғаннан кейін ашаның қол
жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Қорек сымын немесе ашасын су
қолмен ұстамаңыз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
ҰБ мен Ирландияға ғана арналған:
Құрылғының 13 амперлік қуат
ашасы бар. Егер қуат ашасының
сақтандырғышын ауыстыру қажет
болса 13 амперлік ASTA (BS 1362)
сақтандырғышын пайдаланыңыз.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне
сай келеді.
2.3 Суға қосу
Су қосылымы түтіктеріне ешбір
зақым келтірмеңіз.
Құрылғыны жаңа құбырларға
немесе ұзақ уақыт қолданылмаған
құбырларға жалғамай тұрып, суын
тазарғанша ағызыңыз.
Құрылғыны алғаш рет қолданған
кезде еш жерінен су ақпай
тұрғанына көз жеткізіңіз.
2.4 Пайдалану
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Жарақат алу, электр
қатері, күйіп қалу және өрт
қаупі, құрылғыны бүлдіріп
алу қаупі бар.
Бұл құрылғыны үйде ғана
пайдаланыңыз.
Жуғыш заттың орамында
көрсетілетін нұсқауларды
орындаңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
Кірдегі темір заттардың
барлығының алынғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғының астына ағып кетуі
мүмкін суды құю үшін сауыт
қоймаңыз. Қолданылатын керек-
жарақтың түрін уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласып
біліңіз.
Бағдарлама жұмыс істеп тұрған
кезде есіктің шынысына қол
тигізбеңіз. Шыны ыстық болуы
мүмкін.
2.5 Құрылғыны тастау
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да,
қоқысқа тастаңыз.
Балалар мен жануарлар құрылғыға
қамалып қалмас үшін есіктің
бекітпесін алыңыз.
ҚАЗАҚ 5
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
3.1 Құрылғының жалпы көрінісі
1 2 3
5
6
7
4
1
Жұмыс тақтасы
2
Жуғыш зат үлестіргіші
3
Басқару панелі
4
Есіктің тұтқасы
5
Техникалық ақпарат тақтайшасы
6
Су төгетін сорғының сүзгісі
7
Құрылғы деңгейін реттеуге
арналған тірек
3.2 Орнатуға арналған жинақ
(4055171146)
Уәкілетті дилерден алуға болады.
Егер құрылғыны плинтусқа
орнатсаңыз, құрылғыны орнату
тақтайшасына бекіту керек.
Жинақпен бірге берілген нұсқаулықты
мұқият оқыңыз.
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
4.1 Басқару панелінің сипаттамасы
90°
40°
800
20°
60°
1000
30°
1200
400
TimeManager
акчорстО
а
тр
а
тс
Легкая
а
к
жа
л
г
Доп.
е
и
н
а
к
с
о
ло
п
вдер
П .
акрит
с
Cтарта
/
Пауза
ар
утарепме
Т
мижтО
Шëлк
Б
ельë
Хлопок
Шторы
Полоскание
Одеяла
Джинсы
Синтетика
Тонкие ткани
Шерсть
/
Ручная стирка
Спортивная
одежда
5 рубашек
Отжим/
Слив
Хлопок Eco
1 2 3 4
910
7
6
8
5
1
Бағдарлама түймешесі
2
Айналдыруды азайтатын
сенсорлық перне (Отжим)
3
Температура сенсорлық пернесі
(Температура)
4
Бейнебет
www.electrolux.com6
5
Алдын ала жуу сенсорлық пенесі
(Предв. стирка)
6
Кешіктіріп бастау сенсорлық
пернесі (Oтсрочка старта)
7
Қосымша шаю сенсорлық пернесі
(Доп. полоскание)
8
Жеңіл үтіктеу сенсорлық пернесі
(Легкая глажка)
9
Жеңіл үтіктеу сенсорлық пернесі
(Старт/Пауза)
10
Таймердің сенсорлық түймешігі
4.2 Бейнебет
A B
E D
C
A) Уақыт аумағы:
Бағдарлама уақыты.
Ескерту кодтары. Кодтардың
сипаттамаларын "Ақаулықты
түзету" тарауынан қараңыз.
Таймердің деңгейі.
B) Кешіктіріп бастау индикаторы.
C) Бала қауіпсіздігі құлпының
индикаторы.
D) Есік құлпының индикаторы:
Қосылып тұр, сондықтан есікті
аша алмайсыз.
Сөніп тұр, есікті ашуға болады.
Жыпылықтап тұр, есікті аша
алмайсыз. Индикатор сөнгенше
бірнеше минут күтіңіз.
E) Жуу циклінің индикаторлары.
: жуу циклы
: шаю циклы
: айналдыру циклы
5. БАҒДАРЛАМАЛАР
5.1 Бағдарлама кестесі
Бағдарлама
Температура
ауқымы
Ең үлкен
салмақ
Ең үлкен
айналдыру
жылдамдығ
ы
Бағдарлама сипаттамасы
(Кірдің салмағы және кірлеу дәрежесі)
Жуу бағдарламалары
Хлопок
90°C- Суық
6 кг
1200 мин/айн
Ақ және түрлі-түсті мақта мата. Қалыпты
және шамалы ластанған кір.
ҚАЗАҚ 7
Бағдарлама
Температура
ауқымы
Ең үлкен
салмақ
Ең үлкен
айналдыру
жылдамдығ
ы
Бағдарлама сипаттамасы
(Кірдің салмағы және кірлеу дәрежесі)
Хлопок
Eco
1)
60° - 40° C
6 кг
1200 мин/айн
Ақ мақта мата және бояуы қанық мақта
мата. Қалыпты кірлеген. Қуатты пайдалану
азаяды және жуу бағдарламасының уақыты
ұзарады.
Синтетика
60°- Суық
3 кг
1200 мин/айн
Синтетика немесе аралас матадан
жасалған заттар. Қалыпты кірлеген.
Тонкие
ткани
40°- Суық
3 кг
1200 мин/айн
Акрил, вискоза, полиэстер тәрізді биязы
матадан жасалған заттар. Қалыпты кірлеген.
Шерсть/
Ручная стирка
40°- Суық
2 кг
1200 мин/айн
«Қолмен жуу» белгісі бар нәзік маталар,
машинамен жууға болатын жүн маталар
және қолмен жууға болатын жүн маталар.
2)
Джинсы
60°- Суық
6 кг
1200 мин/айн
Джинс және джерсиден жасалған заттар.
Баран түсті заттарға да арналған.
Полоскание
6 кг
1200 мин/айн
Кірді шаюға және айналдыруға арналған.
Барлық маталар.
Отжим/
Слив
6 кг
1200 мин/айн
Кірді айналдыруға және барабандағы суды
төгуге арналған. Барлық маталар.
бельë
40°- Суық
1 кг
800 мин/айн
Бұл әйелдердің төс тартқыштары мен іш
киімдері т.с.с. сияқты нәзік матадан жасалған
заттарды жууға арналған бағдарлама.
Шëлк
30°
2 кг
800 мин/айн
Жібек және аралас синтетикалық заттарға
арналған арнайы бағдарлама.
Шторы
40°- Суық
2 кг
800 мин/айн
Перделерге арналған арнайы бағдарлама.
Алдын ала жуу циклы автоматты түрде іске
қосылады.
3)
Одеяла
60° - 30°C
2 кг
800 мин/айн
Бір синтетикалық төсек жапқыш, көрпе,
төсек жабдығы т.с.с. заттарды жууға
арналған арнайы бағдарлама.
Спортивная
одежда
30°
2.5 кг
800 мин/айн
Синтетика және нәзік заттар. Шамалы
кірлеген немесе жаңартуды ғана қажет ететін
заттар.
www.electrolux.com8
Бағдарлама
Температура
ауқымы
Ең үлкен
салмақ
Ең үлкен
айналдыру
жылдамдығ
ы
Бағдарлама сипаттамасы
(Кірдің салмағы және кірлеу дәрежесі)
5 рубашек
30°
1.5 кг
800 мин/айн
Синтетика және аралас матадан жасалған
заттар. Шамалы кірлеген және жаңартуды
қажет ететін заттар. 5 - 6 жейде.
1)
Мақта мата, үнемді бағдарламасы. Бұл бағдарлама 60ºC градуспен жуатын, 6
салмаққа арналған, қуат мәндері көрсетілген тақтайшадағы ақпарат негізінде EEC
92/75 стандарттарына сай берілген бағдарлама. Жуу нәтижесін жақсарту және қуатты
аз тұтыну үшін осы бағдарламаны орнатыңыз. Жуу бағдарламасының уақыты
ұзарады.
2)
Осы цикл кезінде кірді баппен жуу үшін барабан баяу айналады. Барабан айналмай
тұрған сияқты немесе дұрыс айналмай тұрған сияқты көрінуі мүмкін. Бұл құрылғы үшін
қалыпты жағдай.
3)
Сумен ғана шайған кезде алдын ала жуу циклына ешбір жуғыш зат салмаңыз.
Бағдарлама параметрлерінің сыйысымдылығы
Бағдарлама
1)
1)
Егер "Айналдырмау" циклын орнатсаңыз, онда су төгу циклы ғана жұмыс істейді.
ҚАЗАҚ 9
6. ПАЙДАЛАНУ КӨЛЕМІ
Осы кестеде жалпылама орташа мәндер көрсетілген. Әр түрлі
себептер деректердің өзгеруіне әкелуі мүмкін: кірдің мөлшері мен
түрі, судың және қоршаған ортаның температурасы.
Бағдарлама басталған кезде бейнебетте кірдің ең көп мөлшеріне
арналған бағдарламаның ұзақтығы көрсетіледі. Жуу циклы кезінде
бағдарлама ұзақтығы автоматты түрде есептеледі және салынған
кірдің салмағы кірдің ең көп мөлшерінен аз болса барынша азаяды
(мысалы, Мақта мата 60°C, кірдің ең көп мөлшері 6 кг болса, онда
бағдарлама ұзақтығы 2 сағаттан асады; нақты салмақ 1 кг болса,
бағдарлама ұзақтығы 1 сағатқа жетпейді). Құрылғы бағдарламаның
нақты уақытын есептеп тұрғанда бейнебетте нүкте жыпылықтайды.
Бағдарламалар Салма
қ (кг)
Қуат
тұтыну
(кВт/сағ)
Суды
пайдалану
(литр)
Бағдарламаның
болжалды
ұзақтығы (минут)
Мақта мата 60 °C 6 1.00 56 146
Мақта мата, үнемді 60 °C
бағдарламасы
1)
6 0.76 49 169
Мақта мата 40 °C 6 0.75 56 145
Синтетика 40 °C 3 0.47 45 127
Нәзік мата 40 °C 3 0.65 62 100
Жүн мата/Қолмен жуу 30
°C
2 0.25 55 56
1)
6 кг салмаққа арналған «Мақта мата, үнемді 60°C бағдарламасы» қуат мәндері
көрсетілген тақтайшадағы ақпарат негізінде EEC 92/75 стандарттарына сай берілген
бағдарлама.
Сөндіру режимі (Вт) Қосулы режим (Вт)
0,48 0,48
Жоғарыда көрсетілген кестедегі ақпарат 2009/125/EО нұсқауын жүзеге асыру
үшін ЕО Комиссиясының 1015/2010 ережесіне сай берілген.
7. ФУНКЦИЯЛАР
7.1 Температура
Әдепкі температураны өзгерту үшін
осы параметрді орнатыңыз.
индикаторы = суық су.
Орнатылған температураның
индикаторы жанады.
www.electrolux.com10
7.2 Отжим
Осы функцияның көмегімен әдепкі
айналдыру жылдамдығын өзгертуге
болады.
Орнатылған жылдамдықтың
индикаторы жанады.
Қосымша айналдыру параметрлері:
Айналдырмау
Барлық айналдыру циклдарын
болдырмау үшін осы функцияны
орнатыңыз. Су төгу циклы ғана
жұмыс істейді.
Тиісті индикатор жанады.
Бұл функцияны өте нәзік маталар
үшін орнатыңыз.
Кей жуу бағдарламаларында шаю
циклы көп су пайдаланады.
Шаюды кідірту
Кірлер мыжылып қалмас үшін осы
параметрді орнатыңыз.
Тиісті индикатор жанады.
Бағдарлама аяқталған кезде
барабан ішінде су қалады.
Кір мыжылып қалмас үшін барабан
мезгіл-мезгіл айналып тұрады.
Есік құлыпталып тұрады. Есікті ашу
үшін суды төгу керек.
Суды төгу үшін
"Бағдарламаның соңы"
тарауын қараңыз.
7.3 Предв. стирка
Осы параметрдің көмегімен жуу
бағдарламасына алдын ала жуу
циклын қосуға болады.
Осы параметрді қатты кірлеген кірді
жуу үшін пайдаланыңыз.
Осы параметрді орнатқан кезде
бағдарламаның уақыты ұзарады.
Тиісті индикатор жанады.
7.4 Oтсрочка старта
Осы параметрдің көмегімен
бағдарламаны 30 минуттан 20 сағатқа
дейін кешіктіріп бастауға болады.
Бейнебетте тиісті индикатор пайда
болады.
7.5 Доп. полоскание
Осы параметрдің көмегімен жуу
бағдарламасына бірнеше шаю циклын
қосуға болады.
Бұл функцияны жуғыш заттарға
аллергиясы бар адамдар үшін және
суы тым тұщы жерлерде қолданыңыз.
Тиісті индикатор жанады.
7.6 Легкая глажка
Құрылғы кір мыжылып қалмас үшін
абайлап жуады және айналдырады.
Құрылғы айналдыру жылдамдығын
азайтады, суды көбірек пайдаланады
және бағдарламаның уақытын кірдің
түріне лайықтап қолданады.
Тиісті индикатор жанады.
7.7 Таймер
Жуу бағдарламасын орнатқан кезде
бейнебетте әдепкі уақыт көрсетіледі.
Бағдарламаның уақытын азайту
немесе көбейту үшін немесе
түймешігін басыңыз.
Таймер функциясы кестеде
көрсетілген бағдарламаларда ғана
жұмыс істейді.
индика
тор
1)
1)
2)
ҚАЗАҚ 11
индика
тор
1)
1)
3)
4)
4)
4)
4)
4)
4)
1)
Қол жетімді болса.
2)
Ең қысқа: кірді жаңартуға арналған.
3)
Ең ұзақ: Бағдарламаның ұзақтығын
баяу көбейткен кезде пайдаланылатын
қуат мөлшері азаяды.
Оңтайландырылған қыздыру циклы
пайдаланылатын қуат мөлшерін
азайтады және ұзақ бағдарламаны
қолданғанда, жуу нәтижесі өзгермейді
(қалыпты кірлеген кірлер).
4)
Барлық бағдарламаның әдепкі
ұзақтығы.
8. ПАРАМЕТРЛЕР
8.1 Бала қауіпсіздігінің құралы
Осы функцияның көмегімен балалар
басқару панелімен ойнауға жол
бермейсіз.
Осы функцияны іске қосу/ажырату
үшін
және түймешіктерін
индикаторы жанғанша/
сөнгенше қатар басыңыз.
Мына параметрді қосуға болады:
түймешігін басқаннан кейін:
функциялар мен бағдарлама тетігі
бұғатталады.
түймешігін баспай тұрып:
құрылғы іске қосылмайды.
8.2 Тұрақты қосымша шаю
Осы функцияның көмегімен жаңа
бағдарлама орнатқан кезде қосымша
шаю циклі тұрақты орнатылып тұрады.
Осы функцияны іске қосу/ажырату
үшін және түймешіктерін
индикаторы жанғанша/сөнгенше
қатар басыңыз.
8.3 Дыбыстық сигналдар
Дыбыстық сигналдар мына
жағдайларда қосылады:
Бағдарлама аяқталғанда.
Құрылғыда ақау бар кезде.
Дыбыстық сигналдарды сөндіру/қосу
үшін
және түймешіктерін 6
секунд қатар басыңыз.
Егер дыбыстық
сигналдарды сөндірсеңіз,
олар құрылғыда ақау
пайда болған кезде қосыла
береді.
9. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
1. Жуу циклының жуғыш затына
арналған бөлікке 2 литр су
құйыңыз.
Бұл су төгу жүйесін іске қосады.
2. Жуу циклына арналған бөлікке
шамалы жуғыш зат салыңыз.
3. Мақта матаға арналған
бағдарламаны орнатып, ең жоғары
www.electrolux.com12
температураға қойып ешбір кір
салмай жуыңыз.
Бұл цикл барабан мен машинаның
ішінде бар болуы мүмкін кірлердің
барлығын кетіреді.
10. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
10.1 Кірді салу
1. Құрылғының есігін ашыңыз
2. Кірді барабанға бір-бірден
салыңыз.
3. Кірлерді құрылғыға салар алдында
сілкілеңіз.
Барабанға тым көп кір салынбағанына
көз жеткізіңіз.
4. Есікті жабыңыз.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Тығыздағыш пен есіктің арасына
ешбір кір қыстырылып қалмағанына
көз жеткізіңіз. Су ағуы немесе кірге
нұқсан келуі мүмкін.
10.2 Жуғыш зат пен
үстемелерді пайдалану
1. Жуғыш зат пен мата
жұмсартқышты өлшеп алыңыз.
2. Жуғыш зат үлестіргішті абайлап
жабыңыз
10.3 Жуғыш зат салынатын бөліктер
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!
Кір жуғыш машинаға арнайы жуғыш заттарды ғана пайдаланыңыз.
Жуғыш заттардың орамында көрсетілетін нұсқауларды әрқашан
орындаңыз.
Алдын ала жуу циклына арналған жуғыш зат бөлігі.
Жуу циклына арналған жуғыш зат бөлігі.
Сұйық үстемелерге арналған бөлік (мата жұмсартқыш,
крахмал).
ҚАЗАҚ 13
Ұнтақ немесе сұйық жуғыш затқа арналған бөлгіш.
10.4 Сұйық немесе ұнтақ
жуғыш зат
1.
A
2.
3.
B
4.
A қалпы ұнтақ жуғыш затқа арналған (зауыттық бапталым).
B - сұйық жуғыш затқа арналған.
Сұйық жуғыш затты пайдаланған кезде:
Қоймалжың немесе қою сұйық жуғыш заттарды қолданбаңыз.
Сұйық жуғыш затты ең жоғары деңгейден асырып салмаңыз.
Алдын ала жуу циклын орнатпаңыз.
Кешіктіріп бастау параметрін орнатпаңыз.
10.5 Бағдарламаны орнату
1. Бағдарлама тетігін бұрап, жуу
бағдарламасын орнатыңыз:
индикаторы жыпылықтайды.
Дисплейде Уақыт
басқарушысының деңгейі,
бағдарламаның уақыты және
бағдарлама циклдарының
индикаторлары көрінеді.
2. Қажет болса, температура мен
айналдыру жылдамдығын
өзгертіңіз немесе қолжетімді
параметрлерді қосыңыз.
Параметрді қосқан кезде
орнатылған параметрдің
индикаторы жанады.
Егер қате орнатып
қойсаңыз, бейнебетте
көрсетіледі.
www.electrolux.com14
10.6 Кешіктіріп бастау
функциясы жоқ
бағдарламаны бастау
түймешігін басыңыз.
индикаторы жыпылықтауын
тоқтатып, жанған қалпы тұрады.
Бейнебетте индикаторы
жыпылықтай бастайды.
Бағдарлама басталады да, есік
құлыпталып, дисплейде
индикаторы көрсетіледі.
Құрылғыға су құйылған кезде су
төгетін сорғы шамалы уақыт
жұмыс істейді.
Бағдарлама басталғаннан
кейін шамамен 15
минуттан кейін:
Құрылғы
бағдарламаның
ұзақтығын автоматты
түрде кірдің ластану
деңгейіне сай келтіріп
реттейді.
Бейнебетте жаңа мән
көрсетіледі.
10.7 Кешіктіріп бастау
функциясы бар
бағдарламаны бастау
1. түймешігін бейнебетте
орнатқыңыз келген кешіктіріп
бастау уақыты көрсетілгенше
қайта-қайта басыңыз.
Бейнебетте тиісті индикатор жанады.
2. түймешігін басыңыз:
Құрылғы кері санай бастайды.
Кері санақ аяқталған кезде,
бағдарлама автоматты түрде
басталады.
Орнатылған кері санақ
мәнін түймешігін
баспай тұрып болдырмауға
немесе өзгертуге болады.
Кешіктіріп бастау
функциясын болдырмау
үшін:
Құрылғыны кідірту
үшін түймешігін
басыңыз.
түймешігін
дисплейде
' пайда
болғанша басыңыз.
Бағдарламаны
дереу бастау үшін
түймешігін қайта
басыңыз.
10.8 Бағдарламаны кідірту
және параметрлерді өзгерту
Кей функцияларды ғана басталмай
тұрып өзгертуге болады.
1.
түймешігін басыңыз.
Индикатор жыпылықтайды.
2. Функцияларды өзгертіңіз.
3. түймешігін қайта басыңыз.
Бағдарлама жалғасады.
10.9 Бағдарламаны
болдырмау
1. Бағдарламаны біржола тоқтату
және құрылғыны сөндіру үшін
бағдарлама тетігін қалпына
қойыңыз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін
бағдарлама тетігін қайта бұраңыз.
Енді жаңа жуу бағдарламасын
орнатуға болады.
Құрылғы жаңа
бағдарламаны бастар
алдында суды төгеді.
Жуғыш зат үлестіргіште әлі
жуғыш заттың бар екеніне
көз жеткізіңіз, егер жоқ
болса, жуғыш заттан
салыңыз.
ҚАЗАҚ 15
10.10 Кешіктіріп бастау жұмыс
істеп тұрғанда есікті ашу
Кешіктіріп бастау функциясы жұмыс
істеп тұрғанда, құрылғының есігі
бекітіліп,
индикаторы көрсетіліп
тұрады.
1. Құрылғыны кідірту үшін
түймешігін басыңыз.
2. Есік бұғаттаулы индикаторы
сөнгенше күтіңіз.
3. Есікті ашуға болады.
4. Есікті жауып түймешігін қайта
басыңыз.
Кешіктіріп бастау функциясы
жалғасады.
10.11 Бағдарлама жұмыс
істеп тұрғанда есікті ашу
Бағдарлама жұмыс істеп тұрғанда,
құрылғының есігі бекітіліп,
индикаторы көрсетіліп тұрады.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Егер барабанның ішіндегі
судың деңгейі мен
температурасы өте жоғары
болса, есікті аша
алмайсыз.
1. Құрылғыны сөндіру үшін
бағдарлама тетігін қалпына
қойыңыз.
2. Бірнеше минут күте тұрыңыз да,
содан кейін құрылғының есігін
ашыңыз.
3. Құрылғы есігін жабыңыз.
4. Бағдарламаны қайта орнатыңыз.
10.12 Бағдарламаның соңы
Құрылғы автоматты түрде
тоқтайды.
Дыбыстық сигналдар естіледі (егер
қосулы тұрса).
Бейнебетте жанады.
индикаторы сөнеді.
Есік құлпының индикаторы
сөнеді.
Есікті ашуға болады.
Құрылғыдан кірді алыңыз.
Барабанның бос екеніне көз
жеткізіңіз.
Судың шүмегін жабыңыз.
Құрылғыны сөндіру үшін
бағдарлама тетігін қалпына
қойыңыз.
Зең және иіс пайда болмас үшін
есікті сәл ашып қойыңыз.
Жуу бағдарламасы аяқталды, бірақ
барабанда су тұр:
Кір мыжылып қалмас үшін барабан
мезгіл-мезгіл айналып тұрады.
Есік бұғаттаулы индикаторы
жанып тұр. индикаторы
жыпылықтайды. Есік құлыпталып
тұрады.
Есікті ашу үшін суды төгу керек.
Суды төгу үшін:
1. Қажет болса, айналдыру
жылдамдығын азайтыңыз. Егер
параметрін орнатсаңыз, құрылғы
тек суды ғана төгеді.
2. түймешігін басыңыз. Құрылғы
суды төгеді де, айналдыру кезеңін
орындайды.
3. Бағдарлама аяқталып, есік
бұғаттаулы индикаторы
көрінбей кеткенде есікті ашуға
болады.
4. Құрылғыны сөндіру үшін
бағдарлама тетігін қалпына
қойыңыз.
Құрылғы шамамен 18
сағаттан кейін суды
автоматты түрде төгеді
және айналдырады (Жүн
мата бағдарламаларынан
басқа бағдарламаларда).
10.13 Күту режимі
Жуу бағдарламасы аяқталғаннан кейін
бірнеше минуттан кейін құрылғыны
сөндірмесеңіз, қуатты үнемдеу режимі
қосылады.
Қуатты үнемдеу режимі құрылғы күту
режимінде тұрған кезде
пайдаланылатын қуат мөлшерін
азайтуға көмектеседі.
www.electrolux.com16
Барлық индикаторлар мен
бейнебет сөнеді.
индикаторы баяу
жыпылықтайды
Қуатты үнемдеу режимін ажырату
үшін параметрлердің бірін басыңыз.
11. АҚЫЛ-КЕҢЕС
11.1 Кір салу
Кірді былай сұрыптаңыз: ақ, түрлі-
түсті, синтетика, нәзік және жүн
мата.
Кірдің затбелгісіндегі жуу
нұсқауларын орындаңыз.
Ақ және түрлі-түсті заттарды бірге
жумаңыз.
Кейбір түрлі-түсті заттарды алғаш
жуғанда бояуы шығуы мүмкін.
Оларды алғаш жуғанда бөлек жууға
кеңес береміз.
Жастық қаптарының түймесін
салып, тартпаларды тартып жауып,
ілгектер мен батырма
түймешіктерді салыңыз.
Белбеулерді байлаңыз.
Қалталарды босатып, оралған
заттарды ашыңыз.
Көп қабатты матадан жасалған, жүн
матадан жасалған немесе сурет
салынған киімдердің астарын
сыртына аударыңыз.
Қатты дақтарды кетіріңіз.
Өте кір дақтарды арнайы жуғыш
затпен жуыңыз.
Перделерді абайлап жуыңыз.
Ілгектерін алыңыз немесе
перделерді кір жуатын торға немесе
жастықтың тысына салыңыз.
Шашақтары бар немесе кесілген
жерлері бар заттарды құрылғыда
жумаңыз. Кішкене заттарды жуу
үшін (мысалы, сым өткізілген төс
тартқыш, белдіктер, колготкилер,
т.с.с.) кір жууға арналған торды
пайдаланыңыз.
Кір өте аз салынса, айналдыру
циклі кезінде теңгерімді сақтауға
қатысты мәселе орын алуы мүмкін.
Бұндай жағдай орын алса,
барабандағы кірді қолмен таратып,
қайта айналдыра бастаңыз.
11.2 Оңай кетпейтін дақтар
Кейбір дақтарды кетіру үшін су мен
жуғыш зат жеткіліксіз болады.
Бұндай дақтарды кірді құрылғыға
салмай тұрып тазалауды ұсынамыз.
Дақ кетіретін арнайы құралдар
болады. Дақ пен матаның түріне сай
келетін арнайы дақ кетіргішті
қолданыңыз.
11.3 Жуғыш заттар мен
үстемелер
Кір жуғыш машиналарға арналған
жуғыш заттар мен үстемелерді ғана
қолданыңыз:
матаның барлық түрлеріне
арналған ұнтақ жуғыштар,
нәзік мата (ең көбі 40 °C) мен
жүн тоқымаларға арналған
ұнтақ жуғыштар,
матаның барлық түрлеріне не
тек жүн матаға арналған, төмен
температурада жуатын
бағдарламаларға (ең көбі 60 °C)
арналған сұйық жуғыш заттар.
Әр түрлі жуғыш заттарды
араластырмаңыз.
Қоршаған ортаға зиян келтірмеу
үшін жуғыш затты қажетті
мөлшерден артық пайдаланбаңыз.
Осы заттардың орамында
көрсетілетін нұсқауларды
орындаңыз.
Матаның түріне және түсіне,
бағдарламаның температурасы мен
кірдің деңгейіне сай келетін
құралдарды қолданыңыз.
Егер құрылғының жуғыш зат
үлестіргішінде мөлшерлегіш құрал
(жуғыш зат өндірушісі қамтамасыз
етеді) болмаса, мөлшерлегіш
шарикті қолданыңыз.
ҚАЗАҚ 17
11.4 Қоршаған ортаға
қатысты ескерім
Қалыпты кірлеген кірді алдын ала
жуу циклі жоқ бағдарламаны
қолданып жуыңыз.
Жуу бағдарламасын кірді әрқашан
неғұрлым көп салғаннан кейін
бастаңыз.
Төмен температурада жуатын
бағдарламаны таңдаған кезде,
қажет болса дақ кетіргішті
қолданыңыз.
Жуғыш затты дұрыс мөлшерде
қолдану үшін, жергілікті су
жүйесіндегі судың кермектігін
тексеріңіз
11.5 Су кермектігі
Сіз тұратын жердегі су өте кермек
немесе орташа кермек болса, кір
жуғыш машинада су жұмсартқышты
қолдануды ұсынамыз. Суы тұщы
жерлерде су жұмсартқышты қолдану
қажет емес.
Жергілікті жердегі судың кермектігін
білу үшін су жүйесін басқару
мекемесіне хабарласыңыз.
Су жұмсартқышты дұрыс мөлшерлеп
пайдаланыңыз. Бұйымның орамында
көрсетілетін нұсқауларды орындаңыз.
12. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
12.1 Сыртын тазалау
Құрылғыны сабын мен жылы суды
ғана қолданып тазалаңыз. Барлық
беттерін әбден құрғатыңыз.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Спирт, еріткіш немесе
химиялық заттарды
қолданбаңыз.
12.2 Қақты тазалау
Сіз тұратын жердегі су өте кермек
немесе орташа кермек болса, кір
жуғыш машинаға арналған қақ
тазалайтын құралды қолдануды
ұсынамыз.
Барабанның ішін мезгіл-мезгіл
тексеріп, әк және тот бөлшектерінің
жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
Тот бөлшектерін тазалау үшін кір
жуғыш машиналарға арналған арнайы
құралдарды ғана пайдаланыңыз. Бұны
кір жумай тұрғанда орындаңыз.
Бұйымның орамында
көрсетілетін нұсқауларды
әрқашан орындаңыз.
12.3 Тазалап жуу
Төмен температура бағдарламаларын
қолданғанда барабанда шамалы
жуғыш зат қалып қоюы мүмкін.
Құрылғыға күтім көрсету үшін
уақытылы жуыңыз. Ол үшін:
Барабаннан кірді алыңыз.
Мақта мата жууға арналған
бағдарламаны, шамалы жуғыш зат
салып ең жоғары температураға
қойып орнатыңыз.
12.4 Есік тығыздағышы
Тығыздағышты мезгіл-мезгіл тексеріп,
ішіндегі заттардың барлығын алыңыз.
www.electrolux.com18
12.5 Жуғыш зат үлестіргішін тазалау
1.
1
2
2.
3. 4.
12.6 Су төгетін түтіктегі сүзгіні тазалау
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Құрылғыдағы су ыстық
болса су төгу жүйесіндегі
сүзгіні тазаламаңыз.
1. 2.
2
11
ҚАЗАҚ 19
3. 4.
2
1
5.
1
2
6.
7. 8.
2
1
9.
www.electrolux.com20
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44
  • Page 45 45
  • Page 46 46
  • Page 47 47
  • Page 48 48
  • Page 49 49
  • Page 50 50
  • Page 51 51
  • Page 52 52

Electrolux EWS1264EDW Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя

Задайте вопрос, и я найду ответ в документе

Поиск информации в документе стал проще с помощью ИИ