Zanussi ZWSG7121V Руководство пользователя

  • Привет! Я — чат-бот, ознакомленный с руководством пользователя стиральной машины Zanussi ZWSG7121V. Я готов ответить на ваши вопросы о выборе программ стирки, настройке параметров, устранении неполадок и других аспектах эксплуатации устройства. В руководстве подробно описаны все функции машины, включая отложенный старт и дополнительные режимы полоскания.
  • Как запустить программу стирки?
    Что делать, если стиральная машина не сливает воду?
    Как включить функцию защиты от детей?
    Какие типы тканей можно стирать в машине?
GETTING
STARTED?
EASY.
User Manual
ZWSG7121V
KK Қолдану туралы нұсқаулары 2
Кір жуғыш машина
RU Инструкция по эксплуатации 20
Стиральная машина
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Дұрыс
орнатпау немесе пайдаланбау нәтижесінде орын алған
жарақат немесе зақымдарға өндіруші жауапты емес.
Нұсқаулықтарды кейін қарап жүру үшін әрқашан қауіпсіз
және қол жетімді жерде сақтаңыз.
БАЛАЛАР МЕН ДӘРМЕНСІЗ АДАМДАРДЫҢ
ҚАУІПСІЗДІГІ
Бұл құрылғыны 8 жастағы және одан асқан балалар мен
физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдар, құрылғыны
қауіпсіз пайдалану және одан келетін ықтимал қауіп-
қатер туралы нұсқау алса және/немесе қадағалау үстінде
болса пайдалана алады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
3 жасқа толмаған балаларды үздіксіз бақылауда
болмаса, құрылғыдан алыс ұстау керек.
Барлық орам материалдарын балалардан алыс ұстап,
қоқысқа тиісті түрде тастау керек.
Жуғыш заттарды балалардан алыс ұстаңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар мен үй
жануарларын алыс ұстаңыз.
Балалар құрылғыны жөндеу және тазалау жұмыстарын
бақылаусыз орындамауы керек.
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ АҚПАРАТ
Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын өзгертпеңіз.
Ең көп 6 кг салмақ көрсетілімін орындаңыз ("Бағдарлама
кестесі" тарауын қараңыз).
Сыртқы қосылымнан су кіретін тұстағы судың жұмыс
қысымы 0,5 бар (0,05 МПа) және 8 бар (0,8 МПа)
аралығында болуы керек.
Табанындағы желдеткіш саңылауларға (егер бар болса)
кілем, төсеніш немесе еденнің қаптамасы кедергі
жасамауға тиіс.
2
Құрылғыны су желісіне жаңадан берілген түтік жинағын
немесе уәкілетті қызмет көрсету орталығы берген басқа
түтік жинағын қолданып қосу керек.
Ескі түтіктерді қайта пайдалануға болмайды.
Қуат cымына зақым келсе, электр қатерінен сақтандыру
үшін оны өндіруші немесе оның уәкілетті қызмет көрсету
орталығы немесе сол сияқты білікті маман ауыстыруға
тиіс.
Кез келген жөндеу жұмысын орындау алдында
құрылғыны сөндіріп, ашаны розеткадан суырыңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және/немесе буды
қолданбаңыз.
Құрылғыны дымқыл шүберекпен тазалаңыз. Бейтарап
жуғыш заттарды ғана қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,
түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе темір заттарды
пайдаланбаңыз.
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
ОРНАТУ
Орам материалдарының және тасымал
тетіктерінің барлығын алыңыз.
Тасымал болттарын сенімді жерде
сақтаңыз. Кейін құрылғыны көшірген кезде,
ішкі бөліктеріне зақым келмес үшін
барабанды бекіту үшін оларды қайта салу
керек.
Құрылғы ауыр болғандықтан, орнынан
жылжытқан кезде әрқашан абай болыңыз.
Әрқашан қауіпсіздік қолғабы мен бітеу аяқ
киім киіңіз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе
іске қоспаңыз.
Құрылғымен бірге жеткізілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғыны температурасы 0°C градустан
төмен немесе ауа-райы әсер ететін жерге
орнатпаңыз немесе пайдаланбаңыз.
Құрылғы орнатылған еден тегіс, орнықты,
қызуға төзімді және таза болуға тиіс.
Құрылғы мен еден арасында ауаның
айналуын қамтамасыз етіңіз.
Құрылғы мен еден арасында тиісті орын
қалдыру үшін өзгермелі тіректерді реттеңіз.
Құрылғыны құрылғының есігі толық
ашылмайтын жерге орнатпаңыз.
ЭЛЕКТРТОҒЫНА ҚОСУ
Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау
қажет.
Әрқашан дұрыс орнатылған, қатерден
сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
электр параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз.
Сай келмесе, электршіге хабарласыңыз.
Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш
сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғының ашасына және сымына зақым
келтірмеңіз. Қорек сымын ауыстыру қажет
болса, оны міндетті түрде қызмет көрсету
орталығы жүзеге асыруға тиіс.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан кейін ғана
жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін
ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Қорек сымын немесе ашасын су қолмен
ұстамаңыз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан
тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып
суырыңыз.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай
келеді.
3
СУҒА ҚОСУ
Су түтіктеріне зақым келтірмеңіз.
Жаңа түтіктерді немесе ұзақ уақыт
қолданылмаған түтіктерді орнату алдында,
жөндеу жұмыстарын орындағаннан кейін
немесе жаңа құралдарды орнатқаннан
кейін (су өлшегіш құрал, т.б.) суды таза
және тұнық су аққанша ағызыңыз.
Құрылғыны пайдалану барысында немесе
бірінші рет қолданғаннан кейін ешбір су
ағып тұрмағанына көз жеткізіңіз.
ПАЙДАЛАНУ
ЕСКЕРТУ! Жарақат алу, электр
қатері, күйіп қалу және өрт қаупі,
құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
Бұл үйде ғана қолдануға арналған құрылғы.
Жуғыш заттың орамындағы қауіпсіздік
нұсқауларын орындаңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш
зат салынған дымқыл заттарды
құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне
қоймаңыз.
Кірден барлық темір заттардың
алынғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғының астына ағып кетуі мүмкін суды
құю үшін сауыт қоймаңыз. Қолданылатын
керек-жарақтың түрін уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласып біліңіз.
Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде
шыны есікті ұстамаңыз. Шыны ысып кетуі
мүмкін.
СЕРВИС
Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Тек ғана фирмалық қосалқы бөлшектерді
қолданыңыз.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ТАСТАУ
ЕСКЕРТУ! Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны электр және сумен жабдықтау
желісінен ажыратыңыз.
Құрылғыға жақын орналасқан электр
сымын кесіп, қоқысқа тастаңыз.
Балалар немесе үй жануарлары барабанға
қамалып қалмас үшін есіктің бекітпесін
ағытып алыңыз.
Құрылғыны Ескірген электр және
электроника құрылғыларын тастауға
(WEEE) арналған жергілікті ережелерге
сәйкес тастаңыз.
БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ ЖАЛПЫ КӨРІНІСІ
1
2
3
5
6
7
4
1
Жұмыс тақтасы
2
Жуғыш зат үлестіргіші
3
Басқару панелі
4
Техникалық ақпарат тақтайшасы
5
Есіктің тұтқасы
6
Су төгетін сорғының сүзгісі
7
Құрылғыны деңгейлеуге арналған тіректер
4
БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
БАСҚАРУ ПАНЕЛІНІҢ СИПАТТАМАСЫ
1200
900
700
3 4
6 578910
1
2
1
Бағдарлама түймешесі
2
Дисплей
3
Кешіктіріп бастау түймешігі (Отложенный
старт)
4
Есік құлыптаулы индикаторы
5
Бастау/Үзіліс түймешігі (Старт/Пауза)
6
Қосымша шаю түймешігі (Доп. полоскание)
7
Өте жылдам цикл түймешігі (Супер
Быстрый
)
8
Шаюды кідірту түймешігі (Остановка
полоскания)
9
Айналдыру жылд. азайту түймешігі
(Отжим)
10
Температура түймешігі (Температура)
БЕЙНЕБЕТ
A CB
Бейнебетте төмендегілер көрсетіледі:
A. Кешіктіріп бастау функциясы.
Кешіктіріп бастау түймешігін басқан кезде
бейнебетте кешіктіріп бастау уақыты
көрсетіледі.
B. Бала қауіпсіздігі құлпының индикаторы.
Тиісті функция орнатылған кезде
бейнебетте индикатор жанады.
C. Осы аумақта көрсетіледі:
Бағдарлама уақыты.
Ескерту кодтары.
Егер құрылғының ақауы бар болса,
бейнебетте ескерту кодтары
көрсетіледі. "Ақаулықты түзету"
тарауын қараңыз.
Бейнебетте
хабары келесі
жағдайларда бірнеше секунд
көрсетіледі:
5
Бағдарламаға сай келмейтін
параметрді орнатсаңыз.
Бағдарламаны жұмыс істеп тұрған
кезінде өзгертсеңіз.
БАҒДАРЛАМАЛАР
БАҒДАРЛАМА КЕСТЕСІ
Бағдарлама
Температура ауқымы
Ең үлкен салмақ
Ең үлкен айналдыру
жылдамдығы
Бағдарлама сипаттамасы
(Кірдің салмағы және кірлеу дәрежесі)
Жуу бағдарламалары
Хлопок
90°C -
(Суық)
6 кг
1200 мин/айн
Ақ және түрлі-түсті мақта мата.
Қалыпты және шамалы ластанған кір.
Хлопок + Предв. стирка
90°C - (Суық)
6 кг
1200 мин/айн
Ақ және түрлі-түсті мақта мата. Қатты
және қалыпты кірлеген.
Хлопок Eco
1)
60°C - 40°C
6 кг
1200
мин/айн
Ақ және бояуы қанық мақта мата.
Орташа кірлеген. Қуатты пайдалану
азаяды және жуу бағдарламасының
уақыты ұзарады.
Синтетика
60°C -
(Суық)
3 кг
1200 мин/айн
Синтетика немесе аралас матадан
жасалған заттар. Орташа кірлеген.
Mикc 20°
20°C
3 кг
1200
мин/айн
Шамалы кірлеген мақта мата, синтетика
және аралас матадан жасалған
заттарға арналған арнайы бағдарлама.
Пайдаланылатын қуат мөлшерін азайту
үшін осы бағдарламаны таңдаңыз.
Жақсы жуу нәтижелеріне қол жеткізу
үшін жуғыш затты төмен температурада
пайдалануға болатынына көз жеткізіңіз
2)
Тонкие ткани
40°C -
(Суық)
3 кг
700 мин/айн
Акрил, вискоза, полиэстер сияқты
биязы матадан жасалған заттар.
Орташа кірлеген.
Шерсть/Ручная стирка
40°C - (Суық)
1 кг
1200
мин/айн
«Қолмен жуу» белгісі бар нәзік
маталар,
машинамен жууға болатын
жүн маталар және қолмен жууға
болатын жүн маталар
3)
6
Бағдарлама
Температура ауқымы
Ең үлкен салмақ
Ең үлкен айналдыру
жылдамдығы
Бағдарлама сипаттамасы
(Кірдің салмағы және кірлеу дәрежесі)
Полоскание
Суық
6 кг
1200
мин/айн
Кірді шаюға және айналдыруға
арналған. Барлық маталар, жүн мата
мен өте нәзік матадан басқа.
Айналдыру жылдамдығын матаның
түріне қарай азайтыңыз.
Слив
6 кг Барабандағы суды төгуге арналған.
Барлық маталар.
Отжим
6 кг
1200
мин/айн
Кірді айналдыруға және барабандағы
суды төгуге арналған. Жүн мата мен
өте нәзік маталардан басқа барлық
маталар..
Легкая глажка
60°C - (Суық)
1.5 кг
900 мин/айн
Баппен жууды қажет ететін
синтетикалық заттар. Қалыпты және
шамалы ластанған кір.
4)
5 pубашек
30°C
900 мин/айн Синтетика және аралас матадан
жасалған заттар. Шамалы кірлеген
және жаңартуды қажет ететін заттар. 5 -
6 жейде.
Mини 30
30°C
3 кг
700 мин/айн
Синтетика және нәзік заттар. Шамалы
кірлеген немесе жаңартуды ғана қажет
ететін заттар.
Джинсы
60°C - (Суық)
6 кг
1200
мин/айн
Джинс және джерсиден жасалған
заттар. Баран түсті заттарға да
арналған.
1) Мақта мата, үнемді бағдарламасы. Бұл бағдарлама 60ºC градуспен жуатын,
6 кг салмаққа
арналған, қуат мәндері көрсетілген тақтайшадағы ақпарат негізінде EEC 92/75 стандарттарына
сай берілген бағдарлама. Жуу нәтижесін жақсарту және қуатты аз тұтыну үшін осы
бағдарламаны орнатыңыз. Жуу бағдарламасының уақыты ұзарады.
2) Судың температурасы 20°C градустан төмен болса, құрылғы қысқа жылыту циклын
орындайды. Құрылғы температура параметрін "суық" етіп көрсетеді.
3) Осы цикл кезінде кірді баппен жуу үшін барабан баяу айналады. Барабан айналмай тұрған
сияқты немесе дұрыс айналмай тұрған сияқты көрінуі мүмкін.
4) Бұл цикл кірдің мыжылуын азайту үшін судың температурасын реттеп, баппен жуу және
айналдыру циклын орындайды. Құрылғы бірнеше шаю циклдарын қосады.
7
Бағдарлама параметрлерінің
үйлесімділігі
Бағдарлама
Отжим
Остановка полоскания
Супер Быстрый
1)
Доп. полоскание
2)
Отложенный старт
Хлопок
Хлопок + Предв. стирка
Хлопок Eco
Синтетика
Mикc 20°
Тонкие ткани
Шерсть/Ручная стирка
Полоскание
Слив
Отжим
Легкая глажка
5 pубашек
Mини 30
Джинсы
1) Егер қысқарақ цикл уақытын орнатсаңыз, кірдің мөлшерін азайтуды ұсынамыз. Құрылғыға
кірді толтыра салуға болады, бірақ жуу нәтижелері сонша қанағаттанарлық болмайды.
2) Егер Қосымша шаю функциясы орнатылса, құрылғы қосымша шаю циклдарын қосады. Шаю
бағдарламасы үшін төмен жылдамдықпен айналдыру циклын орнатсаңыз, құрылғы баппен шаю
және қысқа айналдыру циклын орындайды.
8
ПАЙДАЛАНУ КӨЛЕМІ
Осы кестеде орташа мәндер көрсетілген. Түрлі айнымалы шамалар деректерді
өзгертуі мүмкін: кірдің мөлшері мен түрі, судың және қоршаған ортаның
температурасы.
Бағдарламалар
Салмақ
(кг)
Қуат тұтыну
(кВт/сағ)
Суды
пайдалану
(литр)
Бағдарламаның
болжалды ұзақтығы
(минут)
Мақта мата 60°C 6 1.26 60 183
Мақта мата, үнемді 60 °C
бағдарламасы
1)
6 0.80 48 204
Мақта мата 40°C 6 0.83 60 165
Синтетика 40°C 3 0.63 55 119
Нәзік мата 40°C 3 0.50 45 49
Жүн мата/Қолмен жуу 30°C 1.5 0.45 59 69
1) 6 кг салмаққа арналған «Мақта мата, үнемді 60°C бағдарламасы» үшін EEC 92/75
стандарттарына сай қуат мәндері көрсетілген тақтайшадағы ақпарат негізінде берілген
бағдарлама.
Сөндіру режимі (Вт) Қосулы режим (Вт)
0,48 0,48
Жоғарыдағы кестеде берілген ақпарат 2009/125/EО директивасын жүзеге асыру үшін ЕО
Комиссиясының 1015/2010 стандартына сай берілген.
ФУНКЦИЯЛАР
ТЕМПЕРАТУРА
Осы функцияның көмегімен әдепкі
температураны өзгертуге болады.
индикаторы = суық су.
Орнатылған температураның индикаторы
жанады.
ОТЖИМ
Осы функцияның көмегімен әдепкі айналдыру
жылдамдығын өзгертуге болады.
Орнатылған жылдамдықтың индикаторы
жанады.
ОСТАНОВКА ПОЛОСКАНИЯ
Кірлер мыжылып қалмас үшін осы
параметрді орнатыңыз.
Тиісті индикатор жанады.
Бағдарлама аяқталған кезде барабан
ішінде су қалады.
Кір мыжылып қалмас үшін барабан мезгіл-
мезгіл айналып тұрады.
Есік құлыпталып тұрады. Есікті ашу үшін
суды төгу керек.
Суды төгу үшін "Бағдарламаның
соңы" тарауын қараңыз.
9
СУПЕР БЫСТРЫЙ
Бағдарламаның уақытын қысқарту үшін осы
түймешікті басыңыз.
Осы параметрді шамалы кірлеген немесе
жаңартуды қажет ететін кірлерді жуу үшін
орнатыңыз.
ДОП. ПОЛОСКАНИЕ
Осы параметрдің көмегімен жуу
бағдарламасына бірнеше шаю циклын қосуға
болады.
Бұл функцияны жуғыш заттарға аллергиясы
бар адамдар үшін және суы тым тұщы
жерлерде қолданыңыз.
Тиісті индикатор жанады.
ОТЛОЖЕННЫЙ СТАРТ
Осы параметрдің көмегімен бағдарламаны 30
минуттан 20 сағатқа дейін кешіктіріп бастауға
болады.
Бейнебетте тиісті индикатор пайда болады.
ЕСІК ҚҰЛЫПТАУЛЫ ИНДИКАТОРЫ
индикаторы есікті қашан ашуға
болатынын көрсетеді:
Индикатор жанады: есікті ашуға болмайды.
Индикатор жыпылықтайды: есік бірнеше
минуттан кейін ашылады.
Индикаторы сөнеді: есікті ашуға болады.
ПАРАМЕТРЛЕР
БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ҚҰРАЛЫ
Осы функцияның көмегімен балалар басқару
панелімен ойнауға жол бермейсіз.
Осы функцияны іске қосу/ажырату үшін
Температура
және Отжим түймешіктерін
индикаторы жанғанша/сөнгенше қатар
басыңыз.
Мына параметрді қосуға болады:
Старт/Пауза
түймешігін басқаннан кейін:
функциялар мен бағдарлама тетігі
бұғатталады.
Старт/Пауза түймешігін баспай тұрып:
құрылғы іске қосылмайды.
ДЫБЫСТЫҚ СИГНАЛДАР
Дыбыстық сигналдар мына жағдайларда
қосылады:
Бағдарлама аяқталғанда.
Құрылғыда ақау бар кезде.
Дыбыстық сигналдарды сөндіру/қосу үшін
Остановка полоскания және Супер Быстрый
түймешіктерін 6 секунд қатар басыңыз.
Дыбыстық сигналдарды
сөндірсеңіз, олар құрылғыда ақау
пайда болған кезде қосыла береді.
ТҰРАҚТЫ ҚОСЫМША ШАЮ
Осы функцияның көмегімен жаңа бағдарлама
орнатқан кезде қосымша шаю циклі тұрақты
орнатылып тұрады.
Осы функцияны қосу/сөндіру
үшін
Остановка полоскания және Доп.
полоскание түймелерін Доп. полоскание
түймесінің индикаторы жанғанша/
сөнгенше қатар басыңыз.
БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
1. Жуу циклының жуғыш затына арналған
бөлікке 2 литр су құйыңыз.
Бұл су төгу жүйесін іске қосады.
2. Жуу циклына арналған бөлікке шамалы
жуғыш зат салыңыз.
3. Мақта матаға арналған бағдарламаны
орнатып, ең жоғары температураға қойып
ешбір кір салмай жуыңыз.
Бұл цикл барабан мен машинаның ішінде бар
болуы мүмкін кірлердің барлығын кетіреді.
10
ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
ЕСКЕРТУ! Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
КІРДІ САЛУ
Су құятын шүмекті ашыңыз. Ашаны розеткаға
қосыңыз.
1. Құрылғының есігін ашу үшін есіктің
тұтқасын тартыңыз.
2. Кірді барабанға бір-бірден салыңыз.
3. Кірлерді құрылғыға салар алдында
сілкілеңіз.
Барабанға тым көп кір салынбағанына көз
жеткізіңіз. "Бағдарлама кестесі" тарауында
көрсетілген кірдің мах. салмағын қараңыз.
4. Есікті жабыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Тығыздағыш
пен есіктің
арасына
ешбір кір
қыстырылып
қалмағанына
көз жеткізіңіз.
Су ағуы
немесе кірге
нұқсан келуі
мүмкін.
ЖУҒЫШ ЗАТ ПЕН ҮСТЕМЕЛЕРДІ
ПАЙДАЛАНУ
2
1
1. Жуғыш зат пен
мата
жұмсартқышты
өлшеп алыңыз.
2. Жуғыш зат пен
мата
жұмсартқышты
бөліктерге
салыңыз.
3.
Жуғыш зат
үлестіргішті
абайлап жабыңыз.
ЖУҒЫШ ЗАТ САЛЫНАТЫН БӨЛІКТЕР
АБАЙЛАҢЫЗ Кір жуғыш
машинаға арнайы жуғыш заттарды
ғана пайдаланыңыз.
Жуғыш заттардың орамында
көрсетілетін нұсқауларды әрқашан
орындаңыз.
1 Алдын ала жуу немесе жібіту
бағдарламаларына арналған
жуғыш зат салынатын бөліктер
(егер бар болса). Алдын ала жуу
және жібіту циклдарына арналған
жуғыш затты бағдарламаны
бастамай тұрып салыңыз.
2 Жуу циклына арналған жуғыш зат
бөлігі. Сұйық жуғыш затты
қолдансаңыз, оны бағдарламаны
бастаудың сәл алдында ғана
салыңыз.
Сұйық үстемелерге арналған
бөлік (мата жұмсартқыш,
крахмал). Жуғыш құралды
бағдарламаны бастамай тұрып
бөлікке салыңыз.
СҰЙЫҚ НЕМЕСЕ ҰНТАҚ ЖУҒЫШ ЗАТ
Жуғыш зат үлестіргішті
тоқтап қалғанша
сыртқа қарай
тартыңыз. Жуғыш зат
бөлгіштің A қалпы -
ұнтақ жуғыш затқа
арналған.
Сұйық жуғыш затты
пайдалану үшін:
1. Жуғыш зат бөлгішті
A қалпынан алыңыз.
11
B
2. Жуғыш зат бөлгішті
B қалпына қойыңыз.
3. Жуғыш зат
үлестіргішін абайлап
жабыңыз.
Қайта ұнтақ жуғыш затты
пайдалану үшін, жуғыш зат
бөлгішті қайта A қалпына қойыңыз.
Сұйық жуғыш затты пайдаланған
кезде:
Қоймалжың немесе қою сұйық
жуғыш заттарды қолданбаңыз.
Сұйық жуғыш затты жуғыш
заттың бөлгішіндегі көрсетілген
межеден асырмаңыз.
Алдын ала жуу параметрін
орнатпаңыз.
Кешіктіріп бастау параметрін
орнатпаңыз.
БАҒДАРЛАМАНЫ ОРНАТУ
1. Бағдарлама орнату және құрылғыны қосу
үшін бағдарлама тетігін бұраңыз:
Старт/Пауза түймешігінің индикаторы
жыпылықтайды.
Дисплейде бағдарлама ұзақтығы
көрсетіледі.
2. Қажет болса, температура мен айналдыру
жылдамдығын өзгертіңіз немесе
қолжетімді параметрлерді қосыңыз.
Параметрді қосқан кезде орнатылған
параметрдің индикаторы жанады.
Егер қате орнатып қойсаңыз,
бейнебетте көрсетіледі.
КЕШІКТІРІП БАСТАУ ФУНКЦИЯСЫ ЖОҚ
БАҒДАРЛАМАНЫ БАСТАУ
Старт/Пауза түймешігін басыңыз.
Старт/Пауза
түймешігінің индикаторы
жыпылықтауын тоқтатып, жанған қалпы
тұрады.
Бағдарлама басталып, есік
құлыпталады да,
индикаторы
жанады.
Бағдарламаның уақыты бір минутқа
тең қадаммен азаяды.
Су сорғысы жуу циклының
басында шамалы уақыт жұмыс
істейді.
КЕШІКТІРІП БАСТАУ ПАРАМЕТРІ БАР
БАҒДАРЛАМАНЫ БАСТАУ
1. Отложенный старт түймешігін бейнебетте
орнатқыңыз келген кешіктіріп бастау
уақыты көрсетілгенше қайта-қайта
басыңыз. Кешіктіріп бастау индикаторы
жанады.
2. Старт/Пауза түймешігін басыңыз:
Есік бұғаттаулы және
индикаторы
жанып тұр.
Құрылғы кері санай бастайды.
Кері санақ аяқталған кезде,
бағдарлама автоматты түрде
басталады.
Орнатылған Отложенный старт
параметр мәнін Старт/Пауза
түймешігін баспай тұрып
болдырмауға немесе өзгертуге
болады. Старт/Пауза
түймешігін
басқаннан кейін, Отложенный
старт параметрін болдырмайтын
ғана мүмкіндік бар.
Отложенный старт параметрін болдырмау
үшін:
a. Құрылғыны үзіліске қою үшін Старт/
Пауза түймешігін басыңыз. Старт/
Пауза түймешігінің индикаторы
жыпылықтайды.
b. Отложенный старт
түймешігін
бейнебетте
көрсеткісі пайда
болғанша басыңыз.
Бағдарламаны дереу бастау үшін
Старт/Пауза түймешігін қайта
басыңыз.
ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰРҒАН БАҒДАРЛАМАНЫ
БОЛДЫРМАУ
1. Бағдарламаны біржола тоқтату және
құрылғыны сөндіру үшін бағдарлама
тетігін
қалпына қойыңыз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін бағдарлама
тетігін қайта бұраңыз. Енді жаңа жуу
бағдарламасын орнатуға болады.
12
Жаңа бағдарламаны бастау
алдында құрылғының суы төгіледі.
Бұл жағдайда, жуғыш зат
үлестіргіште жуғыш заттың бар
екеніне көз жеткізіңіз, егер жоқ
болса қайтадан толтырыңыз.
БАҒДАРЛАМАНЫ КІДІРТУ ЖӘНЕ
ПАРАМЕТРЛЕРДІ ӨЗГЕРТУ
Кей функцияларды ғана басталмай тұрып
өзгертуге болады.
1. Старт/Пауза түймешігін басыңыз.
Индикатор жыпылықтайды.
2. Функцияларды өзгертіңіз.
3. Старт/Пауза түймешігін қайта басыңыз.
Бағдарлама жалғасады.
ЕСІКТІ АШУ
Бағдарлама немесе Отложенный старт
функциясы жұмыс істеп тұрғанда, құрылғының
есігі бекітулі тұрады. индикаторы жанады.
АБАЙЛАҢЫЗ Егер барабанның
ішіндегі температура мен судың
деңгейі өте жоғары болса және
барабан әлі айналып тұрса, есік
ашылмайды.
Циклдың алғашқы минутында немесе
Отложенный старт функциясы жұмыс істеп
тұрғанда есікті ашу үшін:
1. Құрылғыны кідірте тұру үшін
Старт/Пауза
түймешігін басыңыз.
2.
индикаторы сөнгенше күтіңіз.
3. Есікті ашуға болады.
4. Есікті жауып Старт/Пауза түймешігін қайта
басыңыз. Бағдарлама (немесе
Отложенный старт функциясы)
жалғасады.
БАҒДАРЛАМАНЫҢ СОҢЫ
Құрылғы автоматты түрде тоқтайды.
Дыбыстық сигналдар естіледі (егер қосулы
тұрса).
Дисплейде
жанады.
Старт/Пауза
түймесінің индикаторы сөнеді.
Есік құлпының
индикаторы сөнеді.
Құрылғыны сөндіру үшін бағдарлама тетігін
қалпына бұраңыз.
Есікті ашуға болады.
Құрылғыдан кірді алыңыз. Барабанның бос
екеніне көз жеткізіңіз.
Судың шүмегін жабыңыз.
Зең және иіс пайда болмас үшін есікті және
жуғыш зат үлестіргішті сәл ашып қойыңыз.
Жуу бағдарламасы аяқталды, бірақ
барабанда су тұр:
Кір қыжымданып қалмас үшін барабан
мезгіл-мезгіл айналып тұрады.
Суды төгу қажет екенін ескерту үшін
Остановка полоскания индикаторы жанған
қалпы тұрады.
Есік бұғаттаулы
индикаторы жанып
тұр. Старт/Пауза түймесінің индикаторы
жыпылықтайды. Есік құлыпталып тұрады.
Есікті ашу үшін суды төгу керек.
Суды төгу:
1. Суды төгу үшін.
Слив немесе Отжим бағдарламасын
орнатыңыз.
Старт/Пауза түймесін басыңыз.
Құрылғы суды төгеді де, айналдыру
кезеңін орындайды.
2. Бағдарлама аяқталып, есік бұғаттаулы
индикаторы
көрінбей кеткенде есікті
ашуға болады.
3. Құрылғыны сөндіру үшін бағдарлама
тетігін
қалпына бұраңыз.
КҮТУ РЕЖИМІ
Жуу бағдарламасы аяқталғаннан кейін
бірнеше минуттан кейін құрылғыны
сөндірмесеңіз, қуатты үнемдеу режимі
қосылады. Қуатты үнемдеу режимі құрылғы
күту режимінде тұрған кезде пайдаланылатын
қуат мөлшерін азайтады:
Барлық индикаторлар мен бейнебет сөнеді.
Бастау түймешігінің индикаторы баяу
жыпылықтайды.
Қуатты үнемдеу режимін ажырату үшін
түймешіктердің бірін басыңыз.
АҚЫЛ-КЕҢЕС
КІР САЛУ
Кірді былай сұрыптаңыз: ақ, түрлі-түсті,
синтетика, нәзік және жүн мата.
Кірдің затбелгісіндегі жуу нұсқауларын
орындаңыз.
Ақ киім мен түрлі-түсті заттарды бірге
жумаңыз.
13
Кейбір түрлі-түсті заттарды алғаш жуғанда
бояуы шығуы мүмкін. Оларды алғаш
жуғанда бөлек жууға кеңес береміз.
Жастық қаптарының түймесін салып,
тартпаларды тартып жауып, ілгектер мен
батырма түймешіктерді салыңыз.
Белбеулерді байлаңыз.
Қалталарды босатып, оралған заттарды
ашыңыз.
Көп қабатты матадан, жүн матадан және
сурет салынған киімдердің астарын
сыртына аударыңыз.
Қатты дақтарды кетіріңіз.
Қатты дақтарды арнайы жуғыш затпен
жуыңыз.
Перделерді абайлап жуыңыз. Ілгектерін
алыңыз немесе перделерді кір жуатын
торға немесе жастықтың тысына салыңыз.
Көмкерілмеген немесе кесілген жерлері
бар заттарды құрылғыда жумаңыз. Кішкене
заттарды жуу үшін (мысалы, сым өткізілген
төс тартқыш, белдіктер, колготкилер, т.с.с.)
кір жууға арналған торды пайдаланыңыз.
Кір өте аз салынса, айналдыру циклі
кезінде теңгерімді сақтауға қатысты мәселе
орын алуы мүмкін. Бұндай жағдай орын
алса, барабандағы кірді қолмен таратып,
қайта айналдыра бастаңыз.
ОҢАЙ КЕТПЕЙТІН ДАҚТАР
Кейбір дақтарды кетіру үшін су мен жуғыш зат
жеткіліксіз болады.
Бұл дақтарды кірді құрылғыға салмай тұрып
алдын ала тазалауды ұсынамыз.
Дақ кетіретін арнайы құралдар болады. Дақ
пен матаның түріне сай келетін арнайы дақ
кетіргішті қолданыңыз.
ЖУҒЫШ ЗАТТАР МЕН ҮСТЕМЕЛЕР
Кір жуғыш машиналарға арналған жуғыш
заттар мен үстемелерді ғана қолданыңыз:
матаның барлық түрлеріне арналған
ұнтақ жуғыштар,
нәзік мата (ең көбі 40 °C) мен жүн
тоқымаларға арналған ұнтақ жуғыштар,
матаның барлық түрлеріне не тек жүн
матаға арналған, төмен температурада
жуатын бағдарламаларға (ең көбі 60
°C) арналған сұйық жуғыш заттар.
Әр түрлі жуғыш заттарды араластырмаңыз.
Қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін
жуғыш затты қажетті мөлшерден артық
пайдаланбаңыз.
Осы заттардың орамында көрсетілетін
нұсқауларды орындаңыз.
Матаның түріне және түсіне,
бағдарламаның температурасы мен кірдің
деңгейіне сай келетін құралдарды
қолданыңыз.
Егер құрылғының жуғыш зат үлестіргішінде
мөлшерлегіш құрал болмаса, (жуғыш зат
өндірушісі қамтамасыз етеді) сұйық жуғыш
затты мөлшерлегіш шарикпен қосыңыз.
ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАТЫСТЫ ЕСКЕРІМ
Қалыпты кірлеген кірді алдын ала жуу циклі
жоқ бағдарламаны қолданып жуыңыз.
Жуу бағдарламасын әрқашан кірді ең көп
рұқсат етілетін мөлшерде салғаннан кейін
бастаңыз.
Төмен температурада жуатын
бағдарламаны таңдаған кезде, қажет болса
дақ кетіргішті қолданыңыз.
Жуғыш затты дұрыс мөлшерде қолдану
үшін, жергілікті су жүйесіндегі судың
кермектігін тексеріңіз. "Судың кермектігі"
тарауын қараңыз.
СУ КЕРМЕКТІГІ
Сіз тұратын жердегі су өте кермек немесе
орташа кермек болса, кір жуғыш машинада су
жұмсартқышты қолдануды ұсынамыз. Суы
тұщы жерлерде су жұмсартқышты қолдану
қажет емес.
Жергілікті жердегі судың кермектігін білу үшін
су жүйесін басқару мекемесіне хабарласыңыз.
Су жұмсартқышты дұрыс мөлшерлеп
пайдаланыңыз. Бұйымның орамында
көрсетілетін нұсқауларды орындаңыз.
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
ЕСКЕРТУ! Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
СЫРТЫН ТАЗАЛАУ
Құрылғыны сабын мен жылы сумен ғана
тазалаңыз. Барлық беттерін әбден
құрғатыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ Спирт, еріткіш
немесе химиялық заттарды
қолданбаңыз.
14
ҚАҚТЫ ТАЗАЛАУ
Сіз тұратын жердегі су өте кермек немесе
орташа кермек болса, кір жуғыш машинаға
арналған қақ тазалайтын құралды қолдануды
ұсынамыз.
Барабанның ішін мезгіл-мезгіл тексеріп, әк
және тот бөлшектерінің жоқ екеніне көз
жеткізіңіз.
Тот бөлшектерін тазалау үшін кір жуғыш
машиналарға арналған арнайы құралдарды
ғана пайдаланыңыз. Бұны кір жумай тұрғанда
орындаңыз.
Бұйымның орамында көрсетілетін
нұсқауларды әрқашан орындаңыз.
ТАЗАЛАП ЖУУ
Төмен температура бағдарламаларын
қолданғанда барабанда шамалы жуғыш зат
қалып қоюы мүмкін. Тазалап жуу
процедурасын уақытылы орындаңыз. Ол үшін:
Барабаннан барлық кірді алыңыз.
Мақта мата бағдарламасын шамалы жуғыш
зат салып, ең жоғары температураға қойып
таңдаңыз.
ЕСІК ТЫҒЫЗДАҒЫШЫ
Тығыздағышты мезгіл-
мезгіл тексеріп,
ішіндегі заттардың
барлығын алыңыз.
ЖУҒЫШ ЗАТ ҮЛЕСТІРГІШІН ТАЗАЛАУ
1 2 3 4
5 6
СУ ТӨГЕТІН ТҮТІКТЕГІ СҮЗГІНІ ТАЗАЛАУ
1 2 3 4
15
1
2
5 6 7 8
1
2
9 10
СУ ҚҰЯТЫН ТҮТІКТІҢ ЖӘНЕ КЛАПАННЫҢ СҮЗГІСІН ТАЗАЛАУ
1 2 3
45°
20°
4
СУДЫ ТОСЫН ЖАҒДАЙДА ТӨГУ
Ақаулыққа байланысты құрылғы суды төге
алмайды.
Бұндай жағдай орын алса, 'Су төгетін сүзгіні
тазалау' тарауындағы (1) бастап (10) дейінгі
қадамдарды орындаңыз. Қажет болса,
сорғыны тазалаңыз.
Суды төтенше жағдайда төгетін тәсілмен
төккеннен кейін, су төгетін жүйені қайта іске
қосу керек:
1. Суды төтенше жағдайда төгетін тәсілмен
төккеннен кейін, су төгетін жүйені қайта
іске қосу керек: Жуғыш зат үлестіргіштің
негізгі жуу циклына арналған бөлігіне 2
литр су құйыңыз.
2. Суды төгу үшін бағдарламаны бастаңыз.
МҰЗДАП КЕТУДЕН САҚТАУ
Құрылғы температурасы 0° C градустан төмен
түсетін жерге орнатылса, су құятын түтіктегі
және су төгетін сорғыдағы қалдық суды төгіңіз.
1. Ашаны розеткадан суырып алыңыз.
2. Судың шүмегін жабыңыз.
3. Су құятын түтіктің екі ұшын ыдысқа салып,
түтіктегі суды ағызыңыз.
4. Су төгетін сорғыны босатыңыз. Суды
төтенше жағдайда төгу қадамдарын
қараңыз.
5. Су төгетін сорғы босаған кезде, су құятын
түтікті қайта орнына қойыңыз.
ЕСКЕРТУ! Құрылғыны қайта іске
қолданар алдында
температураның 0°C градустан
жоғары екеніне көз жеткізіңіз.
Төмен температураға байланысты
орын алған ақауларға өндіруші
жауапкершілік көтермейді.
16
АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
ЕСКЕРТУ! Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
КІРІСПЕ
Құрылғы жұмысын бастамай жатыр немесе
жұмыс жасап тұрған кезде тоқтап қалады.
Алдымен ақаулықты түзету жолын іздеңіз
(кестеге қараңыз). Ақаулық жойылмаса,
уәкілетті қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Кейбір ақаулықтарда дыбыстық сигналдар
қосылады және бейнебетте ескерту коды
пайда болады:
- Құрылғыға су дұрыс құйылмай тұр.
- Құрылғының суы төгілмей тұр.
- Құрылғының есігі ашық немесе
дұрыс жабылмаған. Есікті тексеріңіз!
- Электр желісі тұрақты емес. Электр
желісі тұрақтанғанша күтіңіз.
ЕСКЕРТУ! Тексеріп көру алдында
құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.
ЫҚТИМАЛ АҚАУЛЫҚТАР
Ақаулық Ықтимал шешімі
Бағдарлама басталмай
тұр.
Ашаның розеткаға қосылғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғы есігінің жабық тұрғанына көз жеткізіңіз.
Сақтандырғыш қорабындағы сақтандырғышқа зақым
келмегеніне көз жеткізіңіз.
Бастау/Үзіліс түймешігінің басылғанына көз жеткізіңіз.
Егер кешіктіріп бастау функциясы орнатылып тұрса, оны
ажыратыңыз не кері санақ аяқталғанша күтіңіз.
Бала қауіпсіздігінің құралы қосулы тұрса, оны сөндіріңіз (егер
бар болса).
Құрылғыға су дұрыс
құйылмай тұр.
Су шүмегінің ашық тұрғанына көз жеткізіңіз.
Сумен жабдықтау жүйесіндегі судың қысымының өте төмен
емес екеніне көз жеткізіңіз. Бұл ақпаратты жергілікті су
ресурстары мекемесіне хабарласып алыңыз.
Су шүмегінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
Су құятын түтіктің сүзгісі мен клапанның сүзгілерінің бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз. "Күту менен тазалау" тарауын
қараңыз.
Су құятын түтіктің бұратылып немесе майысып қалмағанына
көз жеткізіңіз.
Су құятын түтіктің дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Су төгетін түтіктің дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз. Түтік
өте төмен болуы мүмкін.
17
Ақаулық Ықтимал шешімі
Құрылғы суы сарқылмай
тұр.
Раковина түтікшесінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
Су төгетін түтіктің бұратылып немесе майысып қалмағанына
көз жеткізіңіз.
Су төгетін түтік сүзгісінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
Қажет болса сүзгіні тазалаңыз. "Күту менен тазалау"
тарауын қараңыз.
Су төгетін түтіктің дұрыс қосылғанына көз жеткізіңіз.
Егер су төгетін циклы жоқ бағдарлама орнатылып тұрса, су
төгу бағдарламасын орнатыңыз.
Аяқталғанда барабан ішінде су қалатын функцияны
таңдасаңыз, су төгу бағдарламасын орнатыңыз.
Айналдыру циклы
жұмыс істемейді немесе
жуу циклы әдеттегіден
ұзаққа созылады.
Айналдыру бағдарламасын орнатыңыз.
Су төгетін түтік сүзгісінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
Қажет болса сүзгіні тазалаңыз. "Күту менен тазалау"
тарауын қараңыз.
Бұндай жағдай орын алса, барабандағы кірді қолмен
таратып, айналдыру циклін қайта бастаңыз. Бұл мәселе
теңгерімге байланысты болуы мүмкін.
Еденге су аққан. Су түтіктерінің жалғастырғыштарының берік екеніне және су
ағып тұрмағанына көз жеткізіңіз.
Су төгетін түтіктің еш жерінің бүлінбегеніне көз жеткізіңіз.
Дұрыс жуғыш заттың дұрыс мөлшерде пайдаланылғанына
көз жеткізіңіз.
Құрылғының есігін аша
алмадыңыз.
Жуу бағдарламасының аяқталғанына көз жеткізіңіз.
Барабанның ішінде су бар болса, су төгу немесе айналдыру
бағдарламасын орнатыңыз.
Құрылғыдан тосын
шуыл шығады.
Құрылғы деңгейінің дұрыс реттелгеніне көз жеткізіңіз.
"Орнату" тарауын қараңыз.
Орам материалдарының және/немесе тасымал
болттарының алынғанына көз жеткізіңіз. "Орнату" тарауын
қараңыз.
Барабанға көбірек кір қосып салыңыз. Кір тым аз салынған
болуы мүмкін.
Жуу нәтижелері
қанағаттанарлық емес.
Жуғыш заттың мөлшерін көбейтіңіз немесе басқа жуғыш
затты пайдаланыңыз.
Оңай жуылмайтын дақтарды арнайы жуғыш заттарды
пайдаланып, кір жумай тұрып тазалаңыз.
Температураның дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Кірдің салмағын азайтыңыз.
Функцияны орната
алмадыңыз.
Қажет түймешік(тер)дің ғана басылғанына көз жеткізіңіз.
Тексеріп болғаннан кейін құрылғыны іске
қосыңыз. Бағдарлама үзілген жерінен бастап
жалғасады.
Ақаулық қайта орын алса, уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Бейнебетте басқа ақаулық кодтары
көрсетілсе. Құрылғыны сөндіріңіз де, іске
қосыңыз. Ақаулық түзелмесе қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
18
СЕРВИС
Фирмалық қосалқы бөлшектерді қолдануды
ұсынамыз.
Уәкілетті қызмет көрсету орталығына
хабарласқан кезде мына деректерді дайындап
алыңыз. Бұл ақпаратты техникалық ақпарат
тақтайшасынан таба аласыз. үлгісі, Өнім
нөмірі, Сериялық нөмірі. (Mod., Prod. No., Ser.
No.)
ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕК
Өлшемі Ені / Биіктігі / Тереңдігі/
Жалпы тереңдігі
595 мм / 850 мм / 380 мм / 420 мм
Электртоғына қосу Кернеу
Жалпы қуат
Сақтандырғыш
Жиілік
230 В
2000 Вт
10 A
50 Гц
Төмен кернеумен жұмыс істейтін және ылғалға
қарсы қорғалмаған жерлерден басқа жерлердің
барлығы қатты заттар және ылғалдың кіруіне жол
бермейтін қорғаныс қабатымен қорғалған
IPX4
Құйылатын судың
қысымы
Ең азы
Ең көбі
0,5 бар (0,05 MПa)
8 бар (0,8 MПa)
Сумен жабдықтау
1)
Суық су
Ең үлкен салмақ Мақта мата 6 кг
Қуат тиімділігі санаты A
Айналдыру
жылдамдығы
Ең көбі 1200 мин/айн
1) Су құятын түтікті 3/4'' бұрамасы бар су шүмегіне жалғаңыз.
ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАТЫСТЫ ЖАҒДАЙЛАР
Белгі салынған материалдарды қайта
өңдеуден өткізуге тапсырыңыз. Орам
материалдарын қайта өңдеуден өткізу үшін
тиісті контейнерлерге салыңыз. Электрлік
және электроникалық құрылғылардың
қалдығын қайта өңдеуден өткізу арқылы,
қоршаған ортаға және адамның денсаулығына
зиын келтіретін жағдайларға жол бермеуге өз
үлесіңізді қосыңыз. Белгі салынған
құрылғыларды тұрмыстық қалдықтармен бірге
тастамаңыз. Өнімді жергілікті қайта өңдеу
орталығына өткізіңіз немесе жергілікті
мекемеге хабарласыңыз.
19
СВЕДЕНИЯ ПО ТЕХНИКЕ БЕЗОПАСНОСТИ
Перед установкой и эксплуатацией прибора внимательно
ознакомьтесь с приложенным руководством.
Производитель не несет ответственность за какие-либо
травмы или ущерб, возникшие вследствие неправильной
установки или эксплуатации. Всегда храните данное
руководство под рукой в надежном месте для
последующего использования.
БЕЗОПАСНОСТЬ ДЕТЕЙ И ЛИЦ С
ОГРАНИЧЕННЫМИ ВОЗМОЖНОСТЯМИ
Данный прибор может эксплуатироваться детьми старше
8 лет и выше и лицами с ограниченными физическими
способностями только в случае присмотра или
получения инструкций, позволяющих им безопасно
эксплуатировать прибор и дающих им представление об
опасности, сопряженной с его эксплуатацией.
Не позволяйте детям играть с прибором.
Детям младше 3 лет запрещается находиться рядом с
прибором, если только за прибором не обеспечивается
постоянный надзор взрослых.
Храните все упаковочные материалы вне досягаемости
детей и утилизируйте материалы надлежащим образом.
Храните моющие средства вне досягаемости детей.
Не подпускайте детей и домашних животных к прибору,
когда его дверца открыта.
Очистка и доступное пользователю техническое
обслуживание прибора не должно производиться детьми
без присмотра.
ОБЩИЕ ПРАВИЛА ТЕХНИКИ БЕЗОПАСНОСТИ
Не вносите изменения в параметры данного прибора.
Не превышайте максимально допустимую загрузку в 6 кг
(см. Главу «Таблица программ»).
20
/