AEG 4705RVS-WN, 4705RVS-MN Руководство пользователя

  • Здравствуйте! Я ознакомился с руководством по эксплуатации встраиваемой варочной панели и духового шкафа AEG 4705 RVS. Готов ответить на ваши вопросы о функциях устройства, таких как различные режимы приготовления, использование таймеров и процедурах очистки. Спрашивайте!
  • Как установить время на часах духового шкафа?
    Как использовать функцию предварительного нагрева?
    Как очистить стеклокерамическую варочную панель?
    Как установить уровни полок в духовом шкафу?
4705RVS KK Қолдану туралы нұсқаулары 2
RUИнструкция по эксплуатации 37
МАЗМҰНЫ
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 8
4. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 9
5. ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 9
6. ПЕШТІҢ ҮСТІ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10
7. ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 11
8. ТҰМШАПЕШ- КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 12
9. ТҰМШАПЕШ - САҒАТ ФУНКЦИЯЛАРЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 15
10. ТҰМШАПЕШ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 16
11. ТҰМШАПЕШ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 30
12. НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 33
13. ОРНАТУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 34
ТАМАША НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТУ
AEG бұйымын таңдағаныңызға рахмет. Біз көптеген жылдар бойы, өмір сүруді барынша
жеңілдетуді алға мақсат етіп қоя отырып, үздік технологияға негізделген, әдеттегі
тұрмыстық техникада кездесе бермейтін функциялармен жабдықталған, мінсіз жұмыс
жасайтын құрылғыларды өндіріп келеміз. Бірнеше минут уақытыңызды бөліп,
құрылғының мүмкіндігін толық пайдалану үшін нұсқаулықпен танысып шығыңыз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет көрсету
туралы ақпарат:
www.aeg.com
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.aeg.com/productregistration
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және
фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.aeg.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА КӨМЕК, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын болуын
қамтамасыз етіңіз.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан табуға болады. Үлгісі, Өнім нөмірі,
Сериялық нөмірі
Ескерту / Абайлаңыз - Қауіпсіздік туралы маңызды мағлұмат.
Жалпы мағлұматтар менен кеңестер
Қорғаған ортаға зиян келдірмей пайдалану туралы нұсқаулар
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
2
www.aeg.com
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау
нәтижесінде адам жарақат алса және ақаулық орын
алса өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты
келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың
қауіпсіздігі
Назарыңызда болсын!
Тұншығып қалу, жарақат алуы немесе мүгедек
болып қалу қаупі бар.
Бұл құрылғыны 8 жасқа толған және одан асқан
балалар және кемтар, сезім немесе ой-қабілетіне
нұқсан келген адамдар немесе тәжірибесі немесе
білімі аз адамдар, өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз
ететін адамның бақылауында болса пайдалана
алады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Орам материалдарының барлығын балалардан
алыс ұстаңыз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол суып
тұрғанда, балалар мен үй жануарларын оған
жақындатпаңыз. Қолжетімді бөлшектері ыстық
болады.
Егер құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен
жабдықталса, оны іске қосуды ұсынаыз.
Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын
басқаның бақылауынсыз орындамауға тиіс.
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Құрылғы мен оның қол жететін жердегі бөлшектері
қолдану барысында ысып тұрады. Қыздырғыш
элементтерін ұстамаңыз.
ҚАЗАҚ 3
Құрылғыны сыртқы таймермен немесе бөлек
қашықтан басқару жүйесімен басқармаңыз.
Май немесе өсімдік майы қосылған тағамды
пештің үстіне қараусыз қалдыру қауіпті және өрт
шығуы мүмкін.
Өртті ешқашан сумен сөндіруге әрекет
жасамаңыз, бұндай жағдайда құрылғыны сөндіріп,
содан кейін жалынды қақпақ немесе өрт басқыш
көрпе тәрізді затпен жабыңыз.
Пісіру алаңына зат сақтамаңыз.
Құрылғыны бумен тазалайтын құралмен
тазаламаңыз.
Пышақ, шанышқы, қасық және қақпақ тәрізді темір
заттарды пештің үстіне қоймаңыз, себебі ысып
кетеді.
Шыны есікті тазалау үшін қатты жеміргіш заттарды
немесе өткір темір құралдарды пайдаланбаңыз,
себебі сызат түсіп, шыны шытынап кетуі мүмкін.
Сақтау тартпасын ұстаған кезде абай болыңыз.
Ысып тұрады.
Сөре сырғытпаларын алу үшін әуелі сөре
сырғытпасының алдыңғы жағын, содан кейін
артқы жағын бүйірлік қабырғадан тартыңыз. Сөре
сырғытпаларын әрекеттерді керісінше орындап
салыңыз.
Егер шыны керамика бетке сызат түссе, электр
қатері пайда болмас үшін құрылғыны сөндіріңіз.
2.
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
Назарыңызда болсын!
Бұл құрылғыны тек білікті
маман ғана орнатуға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе пайдаланбаңыз.
Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
4
www.aeg.com
Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі
абай болыңыз, себебі салмағы
ауыр. Әрқашан қорғаныс қолғабын
киіңіз.
Құрылғыны тұтқасынан тартпаңыз.
Осы құрылғы мен басқа
құрылғылардың, заттардың
арасындағы минимум қашықтықты
сақтаңыз.
Құрылғының үсті мен жан-жағын
қоршаған конструкциялардың
қауіпсіз болуын қамтамасыз етіңіз.
Құрылғының жан-жағын биіктігі осы
құрылғының биіктігімен бірдей
құрылғылармен жанастырып қою
керек.
Құрылғыны тағанға қоймаңыз.
Құрылғыны есікке жақын жерге
терезенің астына қоймаңыз. Бұл
есік немесе терезе ашылған кезде
ыстық ыдыс құрылғыдан құлап
кетпеу үшін қажет.
Назарыңызда болсын!
Құрылғы аударылып кетпес
үшін оны орнықты етіп
орнататын құралдарды
орнатыңыз. Орнату тарауын
қараңыз.
Электртоғына қосу
Назарыңызда болсын!
Өрт шығу және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
Электртоғына қосу жұмыстарын
білікті электрші ғана іске асыруға
тиіс.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Техникалық ақпарат
тақтайшасындағы электр
параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз
жеткізіңіз. Сай келмесе, электршіге
хабарласыңыз.
Әрқашан дұрыс орнатылған,
қатерден сақтандырылған
розетканы қолданыңыз.
Көп тармақты адаптерлер мен
ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғының ашасына және сымына
зақым келтірмеңіз. Зақым келген
электр сымын ауыстырту үшін
қызмет көрсету орталығына немесе
электршіге хабарласыңыз.
Электр сымдарын құрылғының
есігіне, әсіресе ыстық тұрған есікке
тигізуге болмайды.
Тоққа қосулы тұрған және
оқшаулағышы бар бөлшектердің
электр қатерінен сақтандырғышын,
саймансыз алынбайтын етіп бекітіп
қою керек.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан кейін
ғана жалғаңыз. Орнатып болғаннан
кейін ашаның қол жететін жерде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Егер розетка босап тұрса, оған
ашаны сұқпаңыз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
Дұрыс оқшаулағыш құралдарды
ғана қолданыңыз. желіні қорғайтын
ажыратқыштар, сақтандырғыштар
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге
тұйықталудан қорғау тетіктері мен
тұйықтағыштар.
Электр жүйесі құрылғыны кез келген
полюсте ажыратуға мүмкіндік
беретін оқшаулағыш құралмен
жабықталуға тиіс. Оқшаулағыш
құралдың контакт ара қашықтығы
кем дегенде 3 мм болуға тиіс.
2.2 Қолданылуы
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу, күйіп қалу немесе
электр тоғының қатеріне
ұшырау қаупі бар.
Бұл тұрмыста қолдануға арналған
құрылғы.
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
Желдеткіш саңылаулардың бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны
назардан тыс қалдырмаңыз.
Құрылғыны пайдаланып болған
сайын тоқтан ажыратыңыз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының ішкі
жағы ысып кетеді. Құрылғының
ішіндегі қыздырғыш элементтерге
қол тигізбеңіз. Керек-жарақтарды
ҚАЗАҚ 5
немесе ыдыстарды алып-салған
кезде үнемі қолғап киіңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының
есігін ашқан кезде абай болыңыз.
Ыстық ауа шығуы мүмкін.
Құрылғыны су қолмен іске қоспаңыз
немесе суға тиіп тұрған құрылғыны
пайдаланбаңыз.
Ашық тұрған құрылғы есігіне күш
салмаңыз.
Құрылғыны басқару үшін сыртқы
таймерді немесе бөлек қашықтан
басқару жүйесін қолданбаңыз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының
есігін үнемі жабық ұстаңыз.
Пісіру алаңдарына ас құралдарын
немесе кәстрөлдердің қақпақтарын
қоймаңыз. Қызып кетуі мүмкін.
Пісіру алаңын пайдаланып
болғаннан кейін "off" (сөндіру)
қалпына қойыңыз.
Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде
қолданбаңыз.
Құрылғының бетіне сызат түссе,
дереу тоқ көзінен ағытыңыз. Бұл
әрекет электр қатеріне ұшырап
қалуға жол бермейді.
Назарыңызда болсын!
Өрт немесе жарылыс шығу
қаупі бар.
Тоңмайларды немесе майды
қыздырған кезде тұтанғыш бу пайда
болады. Тоңмайға немесе майға
тамақ пісірген кезде қызған
заттарды немесе оттың жалынын
алыс ұстаңыз.
Қатты қызған майдан бөлініп
шығатын бу, кенет жарылыстың
орын алуына себеп болады.
Құрамында тағам қалдықтары бар
қолданылған май, бірінші рет
қолданылып отырған майға
қарағанда, төмен температурада
өрт пайда болуға әкелуі мүмкін.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
Есікті ашқан кезде құрылғыға от
жарқылын немесе ашық отты
жақындатпаңыз.
Құрылғының есігін абайлап ашыңыз.
Алкоголь қосылған қоспаларды
қолданғанда, ауа мен алкоголь
қоспасы пайда болуы мүмкін.
Өртті сумен сөндіруге
әрекеттенбеңіз. Құрылғыны
ажыратып, жалынды қақпақпен
немесе көрпемен басыңыз.
Назарыңызда болсын!
Құрылғыны бүлдіріп алуыңыз
мүмкін.
Құрылғының эмаль қаптамасы
бүлініп немесе өңі кетпес үшін:
Пештің ыдыстарын немесе басқа
заттарды құрылғының табанына
тура қоймаңыз.
–Алюминий жұқалтырды
құрылғының табанына тура
қоймаңыз.
суды ыстық құрылғыға тура
қоймаңыз.
тамақ пісіріп болғаннан кейін
дымқыл ыдыс пен тағамды
құрылғының ішінде ұстамаңыз.
керек-жарақтарды алғанда
немесе орнатқанда абай
болыңыз.
Құрылғының эмаль қаптамасының
түсінің өзгеруі құрылғы жұмысына
әсер етпейді. Бұл кепілдік заңына
сәйкес қарастырылатын ақаулық
емес.
Сұйық қоспадан жасалатын тортты
пісіру үшін шұңғыл табаны
қолданыңыз. Жеміс шырындарынан
кетпейтін дақ қалуы мүмкін.
Басқару панеліне ыстық ыдыс
қоймаңыз.
Ыдысты ішіндегісі сарқылғанша
қайнатпаңыз.
Құрылғының үстіне зат немесе ыдыс
құлап кетуге жол бермеңіз.
Құрылғының бетіне зақым келуі
мүмкін.
Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып
немесе ешбір ыдыс қоймай іске
қоспаңыз.
Құрылғының үстіне алюминий
жұқалыр қоймаңыз.
Құйылған шойын, алюминий немесе
астына нұқсан келген ыдыстар
шыны керамика бетке сызат түсіруі
мүмкін. Бұндай заттарды
6
www.aeg.com
құрылғының бетінде үнемі көтеріп
жылжыту керек.
2.3 Күту менен тазалау
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу, өрт қаупі және
құрылғыны бүлдіріп алу қаупі
бар.
Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытып, ашасын
розеткадан суырыңыз.
Құрылғының салқын тұрғанына көз
жеткізіңіз. Шыны панелі сынып
қалуы мүмкін.
Есіктің шыныларына зақым келсе
дереу ауыстырыңыз. Қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Құрылғының есігін алған кезде абай
болыңыз. Есіктің салмағы ауыр!
Құрылғының қаптамасының сапасы
түспес үшін мезгіл-мезгіл
тазалаңыз.
Құрылғының ішінде қалған майдың
немесе тағамның қалдығынан өрт
шығуы мүмкін.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Тек
бейтарап тазартқыш заттарды
қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,
түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе
темір заттарды пайдаланбаңыз.
Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз,
оның орамында көрсетілген сақтық
шараларын орындаңыз.
Каталитті эмаль қаптаманы (егер
бар болса) ешбір жуғыш затпен
тазаламаңыз.
2.4 Ішкі жарық шамы
Осы құрылғыда тұрмыстық
құрылғыларға ғана арналған
жарықтама шам немесе галоген
шамы қолданылған. Оны бөлмені
жарықтандыру үшін қолданбаңыз.
Назарыңызда болсын!
Электр қатеріне ұшырау қаупі
бар.
Шамды ауыстырар алдында
құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.
Техникалық параметрлері сай
келетін шамдарды ғана
қолданыңыз.
2.5 Құрылғыны тастау
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу немесе тұншығып
қалу қаупі бар.
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да,
қоқысқа тастаңыз.
Балалар мен жануарлар құрылғыға
қамалып қалмас үшін есіктің
бекітпесін алыңыз.
ҚАЗАҚ 7
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
3.1 Жалпы көрінісі
5
4
3
2
1
6
7
8
9
1 3 4
5
2
1
Тұмшапеш функцияларының тетігі
2
Электронды бағдарламалағыш
3
Температура тетігі
4
Температура индикаторы
5
Пеш үстін басқаратын тетіктер
6
Қыздырғыш элемент
7
Тұмшапештің шамы
8
Желдеткіш және қыздырғыш
элемент
9
Сөре деңгейлері
3.2 Пісіру алаңдарының көрінісі
170 mm
265 mm
145 mm
145 mm
140/210 mm
1 2 3
456
1
Пісіру алаңы 1200 Вт
2
Бу шығатын саңылау
3
Пісіру алаңы 1500/2400 Вт
4
Пісіру алаңы 1200 Вт
5
Қалдық қызу индикаторы
6
Пісіру алаңы 1000/2200 Вт
3.3 Керек-жарақтары
Тұмшапеш сөресі
Ыдыс, торт қалыптарын қою, тағам
қуыруға арналған.
Тегіс пісіру науасы
Торттар мен печеньелерге
арналған.
Қуыруға арналған шұңғыл таба
Пісіру мен қуыруға немесе май
жинайтын таба ретінде қолдануға
арналған.
Мусака табағы (кей үлгілерде ғана)
Мусака жасауға ғана арналған.
Сырғытпа жолдар
Сөрелерді немесе науаларды қоюға
арналған.
Зат сақтау суырмасы
Тұмшапештің астыңғы жағында зат
сақтау суырмасы орналасқан.
8
www.aeg.com
4. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
4.1 Алғашқы тазалау
Керек-жарақтары мен алмалы сөре
сырғытпаларының барлығын (егер
бар болса) алыңыз.
Құрылғыны алғаш рет пайдаланар
алдында тазалаңыз.
"Күтіп ұстау және тазалау"
тарауын қараңыз.
4.2 Уақытты орнату
Уақытты тұмшапешті іске
қоспай тұрып орнату керек.
Құрылғыны тоққа қосқаннан кейін
немесе тоқ сөнгеннен кейін Тәулік
уақыты функциясының индикаторы
жыпылықтайды.
Дұрыс уақытты орнату үшін + немесе -
түймешігін басыңыз.
Бес секундтай уақыт өткеннен кейін
жыпылықтау тоқтап, бейнебетте
орнатылған тәулік уақыты көрсетіледі.
Уақытты өзгерту үшін
түймешігін Тәулік уақыты
функциясының индикаторы
жыпылықтағанша қайта-қайта
басыңыз. Ұзақтық
немесе
Аяқтау
функциясын бір
мезгілде қатар орнатуға
болмайды.
Құрылғыны іске қосу үшін тетігін
басыңыз. Тетігі бері шығады.
4.3 Алдын ала қыздыру
Май қалдықтарын жағып жіберу үшін
бос құрылғыны алдын ала
қыздырыңыз.
1.
Функцияны және ең үлкен
температураны орнатыңыз.
2.
Құрылғыны бір сағат қосып
қойыңыз.
3.
Функцияны және ең үлкен
температураны орнатыңыз.
4.
Құрылғыны он минут қосып
қойыңыз.
5.
Функцияны және ең үлкен
температураны орнатыңыз.
6.
Құрылғыны он минут қосып
қойыңыз.
Керек-жарақтар әдеттегіден ыстық
болып кетуі мүмкін. Құрылғыдан иіс
және түтін шығуы мүмкін. Бұл қалыпты
жағдай. Ауаның жеткілікті түрде
айналуын қамтамасыз етіңіз.
5. ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
5.1 Қызу параметрі
Тетік Функция
Жылы ұстау
0 Off (сөндірулі) қалпы
ҚАЗАҚ 9
Тетік Функция
1-9 Қыздыру параметрлері
(1 - ең төмен қыздыру
параметрі; 9 - ең жоғары
қыздыру параметрі)
1.
Тетікті қажетті қызу параметріне
қойыңыз.
2.
Тағам пісіруді тоқтату үшін тетікті
0 қалпына қойыңыз.
Қуат тұтынуды азайту үшін
қалдық қызуды пайдаланыңыз.
Пісіру алаңын тағам пісіруді
аяқтауға шамамен 5-10 минут
қалғанда сөндіріңіз.
5.2 Қос пісіру алаңын іске
қосу
Сақтандыру туралы ескерту!
Қос пісіру алаңын іске қосу
үшін тетікті сағат тілінің
бағытымен бұраңыз. Тетікті
"тоқтату" қалпынан асыра
бұрамаңыз.
1.
Тетікті сағат тілінің бағытымен
бұрап 9 қалпына қойыңыз.
2.
Тетікті сырт еткен дыбыс
естілгенше
таңбасына қарай
баяу бұраңыз.
Екі пісіру алаңы іске қосылады.
3.
Қажетті қызу параметрін орнату
үшін, "Қызу параметрлері"
тарауын қараңыз.
5.3 Қалдық қызу индикаторы
Пісіру алаңы ыстық тұрған кезде
қалдық қызу индикаторы жанады.
Назарыңызда болсын!
Қалдық қызуға күйіп қалу қаупі
бар.
6. ПЕШТІҢ ҮСТІ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
6.1 Ыдыс-аяқ
Ыдыстың түбі барынша
қалың әрі мүмкіндігінше
жайпақ болуға тиіс.
Эмальмен қапталған
темірден және табаны
алюминий немесе мыстан
жасалған ыдыстар шыны
керамика беттің түсін
өзгертуі мүмкін.
6.2 Қуат үнемдеу
Егер мүмкіндік болса,
ыдысқа әрқашан қақпақ
жабыңыз.
Пісіру алаңын ыдысты үстіне
қойғаннан кейін ғана іске
қосыңыз.
Қалған жылуды пайдалану
үшін пісіру алаңдарын пісіру
уақыты аяқталмай тұрып
өшіріңіз.
Ыдыстың түбі мен пісіру
алаңының көлемі бірдей
болуға тиіс.
6.3 Тағам пісіру үлгілері
Кестедегі деректер жалпылама нұсқау
ретінде ғана берілген.
10
www.aeg.com
Қызу
пара
метрі
Пайдалану: Уақыт Ақыл-кеңес
1
Піскен тағамды жылы күйде
ұстау
қажеті
не
орай
Ыдыстың қақпағын
жабыңыз
1-2 Голланд тұздығы,
балқытылған: сары май,
шоколад, желатин
5-25
мин
Ара-тұра араластырыңыз
1-2 Қойылту: шайқалған омлет,
піскен жұмыртқа
10-40
мин
Қақпағын жауып пісіру
керек
2-3 Күріш және сүтке пісірілген
тағамдарды, дайын
тағамдарды жылыту
25-50
мин
Күріштен кем дегенде екі
есе артық су қйыңыз, сүт
тағамдарын арасында
араластырыңыз
3-4 Буға піскен көкөніс, балық, ет 20-45
мин
Бірнеше ас қасық сұйықтық
қосыңыз
4-5 Буға піскен картоптар 20-60
мин
750 г картопқа ең көбі ¼ л
су пайдаланыңыз
4-5 Көп мөлшердегі тағамдар,
бұқтырылған тағамдар мен
көже пісіру
60-150
мин
3 литрге дейін су және
құраластар
6-7 Сәл қуыру: эскалоп, "кордон
блё" бұзау еті, риссоль,
котлет, шұжық, бауыр, майға
қуырылған ұн, жұмыртқа,
құймақ, бауырсақ
қажеті
не
орай
Орта тұсында аударыңыз
7-8 Қатты қуыру, қуырылған
картоп, қоң ет, бифштекстер
5-15
мин
Орта тұсында аударыңыз
9 Көп мөлшердегі суды қайнату, макарон пісіру, етті қызартып қуыру
(гуляш, бұқтырып пісіру), фри
7. ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
Құрылғыны әр пайдаланғаннан кейін
тазалап отырыңыз.
Ыдысты қолданғанда табаны әрқашан
таза болсын.
Шыны керамикаға түскен
сызаттар немесе қошқыл
дақтар құрылғының жұмысына
ешқандай әсер етпейді.
Қоқысты тазалау үшін:
1.
Дереу тазалаңыз: балқыған
пластмасса, пластик фольга
және қант қосылған тағам.
Дереу тазаламасаңыз,
құрылғыны бүлдіріп алуыңыз
мүмкін. Шыныға арналған
арнайы қырғышты қолданыңыз.
Қырғышты шыны бетке сүйір
бұрыш жасап қойып, ары-бері
жылжыту арқылы тазалаңыз.
Құрылғы жеткілікті түрде суыған
кезде алыңыз: әк дақтары, су
ҚАЗАҚ 11
дақтары, май дақтары,
металдың жылтыраған дақтары.
Шыны керамикаға немесе
тоттанбайтын болатқа арналған
арнайы тазартқыш құралдарды
қолданыңыз.
2.
Құрылғыны дымқыл шүберекпен,
шамалы жуғыш зат қосып
тазалаңыз.
3.
Соңында құрылғыны таза
шүберекпен әбден құрғатыңыз.
8. ТҰМШАПЕШ- КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
8.1 Желдеткіш
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде,
құрылғының беттерін салқын ұстау
үшін желдеткіш автоматты түрде
қосылады. Құрылғыны сөндірсеңіз,
желдеткіш құрылғының ішіндегі
температура салқындағанша жұмыс
істеп тұра береді.
8.2 Құрылғыны іске қосу және
сөндіру
1.
Тұмшапеш функциясын таңдау
үшін тұмшапеш функцияларының
тетігін бұраңыз.
2.
Температураны таңдау үшін
температура тетігін бұраңыз.
Температура индикаторы
құрылғының ішіндегі температура
жоғарылаған кезде жанады.
3.
Құрылғыны сөндіру үшін
тұмшапеш функцияларының
тетігін және температура тетігін
"Off" (сөндірулі) қалпына қойыңыз.
8.3 Тұмшапеш функциялары
Тұмшапеш
функциясы
Қолданылуы
Сөндіру
қалпы
Құрылғы сөндірулі.
Ыстық
желмен пісіру
Пісіру температуралары бірдей тағамды бірнеше
сөреге қойып, иістерін сіңірмей қуыру немесе
қуырып-пісіруге арналған. Тұмшапештің
температурасын дәстүрлі жолмен пісіру
температурасынан 20-40 °C төменірек қойыңыз.
Дәстүрлі
пісіру
Тұмшапештің бір деңгейінде пісіру әне қуыру үшін.
Үстіңгі және астыңғы қыздыру элементтері бір
уақытта іске қосылады.
Пицца
параметрі
Пицца, киш немесе бәліш пісіруге арналған.
Тұмшапештің температурасын дәстүрлі жолмен
пісіру температурасынан 20-40 °C төменірек
қойыңыз.
12
www.aeg.com
Тұмшапеш
функциясы
Қолданылуы
Турбо гриль
Еттің үлкен кесектерін пісіруге арналған. Гриль
элементі мен тұмшапештің желдеткіші бірінен кейін
бірі жұмыс істеп, ыстық ауаны тағамның айналасына
таратады.
Жылдам
гриль жасау
Жалпақ етіп дайындалған тағамдардан көп
мөлшерде гриль дайындауға арналған. Тост
жасауға арналған. Толық гриль элементі жұмыс
істейді.
Жеңіл пісіру
Қалбырда пісіруге және сөреге қойып төмен
температурада кептіруге арналған.
Жібіту Мұздатылған тағамды жібітуге арналған.
Тұмшапештің
шамы
Тұмшапештің шамын пісіру функциясынсыз
жарықтандыруға арналған.
8.4 Тұмшапештің керек-жарақтарын орнату
Шұңғыл таба мен тұмшапештің
сөресінің жиектері бар.
Бағыттағыш жолдардың
жиектері мен пішімі ыдыстың
сырғып кетуіне жол бермейтін
арнайы құрал болып
табылады.
Тұмшапештің сөресі мен шұңғыл
табаны қатар орнату
Тұмшапеш сөресін шұңғыл табаның
үстіне қойыңыз. Шұңғыл табаны
тұмшапеш деңгейлерінің біріндегі
бағыттағыш жолдарға келтіріп
салыңыз.
Сырғытпа жолдарды орнату
бойынша нұсқауларды кейін
қарап жүру үшін сақтап
қойыңыз.
ҚАЗАҚ 13
8.5 Сөре сырғытпалары - керек-жарақтарын салу
Пісірме табақты немесе қуыру
ыдысын сөре сырғытпасына қойыңыз.
Тұмшапеш сөресінің
биіктетілген жиегі, ыдыс
сырғып кетуге жол бермейтін
қосымша сақтық құралы болып
табылады.
8.6 Тұмшапештің сөресі мен қуыру табасын бірге қою
Тұмшапеш сөресін қуыру табасының
үстіне қойыңыз. Тұмшапештің сөресі
мен қуыру табасын сөре
сырғытпаларына қойыңыз.
14
www.aeg.com
9. ТҰМШАПЕШ - САҒАТ ФУНКЦИЯЛАРЫ
9.1 Электрондық бағдарламалағыш
hr min
1 2 1
345
1
Функция индикаторлары
2
Уақыт бейнебеті
3
+ түймешігі
4
Таңдау түймешігі
5
- түймешігі
Сағат функциясы Қолданылуы
Тәулік уақыты Тәулік уақытын орнатуға, өзгертуге немесе
тексеруге арналған.
Минут
операторы
Кері санақ уақытын орнатуға арналған. Бұл
функция тұмшапештің жұмысына ешбір әсер
етпейді.
Ұзақтық Құрылғының жұмыс істеу уақытын орнатуға
арналған.
Аяқтау Құрылғыны сөндіру уақытын орнатуға арналған.
Ұзақтық және Аяқтау
функциясын қатар қолданып,
құрылғының іске қосылатын,
содан кейін сөндірілетін
уақытын орната аласыз. Әуелі
Ұзақтық параметрін, содан
кейін Аяқтау уақытын
орнатыңыз.
9.2 Сағат функцияларын
орнату
1.
Ұзақтық және Аяқтау
функциялары үшін
тұмшапеш
функциясы мен температураны
орнатыңыз. Бұл Минут операторы
функциясы үшін қажет емес.
2.
Таңдау түймешігін қажетті сағат
функциясының индикаторы
жыпылықтағанша қайта-қайта
басыңыз.
hr minhr min
3.
Қажетті сағат функциясын орнату
үшін + немесе - түймешігін
басыңыз.
Бейнебетте орнатылған сағат
функциясының индикаторы
көрсетіледі. Орнатылған уақыт
аяқталған кезде индикатор
жыпылықтайды да, дыбыстық
сигнал екі минут естіледі.
Ұзақтық және Аяқтау
функцияларында құрылғы
автоматты түрде сөнеді.
ҚАЗАҚ 15
4.
Дыбыстық сигналды тоқтату үшін
түймешікті басыңыз.
5.
Тұмшапеш функциясының тетігін
және температура тетігін "off"
(сөндірулі) қалпына қойыңыз.
9.3 Сағат функцияларын
біржола тоқтату
1.
Таңдау түймешігін қажетті
функцияның индикаторы
жыпылықтағанша қайта-қайта
басыңыз.
2.
- түймешігін басып ұстап тұрыңыз.
Сағат функциясы бірнеше
секундтан кейін сөнеді.
10. ТҰМШАПЕШ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
Кестелердегі температура мен
пісіру уақыттары тек нұсқау
ретінде беріледі. Олар
рецептерге, олардың
құрамының сапасы мен
мөлшеріне байланысты
болады.
Сақтандыру туралы ескерту!
Өте сулы қоспадан жасалған
тортты пісіру үшін шұңғыл
табақты қолданыңыз. Жемістің
шырыны эмаль қаптамаға
кетпейтін дақ қалдыруы мүмкін.
10.1 Пісіру
Жалпы нұсқаулар
Жаңа тұмшапешіңіз бұрыңғы
құрылғыларыңызға қарағанда
басқаша пісіруі немесе қуыруы
мүмкін. Әдетте қолданатын
параметрлеріңізді (температура,
пісіру уақыттары) және сөре
деңгейлерін кестедегі мәндерге сай
келтіріңіз.
Пісіру уақыты ұзақ болса, қалдық
қызуды пайдалану үшін тұмшапеш
пісірудің соңына дейін шамамен 10
минут уақыт қалғанда сөнуі мүмкін.
Мұздатылған тағамды пісірген кезде,
пештің табақтары майысып қалуы
мүмкін. Табақтар суыған кезде
майысқаны қалпына келеді.
Пісіру кестелерін қалай қолдану керек
Бірінші рет қолданған кезде
төменірек температураны
пайдалануға кеңес береміз.
Арнайы рецептіге сай келетін
параметрлерді таба алмасаңыз,
соған ұқсас параметрлерді іздеңіз.
Бірнеше деңгейге қойылған
торттарды пісірген кезде пісіру
уақыттары 10-15 минутқа созылуы
мүмкін.
Кекстер мен пісірілген нандар
басында әр түрлі биіктікте бірдей
қызармауы мүмкін. Бұл жағдай орын
алса, температура параметрін
өзгертпеңіз. Айырмашылықтар
пісіру барысында бір деңгейге
келеді.
10.2 Пісіруге қатысты кеңестер
Пісіру нәтижелері Ықтимал себебі Шешімі
Торттың асты жеткілікті
түрде қызармайды.
Сөренің деңгейі дұрыс
таңдалмаған.
Тортты төменірек
қойыңыз.
16
www.aeg.com
Пісіру нәтижелері Ықтимал себебі Шешімі
Торт басылып қалды
(шикі, жентектелген,
құрылымы біркелкі
емес).
Тұмшапештің
температурасы тым
жоғары.
Келесі жолы сәл
төменірек тұмшапеш
температурасына
қойып пісіріңіз.
Торт басылып қалды
(шикі, жентектелген,
құрылымы біркелкі
емес).
Пісіру уақыты тым
қысқа.
Ұзағырақ пісіру
уақытын орнатыңыз.
Жоғарырақ
температураны орнату
арқылы пісіру уақытын
қысқарту мүмкін емес.
Торт басылып қалды
(шикі, жентектелген,
құрылымы біркелкі
емес).
Қоспаға тым көп
сұйықтық қосылған.
Сұйықтықты аз
қосыңыз. Әсіресе
араластырғыш
машинаны қолданған
кезде араластыру
уақытына назар
аударыңыз.
Торт тым кебір.
Тұмшапештің
температурасы өте
төмен.
Келесі жолы сәл
жоғарырақ тұмшапеш
температурасына
қойып пісіріңіз.
Торт тым кебір. Пісіру уақыты тым ұзақ.
Келесі жолы пісіру
уақытын сәл
қысқартыңыз.
Торт біркелкі
қызармайды.
Тұмшапештің
температурасы өте
жоғары және пісіру
уақыты тым қысқа.
Тұмшапештің
температурасын
төмендетіп, пісіру
уақытын ұзартыңыз.
Торт біркелкі
қызармайды.
Қоспа біркелкі
таратылмаған.
Қоспаны пісірме
науасына біркелкі
таратып салыңыз.
Торт көрсетілген
уақытта пісіп
үлгермейді.
Тұмшапештің
температурасы өте
төмен.
Келесі жолы сәл
жоғары тұмшапеш
температурасына
қойып пісіріңіз.
10.3 Жеңіл пісіру
Жеңіл пісіру функциясына
қатысты ақыл-кеңес:
Қалбырда пісіруге және бір
сөреге қойып төмен
температурада кептіруге
арналған.
Бір уақытта тек бір ғана
қалбырға немесе науаға
салып пісіріңіз.
Тұмшапешті алдын ала
қыздырғыңыз келсе
функциясын пайдаланыңыз.
ҚАЗАҚ 17
Пісіру түрі Температура °C Уақыт, мин
Печеньелер 180 – 190
10 - 20
1)
Кондитерлік тағамдар:
Пирожный
180 – 190
30 - 40
1)
Кондитерлік тағамдар:
Шала ашыған
қамырдан
180 - 190
25 - 35
1)
Меренга 80-100 120 - 150
1)
Тұмшапешті алдын ала қыздырыңыз.
10.4 Ыстық желдеткіш
Тұмшапештің бір деңгейінде пісіру
Қалбырда пісіру
Пісіру түрі Сөренің
орналасуы
Температура °C Уақыт, мин.
Дөңгелек кекс
немесе тоқаш
2 150 - 160 50 - 70
Мадейра торты/
жеміс-жидек
торты
1 - 2 140 - 160 50 - 90
Fatless sponge
cake
3
150 - 160
1)
25 - 40
Жидек салынған
ашық бәліш -
үгілмелі
пирожный
2
170-180
1)
10 - 25
Жидек салынған
ашық бәліш -
бисквит қоспа
2 150 - 170 20 - 25
Apple pie
(2қалбыр,
Ø20см,
көлденең)
2 - 3 160 60 - 90
1)
Тұмшапешті алдын ала қыздырыңыз
Пісірме табаларға қойылған торттар/кондитер өнімдері/нандар
Пісіру түрі
Сөренің
орналасуы
Температура °C Уақыт, мин.
Бетіне үкпе
себілген торт
(құрғақ)
3 150 - 160 20 - 40
18
www.aeg.com
Пісіру түрі
Сөренің
орналасуы
Температура °C Уақыт, мин.
Жемісті ашық
бәліштер
(ашыған
қамырдан/
бисквит қоспадан
жасалған)
1)
3 150 35 - 55
Үгілме қамырдан
жасалған жемісті
ашық бәліштер
3 160 - 170 40 - 80
1)
Шұңғыл табаны қолданыңыз
Печеньелер
Пісіру түрі
Сөренің
орналасуы
Температура °C Уақыт, мин.
Үгілме қамыр
негізіндегі
бисквиттер
3 150 - 160 10 - 20
Short bread /
Pastry Stripes
3 140 20 - 35
Бисквит
қоспадан
жасалған
бисквиттер
3 150 - 160 15 - 20
Жұмыртқаның
ағын қосып
жасалған
пирожныйлар,
меренгалар
3 80 - 100 120 - 150
Бадам печеньесі 3 100 - 120 30 - 50
Ашыған қамыр
қосып жасалған
бисквиттер
3 150 - 160 20 - 40
Қабат-қабат
қамырдан
жасалған
кондитерлік
өнімдер
3
170 - 180
1)
20 - 30
Тоқаштар 3
160
1)
10 - 35
Small cakes (бір
науада 20)
3
150
1)
20 - 35
1)
Тұмшапешті алдын ала қыздырыңыз
ҚАЗАҚ 19
Пісірмелер және гратиндер кестесі
Тағам Сөренің
орналасуы
Температура °C Уақыт, мин.
Үстінен
балқытылған
ірімшік салған
багета
1
160 - 170
1)
15 - 30
Толтырма
салынған көкөніс
1 160 - 170 30- 60
1)
Тұмшапешті алдын ала қыздырыңыз
Көп деңгейде пісіру
Пісірме табаларға қойылған торттар/кондитер өнімдері/нандар
Пісіру түрі
Сөренің
орналасуы
Температура °C Уақыт, мин.
2 деңгей
Кремді бәліш/
эклер
2/4
160 - 180
1)
25 - 45
Құрғақ штрудель 2/4 150 - 160 30 - 45
1)
Тұмшапешті алдын ала қыздырыңыз
Печенье/small cakes/кондитер өнімдері/булочка
Пісіру түрі
Сөренің
орналасуы
Температура °C Уақыт, мин.
2 деңгей
Үгілме қамыр
негізіндегі
бисквиттер
2/4 150 - 160 20 - 40
Шала ашыған
қамыр наны/тәтті
таспалар
2/4 140 25 - 45
Бисквит
қоспадан
жасалған
бисквиттер
2/4 160 - 170 25 - 40
Жұмыртқаның
ағы қосылған
бисквиттер,
меренгалар
2/4 80 - 100 130 - 170
Бадам печеньесі 2/4 100 - 120 40 - 80
Ашыған қамыр
қосып жасалған
бисквиттер
2/4 160 - 170 30 - 60
20
www.aeg.com
/