LG DoorCooling GA-B509SMDZ Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя

Это руководство также подходит для

www.lg.com
ПАЙДАЛАНУШЫ
НҰСҚАУЛЫҒЫ
ТОҢАЗЫТҚЫШ
жəне
МҰЗДАТҚЫШ
Құрылғыны пайдаланбас бұрын пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып
шығыңыз жəне анықтама үшін оны əрқашан ыңғайлы жерде сақтаңыз.
Copyright © 2018 LG Electronics Inc. All Rights Reserved
MFL42818350
Rev. 00_231118
AFN36881842
*AFN36881842*
RU РУССКИЙ
KK ҚАЗАҚ
МАЗМҰНЫ
Бұл нұсқаулықта сатып алған үлгіден
өзгеше кескіндер немесе мазмұн болуы
мүмкін.
Бұл нұсқаулықты өндіруші түзете алады.
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ..................................................3
Маңызды қауіпсіздік нұсқаулары ............................................................. 3
ОРНАТУ ..................................................................................11
Өлшемдер жəне саңылаулар ................................................................. 11
Қоршаған орта температурасы .............................................................. 11
Кері жүрісті есіктер ..................................................................................12
Құрылғының деңгейін туралау ............................................................... 18
Жабдықты жалғау ................................................................................... 18
Жабдықтың орнын ауыстыру .................................................................18
ПАЙДАЛАНУ..........................................................................19
Бөлшектер мен функциялар .................................................................. 19
Пайдалануға қатысты ескертпелер ....................................................... 21
Басқару панелі ........................................................................................ 23
Мұз науасы .............................................................................................. 25
Балғындық конвертері ( * ) ..................................................................... 26
Балғын көкөніс тартпасы ( * ) ................................................................. 26
Жиналмалы сөре .................................................................................... 26
Басқа функциялар .................................................................................. 27
СМАРТ ФУНКЦИЯЛАРЫ .....................................................28
LG SmartThinQ қолданбасын пайдалану ..............................................28
Smart Diagnosis™ функциясын пайдалану ........................................... 30
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ...............................................................32
Тазалау бойынша ескертпелер .............................................................. 32
Есіктегі жəшікті тазалау ..........................................................................32
Сөрені тазалау ........................................................................................ 33
Көкөністер тартпасын тазалау ...............................................................33
Көкөністерге арналған контейнердің қақпағын тазалау ....................... 33
Мұздатқыш тартпасын тазалау .............................................................. 34
АҚАУЛАРДЫ ЖОЮ ...............................................................35
3
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
KK
Қауіпсіздік нұсқаулары өнімге қауіп тудыра отырып,
пайдалану жəне дұрыс пайдаланбау салдарынан болатын
қауіптер мен зақымдардың алдын алуға арналған.
Нұсқаулар төменде сипатталғандай
«АБАЙЛАҢЫЗ»
жəне
«ЕСКЕРТУ»
болып бөлінеді.
Маңызды қауіпсіздік нұсқаулары
Бұл таңба қауіп тудыратын жағдайлар мен жұмысты
анықтау үшін көрсетіледі. Осындай таңбасы бар
бөлімді мұқият оқып шығыңыз жəне қауіптің алдын
алу үшін нұсқауларды орындаңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Бұл нұсқаулар орындалмаған жағдайда ауыр жарақатқа
немесе өлімге əкелуі мүмкін екенін білдіреді.
ЕСКЕРТУ
Бұл нұсқаулар орындалмаған жағдайда өнімнің аз
деңгейде зақымдалуы мен бұзылуын білдіреді.
АБАЙЛАҢЫЗ
Құрылғыны пайдаланған кезде жарылу, өрт, өлім, тоқ
соғу, зақымдау немесе адамды күйдіру қауіпінің алдын
алу үшін мыналарды қоса негізгі қауіпсіздік шараларын
қолданыңыз:
Үйдегі балалар
Бұл құрылғы физикалық мүмкіндігі мен ақыл-есі шектеулі
немесе құрылғыға қатысты тəжірибесі мен білімі аз адамдарды
(балаларды қоса) олардың қауіпсіздігіне жауапты адам
қадағаламаған кезде немесе құрылғыны пайдалануға қатысты
нұсқаулар берілмеген кезде пайдалануға арналмаған.
Балалардың құрылғымен ойнамауы қадағалануы қажет.
Егер құрылғы құлыппен жабдықталған болса (кейбiр
модельдерi ғана), кiлттi балалардың қолы жетпейтiн жерде
ұстаңыз.
4
Орнату
Бұл құрылғыны екі немесе одан көп адам абайлап көтеріп
тасымалдауы қажет.
Розетканың жерге дұрыс тұйықталғанын жəне қуат сымындағы
жерге тұйықтау ашасының зақымдалмағанын немесе қуат
ашасынан алынбағанын тексеріңіз. Жерге тұйықтау туралы
қосымша мəліметтерді LG Electronics тұтынушыларды қолдау
орталығынан сұраңыз.
Бұл құрылғы жабдықты жерге тұйықтау өткізгішіне ие қуат
сымымен жəне жерге тұйықтау ашасымен жабдықталған. Қуат
ашасы барлық жергілікті нормалар мен ережелерге сəйкес
жəне жерге тұйықталған тиісті розеткаға жалғануы керек.
Қуат сымы зақымдалған немесе розетканың тесігі босап қалған
болса, қуат сымын пайдаланбаңыз жəне өкілетті қызмет
көрсету орталығымен байланысыңыз.
Жабдықты қуат кабелі жоқ (орнатылмаған) көп розеткалы
адаптерге жалғауға болмайды.
Қуат сымын өзгертпеңіз немесе ұзартпаңыз.
Жабдық жеке сақтандырғышы бар арнайы қуат желісіне
жалғануы тиіс.
Жерге тиісті
түрде тұйықталмаған (тасымалы) көп розеткалы
ұяны пайдаланбаңыз. Тиісті түрде жерге тұйықталған
(тасымалы) көп розеткалы ұяны пайдаланған жағдайда, кернеу
қуаты нормаларға сай келетін немесе одан жоғары болатын
розетканы қолданыңыз жəне оны тек жабдық үшін
пайдаланыңыз.
Құрылғы тоқтан оңай ажыратуға болатын орынға орнатыңыз.
Қуат сымының жоғары қаратылып тұруына жəне құрылғының
қуат ашасына қисайып тұруына жол бермеңіз.
Құрылғыны мықты жəне тегіс еденге орнатыңыз.
Құрылғыны ылғал жəне шаң жерге орнатпаңыз. Құрылғыны кез
келген сыртқы аймаққа, тікелей күн көзі, жел немесе жауын
сияқты ауа райы жағдайларына ұшырайтын немесе нөлден
төмен температуралы аймаққа орнатпаңыз немесе сақтауға
қоймаңыз.
KK
5
Құрылғыны тікелей күн сəулесіне немесе оны пештер мен
жылыту құрылғылары сияқты жылу көздеріне жақындатпаңыз.
Орнатқан кезде құрылғының артқы жағына тиіп кетпеуді
қамтамасыз етіңіз.
Құрастыру немесе бөлшектеу кезінде құрылғы есігінің құлап
кетпеуін қамтамасыз етіңіз.
Құрылғы есігін құрастыру немесе бөлшектеу кезінде қуат
сымын қыспаңыз, баспаңыз немесе зақымдамаңыз.
Ашалы адаптер немесе басқа да керек-жарақтарды тоқ көзіне
жалғамаңыз.
Пайдалану
Құрылғыны тұрмыстық тағам сақтаудан басқа мақсатта
(медициналық немесе сараптамалық материалдарды сақтау
немесе тасымалдау) қолданбаңыз.
Қатты жауын немесе найзағай кезінде немесе ұзақ уақыт
қолданылмайтын болса, тоқ көзінен ажыратыңыз.
Ашаны немесе құрылғыны басқару бөліктерін ылғал
қолдармен ұстамаңыз.
Қуат сымын артық бүкпеңіз не оған ауыр зат қоймаңыз.
Құрылғының электр бөліктеріне су кіріп кететін болса, қуат
ашасын ажыратып, LG Electronics тұтынушыларды қолдау
орталығымен байланысыңыз.
Салқын ауа шығаратын аймаққа, қақпағына немесе артындағы
жылу шығаратын торына қолдарыңызды немесе металл
заттарды салмаңыз.
Құрылғының артқы қақпағына шамадан тыс күш немесе ықпал
қолданбаңыз.
Үй жануарлары сияқты жануарларды құрылғының ішіне
салмаңыз.
Құрылғы есігін ашқан немесе жапқан кезде, жаныңызда
балалар болса, абайлаңыз. Есік балаға тиіп кетіп, зақымдауы
мүмкін.
Балалардың құрылғының ішіне кіріп кету қауіпін туғызбаңыз.
Құрылғы ішіне кіріп кетсе, тұншығып қалуы мүмкін.
KK
6
Құрылғыға ауыр немесе сынғыш заттар, сұйықтықпен
толтырылған контейнерлер, жанғыш, тұтанғыш заттар
(балауыз, шамдар жəне т.б.) немесе жылыту құрылғыларын
(пештер, қыздырғыштар жəне т.б.) қоюға болмайды.
Егер газ (изобутан, пропан, табиғи газ, т.б.) шығып жатса,
құрылғыны немесе қуат ашасын ұстамаңыз жəне бөлмені
дереу желдетіңіз. Бұл жабдықта газ түріндегі хладагент
(изобутан ,R600a) пайдаланылады. Пайдаланылатын газ
көлемі аз болса да, ол əлі де оңай жанғыш газ болып
табылады. Жабдықты тасымалдау, орнату немесе
пайдалануда газ жылыстаған жағдайда ұшқын пайда болса, ол
өртке жарылысқа немесе жарақатқа əкеліп соғуы мүмкін.
Құрылғының жанында өртке қауіпті немесе жанатын заттарды
(мыс., жанармай, алкоголь, химикаттар, сұйытылған көмірсутек
газы, жанатын шашыратқыш, құрт-құмырсқаларды жоюға
арналған құрал, ауаны сергіткіш, косметика, т.б.) қолданбаңыз
немесе сақтамаңыз.
Өзге дыбыс, иіс немесе құрылғыдан түтін шығатын б
олса,
дереу ашаны қуат көзінен ажыратып, LG Electronics
тұтынушыларды қолдау орталығымен байланысыңыз.
Мұз дайындағыштың немесе диспенсердің суға арналған
багын тек ауыз суымен толтырыңыз.
Салқындатқыш сұйықтық айналымының түтіктерін зақымдап
алмаңыз.
Құрылғының ішіне электрондық құрылғыларды салмаңыз
(мысалы, жылытқыш жəне ұялы телефон).
Қызмет көрсету
Құрылғыны тазаламас немесе ішкі шамын ауыстырмас бұрын
қуат сымын ажыратыңыз (салынған болса).
Кез келген ылғалды жəне шаңды толығымен кетірген соң,
розетка саңылауына қуат ашасын қауіпсіз етіп жалғаңыз.
Құрылғыны тоқтан ешқашан қуат кабелінен тартып
ажыратпаңыз. Əрқашан қуат ашасын мықтап ұстап, розеткадан
тіке тартып алыңыз.
Құрылғыны тазалау үшін, оның ішкі немесе сыртқы жағына су
не тұтанғыш заттарды (тіс пастасы, спирт, еріткіш зат, бензол,
жанғыш сұйықтық, жыратын зат жəне т.б.) шашпаңыз.
KK
7
Құрылғыны щеткамен, шүберектермен немесе беттері қатты
губкамен немесе металдан жасалған затпен тазаламаңыз.
Құрылғыны тек LG Electronics тұтынушыларды қолдау
орталығының білікті маманы бөлшектеу, жөндеу немесе
өзгерту керек. Құрылғыны басқа орынға жылжытатын жəне
орнататын болсаңыз, LG Electronics тұтынушыларды қолдау
орталығымен байланысыңыз.
Құрылғының ішін кептіру үшін шаш кептіргішті қолданбаңыз
немесе иісін кетіру үшін ішіне шырақты қоймаңыз.
Өндіруші ұсынғаннан артық етіп, мұздату процесін үдету үшін
механикалық құрылғыларды немесе басқа заттарды
қолданбаңыз.
Кəдеге жарату
Құрылғыны тастаған кезде, сөрелер мен жəшіктерді орнында
қалдырыңыз да, есік тығыздауышын шығарып алып,
құрылғыны балалардан алыс жерге қойыңыз.
Барлық бума материалдарын (мысалы, пластик қалталар мен
пенопласт) балалардан алысқа тастаңыз. Бума материалдары
тұншықтыруы мүмкін.
Техникалық қауіпсіздік
Желдеткіш саңылауларын құрылғы корпусында немесе
кірістірілген құрылғыда ке
дергісіз қалдырыңыз.
Тоңазытқыштың ішінде электрлік құралдарды пайдаланбаңыз.
Құрылғыда қолданылатын суытқыш агент пен оқшаулағыш газ
арнайы процедураларға сəйкес жойылуы керек. Оларды
жоймас бұрын техникалық қызмет жасайтын мамандардан
немесе тағы басқа дəрежелі мамандардан кеңес алуыңыз жөн.
Бұл жабдық аз көлемдегі изобутан хладагенті (R600a) болады,
бірақ ол да оңай жанғыш болып табылады. Жабдықты
тасымалдау жəне орнату кезінде тоңазыту тізбегінде ешбір
бөлшектің зақымдалмағанына көз жеткізуіңіз қажет.
Түтіктен ағатын салқындатқыш агент тұтануы немесе жарылыс
туғызуы мүмкін.
KK
8
Егер газ шығып жатқаны анықталса, ашық от көзі немесе от
шығаратын заттардың болмауын қадағалаңыз жəне құрылғы
тұрған бөлмені бірнеше тоқтың желдетіңіз. Тоңазыту тізбегінен
газ шыққан жағдайда, тұтанғыш газ бен ауа қоспасы пайда
болмауы үшін, құрылғы қолданылатын бөлменің өлшемі
қолданылатын хладагент мөлшеріне сəйкес келуі керек.
Құрылғының ішіндегі əрбір R600a хладагентінің 8 г-на
бөлменің 1 м2-ы шақ келуі керек.
Осы құрылғының салқындатқыш сұйықтығының мөлшері
құрылғы ішіндегі белгілері бар тақтайда көрсетіледі.
Зақым белгілері көрініп тұрған құрылғыны ешқашан іске
қоспаңыз. Күмəндансаңыз, дилеріңізбен кеңесіңіз.
Бұл құрылғы тұрмыстық жағдайда жəне тек осыған сай
қолдануға арналады. Ол коммерциялық немесе қоғамдық
тамақтандыру мақсаттарында немесе керуен не кеме сияқты
кез келген қозғалыстарда қолдануға арналмаған.
Бұл құрылғыда өртке қауіпті жанармайы бар аэрозоль
банкалары сияқты жарылғыш заттарды сақтамаңыз.
Бұл құрылғы, үй жəне осыған ұқсас жағдайларда қолдануға
арналған, мысалы:
-дүкендер, кеңселер жəне басқа да жүмыс орындарындағы ас
бөлмелерінде қызметкерлер қолданады;
-фермаларда, қонақ үйлерде жəне тағы да басқа тұрғын
үйлерде клиенттер қолданады;
-жатын жəне таңғы ас дайындайтын бөлмелерде;
-асханаларда жəне осыған ұқсас жерлерде бөлшек емес
жағдайда қолдануға арналған.
Жарылғы ш заттарды сақтауға тыйым салынады
Бұл құрылғыда өртке қауіпті жанармайы бар аэрозоль
банкалары сияқты жарылғыш заттарды сақтамаңыз.
KK
9
KK
Пайдалану
Мұздатқыш бөлігіндегі металл бөліктерін немесе мұздап тұрған
тағамды дымқыл немесе ылғал қолыңызбен ұстамаңыз. Ол
қатып қалуға себеп болуы мүмкін.
Əйнектен жасалған контейнерлерді, бөтелкелерді немесе
банкаларды (əсіресе газдалған сусындары бар) нөлден төмен
температурадағы мұздатқыш камераға, сөрелерге немесе мұз
сақтау құтыларына салмаңыз.
Жабдық есігінің алдыңғы жағындағы қыздырып шыңдалған
шыны зақымдалуы мүмкін. Сынып қалған жағдайда оған
қолыңызды тигізбеңіз.
Құрылғы есігіне, сақтау бөлігіне, сөреге сүйкеніп тұрмаңыз
немесе оған мінбеңіз.
Есік жəшіктерінде тым көп су бөтелкелерін немесе гарнирлерге
арналған контейнерлерді сақтамаңыз.
Үй жануарларының қуат сымын немесе су шлангісін шайнап
тастауына мүмкіндік бермеңіз.
Құрылғы есігін артық күшпен ашпаңыз немесе жаппаңыз.
Жабдықтың есігіндегі топса зақымдалса немесе дұрыс жұмыс
істемесе, жабдықты пайдалануды тоқтатыңыз жəне өкілетті
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Шыны сөрелерін немесе қақпақтарын
олар салқын кезде жылы
сумен тазаламаңыз.
Ешқашан мұздатқыштан алынған қатып тұрған тағамдарды
дереу жемеңіз.
Құрылғы есігін ашқанда қол немесе аяқты қысып алмаңыз.
ЕСКЕРТУ
Өнімді пайдаланған кезде адамдарға келетін қауіпті
азайту, өнімнің дұрыс жұмыс істемеуін болдырмау үшін
келесі нұсқаулармен бірге негізгі нұсқауларды
орындаңыз:
Жүкті тасымалдау
Тасымалдау кезінде құрылғыны тарту немесе итеру үшін оны
еңкейтпеңіз.
Құрылғыны жылжытқан кезде, қол немесе аяқ сияқты дене
мүшесі қысылып қалмағанына көз жеткізіңіз.
10
KK
Кəдеге жарату
Қызмет көрсету
Жүкті сақтау
Құрылғыны үй-жайлардан тыс немесе ауа райының
қолайсыздығына орай, тікелей əсерге ұшырайтын (тікелей күн
сəулесі, жел, жауын-шашын немесе ауа температурасы нөл
градустан төмен) сақтамаңыз.
Тауарды өткізу
Өнімдерді сату жəне өткізу еліміздің заңнамасында белгіленген
ережелерге сай жүзеге асырылады.
Сөрелерді астын үстіне қаратып салуға болмайды. Олар құлап
кетуі мүмкін.
Құрылғының мұзын алу үшін LG Electronics тұтынушыларды
қолдау орталығымен байланысыңыз.
Бұл үсті сызылған шелек таңбасы қоқыс электр жəне
электрондық өнімдер (WEEE) қалалық қоқыс жүйесінен
бөлек жойылуы керектігін білдіреді.
Ескі электр құрылғыларында зиянды заттар болады,
сондықтан ескі құрылғыны тиісті түрде қоқысқа тастау
қоршаған орта мен адам денсаулығына тигізуі мүмкін
кері əсерлердің алдын алуға көмектеседі. Ескі
құрылғыңызда басқа өнімдерді жəне шектеулі ресурстарды
сақтау қайта өңделетін маңызды материалдарды жөндеу
үшін қолданылатын қайта қолданбалы бөлшектер
болуы мүмкін.
Құрылғыңызды өнімді сатып алған дүкенге апаруға
немесе жақын жерде орналасқан электрлік жəне
электрондық жабдық қалдықтарын қабылдау орталығы
(WEEE) туралы мəлімет алу үшін жергілікті басқару
мекемесіне хабарласуға болады.
11
ОРНАТУ
Өлшемдер жəне саңылаулар
Құрылғы қасындағы нысандарға дейінгі қашықтық аз болса, ол мұздату мүмкіндігінің
нашарлауына жəне электр шығындарының артуына алып келуі мүмкін. Құрылғыны орнатып
жатқан кезде, оның қасындағы əр қабырғаға дейінгі қашықтық 50 мм болуы тиіс.
Қоршаған орта температурасы
Құрылғы климаттық зонаға байланысты, қоршаған орта температураларының шектеулі
ауқымында пайдалануға арналған.
Құрылғының ішкі температурасы оның орналасқан жеріне, қоршаған орта температурасына,
есігінің ашылу жиілігіне жəне тағы басқаларына байланысты өзгереді.
Құрылғының климаттық класы оның техникалық жапсырмасында берілген.
Климаттық класс Қоршаған орта температурасының ауқымы ºC
SN (Өте шектеулі) +10 +32
N (Шектеулі) +16 +32
ST (Субтропикалық) +16 +38
T (Тропикалық) +16 - +43 / +10 - +43*
*Австралия, Индия, Кения
ЕСКЕРТПЕ
SN-ST дəрежесіндегі жабдықтар 10ºC 38ºC градус аралығындағы ортада пайдалануға
арналған.
KK
A
C
B
EFG
D
H
EFG
D
H
А түрі В түрі
Ойық тұтқа Ұстағыш тұтқа Ойық тұтқа Ұстағыш тұтқа
Өлшемі [мм]
A 595 595 595 595 595 595 595 595
B 1860 2030 1860 2030 1860 2030 1860 2030
C 676 676 731 731 682 682 737 737
D 9 9 9 9 15 15 15 15
E 667 667 667 667 667 667 667 667
F - - 703 703 - - 722 722
G 1124 1124 1124 1124 1130 1130 1130 1130
H 995 995 995 995 995 995 995 995
А түрі В түрі
12
Кері жүрісті есіктер
Құрылғы асүй дизайнына үйлесімді немесе қалаған жаққа ашылатындай үйлесімді болатын,
өзіңіз есікті айналдыра алатындай етіп айналмалы есікпен жасалған.
ЕСКЕРТУ
Есіктерді кері жүргізген кезде бұранда қақпақтар, бұрандалар жəне ілмек сияқты барлық
кішкентай бөлшектерді қауіпсіздік ретінде балалардан аулақ ұстаңыз.
Есіктерді кері жүргізу алдында, құрылғыларды ажыратып, тамақ пен сөрелер мен тартпалар
сияқты барлық алынатын аксессуарларды тоңазытқыштан алып тастаңыз.
Есіктерді айналдыру барысында абай болыңыз, себебі құрылғы есіктері ауыр.
ЕСКЕРТПЕ
Өкілетті қызмет көрсететін орталыққа хабарласу ұсынылады. Кепілдік есіктерді кері жүргізу
барысында пайдаланушылар келтірген зақымдарға қолданылмайды.
Кері жүрісті есіктер үшін қажетті құралдар
3
5 мм алты қырлы кілт (ортаңғы, астыңғы
ңлмек үшін)
10 мм ілмекті сомын кілті (үстіңгі ілмек
үшін)
6 мм сомын кілті (үстіңгі ілмек өзегі үшін)Айқас пішінді бұранда
3
Кескіш
Аксессуарлар
3
Топсаның қақпағы (L) Астыңғы ілмек (L)
3
Астыңғы бұранда
саңылауын жасыратын
жабысқақ қағаз
KK
13
Тұтқаны алып тастау
1 Кескіштің көмегімен тұтқаның қарсы
бетіне жалғанған бұранда қақпағын
алып тастаңыз.
2
Тұтқа бұрандаларын босатыңыз.
3 Тұтқаны алып тастап, қауіпсіз жерге
қойыңыз.
Тоңазытқыштың есігін алу
1 Тоңазытқыш есігін ашып, бұрандаларды
алып тастаңыз. Сым електі жəне
тоңазытқыш есігінің бұрыштық
қаптамасын шешіп ажыратыңыз.
2
Сым електің қарсы бетіндегі бұрыштық
қаптаманы шешіп алып, олады қауіпсіз
жерге қойыңыз.
3 Тоңазытқыш есігінің сым елегіндегі
сымдарды ажыратыңыз.
4
Үстіңгі топсаның қақпағын көтеріп, оны
абайлап суырып алыңыз.
5
Үстіңгі ілмек бұрандаларын толық
босатыңыз.
KK
Үлгілері: GA-B509B***/GA-B459B***
14
KK
6 Абайлап көтеріп, тоңазытқыш есігін
алып тастау үшін оны суырып алыңыз.
7
Кескіштің көмегімен алдыңғы бұрыштық
қаптаманы алып тастаңыз.
8
Бұрандалары босаған алдыңғы
қаптаманы алып тастаңыз.
9 Сымдарды қарсы бағытқа қарай тартып,
алдыңғы қаптаманы сəйкестендіріңіз.
10 Бұрандаларды тартып бұрау ақылы
алдыңғы қаптаманы бекітіңіз. Алдыңғы
бұрыштық қаптаманы қарсы бетке
енгізіңіз.
Мұздатқыштың есігін алу
1 Ортаңғы ілмектің бұрандаларын
босатыңыз. Мұздатқыштың есігіне
бекітілген ортаңғы ілмекті алып
тастаңыз.
15
KK
Тіреуішті, төлкені жəне
тоқтатқышты айналдыру əдісі
(Тоңазытқыштың дə жəне
мұздатқыштың да есіктеріне
қолданылады)
Тіреуішті, төлкені жəне тоқтатқышты
бекіту реті
1
Тоңазытқыш жəне мұздатқыш есіктерін
айналдырылған бағытта орнатыңыз.
2
Жинаққа бекітілген екі бұранданы
босатыңыз.
3 Тіреуішті
1
, төлкені
2
жəне
тоқтатқышты
3
бөлшектеңіз.
Тіреуішті, төлкені жəне тоқтатқышты
қайта бекіту реті
1
Тіреуішті
1
айналдыратын бағытта
орналастырыңыз.
2
Төлкені
2
жəне тоқтатқышты
3
бекітіңіз.
3 Бұрандаларды тартып байлау арқылы
жинақты бекітіңіз.
2
Абайлап көтеріп, мұздатқыштың есігін
алып тастау үшін оны суырып алыңыз.
3
Ортаңғы ілмектің қарсы бетіне
жалғанған ортаңғы бұранда қақпағын
алып тастаған соң, оны қарсы бетке
жалғаңыз.
4 Астыңғы ілмектің бұрандаларын
босатып, қауіпсіз жерге қойыңыз. Қарсы
беттегі бұранда саңылауларын жасыру
үшін, бұранда мен жабысқақ қағазды
(Бөлек берілетін) бекітіңіз.
16
KK
Мұздатқыштың есігін қайта
жалғау
1
Бұрандаларды қарсы бетке тартып
байлау арқылы астыңғы ілмекті (L)
бекітіңіз.
2 Мұздатқыш есігінің үстіндегі саңылау
қақпағын алып тастап, оны қарсы бетке
бекітіңіз.
3
Айналдырылған ортаңғы ілмекті
мұздатқыш есігіне бекітіңіз.
4
Ортаңғы ілмекке бекітілген мұздатқыш
есігін көтеріп, оны қарсы беттегі астыңғы
ілмекке бекітіңіз.
5 Мұздатқыш есігін құрылғыға жалғау
үшін, бұрандаларды тартып байлау
арқылы айналдырылған ортаңғы ілмекті
бекітіңіз.
Үстіңгі ілмекті айналдыру
1
6 мм сомын кілттің көмегімен иінтіректі
босатыңыз.
17
3 Электр сымдарын қосыңыз.
4
Үстіңгі топса қақпағының (L) ішкі ілгішіне
сымдарды бекітіп, оны қақпақтың үстіңгі
бөлігін басып бекітіңіз.
Барлық сымдар коннекторға кептеліп
қалмауы тиіс. Топсаның қақпағын (L)
пайдаланып алдымен дұрыс жағын
енгізіңіз.
5 Сым електі жəне мұздатқыш есігінің
бұрыштық қаптамасын бекітіңіз.
Бұрандаларды тартып байлаңыз.
KK
2 Үстіңгі ілмекті айналдырып, 6 мм сомын
кілттің көмегімен иінтіректі қайта
бекітіңіз.
Тоңазытқыш есігін қайта жалғау
1 Тоңазытқыш есігін көтеріп, оны қарсы
орындағы ортаңғы ілмекке жалғаңыз.
2
Тоңазытқыш есігін бекітіп, бұрандаларды
тартып байлау арқылы айналдырылатын
үстіңгі ілмекті бекітіңіз.
18
Тұтқаны қайта жалғау
1 Бұрандаларды мұздатқыштың қарсы
бетіне қайта тартып байлау арқылы
тұтқаны қайта жалғаңыз.
2 Бұранда қақпағын жалғау арқылы
бұранданы жасырыңыз.
Құрылғының деңгейін
туралау
Құрылғы дірілдемеуі үшін оны тегіс қою
керек.
Егер еден тегіс болмаса, реттеуіш
бұрамаларды реттеңіз.
Есік оңай жабылуы үшін алдыңғы жақ артқы
жақтан сəл биіктеу болуы керек.
Реттеуіш бұрамаларды корпусты сəл ғана
еңкейту арқылы оңай бұрауға болады.
Құрылғыны көтеру үшін реттеуіш
бұрамаларды сағат тілінің бағытына қарсы
бұраңыз
, төмендету үшін сағат
тілінің бағытымен бұраңыз.
Жабдықты жалғау
Құрылғыны орнатқаннан кейін, қуат ашасын
розеткаға жалғаңыз.
ЕСКЕРТПЕ
Қуат көзінің сымын (немесе ашасын)
розеткаға қосқан соң, азық-түлікті жабдыққа
2 немесе 3 сағат өткеннен кейін қойыңыз.
Жабдық толық суымай тұрып, азық-түлікті
қойсаңыз, азық-түлік бұзылып кетуі мүмкін.
Жабдықтың орнын
ауыстыру
1
Жабдықтың ішіндегі барлық азық-түлікті
алып тастаңыз.
2
Қуат ашасын шығарып, оны құрылғының
артқы немесе жоғарғы жағындағы қуат
ашасының ілгегіне енгізіп, бекітіңіз.
3
Жабдықты тасымалдау кезінде түсіп
қалмауы үшін сөрелер мен есік тұтқасы
сияқты бөлшектерді таспамен бекітіңіз.
4 Жабдықты кем дегенде екі адам
абайлап жылжытуы тиіс. Жабдықты ұзақ
қашықтыққа тасымалдағанда, оны тік
күйде ұстаңыз.
5
Құрылғыны орнатқаннан кейін,
құрылғыны қосу үшін қуат ашасын
розеткаға жалғаңыз.
KK
Үлгілері: GA-B509B***/GA-B459B***
19
Пайдалану
KK
Бөлшектер мен функциялар
Смарт диагностикалық құрылғы ( * )
Құрылғы дұрыс жұмыс істемегенде немесе ақаулық пайда болғанда диагностиканың
дұрыс жасалуы үшін LG Electronics тұтынушыларына арналған ақпараттық орталыққа
хабарласқан кезде осы функция пайдаланылады.
ЖШД шамы
Құрылғының ішіндегі ЖШД шамдары есік ашылған кезде жанады.
3
Тоңазытқыш сөресі
Бұл тоңазытылған тағамдар мен басқа заттар сақтауға үшін арналған орын.
Сөре биіктігін басқа биіктіктегі ойыққа енгізу арқылы баптауға болады.
Ылғалдылығы қатты тағамдарды сөренің алдыңғы жағында сақтаңыз.
Сөрелердің нақты саны үлгісіне байланысты өзгеріп отырады.
Бөтелке сөресі ( * )
Бұл ішімдікке арналған ұзын бөтелкелерді немесе контейнерлерді сақтайтын орын.
20
KK
Жиналмалы сөре ( * )
Осы жерде тоңазытылған азық-түліктер мен əртүрлі заттар сақталады.
Балғын көкөніс тартпасы ( * )
Жеміс-жидектер мен көкөністер балғындығын сақтау үшін ылғалдылық контроллері
арқылы реттеліп, осы жерде сақталады.
Құрылғының беті немесе бөліктері үлгі түріне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Балғындық конвертері ( * )
Салқындату бөлімі ретінде, осы жерде ет, балық жəне көкөністер сақталады. Тоңазытқыш
бөлімінің артында орналасқан ылғалдылық контроллерін реттеу арқылы балғындықты
сақтауға көмектесіңіз.
Қосымша орын босату үшін, салқындату аймағын салқындату бөлімінің тартпасынсыз
пайдалануға болады.
Жылжымалы жұмыртқа науасы
Осы жерде жұмыртқаларды сақтайды.
Осыны жылжытып, қалағаныңыздай қажетті орында пайдалана аласыз. Дегенмен, оны
мұз контейнері ретінде пайдаланбаңыз, тоңазытқыштың үстіңгі сөресіне немесе
көкөністер суырмасының үстіне қоймаңыз.
9
Тоңазытқыш есігіндегі жəшік
Бұл тоңазытылған тағамдар, сусындар мен тұздықтар контейнерлерінің кішкентай
бумалары сақталатын орын.
Су диспенсер багы ( * )
Осы жерде диспенсер пен автоматты мұз генераторына берілетін су сақталады. Қолмен
толтыруды қажет етеді. (Қорғасындалмаған үлгілер ғана)
Мұз науасы
Осы жерде мұз жасалып, сақталады.
Қосымша орын босату үшін, мұз науасын немесе мұз текшелерінің шелегін алып
тастаңыз.
Тоңазытқыш тартпасы
Бұл қатырылған заттарды ұзақ уақытқа сақтау бөлігі.
ЕСКЕРТУ
Бөтелке сөресінде қысқа бөтелкелерді немесе контейнерлерді сақтамаңыз. Заттар құлап,
жарақаттануға немесе құрылғының зақымдануына себеп болуы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ
( * ) : Осы мүмкіндік сатып алынған модельге байланысты əртүрлі.
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44
  • Page 45 45
  • Page 46 46
  • Page 47 47
  • Page 48 48
  • Page 49 49
  • Page 50 50
  • Page 51 51
  • Page 52 52
  • Page 53 53
  • Page 54 54
  • Page 55 55
  • Page 56 56
  • Page 57 57
  • Page 58 58
  • Page 59 59
  • Page 60 60
  • Page 61 61
  • Page 62 62
  • Page 63 63
  • Page 64 64
  • Page 65 65
  • Page 66 66
  • Page 67 67
  • Page 68 68
  • Page 69 69
  • Page 70 70
  • Page 71 71
  • Page 72 72
  • Page 73 73
  • Page 74 74
  • Page 75 75
  • Page 76 76
  • Page 77 77
  • Page 78 78
  • Page 79 79
  • Page 80 80

LG DoorCooling GA-B509SMDZ Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя
Это руководство также подходит для

Задайте вопрос, и я найду ответ в документе

Поиск информации в документе стал проще с помощью ИИ