Жуу бағдарламасы аяқталды, бірақ
барабанда су тұр:
• Кір мыжылып қалмас үшін барабан
мезгіл-мезгіл айналып тұрады.
• Суды төгу керек екенін ескерту үшін
индикаторы жыпылықтайды.
• Қақпақ бұғаттаулы индикаторы
жанып тұр. түймешігінің индикаторы
жыпылықтайды. Қақпақ құлыпталып
тұрады.
• Қақпақты ашу үшін суды төгу керек.
Суды төгу:
1. Суды төгу үшін.
•
түймешігін басыңыз. Құрылғы
суды төгіп, таңдалған жуу
бағдарламасының ең үлкен
айналдыру жылдамдығымен
айналдырады.
• Балама ретінде, айналдыру
жылдамдығын өзгерту үшін
түймешігін түртіп, содан кейін
түймешігін басыңыз. Құрылғы суды
төгеді де, айналдыру кезеңін
орындайды. Егер
параметрін
орнатсаңыз, құрылғы тек суды ғана
төгеді.
2. Бағдарлама аяқталып, бірнеше
минуттан кейін қақпақ бұғаттаулы
индикаторы көрінбей кеткенде,
қақпақты ашуға болады.
3. Құрылғыны сөндіру үшін түймешігін
бірнеше секунд басыңыз.
Құрылғы шамамен 18 сағаттан
кейін суды автоматты түрде
төгеді және айналдырады (Жүн
мата бағдарламаларынан басқа
бағдарламаларда).
AUTO-OFF функциясы
AUTO-OFF күту функциясы
пайдаланылатын қуат мөлшерін азайту
үшін құрылғыны автоматты түрде
сөндіреді. Келесі жағдайда барлық
индикаторлар мен бейнебет сөнеді:
• Құрылғыны
түймешігін басу алдында
5 минут пайдаланбасаңыз.
Құрылғыны қайта іске қосу үшін
түймешігін басыңыз.
• Жуу бағдарламасы аяқталғаннан кейін 5
минут өткен соң.
Құрылғыны қайта іске қосу үшін
түймешігін басыңыз.
Бейнебетте соңғы орнатылған
бағдарламаның соңы көрсетіледі.
Егер жаңа цикл орнатқыңыз келсе
түймешігін басыңыз.
Ақыл-кеңес
Кір салу
• Кірді былай сұрыптаңыз: ақ, түрлі-түсті,
синтетика, нәзік және жүн мата.
• Кірдің затбелгісіндегі жуу нұсқауларын
орындаңыз.
• Ақ және түрлі-түсті заттарды бірге
жумаңыз.
• Кейбір түрлі-түсті заттарды алғаш
жуғанда бояуы шығуы мүмкін. Оларды
алғаш жуғанда бөлек жууға кеңес
береміз.
• Жастық қаптарының түймесін салып,
тартпаларды тартып жауып, ілгектер
мен батырма түймешіктерді салыңыз.
Белбеулерді байлаңыз.
• Қалталарды босатып, оралған заттарды
ашыңыз.
• Көп қабатты матадан жасалған, жүн
матадан жасалған немесе сурет
салынған киімдердің астарын сыртына
аударыңыз.
• Қатты дақтарды кетіріңіз.
• Өте кір дақтарды арнайы жуғыш затпен
жуыңыз.
• Перделерді абайлап жуыңыз. Ілгектерін
алыңыз немесе перделерді кір жуатын
торға немесе жастықтың тысына
салыңыз.
• Шашақтары бар немесе кесілген
жерлері бар заттарды құрылғыда
жумаңыз. Кішкене заттарды жуу үшін
(мысалы, сым өткізілген төс тартқыш,
белдіктер, колготкилер, т.с.с.) кір жууға
арналған торды пайдаланыңыз.
• Кір өте аз салынса, айналдыру циклі
кезінде теңгерімді сақтауға қатысты
мәселе орын алуы мүмкін. Бұндай
жағдай орын алса, барабандағы кірді
қолмен таратып, қайта айналдыра
бастаңыз.
www.zanussi.com 13