Zanussi ZEV56646FB Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя
GETTING
STARTED?
EASY.
User Manual
ZEV56646FB
KK Қолдану туралы нұсқаулары 2
Пісіру алаңы
RU Инструкция по эксплуатации 18
Варочная панель
UK Інструкція 34
Варильна поверхня
МЫНАУ ҮШІН ВЕБ-САЙТЫМЫЗҒА КІРІҢІЗ:
Пайдалану туралы ақпаратты, кітапшаларды, ақаулықты жою құралы, қызмет
көрсету және жөндеу туралы ақпаратты мына жерден алыңыз:
www.zanussi.ru/support
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және
фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.part33.ru
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
МАЗМҰНЫ
1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ..............................................................................................2
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ.........................................................................................4
3. ОРНАТУ..........................................................................................................................7
4. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ..............................................................................................8
5. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ...................................................................................................10
6. АҚЫЛ-КЕҢЕС...............................................................................................................12
7. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ..............................................................................................13
8. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ................................................................................................. 13
9. ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕК................................................................................................. 15
10. ҚУАТ ТИІМДІЛІГІ........................................................................................................16
1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Дұрыс
орнатпау немесе пайдаланбау нәтижесінде орын алған
жарақат немесе зақымға өндіруші жауапты емес.
Нұсқаулықтарды кейін қарап жүру үшін әрқашан қауіпсіз
және қол жетімді жерде сақтаңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың
қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен денесіне,
сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым келген не тәжірибесі
аз адамдар өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін
адамның қадағалауы не құрылғыны қауіпсіз қолдану
бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау
салдарын түсінсе, онда қолдануына болады.
2 ҚАЗАҚ
3 және 8 жас арасындағы балалар мен мүмкіндіктері өте
шектеулі мүгедек адамдарды басқалар қадағаламаған
жағдайда құрылғыдан алыс ұстау керек.
3 жасқа толмаған балаларды үнемі қарап отырмаған
жағдайда құрылғыдан алыс ұстау керек.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Барлық орам материалдарын балалардан алыс ұстап,
қоқысқа тиісті түрде тастау керек.
ЕСКЕРТУ: Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол
суып тұрғанда, балалар мен үй жануарларын оған
жақындатпаңыз. Қол жетімді бөлшектер пайдалану
кезінде ыстық болады.
Құрылғыда бала қауіпсіздігінің құралы бар болса, оны
қосу керек.
Балалар құрылғыны жөндеу және тазалау жұмыстарын
бақылаусыз орындамауы керек.
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
ЕСКЕРТУ: Құрылғы мен оның қол жететін жердегі
бөлшектері қолдану барысында ысып тұрады.
Қыздырғыш элементтерге тиіп кетпеу үшін абайлау
керек.
ЕСКЕРТУ: Май немесе өсімдік майы қосылған тағамды
пештің үстіне қараусыз қалдыру қауіпті және өрт шығуы
мүмкін.
Өртті ЕШҚАШАН сумен сөндіруге әрекет жасамаңыз,
оның орнына құрылғыны сөндіріп, жалынды қақпақ
немесе өртке төзімді көрпе, т.б. тәрізді затпен жабыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: Құрылғыны таймер сияқты сырттан
қосатын құралмен жабдықтамау немесе жиі қосылып
және сөніп тұратын желілерге қоспау керек.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: Пісіру барысын қадағалап отыру
керек. Пісіру барысы қысқа болса, үздіксіз қадағалап
отыру керек.
ЕСКЕРТУ: Өрт қаупі бар: Пісіру алаңына зат
сақтамаңыз.
Пышақ, шанышқы, қасық және қақпақ тәрізді темір
заттарды пештің үстіне қоймаңыз, себебі ысып кетеді.
ҚАЗАҚ 3
Құрылғыны кіріктіріп орнату алдында қолданбаңыз.
Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып
тазаламаңыз.
Егер шыны керамика бет / шыны сынса, электр қатері
пайда болмас үшін құрылғыны сөндіріңіз және ток
көзінен ағытыңыз. Құрылғы ток көзіне электр корапшасы
арқылы қосылған болса, құрылғыны тоқтан ағыту үшін
сақтандырғышты алыңыз. Осы жағдайларда уәкілетті
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Егер қуат cымына зақым келген болса, қатерден сақтану
үшін оны өндіруші немесе уәкілетті техник немесе сол
сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
ЕСКЕРТУ: Пісіру құрылғысының өндірушісі жасаған пеш
қорғағыштарды ғана немесе құрылғы өндірушісі
пайдаланушы нұсқаулығында арнайы көрсеткен немесе
құрылғының өзіне орнатылған қорғағыштарды ғана
қолданыңыз. Сай келмейтін қорғағыштарды
пайдалансаңыз, оқыс жағдай орын алуы мүмкін.
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
ЕСКЕРТУ!
Осы құрылғыны тек білікті
маман ғана орнатуға тиіс.
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе
құрылғыны бүлдіріп алу қаупі
бар.
Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
Құрылғымен бірге жеткізілген орнату
нұсқауларын орындаңыз.
Құрылғылар мен заттардың
арасындағы минимум қашықтықты
сақтаңыз.
Құрылғы ауыр болғандықтан, орнынан
жылжытқан кезде әрқашан абай
болыңыз. Әрқашан қауіпсіздік қолғабы
мен бітеу аяқ киім киіңіз.
Кесілген беттерге ылғал кіріп үлкейтіп
жібермес үшін тығыздағышпен бітеңіз.
Құрылғының астыңғы жағын бу мен
ылғалдан қорғаңыз.
Құрылғыны есіктің жанына немесе
терезенің астына қоймаңыз. Бұл есік
немесе терезе ашылған кезде ыстық
ыдыстар құрылғыдан құлап кетпеу үшін
қажет.
Егер құрылғыны тартпалардың үстіне
орнатсаңыз, құрылғының астыңғы жағы
мен үстіңгі тартпаның арасында ауа
ауысып тұруға жеткілікті орын қалуын
қамтамасыз етіңіз.
Құрылғының астыңғы жағы ысып кетеді.
Фанера, ас үйге арналған жақтау
материал не басқа жанбайтын
материалдан оқшаулағыш панель
жасап, оны құрылғының астыңғы
жағынан кірмеу үшін орнатыңыз.
Бөлгіш панель пештің астыңғы
жағындағы аумақты толық жабуы керек.
4 ҚАЗАҚ
2.2 Электртоғына қосу
ЕСКЕРТУ!
Өрт және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
Электртоғына қосу жұмыстарының
барлығын білікті электрші ғана іске
асыруы керек.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Қандай да бір жұмысты іске асырмай
тұрып, құрылғының электр желісінен
ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
Техникалық ақпарат тақтасындағы
параметрлердің негізгі қуатпен
жабдықтау желісіндегі электр
параметрлеріне сәйкес келетініне көз
жеткізіңіз.
Құрылғының дұрыс орнатылғаныа көз
жеткізіңіз. Босап қалған және дұрыс
жалғанбаған электр сымы немесе
ашасы (бар болса) ағытпаны өте
ысытып жіберуі мүмкін.
Дұрыс электр сымын пайдаланыңыз.
Электр сымдарының оратылуына жол
бермеңіз.
Электр қатерінен сақтандыру
құралының орнатылғанына көз
жеткізіңіз.
Сымды тартылудан босататын
қапсырманы пайдаланыңыз.
Құрылғыны жақын тұрған розеткаға
жалғаған кезде электр сымы немесе
ашасы (бар болса) ыстық құрылғыға
немесе ыстық ыдысқа тиіп кетпес үшін
абай болыңыз.
Көп тармақты адаптер мен ұзартқыш
сымды қолданбаңыз.
Құрылғының сымына немесе ашасына
(бар болса) зақым келтірмеу үшін абай
болыңыз. Зақым келген электр сымын
ауыстырту үшін біздің уәкілетті қызмет
көрсету орталығына немесе электршіге
хабарласыңыз.
Ток жүріп тұрған және гидроизоляциясы
бар бөлшектерді электр қатерінен
қорғау үшін құралсыз алынбайтын етіп
мықтап орнату керек.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан кейін
ғана қосыңыз. Орнатып болғаннан кейін
ашаның қол жететін жерде тұрғанына
көз жеткізіңіз.
Егер розетка бекітілмеген болса,
ашаны жалғамаңыз.
Құрылғыны ажырату үшін электр
сымынан тартпаңыз. Әрдайым қорек
ашаны қолмен тартып шығарыңыз.
Тек дұрыс оқшаулағыш құралдарды
қолданыңыз: желіні қорғайтын
ажыратқыштарды, сақтандырғыштарды
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге тұйықталудан
қорғау тетіктері мен тұйықтағыштарды
пайдаланыңыз.
Электр қондырғысында құрылғыны кез
келген ток полюстерінен ажыратуға
мүмкіндік беретін оқшаулағыш құрылғы
болуы керек. Оқшаулағыш құрылғыда
кеңдігі 3 мм-ден кем емес саңылау болу
керек.
2.3 Пайдалану
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, күйіп қалу және
тоқ соғу қаупі бар.
Алғаш пайдалану алдында барлық
орамдарын, жапсырмалары мен
қорғағыш таспасын (бар болса)
алыңыз.
Бұл тек үйде ғана пайдалануға
арналған құрылғы.
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
Желдеткіш саңылаулардың
бітелмегенін тексеріңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны
назардан тыс қалдырмаңыз.
Пісіру алаңын пайдаланып болған
сайын "off" қалпына қойыңыз.
Пісіру алаңдарына ас құралдарын
немесе кәстрөлдердің қақпақтарын
қоймаңыз. Қызып кетуі мүмкін.
Құрылғыны дымқыл қолмен немесе
суды қолданып тұрған кезде
пайдаланбаңыз.
Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз.
Құрылғының бетіне сызат түссе, дереу
тоқ көзінен ағытыңыз. Бұл әрекет
электр қатеріне ұшырап қалуға жол
бермейді.
Тағамды ыстық майға салғанда, май
шашырауы мүмкін.
ҚАЗАҚ 5
ЕСКЕРТУ!
Өрт және жарылыс пайда болу
қаупі бар
Тоңмайларды немесе майды
қыздырған кезде тұтанғыш бу пайда
болады. Тоңмайға немесе майға тамақ
пісірген кезде қызған заттарды немесе
оттың жалынын алыс ұстаңыз.
Қатты қызған майдан бөлініп шығатын
бу, кенет жарылыстың орын алуына
себеп болады.
Құрамында тағам қалдықтары бар
қолданылған май, бірінші рет
қолданылып отырған майға қарағанда,
төмен температурада өрт пайда болуға
әкелуі мүмкін.
Тез тұтанатын өнімдерді немесе
жанғыш, дымқыл заттарды құрылғының
ішіне, жанына немесе үстіне қоймаңыз.
ЕСКЕРТУ!
Құрылғыны бүлдіріп алуыңыз
мүмкін.
Басқару панеліне ыстық ыдыс
қоймаңыз.
Ыстық табаның қақпағын пештің ыстық
әйнек бетіне қоймаңыз.
Ыдыстың ішіндегісі сарқылғанша
қайнатпаңыз.
Құрылғының үстіне зат немесе ыдыс
құлап кетуге жол бермеңіз. Құрылғының
бетіне зақым келуі мүмкін.
Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып
немесе ешбір ыдыс қоймай іске
қоспаңыз.
Құрылғының үстіне алюминий жұқалтыр
қоймаңыз.
Құйылған шойыннан, алюминийден
жасалған немесе астына нұқсан келген
ыдыстар, шыны / шыны керамика бетке
сызат түсіреді. Бұндай заттарды
құрылғының бетінде үнемі көтеріп
жылжыту керек.
Бұл тек тағам пісіруге арналған
құрылғы. Басқа мақсатта, мысалы
бөлмені қыздыру үшін қолдануға
болмайды.
2.4 Күту менен тазалау
Құрылғының бетіндегі материалдың
сапасы түспес үшін мезгіл-мезгіл
тазалаңыз.
Құрылғыны тазалардан бұрын сөндіріп,
суығанша қойыңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді
және буды қолданбаңыз.
Құрылғыны дымқыл жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Бейтарап
жуғыш заттарды ғана қолданыңыз.
Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкелерді,
еріткіштерді немесе металл заттарды
пайдаланбаңыз.
2.5 Қызмет
Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Тек түпнұсқалық
қосалқы бөлшектерді пайдаланыңыз.
Осы өнімнің ішіндегі шам(дар) мен
шамдардың қосалқы бөлшектері жеке
сатылады: Бұл шамдар температура,
діріл, ылғалдылық сияқты төтенше
физикалық жағдайларға тұрмыстық
құрылғылардың қарсы тұруына немесе
құрылғының жұмыс жағдайы туралы
сигнал беруге арналған. Олар басқа
қолданбаларда пайдалануға
арналмаған және тұрғын үйлерді
жарықтандыруға сәйкес келмейді.
2.6 Құрылғыны тастау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе тұншығып
қалу қаупі бар.
Құрылғыны қоқысқа дұрыс тастауға
қатысты ақпаратты жергілікті әкімшілік
мекемеге хабарласып алыңыз.
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Құрылғыға жақын орналасқан электр
сымын кесіп, қоқысқа тастаңыз.
6 ҚАЗАҚ
3. ОРНАТУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
3.1 Орнату алдында
Пешті орнату алдында, техникалық
ақпарат тақтайшасынан төмендегі
ақпаратты жазып алыңыз. Техникалық
ақпарат тақтайшасы пештің төменгі
жағында орналасқан.
Сериялық нөмірі ......................
3.2 Кіріктірілген пештер
Кіріктірілген пештерді, аспапты дұрыс
қондырылған пештерге және стандартты
талаптарға сай келетін жұмыс беттеріне
құрастырғаннан кейін ғана пайдаланыңыз.
3.3 Қосылым кабелі
Плита қосылым кабелімен
пайдаланылады.
Нұқсан келген қуат сымын ауыстыру
үшін мына кабель түрін қолданыңыз:
H05V2V2-F 90°C немесе одан жоғары
температураға төзімді. Жергілікті
сервистік орталықпен сөйлесіңіз.
Қосылым кабелін тек білікті электрші
ауыстыруы керек.
3.4 Құрастыру
Құрылғыны ауа тартқыштың астына
орнатсаңыз, құрылғылардың арасындағы
мин. қашықтықты орнату нұсқауларынан
қараңыз.
min.
50mm
min.
500mm
min.
12
min.
28
ҚАЗАҚ 7
min.
12 mm
min.
60 mm
3.5 Қорғаныс қорабы
Егер қорғаныс қорабын (қосымша керек-
жарақ) қолдансаңыз, пештің астындағы
қорғаныс еденнің қажеті жоқ. Керек-жарақ
болып есептелетін қорғаныс қорабы кей
елдерде берілмеуі мүмкін. Жергілікті
жабдықтаушыға хабарласыңыз.
Егер пешті тұмшапештің үстіне
орнатсаңыз, қорғағыш қорапты
қолдана алмайсыз.
4. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
4.1 Пісіруге арналған беттің көрінісі
120/210
mm
120/210
mm
145 mm
145 mm
170 mm
265 mm
170 mm
265 mm
1
1
1 1
2
1
Пісіру алаңы
2
Басқару панелі
8 ҚАЗАҚ
4.2 Басқару панелінің көрінісі
1 2 3 4 5 6 7
810 9
Құрылғыны іске қосу үшін сенсорлық өрістерді пайдаланыңыз. Бейнебеттер,
индикаторлар мен дыбыстық сигналдар қай функциялардың жұмыс жасайтынын
көрсетеді.
Сенсор
лық
өріс
Функция Түсіндірме
1
ҚОСУ/СӨНДІРУ Пештің үстін қосуға және сөндіруге арналған.
2
Құлыптау / Бала қауіпсіздігі
құрылғысы
Басқару панелін құрсаулайды/құрсауын ағытады.
3
- Сыртқы шеңберді іске қосуға және сөндіруге
арналған.
4
- Қыздыру параметрінің бейнебеті Қыздыру параметрін көрсетуге арналған.
5
- Пісіру алаңдарының
индикаторлары
Уақыттың қай пісіру алаңы үшін орнатылғанын
көрсетуге арналған.
6
- Таймер бейнебеті Уақытты минут бойынша көрсетуге арналған.
7
- Сыртқы шеңберді іске қосуға және сөндіруге
арналған.
8
- Пісіру алаңын таңдауға арналған.
9
/
- Уақытты көбейтуге немесе азайтуға арналған.
10
/
- Қызу параметрін орнатуға арналған.
4.3 Қызу параметрінің бейнебеттері
Дисплей Сипаттамасы
Пісіру алаңы сөндірулі.
-
Пісіру алаңы жұмыс істейді.
Автоматты түрде қыздыру жұмыс істейді.
+ сан
Ақаулық орын алды.
ҚАЗАҚ 9
Дисплей Сипаттамасы
Пісіру алаңы әлі ыстық (қалдық қызу).
Құлыптау / Бала қауіпсіздігі құрылғысы жұмыс істейді.
Автоматты түрде өшіру жұмыс істейді.
4.4 Қалдық қызу индикаторы
ЕСКЕРТУ!
Қалдық қызуға күйіп қалу
қаупі бар.
Индикаторлар қазір пайдаланылып тұрған
пісіру алаңдарының қалдық қызуын
көрсетеді. Қолданылмай тұрған көршілес
орналасқан пісіру алаңдарының да
индикаторлары жануы мүмкін.
5. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
5.1 Іске қосу және сөндіру
Пештің үстін қосу немесе сөндіру үшін
белгісін 1 секунд түртіңіз.
5.2 Автоматты түрде өшіру
Функция пештің үстін төмендегі
жағдайларда автоматты түрде
сөндіреді:
барлық пісіру алаңдары сөндірулі
болса,
пештің үстін іске қосқан соң қызу
параметрін орнатпасаңыз,
басқару панеліне бір нәрсе төгіліп
қалса немесе ол 10 секундтан артық
(ыдыс, киім т.с.с.) жабық қалса.
Дыбыстық сигнал естіліп, пештің үсті
сөнеді. Заттарды алыңыз немесе
басқару панелін тазалаңыз.
пісіру алаңын сөндірмесеңіз немесе
қызу параметрін өзгертпесеңіз. Аздан
кейін жанады да, пештің үсті сөнеді.
Пештің үстін сөндіргеннен кейінгі уақыт
пен қызу параметрінің арасындағы
байланыс:
Қызу параметрі Пештің үсті мына
уақыттан кейін
сөнеді:
, 1 - 2
6 сағат
3 - 4 5 сағат
5 4 сағат
6 - 9 1,5 сағаттан кейін
5.3 Қызу параметрі
Қызу параметрі мәнін көбейту үшін
белгісін түртіңіз. Қызу параметрі мәнін
азайту үшін белгісін түртіңіз. Пісіру
алаңын сөндіру үшін
және белгісін
бір уақытта басыңыз.
5.4 Сыртқы шеңберлерді іске
қосу және сөндіру
Шеңбердің бетін қолданылатын ыдыстың
өлшемдеріне сай келтіре аласыз.
Сенсорлық өрісті пайдаланыңыз:
Сыртқы шеңберді іске қосу үшін:
сенсорлық алаңды басыңыз. Индикатор
жанады.
Сыртқы шеңберді сөндіру үшін:
сенсорлық алаңды индикатор сөнгенше
басыңыз.
10 ҚАЗАҚ
5.5 Автоматты түрде қыздыру
Бұл функцияны іске қосcаңыз, қажетті
қыздыру параметріне қысқа мерзімде қол
жеткізе аласыз. Бұл функция біраз уақыт
қыздыру параметрінің ең жоғары мәнін
орнатады да, содан кейін жарамды
қыздыру параметріне дейін түсіреді.
Функцияны іске қосу үшін пісіру
алаңы суық болуы қажет.
Функцияны пісіру алаңы үшін
қосқыңыз келсе: түймешігін жарамды
қыздыру параметрі жанғанша басыңыз. 3
секундтан кейін
жанады.
Функцияны сөндіру үшін: түймешігін
басыңыз.
5.6 Таймер
Кері санақ таймері
Бұл функцияны бір пісіру ұзақтығын
орнату үшін пайдалануға болады.
Алдымен пісіру алаңы үшін қызу
параметрін, содан кейін функцияны
орнатыңыз.
Пісіру алаңын орнату үшін: пісіру
алаңының индикаторы пайда болғанға
дейін белгісін түртіңіз.
Функцияны іске қосу немесе уақытты
өзгерту үшін: Таймердің немесе
түймешігін басып, уақытты (00 - 99 минут)
орнатыңыз. Пісіру алаңының индикаторы
жыпылықтай бастаған кезде, уақыт кері
санала бастайды.
Қалған уақытты қарау үшін: пісіру
алаңын орнату үшін белгісін түртіңіз.
Пісіру алаңының индикаторы жыпылықтай
бастайды. Бейнебетте қалған уақыт
көрсетіледі.
Функцияны сөндіру үшін: пісіру алаңын
орнату үшін белгісін түртіңіз содан
кейін белгісін түртіңіз. Қалған уақыт 00-
ге дейін кері саналады. Пісіру алаңының
индикаторы көрінбей кетеді.
Кері санақ аяқталғанда,
дыбысты сигнал естіледі және
00 жыпылықтайды. Пісіру
алаңы сөндіріледі.
Дыбыстық сигналды тоқтату үшін:
түймешігін басыңыз.
Минут сайынғы дыбыс
Бұл функцияны пеш қосулы және пісіру
алаңдары жұмыс істемей тұрғанда
қолдануға болады. Бейнебетте қызу
параметрі көрсетіледі
.
Функцияны қосу үшін: түймешігін,
содан кейін уақытты орнату үшін
таймердің немесе түймешігін
басыңыз. Уақыт аяқталғанда, дыбысты
сигнал естіледі және 00 жыпылықтайды.
Дыбыстық сигналды тоқтату үшін:
түймешігін басыңыз.
Функцияны сөндіру үшін: түймешігін,
содан кейін түймешігін түртіңіз. Қалған
уақыт 00-ге дейін кері саналады.
Бұл функция пісіру
алаңдарының жұмысына еш
әсер етпейді.
5.7 Құлыптау
Басқару панелін пісіру алаңдары жұмыс
істеп тұрғанда бұғаттауға болады. Ол қызу
параметрінің кездейсоқ өзгеруіне жол
бермейді.
Әуелі қыздыру параметрін орнатыңыз.
Функцияны қосу үшін: түртіңіз.
белгішесі 4 секундқа жанады. Таймер
қосулы күйде қалады.
Функцияны сөндіру үшін: түймешігін
басыңыз. Алдыңғы қыздыру параметрі
жанады.
Пешті сөндірген кезде, осы
функция да тоқтайды.
5.8 Бала қауіпсіздігі құрылғысы
Бұл функция пеш үстінің кездейсоқ
қосылып кетуіне жол бермейді.
ҚАЗАҚ 11
Функцияны қосу үшін: пештің үстін
көмегімен қосыңыз. Қызу параметрін
орнатпаңыз. белгішесін 4 секунд
басыңыз. жанады. Пешті көмегімен
сөндіріңіз.
Функцияны сөндіру үшін: пештің үстін
көмегімен қосыңыз. Қызу параметрін
орнатпаңыз. белгішесін 4 секунд
басыңыз. жанады. Пешті көмегімен
сөндіріңіз.
Функцияны бір пісіру уақыты үшін ғана
болдырмау үшін: пештің үстін
көмегімен қосыңыз. жанады.
белгішесін 4 секунд басыңыз. Қызу
параметрін 10 секунд ішінде
орнатыңыз. Пештің үстін іске қосуға
болады. Пешті көмегімен сөндірген
кезде, функция қайтадан іске қосылады.
6. АҚЫЛ-КЕҢЕС
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
6.1 Ыдыс-аяқ
Ыдыстың түбі мүмкіндігінше қалың
және тегіс болуы керек.
Плитаның үстіне қоюдан бұрын
табақтың таза және құрғақ болуын
қамтамасыз етіңіз.
Сызылуды болдырмас үшін кастрюльді
керамикалық әйнекке сырғытпаңыз
немесе ысқыламаңыз.
Эмальмен қапталған болаттан
жасалған және түбі
алюминийден немесе мыстан
жасалған ыдыс-аяқтар әйнек-
керамикалық беткейдің түсінің
өзгеруіне әкелуі мүмкін.
6.2 Тағам пісіру
бағдарламаларының үлгілері
Кестедегі деректер жалпылама
нұсқау ретінде ғана берілген.
Қызу
параметрі
Пайдалану: Уақыт
(мин.)
Ақыл-кеңес
- 1
Піскен тағамды жылы ұстаңыз. қажет
болған
жағдайда
Ыдыстың қақпағын жабыңыз.
1 - 2 Голланд тұздығы, балқытылған:
сары май, шоколад, желатин.
5 - 25 Ара-тұра араластырыңыз.
1 - 2 Қойылту: шайқалған омлет, піскен
жұмыртқалар.
10 - 40 Қақпағын жауып пісіру керек.
2 - 3 Күріш және сүтке пісірілген
тағамдарды баяу қайнату, дайын
тағамдарды жылыту.
25 - 50 Кемінде күріштен екі есе көп сұйық
қосыңыз, сүт тағамдарын пісірудің
ортасына келгенде араластырыңыз.
3 - 4 Буға піскен көкөністер, балық, ет. 20 - 45 Бірнеше ас қасық сұйықтық
құйыңыз.
4 - 5 Буға піскен картоптар. 20 - 60 750 г картопқа ең көбі ¼ л су
пайдаланыңыз.
4 - 5 Көп мөлшердегі тағамдар,
бұқтырылған тағамдар мен көже
пісіру.
60 - 150 3 литрге дейін су және құраластар.
12 ҚАЗАҚ
Қызу
параметрі
Пайдалану: Уақыт
(мин.)
Ақыл-кеңес
6 - 7 Баппен қуыру: эскалоп, "кордон блё"
бұзау еті, котлет, риссоль, шұжық,
бауыр, майға қуырылған ұн,
жұмыртқа, құймақ, бауырсақ.
қажет
болған
жағдайда
Уақыттың жартысы өткенде
аударыңыз.
7 - 8 Қатты қуыру, қуырылған картоп, қоң
ет, бифштекстер.
5 - 15 Уақыттың жартысы өткенде
аударыңыз.
9 Суды қайнату, макарон пісіру, етті қызартып қуыру (гуляш, бұқтырып пісіру), фри қуыру
үшін.
7. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
7.1 Жалпы ақпарат
Пешті әр пайдаланғаннан кейін тазалап
отырыңыз.
Әрқашан табаны таза ыдысты
пайдаланыңыз.
Пештің бетіне түскен сызаттар немесе
қошқыл дақтар оның жұмысына
ешқандай әсер етпейді.
Пештің бетіне арналған арнайы
тазалағышты пайдаланыңыз.
Әйнекке арналған арнайы қырғышты
қолданыңыз.
7.2 Пештің үстін тазалау
Дереу тазалаңыз: еріген пластик,
пластик жұқалтыр, қант және қанты бар
тағам немесе қоқыстар пештің бетіне
зақым келтіруі мүмкін. Күйіп қалмау
үшін абай болыңыз. Қырғышты шыны
бетке арнайы сүйір бұрыш жасап
қойып, оны жылжыта отырып
тазалаңыз.
Пештің үсті жеткілікті түрде суыған
кезде алыңыз: әк дақтары, су дақтары,
май дақтары, металдың жылтыраған
дақтары. Пештің бетін дымқыл
шүберекпен және жеміргіш емес жуғыш
затпен тазалаңыз. Тазалап болғаннан
кейін пештің үстін жұмсақ шүберекпен
сүртіңіз.
Жылтыраған металл дақтарын
кетіріңіз: сірке суы қосылған су
ерітіндісін пайдаланып, әйнек бетін
шүберекпен тазалаңыз.
8. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
8.1 Не істерсіз, егер...
Мәселе Ықтимал себебі Шешім
Плитаны іске қоса немесе
пайдалана алмайсыз.
Плита электр жүйесіне
қосылмаған немесе ол дұрыс
жалғанбаған.
Плитаның электр жүйесіне дұрыс
қосылғанын тексеріңіз.
ҚАЗАҚ 13
Мәселе Ықтимал себебі Шешім
Сақтандырғыш күйіп кеткен. Ақаулыққа сақтандырғыштың себеп
болмағанын тексеріңіз.
Сақтандырғыш қайта-қайта күйіп
кете берсе, білікті электр маманына
хабарласыңыз.
Сіз қыздыру параметрін 10
секундқа орнатпайсыз.
Плитаны қайта қосып, 10 секундқа
жетпей қыздыру параметрін
орнатыңыз.
Сіз бір уақытта 2 немесе одан да
көп сенсорлық өрістерді түрттіңіз.
Тек бір сенсор өрісін түртіңіз.
Басқару панелінде су немесе май
дақтары бар.
Басқару панелін тазалаңыз.
Акустикалық сигнал дыбысы
естіліп, плита сөнеді.
Плита сөнген кезде
акустикалық сигнал естіледі.
Сіз бір немесе бірнеше сенсорлық
өріске бірдеңе қоясыз.
Сенсорлық өрістердегі затты алып
тастаңыз.
Плита сөнеді.
Сіз сенсорлық өріске бір нәрсе
қойғансыз.
Сенсорлық өрістегі затты алып
тастаңыз.
Қалдық жылу индикаторы
жанбай тұр.
Аймақ ыстық емес, себебі ол аз
уақыт ғана қосылып тұрған не
сенсордың ақауы бар.
Егер аймақ ыситындай ұзақ уақыт
жұмыс істесе, уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Автоматты түрде қыздыру
жұмыс істемейді.
Аймақ ыстық. Аймақты жеткілікті шамада
суытыңыз.
Ең жоғарғы қыздыру параметрі
орнатылды.
Ең жоғарғы қыздыру параметрі
функция секілді бірдей қуатқа ие.
Қыздыру параметрін 0 мәніне
дейін азайттыңыз.
Қыздыру параметрін 0 мәнінен
бастап арттыра беріңіз.
Сыртқы шеңберді іске қоса
алмайсыз.
Әуелі қыздыру параметрін өзгерту
арқылы ішкі шеңберді қосыңыз.
Бірнеше шеңберлі
аймақтың күңгірт аумағы бар.
Бірнеше шеңберлі аймақтың
күңгірт аумағының болуы қалыпты
жағдай болып табылады.
Сенсор өрістері ысиды. Ыдыс тым үлкен немесе оны
басқару элементтеріне тым жақын
қойғансыз.
Мүмкін болса, үлкен ыдыстарды
артқы пісіру аймақтарына қойыңыз.
жанады.
Бала қауіпсіздігі құрылғысы
немесе Құлыптау жұмыс істейді.
«Күнделікті қолдану» бөлімін
қараңыз.
және сан пайда болады.
Плитада қате бар. Плитаны сөндіріңіз де, қайта 30
секундтан кейін іске қосыңыз. Егер
қайта жанса, пешті ток көзінен
ағытыңыз. 30 секундтан кейін
плитаны қайта қосыңыз. Ақаулық
жойылмаса уәкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
14 ҚАЗАҚ
Мәселе Ықтимал себебі Шешім
Тұрақты сигнал дыбысын
естисіз.
Электрлік байланыс дұрыс емес. Плитаны электр желісінен
ажыратыңыз. Білікті электр
маманына хабарласып, оның
орнатылуын тексертіңіз.
жанады.
Қуатпен жабдықтаудың екінші
фазасы жетіспей тұр.
Плитаның электр жүйесіне дұрыс
қосылғанын тексеріңіз.
Сақтандырғышты алып, бір минут
күтіп, сақтандырғышты қайта
салыңыз.
8.2 Ақаулықты түзету шешімін
өзіңіз таба алмасаңыз...
Ақаулықты түзету шешімін өзіңіз таба
алмасаңыз, дилеріңізге не уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Техникалық ақпарат
тақтайшасындағы деректерді беріңіз.
Сонымен қоса, шыны керамиканың үш
саннан тұратын нөмірін, (шынының
бетіндегі бұрышта) және ақаулық орын
алғанда көрсетілген хабарды беріңіз.
Пешті дұрыс пайдаланғаныңызға көз
жеткізіңіз. Бұлай істемеген жағдайда,
қызмет көрсету орталығының технигі
немесе дилер көрсеткен қызмет, кепілдік
мерзімі кезінде де ақылы болуы мүмкін.
Қызмет көрсету орталығына қатысты
нұсқаулар мен кепілдік шарттары кепілдік
кітапшасында берілген.
9. ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕК
9.1 Зауыттық тақтайша
Үлгісі ZEV56646FB Өнім нөмірі (PNC) 949 492 270 01
Түрі 60 HAD 47 AO 220 - 240 В 50 - 60 Гц
Румынияда жасалған
Сер.№. ................. 7.0 кВт
ZANUSSI
9.2 Пісіру алаңдарының сипаттамасы
Пісіру алаңы
Номинальды қуат (ең жоғары
қызу параметрі) [Вт]
Пісіру алаңының диаметрі [мм]
Алдыңғы сол жақ 750 / 2200 120 / 210
Артқы сол жақ 1200 145
Алдыңғы оң жақ 1200 145
Артқы оң жақ 1500 / 2400 170 / 265
Жақсы пісіру нәтижелеріне қол жеткізу
үшін пісіру алаңының диаметрінен үлкен
болмайтын ыдысты қолданыңыз.
ҚАЗАҚ 15
10. ҚУАТ ТИІМДІЛІГІ
10.1 Өнім туралы ақпарат*
Үлгі идентификаторы ZEV56646FB
Плита түрі Кірістірілген плита
Әзірлеу аймақтарының саны 4
Қыздыру технологиясы Жарқыраған жылытқыш
Дөңгелек әзірлеу аймақтарының диаметрі (Ø) Алдыңғы сол жақ
Артқы сол жақ
Алдыңғы оң жақ
21,0 см
14,5 см
14,5 см
Дөңгелек емес әзірлеу аймағының ұзындығы (Ұ)
және ені (Е)
Артқы оң жақ Ұ 26,5 см
Е 17,0 см
Әр пісіру аймағының пайдаланатын қуат мөлшері
(EC electric cooking)
Алдыңғы сол жақ
Артқы сол жақ
Алдыңғы оң жақ
Артқы оң жақ
200,1 Вт-сағ / кг
188,0 Вт-сағ / кг
188,0 Вт-сағ / кг
191,6 Вт-сағ / кг
Плитаның пайдаланатын қуат мөлшері (EC electric hob) 191,9 Вт-сағ / кг
* Еуропалық Одақ үшін EU 66/2014 стандартына сай. Беларусь үшін STB 2477-2017 стандартының A
қосымшасына сай. Украина үшін 742/2019 стандартына сай.
EN 60350-2 - Тағам пісіретін тұрмыстық электр құрылғылары — 2-бөлім: Плиталар — өнімділікті өлшеу
әдістері
10.2 Қуатты үнемдеу
Төмендегі кеңестерді орындасаңыз,
күнделікті тағам пісірген кезде қуатты
үнемдеуге болады.
Суды тек қажетті мөлшерде ғана
ысытыңыз.
Егер мүмкін болса, ыдысқа әрқашан
қақпақ жабыңыз.
Пісіру алаңын іске қосу алдында оған
ыдыс қойыңыз.
Ыдыс табанының диаметрі пісіру
алаңының диаметрімен бірдей болуға
тиіс.
Шағын ыдысты шағын пісіру
алаңдарына қойыңыз.
Ыдыстарды пісіру алаңының тура
ортасына қойыңыз.
Тағамды жылы ұстау немесе жібіту
үшін қалдық қызуды пайдаланыңыз.
11. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАТЫСТЫ ЖАҒДАЙЛАР
Белгі салынған материалдарды қайта
өңдеуден өткізуге тапсырыңыз. Орам
материалдарын қайта өңдеуден өткізу
үшін тиісті контейнерлерге салыңыз.
Электрлік және электроникалық
құрылғылардың қалдығын қайта өңдеуден
өткізу арқылы, қоршаған ортаға және
адамның денсаулығына зиын келтіретін
жағдайларға жол бермеуге өз үлесіңізді
қосыңыз. Белгі салынған құрылғыларды
тұрмыстық қалдықтармен бірге
тастамаңыз. Өнімді жергілікті қайта өңдеу
орталығына өткізіңіз немесе жергілікті
мекемеге хабарласыңыз.
16 ҚАЗАҚ
Осы өнімнің өндірілген күні сериялық нөмірде көрсетілген, оның
нөмірінің бірінші саны өндірілген жылдың соңғы санына, екінші
және үшінші сандар аптаның реттік нөміріне сәйкес келеді.
Мысалы, 14512345 сериялық нөмірі өнім 2021 жылдың қырық
бесінші аптасында өндірілгенін білдіреді.
Өндіруші: Electrolux Appliances AB, St. Göransgatan 143, 105
45 Stockholm, Швеция
Импорттаушы және өндірушінің уәкілетті ұйымы:
OOO «Электролюкс Рус», Кожевнический проезд 1, 115114,
Мәскеу/Москва, тел.: 8-800-444-444-8
Румыния жасалған
ҚАЗАҚ 17
ПОСЕТИТЕ НАШ ВЕБ-САЙТ, ЧТОБЫ:
Найти рекомендации по использованию изделий, руководства по эксплуатации,
мастер устранения неисправностей, информацию о техническом обслуживании
и ремонте:
www.zanussi.ru/support
Право на изменения сохраняется.
СОДЕРЖАНИЕ
1. СВЕДЕНИЯ ПО ТЕХНИКЕ БЕЗОПАСНОСТИ........................................................... 18
2. УКАЗАНИЯ ПО БЕЗОПАСНОСТИ..............................................................................21
3. УСТАНОВКА.................................................................................................................23
4. ОПИСАНИЕ ИЗДЕЛИЯ............................................................................................... 25
5. ЕЖЕДНЕВНОЕ ИСПОЛЬЗОВАНИЕ...........................................................................26
6. ПОЛЕЗНЫЕ СОВЕТЫ................................................................................................. 28
7. УХОД И ЧИСТКА......................................................................................................... 29
8. УСТРАНЕНИЕ НЕИСПРАВНОСТЕЙ..........................................................................30
9. ТЕХНИЧЕСКИЕ ДАННЫЕ...........................................................................................32
10. ЭНЕРГЕТИЧЕСКАЯ ЭФФЕКТИВНОСТЬ................................................................. 32
1. СВЕДЕНИЯ ПО ТЕХНИКЕ БЕЗОПАСНОСТИ
Перед установкой и эксплуатацией прибора внимательно
ознакомьтесь с приложенным руководством.
Производитель не несет ответственность за какие-либо
травмы или ущерб, возникшие вследствие неправильной
установки или эксплуатации. Всегда храните эту
Инструкцию под рукой в надежном месте для
последующего использования.
1.1 Безопасность детей и лиц с ограниченными
возможностями
Данный прибор может эксплуатироваться детьми
старше 8 лет и лицами с ограниченными физическими,
сенсорными или умственными способностями и с
недостаточным опытом или знаниями только при
условии нахождения под присмотром лица,
отвечающего за их безопасность, или после получения
соответствующих инструкций, позволяющих им
безопасно эксплуатировать электроприбор и дающих
18 РУССКИЙ
им представление об опасности, сопряженной с его
эксплуатацией.
Детям в возрасте от 3 до 8 лет, а также лицам с ярко
выраженными и комплексными нарушениями здоровья
запрещается находиться рядом с прибором, если
только за ними не обеспечивается постоянный надзор.
Детям младше 3 лет запрещается находиться рядом с
прибором, если только за ними не обеспечивается
постоянный надзор взрослых.
Не позволяйте детям играть с прибором.
Храните все упаковочные материалы вне досягаемости
детей и утилизируйте материалы надлежащим образом.
ПРЕДУПРЕЖДЕНИЕ. Не подпускайте детей и
домашних животных к прибору, когда он работает или
остывает. Во время эксплуатации доступные для
контакта части сильно нагреваются.
Если прибор оснащен устройством защиты детей, его
следует включить.
Очистка и доступное пользователю техническое
обслуживание прибора не должно производиться без
присмотра - детьми.
1.2 Общие правила техники безопасности
ВНИМАНИЕ: Прибор и его доступные для контакта
части сильно нагреваются во время эксплуатации.
Будьте осторожны и не прикасайтесь к нагревательным
элементам.
ВНИМАНИЕ: Оставление на варочной поверхности
продуктов, готовящихся на жире или масле, может
представлять опасность и привести к пожару.
НИ В КОЕМ СЛУЧАЕ не пытайтесь залить пламя водой;
вместо этого выключите прибор и накройте пламя,
например, крышкой или противопожарным одеялом.
ПРЕДУПРЕЖДЕНИЕ: Подключение прибора к
электросети не должно выполняться через внешние
коммутирующие устройства, например, таймеры, а
также через цепи, которые регулярно подключаются и
отключаются поставщиком электроэнергии.
РУССКИЙ 19
ПРЕДУПРЕЖДЕНИЕ: ход приготовления требует
надзора. При малом времени приготовления надзор
должен быть постоянным.
ВНИМАНИЕ: Опасность возгорания: не используйте
варочные поверхности для хранения каких-либо
предметов.
Не следует класть на варочную поверхность
металлические предметы, такие как ножи, вилки, ложки
и крышки, так как они могут нагреться.
Не эксплуатируйте прибор до его установки в мебель, в
которую он должен быть встроен.
Не используйте пароочистители для очистки прибора.
При обнаружении трещин на стеклокерамической
поверхности или при ее растрескивании выключите
прибор и отсоедините его от сети электропитания. Если
прибор подключен напрямую при помощи клеммной
колодки, извлеките плавкий предохранитель, чтобы
отсоединить прибор от сети. В любом случае
обратитесь в авторизованный сервисный центр.
В случае повреждения шнура питания во избежание
несчастного случая он должен быть заменен
изготовителем, авторизованным сервисным центром
или специалистом с равнозначной квалификацией.
ВНИМАНИЕ: Используйте только защиту варочной
поверхности, которая была разработана
производителем прибора для приготовления пищи,
обозначена производителем прибора в инструкциях в
качестве пригодной для использования с данным
прибором, либо встроена в прибор. Использование
ненадлежащей защиты может стать причиной
несчастного случая.
20 РУССКИЙ
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44
  • Page 45 45
  • Page 46 46
  • Page 47 47
  • Page 48 48
  • Page 49 49
  • Page 50 50
  • Page 51 51
  • Page 52 52

Zanussi ZEV56646FB Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя

Задайте вопрос, и я найду ответ в документе

Поиск информации в документе стал проще с помощью ИИ