• Құрылғы мен еден арасында ауаның
айналуын қамтамасыз етіңіз.
• Құрылғыны едендегі су ағатын арықшаның
үстіне тура орнатпаңыз.
• Құрылғы мен еден арасында тиісті орын
қалдыру үшін өзгермелі тіректерді реттеңіз.
• Құрылғыны құрылғының қақпағы толық
ашылмайтын жерге орнатпаңыз.
• Құрылғының астына ағып кетуі мүмкін суды
құю үшін сауыт қоймаңыз. Қолданылатын
керек-жарақтың түрін уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласып біліңіз.
ЭЛЕКТРТОҒЫНА ҚОСУ
ЕСКЕРТУ! Өрт және электр
қатеріне ұшырау қаупі бар.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау
қажет.
• Әрқашан дұрыс орнатылған, қатерден
сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
• Техникалық ақпарат тақтасындағы
параметрлердің негізгі қуатпен жабдықтау
желісіндегі электр параметрлеріне сәйкес
келетініне көз жеткізіңіз.
• Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш
сымдарды қолданбаңыз.
• Құрылғының ашасына және сымына зақым
келтірмеңіз. Қорек сымын ауыстыру қажет
болса, оны міндетті түрде қызмет көрсету
орталығы жүзеге асыруға тиіс.
• Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан кейін ғана
жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін
ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
• Қорек сымын немесе ашасын су қолмен
ұстамаңыз.
• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан
тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып
суырыңыз.
• Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай
келеді.
СУҒА ҚОСУ
• Су түтіктеріне зақым келтірмеңіз.
• Жаңа түтіктерді немесе ұзақ уақыт
қолданылмаған түтіктерді орнату алдында,
жөндеу жұмыстарын орындағаннан кейін
немесе жаңа құралдарды орнатқаннан
кейін (су өлшегіш құрал, т.б.) суды таза
және тұнық су аққанша ағызыңыз.
• Құрылғыны пайдалану барысында немесе
бірінші рет қолданғаннан кейін ешбір су
ағып тұрмағанына көз жеткізіңіз.
• Су құятын түтік тым қысқа болса ұзартқыш
түтікті қолданбаңыз. Су құятын түтікті
ауыстыру үшін қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
• Су төгетін түтікті ең көбі 400 cм-ге ұзартуға
болады. Басқа су төгетін түтік алу немесе
оны ұзарту үшін қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
ПАЙДАЛАНУ
ЕСКЕРТУ! Жарақат алу, электр
қатері, күйіп қалу, өрт қаупі,
құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
• Бұл үйде ғана қолдануға арналған құрылғы.
• Жуғыш заттың орамындағы қауіпсіздік
нұсқауларын орындаңыз.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш
зат салынған дымқыл заттарды
құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне
қоймаңыз.
• Кірден барлық темір заттардың
алынғанына көз жеткізіңіз.
• Май немесе басқа да майлы заттар қатты
ластаған маталарды жумаңыз. Бұл кір
жуғыш машинаның резеңке бөліктерін
зақымдауы мүмкін. Мұндай маталарды кір
жуғыш машинаға салар алдында, алдын
ала қолмен жуыңыз.
СЕРВИС
• Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Тек ғана фирмалық қосалқы бөлшектерді
қолданыңыз.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ТАСТАУ
ЕСКЕРТУ! Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
• Құрылғыны электр және сумен жабдықтау
желісінен ажыратыңыз.
• Құрылғыға жақын орналасқан электр
сымын кесіп, қоқысқа тастаңыз.
• Балалар немесе үй жануарлары барабанға
қамалып қалмас үшін есіктің бекітпесін
ағытып алыңыз.
• Құрылғыны Ескірген электр және
электроника құрылғыларын тастауға
(WEEE) арналған жергілікті ережелерге
сәйкес тастаңыз.
4