EKK951301W

Electrolux EKK951301W, EKK951301X Руководство пользователя

  • Здравствуйте! Я ознакомился с инструкцией по эксплуатации кухонных плит Electrolux моделей EKK951301W и EKK951301X. Готов ответить на ваши вопросы о функциях, установке, использовании и уходе за плитой. В инструкции подробно описаны режимы работы газовой поверхности и духовки, включая гриль и конвекцию, а также советы по приготовлению различных блюд.
  • Как правильно зажечь конфорку?
    Какие функции есть у духовки?
    Как очистить варочную панель?
    Как установить таймер?
EKK951301W
EKK951301X
KK Пеш Қолдану туралы нұсқаулары 2
RU Кухонная плита Инструкция по эксплуатации 35
МАЗМҰНЫ
1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ................................................................................. 3
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ............................................................................ 5
3. ОРНАТУ............................................................................................................. 8
4. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ............................................................................... 15
5. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН.....................................................................15
6. ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ................................................... 16
7. ПЕШ - АҚЫЛ-КЕҢЕС.......................................................................................17
8. ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ...........................................18
9. ТҰМШАПЕШ - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ ....................................................19
10. ТҰМШАПЕШ - САҒАТ ФУНКЦИЯЛАРЫ...................................................... 20
11. ТҰМШАПЕШ - КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ....................................... 20
12. ТҰМШАПЕШ - АҚЫЛ-КЕҢЕС....................................................................... 21
13. ТҰМШАПЕШ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ...........................................29
14. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ...................................................................................31
15. ҚУАТ ТИІМДІЛІГІ........................................................................................... 33
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар
бойғы кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны
таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны
жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын
тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Пайдалану туралы ақпарат, кітапша, ақаулықты түзету, қызмет ақпаратын
мына жерден алыңыз:
www.electrolux.com/webselfservice
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registerelectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және
фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын
болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты
Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
www.electrolux.com2
1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
Дұрыс орнатпау немесе пайдаланбау нәтижесінде
орын алған жарақат немесе зақымдарға өндіруші
жауапты емес. Нұсқаулықтарды кейін қарап жүру
үшін әрқашан қауіпсіз және қол жетімді жерде
сақтаңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың
қауіпсіздігі
ЕСКЕРТУ!
Тұншығып қалу, жарақат алуы немесе кемтар
болып қалу қаупі бар.
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен
денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым
келген не тәжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздіктерін
қамтамасыз ететін адамның қадағалауы не
құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша берген
нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау салдарын
түсінсе, онда қолдануына болады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Барлық орам материалдарын балалардан алыс
ұстап, қоқысқа тиісті түрде тастау керек.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол суып
тұрғанда, балалар мен үй жануарларын оған
жақындатпаңыз. Қол жететін бөлшектері ыстық.
Балалар құрылғыны жөндеу және тазалау
жұмыстарын бақылаусыз орындамауы керек.
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Білікті маман ғана осы құрылғыны орнатып, сымын
ауыстыруға тиіс.
Бұл құрылғы теңіз деңгейінен 2000 м-ге дейін
биіктікте пайдалануға арналған.
ҚАЗАҚ 3
Бұл құрылғы кеме, қайық немесе контейнерлерде
пайдалануға арналмаған.
Құрылғы қатты қызып кетпеу үшін декоративті
есіктің артына орнатпаңыз.
Құрылғыны тағанға қоймаңыз.
Құрылғыны сыртқы таймермен немесе бөлек
қашықтан басқару жүйесімен басқармаңыз.
ЕСКЕРТУ: Май немесе өсімдік майы қосылған
тағамды пештің үстіне қараусыз қалдыру қауіпті
және өрт шығуы мүмкін.
Өртті ЕШҚАШАН сумен сөндіруге әрекет
жасамаңыз, оның орнына құрылғыны сөндіріп,
жалынды қақпақ немесе өртке төзімді көрпе, т.б.
тәрізді затпен жабыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: Пісіру барысын қадағалап отыру
керек. Пісіру барысы қысқа болса, үздіксіз
қадағалап отыру керек.
ЕСКЕРТУ: Өрт қаупі бар: Пісіру алаңына зат
сақтамаңыз.
Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып
тазаламаңыз.
Пештің шыны есігін немесе топсамен бекітілген
шыны қақпақтарын тазалау үшін қатты жеміргіш
заттарды немесе өткір темір қырғыштарды
пайдаланбаңыз, себебі сызат түсіріп, шыны
шытынап кетуі мүмкін.
Пышақ, шанышқы, қасық және қақпақ тәрізді темір
заттарды пештің үстіне қоймаңыз, себебі ысып
кетеді.
Ашатын кезде қақпаққа төгілген затты тазалаңыз.
Қақпақты жабар алдында пештің үстін
салқындатып алыңыз.
ЕСКЕРТУ: Құрылғы мен оның қол жететін жердегі
бөлшектері қолдану барысында ысып тұрады.
Қыздырғыш элементтерге тиіп кетпеу үшін абайлау
керек. 8 жасқа толмаған балаларды үнемі бақылап
отырмаған жағдайда құрылғыдан алыс ұстау керек.
www.electrolux.com4
Керек-жарақтарды немесе ыдыстарды алып-салған
кезде үнемі қолғап киіңіз.
Күтім көрсетер алдында электр желісінен
ажыратыңыз.
Электр қатеріне ұшырамау үшін шамды ауыстырар
алдында құрылғыны сөндіріп қойыңыз.
Қуат cымына зақым келсе, электр қатерінен
сақтандыру үшін оны өндіруші немесе оның
уәкілетті қызмет көрсету орталығы немесе сол
сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
Сақтау тартпасын ұстаған кезде абай болыңыз.
Ысып тұрады.
ЕСКЕРТУ: Пісіру құрылғысының өндірушісі жасаған
пеш қорғағыштарды ғана немесе құрылғы
өндірушісі пайдаланушы нұсқаулығында арнайы
көрсеткен немесе құрылғының өзіне орнатылған
қорғағыштарды ғана қолданыңыз. Сай келмейтін
қорғағыштарды пайдалансаңыз, оқыс жағдай орын
алуы мүмкін.
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
Бұл құрылғы келесі нарықтарға
арналған: KZ RU UA
2.1 Орнату
ЕСКЕРТУ!
Бұл құрылғыны тек білікті
маман ғана орнатуға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
Құрылғымен бірге жеткізілген
орнату бойынша нұсқауларды
орындаңыз.
Құрылғы ауыр болғандықтан,
орнынан жылжытқан кезде әрқашан
абай болыңыз. Әрқашан қауіпсіздік
қолғабы мен бітеу аяқ киім киіңіз.
Құрылғыны тұтқасынан тартпаңыз.
Ас үй қаптамасы мен ұясының
өлшемдері құрылғыға сай келуге
тиіс.
Осы құрылғы мен басқа
құрылғылардың, заттардың
арасындағы минимум қашықтықты
сақтаңыз.
Құрылғының үсті мен жан-жағын
қоршаған конструкциялардың
қауіпсіз болуын қамтамасыз етіңіз.
Құрылғының бөлшектерінде кернеу
бар. Құрылғының қауіпті
бөлшектеріне қол тиіп кетпес үшін
оны ас үй қаптамасымен жабыңыз.
Құрылғының жан-жағын биіктігі осы
құрылғының биіктігімен бірдей
құрылғылармен жанастырып қою
керек.
Құрылғыны есікке жақын жерге
терезенің астына қоймаңыз. Бұл
есік немесе терезе ашылған кезде
ыстық ыдыс құрылғыдан құлап
кетпеу үшін қажет.
Құрылғы аударылып кетпес үшін
оны орнықты етіп орнататын
құралдарды орнатыңыз. Орнату
тарауын қараңыз.
ҚАЗАҚ 5
2.2 Электртоғына қосу
ЕСКЕРТУ!
Өрт шығу және электр
қатеріне ұшырау қаупі бар.
Электртоғына қосу жұмыстарын
білікті электрші ғана іске асыруға
тиіс.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Техникалық ақпарат тақтасындағы
параметрлердің негізгі қуатпен
жабдықтау желісіндегі электр
параметрлеріне сәйкес келетініне
көз жеткізіңіз.
Әрқашан дұрыс орнатылған,
қатерден сақтандырылған
розетканы қолданыңыз.
Көп тармақты адаптерлер мен
ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
Электр сымдарына қол тигізуге
немесе құрылғының есігіне
жақындауға, әсіресе ыстық тұрған
есікке жақындауға болмайды.
Тоққа қосулы тұрған және
оқшаулағышы бар бөлшектердің
электр қатерінен сақтандырғышын,
саймансыз алынбайтын етіп бекітіп
қою керек.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан
кейін ғана жалғаңыз. Орнатып
болғаннан кейін ашаның қол
жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Егер розетка босап тұрса, оған
ашаны сұқпаңыз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
Дұрыс оқшаулағыш құралдарды
ғана қолданыңыз. желіні қорғайтын
ажыратқыштар, сақтандырғыштар
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге
тұйықталудан қорғау тетіктері мен
тұйықтағыштар.
Электр жүйесі құрылғыны кез
келген полюсте ажыратуға
мүмкіндік беретін оқшаулағыш
құралмен жабықталуға тиіс.
Оқшаулағыш құралдың контакт ара
қашықтығы кем дегенде 3 мм
болуға тиіс.
Ашаны розеткаға қосар алдында
құрылғының есігін толық жабыңыз.
2.3 Газға қосу
Газға қосу жұмыстарының
барлығын білікті маман ғана іске
асыруға тиіс.
Орнатар алдында жергілікті
жабдықтау жағдайлары (газдың түрі
мен газдың қысымы) мен құрылғы
параметрлерінің сәйкес келетініне
көз жеткізіңіз.
Құрылғының айналасында ауаның
айналуын қамтамасыз етіңіз.
Газбен жабдықтау туралы ақпарат
техникалық ақпарат тақтайшасында
берілген.
Бұл құрылғы жану өнімдерін тартып
әкететін құрылғыға жалғанбаған.
Құрылғыны ағымдық орнату
ережелеріне сай орнатыңыз.
Желдету талаптарының дұрыс
орындалуына көз жеткізіңіз.
2.4 Пайдалану
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу және күйіп
қалу қаупі бар.
Электр қатеріне ұшырау
қаупі бар.
Бұл үйде ғана қолдануға арналған
құрылғы.
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
Желдеткіш саңылаулардың бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны
назардан тыс қалдырмаңыз.
Құрылғыны пайдаланып болған
сайын тоқтан ажыратыңыз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының
есігін ашқан кезде абай болыңыз.
Ыстық ауа шығуы мүмкін.
Құрылғыны су қолмен іске қоспаңыз
немесе суға тиіп тұрған құрылғыны
пайдаланбаңыз.
Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде
қолданбаңыз.
ЕСКЕРТУ!
Өрт және жарылыс пайда
болу қаупі бар
www.electrolux.com6
Тоңмайларды немесе майды
қыздырған кезде тұтанғыш бу пайда
болады. Тоңмайға немесе майға
тамақ пісірген кезде қызған
заттарды немесе оттың жалынын
алыс ұстаңыз.
Қатты қызған майдан бөлініп
шығатын бу, кенет жарылыстың
орын алуына себеп болады.
Құрамында тағам қалдықтары бар
қолданылған май, бірінші рет
қолданылып отырған майға
қарағанда, төмен температурада
өрт пайда болуға әкелуі мүмкін.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
Есікті ашқан кезде құрылғыға от
жарқылын немесе ашық отты
жақындатпаңыз.
Құрылғының есігін абайлап
ашыңыз. Алкоголь қосылған
қоспаларды қолданғанда, ауа мен
алкоголь қоспасы пайда болуы
мүмкін.
ЕСКЕРТУ!
Құрылғыны бүлдіріп
алуыңыз мүмкін.
Құрылғының эмаль қаптамасы
бүлініп немесе өңі кетпес үшін:
пештің ыдыстарын немесе
басқа заттарды құрылғының
табанына тура қоймаңыз.
суды ыстық құрылғыға тура
қоймаңыз.
тамақ пісіріп болғаннан кейін
дымқыл ыдыс пен тағамды
құрылғының ішінде ұстамаңыз.
керек-жарақтарды алғанда
немесе орнатқанда абай
болыңыз.
Құрылғының эмаль қаптамасының
немесе тот баспайтын болат
бөлігінің түсінің өзгеруі құрылғы
жұмысына әсер етпейді.
Сұйық қоспадан жасалатын тортты
пісіру үшін шұңғыл табаны
қолданыңыз. Жеміс шырындарынан
кетпейтін дақ қалуы мүмкін.
Басқару панеліне ыстық ыдыс
қоймаңыз.
Ыдыстың ішіндегісі сарқылғанша
қайнатпаңыз.
Құрылғының үстіне зат немесе
ыдыс құлап кетуге жол бермеңіз.
Құрылғының бетіне зақым келуі
мүмкін.
Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып
немесе ешбір ыдыс қоймай іске
қоспаңыз.
Алюминий жұқалтырды құрылғыға
немесе құрылғының астыңғы
бөлігіне тура қоймаңыз.
Құйылған шойын, алюминий немесе
табанына нұқсан келген ыдыстар
құрылғының бетіне сызат түсіруі
мүмкін. Бұндай заттарды
құрылғының бетінде үнемі көтеріп
жылжыту керек.
Құрылғы орнатылған бөлменің
жақсы желдетілуін қамтамасыз
етіңіз.
Пішімі дұрыс, диаметрі оттықтың
диаметрлерінен үлкен орнықты
ыдыстарды ғана пайдаланыңыз.
Тетікті ең үлкен қалпынан ең кіші
қалпына дейін жылдам бұраған
кезде, жалынның өшіп
қалмайтынына көз жеткізіңіз.
Құрылғымен бірге жеткізілген керек-
жарақтарды ғана қолданыңыз.
Оттыққа жалын шашыратқышты
орнатпаңыз.
Бұл тек тағам пісіруге арналған
құрылғы. Басқа мақсатта, мысалы
бөлмені қыздыру үшін қолдануға
болмайды.
2.5 Күту менен тазалау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, өрт қаупі
немесе құрылғыны
бүлдіріп алу қаупі бар.
Күтім көрсетер алдында құрылғыны
сөндіріңіз.
Ашаны розеткадан ағытыңыз.
Құрылғының салқын тұрғанына көз
жеткізіңіз. Шыны панелі сынып
қалуы мүмкін.
Есіктің шыныларына зақым келсе
дереу ауыстырыңыз. Уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Құрылғының ішінде қалған май
немесе тағам қалдығынан өрт
шығуы мүмкін.
ҚАЗАҚ 7
Құрылғының қаптамасының сапасы
түспес үшін мезгіл-мезгіл
тазалаңыз.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Тек
бейтарап тазартқыш заттарды
қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,
түрпілі жөкелерді, еріткіштерді
немесе металл заттарды
пайдаланбаңыз.
Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз,
оның орамында көрсетілген сақтық
шараларын орындаңыз.
Каталитті эмаль қаптаманы (егер
бар болса) ешбір жуғыш затпен
тазаламаңыз.
Оттықтарды ыдыс жуғыш
машинада жумаңыз.
2.6 Қақпақ
Қақпақтың техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
Қақпақты мезгілімен тазалаңыз.
Қақпақтың бетіне нәрсе шашыраған
кезде ашпаңыз.
Қақпақты жабар алдында
оттықтардың барлығын сөндіріңіз.
Пештің үсті мен тұмшапеш әбден
суымайынша қақпақты жаппаңыз.
Шыны қақпақ (егер бар болса)
қызған кезде жарылып кетуі мүмкін.
2.7 Ішкі жарық шамы
Осы құрылғыда тек тұрмыстық
құрылғыларға ғана арналған
жарықтама шам немесе галоген
шамы қолданылған. Оны бөлмені
жарықтандыру үшін қолданбаңыз.
ЕСКЕРТУ!
Электр қатеріне ұшырау
қаупі бар.
Шамды ауыстырар алдында
құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.
Техникалық параметрлері сай
келетін шамдарды ғана
қолданыңыз.
2.8 Құрылғыны тастау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны қоқысқа дұрыс тастауға
қатысты ақпаратты жергілікті
әкімшілік мекемеге хабарласып
алыңыз.
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Құрылғыға жақын орналасқан
электр сымын кесіп, қоқысқа
тастаңыз.
Балалар немесе үй жануарлары
барабанға қамалып қалмас үшін
есіктің бекітпесін алыңыз.
Сыртқы газ түтіктерін
майыстырыңыз.
2.9 Сервис
Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Тек ғана фирмалық қосалқы
бөлшектерді қолданыңыз.
3. ОРНАТУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
3.1 Құрылғы орнатылатын
жер
Жеке тұратын бұл құрылғыңыздың бір
жағын немесе екі жағын ас үй
жиһазына тақатып, не бұрышқа
қоюыңызға болады.
www.electrolux.com8
Құрылғы мен артқы
қабырға арасына, қақпақ
ашылатындай етіп
шамамен 1 см орын
қалдырыңыз.
Орнату барысында қалдыру керек
мин. қашықтықты кестеден қараңыз.
A
C
B
Мин. қашықтық
Өлшемі мм
A 400
Өлшемі мм
B 650
C 150
3.2 Техникалық дерек
Кернеу 220 - 240 В
Жиілік 50 / 60 Гц
Қуат тиімділігі санаты A
Құрылғының сыныбы 1
Өлшемі мм
Биіктігі 855
Ені 500
Тереңдігі 600
3.3 Басқа техникалық деректер
Құрылғының санаты: II2H3B/P
Бастапқы газ: G20 (2H) 13 мбар
Газды ауыстыру: G20 (2H) 20 мбар
G30/31 (3B/P) 30/30 мбар
3.4 Байпас диаметрлері
ОТТЫҚ
Ø БАЙПАС
1)
1/100 мм
Қосымша 29 / 30
Жартылай жылдам 32
Жылдам 42
1)
Байпас түрі үлгіге байланысты.
ҚАЗАҚ 9
3.5 ТАБИҒИ G20 13 мбар ГАЗҒА арналған газ оттықтары
ОТТЫҚ ҚАЛЫПТЫ ҚУАТ
кВт
1)
АЗАЙТЫЛҒАН ҚУАТ,
кВт
1)
ИНЖЕКТОР
ТАҢБАСЫ 1/100
мм
Жылдам 3.0 0.78 132
Жартылай
жылдам
2.0 0.5 111
Қосымша 1.0 0.4 82
1)
Байпас түрі үлгіге байланысты.
3.6 ТАБИҒИ G20 20 мбар ГАЗҒА арналған газ оттықтары
ОТТЫҚ ҚАЛЫПТЫ ҚУАТ
кВт
1)
АЗАЙТЫЛҒАН ҚУАТ,
кВт
1)
ИНЖЕКТОР
ТАҢБАСЫ 1/100
мм
Жылдам 3.0 0.72 / 0.75 119
Жартылай
жылдам
2.0 / 1.9 0.43 / 0.45 96
Қосымша 1.0 0.35 70
1)
Байпас түрі үлгіге байланысты.
3.7 LPG G30 30 мбар
ОТТЫҚ ҚАЛЫПТЫ
ҚУАТ кВт
АЗАЙТЫЛҒА
Н ҚУАТ, кВт
ИНЖЕКТОР
ТАҢБАСЫ
1/100 мм
ГАЗДЫҢ
НОМИНАЛЬДЫ
БЕРІЛІСІ г/сағ
Жылдам 3.0 0.72 88 218
Жартылай
жылдам
2.0 0.43 71 145
Қосымша 1.0 0.35 50 73
3.8 LPG G31 30 мбар газға арналған газ оттықтары
ОТТЫҚ ҚАЛЫПТЫ
ҚУАТ кВт
1)
АЗАЙТЫЛҒАН
ҚУАТ, кВт
1)
ИНЖЕКТОР
ТАҢБАСЫ
1/100 мм
ГАЗДЫҢ
НОМИНАЛЬДЫ
БЕРІЛІСІ г/сағ
Жылдам 2.6 0.63 88 186
Жартылай
жылдам
1.7 0.38 71 121
Қосымша 0.85 0.31 50 61
1)
Байпас түрі үлгіге байланысты.
www.electrolux.com10
3.9 Газға қосу
Құрылғыны орнату алдында
құрылғының артқы жағындағы газ
түтігіндегі жапсырманы алыңыз. Түтікті
желім қалдықтарынан тазалаңыз.
Қолданыстағы ережелерге сәйкес
тұрақты қосылым сымдарын немесе
тот баспайтын болатпен қапталған
иілгіш түтіктерді пайдаланыңыз. Егер
иілгіш металл түтіктерді
пайдалансаңыз, олардың жылжымалы
бөлшектерге жанаспауын және
жаншылып қалмауын қамтамасыз
етіңіз.
ЕСКЕРТУ!
Газ қосылымының түтігі
құрылғының суретте
көрсетілген жеріне тиіп
тұрмауға тиісті.
3.10 Металл емес иілгіш
түтіктер қосылымы
Егер қосылым қол оңай жететін жерде
тұрса, онда иілгіш түтікті қолданыңыз.
Иілгіш түтікті қапсырмалардың
көмегімен мықтап бекіту керек.
Орнату кезінде әрқашан түтік
ұстатқышты және тығыздағышты
қолданыңыз. Иілгіш түтікті мына
жағдайда қолдануға болады:
бөлме температурасынан ыстық
болмайтын, 30 °C-тан аспайтын
жағдайда,
ұзындығы 1500 мм-ден аспаса,
еш бөлігі жіңішкермесе,
майыспаса немесе қатайтылмаса,
өткір жиектерге немесе бұрыштарға
жанаспаса,
тұрған жерін оңай тексеруге
болады.
Иілгіш түтікті тексергенде, мына
жағдайларға көз жеткізіңіз:
екі ұшында және ұзына бойында
жарылған, кесілген жерлер, күйген
белгілері болмауын,
материалдың қатқылданбаған,
керісінше, серпімділігі дұрыс
болуын,
бекіткіш қапсырмаларын тот
баспағанын,
жарамдылық мерзімі өтіп
кетпегенін.
Егер бір немесе бірнеше ақаулығы
байқалса, түтікті жөндеудің керегі жоқ,
ауыстыру керек.
ЕСКЕРТУ!
Орнатып болғаннан кейін
әр түтік фиттингінің
тығыздағышынан ешнәрсе
ақпайтынын тексеріңіз.
Түтіктің тығыздалғанын
тексеру үшін отты емес,
сабынды ерітіндіні
қолданыңыз.
Газбен жабдықтау бағыттауышы
басқару панелінің артында
орналасқан.
ЕСКЕРТУ!
Газды қосар алдында,
құрылғыны қуат көзінен
ажыратыңыз немесе
сақтандырғыш қораптағы
сақтандырғышты
сөндіріңіз.Газбен
жабдықтау желісінің негізгі
клапанын жабыңыз.
3.11 Құрылғыны газдың басқа
түрлеріне лайықтау
Құрылғыны газдың басқа
түріне сай лайықтау
жұмысын тек уәкілетті
маманға ғана тапсырыңыз.
Егер құрылғы табиғи газға
бапталған болса, дұрыс
инжекторларды
пайдаланып сұйылтылған
газға ауыстыруға болады.
Газдың тұтынылатын
мөлшерін қажетінше
лайықтауға болады.
ҚАЗАҚ 11
ЕСКЕРТУ!
Инжекторларды ауыстыру
алдында, газ тетіктерінің
"Off" қалпында тұрғанына
көз жеткізіңіз. Құрылғыны
электр желісінен
ажыратыңыз. Құрылғы
суығанша күтіңіз. Жарақат
алу қаупі бар.
Құрылғы әдепкі газ түріне
лайықтап бапталған.
Параметрді өзгерту үшін
әрқашан тығыздағышты
пайдаланыңыз.
A
B
D
C
A. Газ жүйесіне жалғанатын жер
(құрылғының тек бір жерін ғана
жалғауға болады)
B. Нығыздағыш
C. Реттемелі қосылым
D. Сұйылтылған газға арналған түтік
ұстатқыш
3.12 Пеш үстінің
инжекторларын ауыстыру
Газ түрін ауыстырғанда
инжекторларды да ауыстырыңыз.
1. Таба тағандарын алыңыз.
2. Оттықтың қақпақтары мен шілтерін
алыңыз.
3. Инжекторларды 7-ші кілтпен
ағытып алыңыз.
4. Инжекторлардың орнына
қолданылатын газ түріне сай
инжекторларды салыңыз.
5. Техникалық ақпарат тақтайшасын
(газбен жабдықтау құбырының
қасында) жаңа газ түріне сай
келетін тақтайшаға ауыстырыңыз.
Бұл тақтайшаны
құрылғымен бірге
жеткізілген қалтадан
таба аласыз.
Егер беріліп тұрған газдың қысымы
тұрақты болмаса немесе қажетті
қысымнан басқаша болса, газбен
жабдықтау құбырына тиісті қысым
реттегішті орнатыңыз.
3.13 Пеш оттығының ең аз газ
мөлшерін реттеу
1. Құрылғыны электр қуатынан
ажыратыңыз.
2. Пештің тетігін алыңыз. Егер
орағытпа бұранданы реттеу
мүмкіндігі жоқ болса, реттеу
әрекетін бастамай тұрып басқару
панелін ағытыңыз.
3. Жалпақ бұрағыштың көмегімен
орағытпа бұранданы A реттеп
бұраңыз.
Орағытпа бұранданың A
орналасатын орны үлгіге
байланысты.
A
A
www.electrolux.com12
Табиғи газдан сұйылтылған
газға ауыстыру
1. Орағытпа бұранданы шегіне дейін
қатайтыңыз.
2. Тетікті орнына қайта қойыңыз.
Сұйылтылған газдан табиғи
газға ауыстыру
1. Орағытпа бұранданы шамамен бір
қадамға A ағытыңыз.
2. Пештің тетігін орнына қайта
салыңыз.
3. Құрылғыны электр тоғына
қосыңыз.
ЕСКЕРТУ!
Ашаны розеткаға
барлық бөлшектерді өз
орындарына қойып
болғаннан кейін ғана
сұғыңыз. Жарақат алу
қаупі бар.
4. Оттықты жағыңыз.
"Пештің үсті - Әркүндік қолдану"
тарауын қараңыз.
5. Пештің тетігін ең аз қалыпқа
бұраңыз.
6. Пештің тетігін қайта алыңыз.
7. Орағытпа бұранданы жалын
кішірейіп, тұрақты шығып тұрғанша
баяу бұраңыз.
8. Пештің тетігін қайта салыңыз.
3.14 Құрылғының деңгейін
реттеу
Құрылғының деңгейін басқа
құрылғылармен дәлдеу үшін
құрылғының астындағы кішкене
тіректерді қолданыңыз.
3.15 Аударылып кетуден
қорғау
Аударылып кетуден қорғайтын
құралды орнатпай тұрып құрылғыны
дұрыс жерге биіктігін реттеп
орнатыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Аударылып кетуден
қорғайтын құралды дұрыс
биіктікке орнатыңыз.
Құрылғының артқы жағына
келетін қаптама бетінің
майда болуын қамтамасыз
етіңіз.
Аударылып кетуден қорғайтын
құралды орнату керек. Егер
орнатпасаңыз құрылғы аударылып
кетуі мүмкін.
Құрылғының суретте көрсетілген
белгісі (егер бар болса) аударылып
кетуден қорғайтын құралды орнату
қажет екенін ескертеді.
1. Аударылып кетуден қорғайтын
құралды құрылғының үстіңгі
бетінен 317 - 322 мм, жанынан 80 -
85 мм төмен дөңгелек саңылауға
салып орнатыңыз. Оны қатты
ҚАЗАҚ 13
материалға бұрап немесе тиісті
күшейткішті (қабырға) қолданып
орнатыңыз.
80-85
mm
317-322
mm
2. Саңылауды құрылғының артқы сол
жағынан таба аласыз. Құрылғының
алдыңғы жағын көтеріп, ас үй
қаптамасының ортасындағы
орынға салыңыз. Ас үй
қаптамасының ортасындағы орын
құрылғының енінен кеңірек болса,
құрылғыны ортаға қою үшін екі
жағынан қалатын орындарды
реттеу керек.
Егер пештің өлшемдерін
өзгертсеңіз, аударылып
кетуден қорғайтын
құралды дұрыс орнатыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Ас үй қаптамасының
ортасындағы орын
құрылғының енінен кеңірек
болса, құрылғыны ортаға
қою үшін екі жағынан
қалатын орындардың
өлшемдерін реттеу керек.
3.16 Электртоғына қосу
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауындағы
сақтық шаралары
орындалмаған жағдайда,
өндіруші жауапкершілік
көтермейді.
Бұл құрылғы негізгі қуат сымымен
және негізгі ашамен жабдықталған.
ЕСКЕРТУ!
Қуат сымы құрылғының
суретте бөлектеліп
көрсетілген жеріне тиіп
тұрмауға тиіс.
www.electrolux.com14
4. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
4.1 Жалпы көрінісі
3 4 5
6
21
7
9
8
10
1
2
3
4
1
От алдырғыштың түймешігі
2
Пеш үстінің тетіктері
3
Минут операторының тетігі
4
Температура тетігі
5
Температура индикаторы / белгісі
6
Тұмшапеш функцияларының тетігі
7
Қыздырғыш элемент
8
Жарықтандырғыш шам
9
Желдеткіш
10
Сөре деңгейлері
4.2 Пісіруге арналған беттің көрінісі
1 2 3
5 4
1
Қосымша оттық
2
Бу шығатын саңылау - саны мен
орны үлгі түріне байланысты
3
Жартылай жылдам оттық
4
Жартылай жылдам оттық
5
Жылдам оттық
4.3 Керек-жарақтары
Торкөз сөре
Ыдыс, торт қалыптарын қою, тағам
қуыруға арналған.
Пісірме табақ
Торттар мен печеньелерге
арналған.
Зат сақтау суырмасы
Зат сақтау суырмасы тұмшапештің
төменгі бөлігінде орналасқан.
5. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
ҚАЗАҚ 15
5.1 Алғашқы тазалау
Құрылғы ішіндегі керек-жарақтардың
барлығын алыңыз.
"Күту менен тазалау"
тарауын қараңыз.
Құрылғыны және керек-жарақтарды
алғаш рет пайдаланар алдында
тазалаңыз.
Керек-жарақтарды өз орындарына
қойыңыз.
5.2 Алдын ала қыздыру
Қалған майды күйдіріп жіберу үшін бос
құрылғыны алдын ала қыздырыңыз.
1.
функциясы мен ең үлкен
температураны орнатыңыз.
2. Құрылғыны 1 сағат қосып қойыңыз.
3. түймесін басып, ең үлкен
температураны орнатыңыз. Бұл
функцияға арналған ең үлкен
температура: 210 °C.
4. Құрылғыны 15 минут қосып
қойыңыз.
Керек-жарақтар бұрыңғыдан да ыстық
болып кетеді. Құрылғыдан иіс және
түтін шығады. Бұл қалыпты жағдай.
Бөлме ішіндегі ауаның жеткілікті түрде
ауысып тұрғанына көз жеткізіңіз.
5.3 Бу шүмегінің қақпағын
орнату
Кей үлгілерде ғана. Ақ қақпағы бар
пеш үлгілеріне ғана қатысты.
Бу шүмегінен шығатын ыстық ауа
пештің ақ қақпағының түсін кетіруі
мүмкін. Осы жері сарғыш тартуы
мүмкін. Осындай жағдайдың алдын
алу үшін бу шүмегінің қақпағын
орнатыңыз.
1. Қақпақтың ілгектерін бу шығатын
саңылаулардың алдыңғы
жақтауының астыңғы жағына
орналастырыңыз.
2. Қақпақты бекіту үшін артқы
жақтауын төмен басыңыз.
6. ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
6.1 Пеш оттығын тұтату
Оттықты әрқашан ыдысты
қоймай тұрып жағыңыз.
ЕСКЕРТУ!
Ас үйде ашық отты
пайдаланған кезде өте
абай болыңыз. Жалын
дұрыс пайдаланылмаса,
өндіруші жауапты емес.
1. Пештің тетігін сағат тілінің
бағытына қарсы бұрап, газ
берілімінің ең үлкен қалпына
бұраңыз да, оттықты жағу үшін
басыңыз.
2. Пештің тетігін термоэлемент
қызғанша 10 секунд немесе одан
аз уақыт басып ұстап тұрыңыз.
Бұлай істемеген жағдайда газ
беріліміне кедергі келеді.
3. Жалынды бірқалыпты жанғаннан
кейін реттеңіз.
ЕСКЕРТУ!
Тетікті 15 секундтан артық
басып тұрмаңыз. Егер
оттық 15 секундтан кейін
жанбаса, тетікті босатыңыз
да, өшіру қалпына бұрап,
кем дегенде 1 минуттан
кейін оттықты тағы бір рет
жағып көріңіз.
www.electrolux.com16
Егер бірнеше әрекеттен
кейін оттық жанбаса, оның
шілтері мен қақпағының
дұрыс орналасқанын
тексеріңіз.
Егер тоқ болмаса, оттықты
электрлі құрылғының
көмегінсіз тұтандыра
аласыз. Ол үшін оттыққа
жалынды таятып, қажетті
тетікті төмен қарай басып
тұрып, ең жоғары деңгейге
дейін бұраңыз. Тетікті
термоэлемент қызғанша 10
секунд немесе одан аз
уақыт басып ұстап
тұрыңыз.
Егер оттық кездейсоқ сөніп
қалса, тетікті сөндірулі
қалыпқа бұраңыз да, кем
дегенде 1 минуттан кейін
оттықты тағы бір рет жағып
көріңіз.
Пешті орнатқаннан кейін
немесе қуат үзілісінен кейін
электр қуатын қосқан
кезде, тұтату генераторы
өздігінен іске қосылуы
мүмкін. Бұл қалыпты
жағдай.
6.2 Оттықтың көрінісі
A
B
D
C
A. Оттық табақшасы
B. Оттық шілтері
C. От алдырғыш
D. Термореле
6.3 Оттықты сөндіру
Жалынды өшіру үшін тетікті
қалпына бұраңыз.
ЕСКЕРТУ!
Кәстрөлдерді оттықтан
алардан бұрын үнемі отты
азайтыңыз немесе сөндіріп
қойыңыз.
7. ПЕШ - АҚЫЛ-КЕҢЕС
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
7.1 Ыдыс-аяқ
ЕСКЕРТУ!
Бір табаны екі оттыққа
қоймаңыз.
ЕСКЕРТУ!
Орнықсыз және түбі
деформацияланған
кәстрөлдерді ішіндегісі
төгіліп, адам жарақат
алмау үшін оттыққа
қоймаңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Кәстрөл саптарының пісіру
алаңының алдыңғы
қырының үстінде емес
екеніне көз жеткізіңіз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Кәстрөлді барынша
орнықты етіп қою және
газды мүмкіндігінше аз
пайдалану үшін кәстрөлді
оттықтың ортасына
қойыңыз.
ҚАЗАҚ 17
7.2 Ыдыстың диаметрі
ЕСКЕРТУ!
Оттықтың диаметрлеріне
сай келетін ыдыстарды
пайдаланыңыз.
Оттық Ыдыстың
диаметрі (мм)
Жылдам 160 - 220
Оттық Ыдыстың
диаметрі (мм)
Жартылай
жылдам
140 - 220
Қосымша 120 - 180
8. ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
8.1 Жалпы ақпарат
Пештің үстін пайдаланған сайын
тазалаңыз.
Ыдысты қолданғанда табаны
әрқашан таза болсын.
Пештің үстіне түскен сызаттар
немесе қошқыл дақтар оның
жұмысына ешқандай әсер етпейді.
Пештің үстін тазалауға жарамды
арнайы тазалағышты
пайдаланыңыз.
Тот баспайтын болат бөліктерін
сумен жуыңыз да, содан кейін
жұмсақ шүберекпен құрғатыңыз.
8.2 Пештің үстін тазалау
Дереу тазалаңыз: балқыған
пластмасса, пластик фольга, қант
және қант қосылған тағам. Дереу
тазаламасаңыз, пештің үстін
бүлдіріп алуыңыз мүмкін. Күйіп
қалмау үшін абай болыңыз.
Пештің үсті жеткілікті түрде
суыған кезде алыңыз: әк дақтары,
су дақтары, май дақтары, металдың
жылтыраған дақтары. Пештің үстін
дымқыл шүберекпен және жеміргіш
емес жуғыш затпен тазалаңыз.
Тазалап болғаннан кейін пештің
үстін жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Эмальмен қапталған бөліктерді,
қақпақшасы мен шілтерін жылы
сабыны бар сумен жуып, орнына
қайта қояр алдында жақсылап
құрғатыңыз.
8.3 От алдырғыш құралды
тазалау
Бұл функция керамикалық тұтандыру
білтесі мен металл электродтың
көмегімен орындалады. Тұтандыру
қиынға соқпауы үшін осы құрамдас
бөліктерді таза ұстаңыз және
оттықтағы шілтер тесіктерінің
бітелмегеніне көз жеткізіңіз.
8.4 Таба тағандары
Ыдыс тағандары ыдыс
жуғыш машинада жууға
төзімді емес. Оларды
қолмен жуу керек.
1. Пештің үстін оңай тазалау үшін
таба тағандарын алыңыз.
Пештің үстін бүлдіріп
алмас үшін таба
тағандарын орнына
қойған кезде абай
болыңыз.
2. Эмальмен қапталған ыдыстан
кейде жолақ қалуы мүмкін,
сондықтан, ыдыс тірегін қолмен
жуып, кептірген кезде байқаңыз.
Қажет болса, қатып қалған
дақтарды тазартқыш
қоймалжыңмен тазалаңыз.
3. Ыдыс тағандарын тазалап
болғаннан кейін орындарына
дұрыс салынғанына көз жеткізіңіз.
4. Оттық дұрыс жұмыс істеу үшін таба
тағандарының тармақтары
оттықтың ортасына дәл келіп
тұрғанына көз жеткізіңіз.
www.electrolux.com18
8.5 Мерзімдік техникалық
қызмет көрсету
Газбен жабдықтау түтігінің, егер
орнатылған болса, қысым реттегіш
құралдың қалып-күйін тексеру үшін
жергілікті уәкілетті қызмет көрсету
орталығына уақытылы хабарласыңыз.
9. ТҰМШАПЕШ - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
9.1 Құрылғыны іске қосу және
сөндіру
Құрылғыда шамдардың,
қосқыш белгілерінің
немесе
индикаторлардың бар не
жоқ болуы құрылғының
үлгісіне байланысты:
Құрылғы жұмыс
істегенде, шам жанады.
Белгіше арқылы тетіктің
пісіру алаңдарының,
тұмшапеш
функцияларының
қайсысын басқаратыны
не оның температураны
басқаратыны
көрсетіледі.
Тұмшапеш қызғанда,
индикатор жанады.
1. Тұмшапеш функциясын таңдау
үшін тұмшапеш функцияларының
тетігін бұраңыз.
2. Температураны таңдау үшін
температура тетігін бұраңыз.
3. Құрылғыны сөндіру үшін,
тұмшапеш функциялары мен
температура тетіктерін "сөндіру"
қалпына қойыңыз.
9.2 Қауіпсіздік термостаты
Құрылғы дұрыс жұмыс істемесе
немесе бөлшектерінде ақау бар болса,
қатты қызып кету қаупі бар. Бұндай
жағдайдың алдын алу үшін тұмшапеш
тоқты кідіртуге арналған термостатпен
жабдықталған. Температура
төмендеген кезде тұмшапеш қайта
автоматты түрде қосылады.
9.3 Тұмшапеш функциялары
Белгі Тұмшапеш
функциясы
Қолдану
Сөндіру қалпы Пеш өшірулі.
Дәстүрлі пісіру Тұмшапештің бір сөресінде пісіру мен қуыруға
арналған.
Гриль жасау Жалпақ тағамнан гриль жасау және нанды
қару үшін
Бұл функцияға арналған ең үлкен
температура: 210 °C.
Астыңғы қызу Түбі қытырлақ торттарды пісіруге және
тағамды консервілеуге арналған.
ҚАЗАҚ 19
Белгі Тұмшапеш
функциясы
Қолдану
Желдеткішпен пісіру Пісіру температуралары бірдей тағамды бір
емес, бірнеше сөреге қойып, иістерін сіңірмей
қуыруға немесе қуырып-пісіруге арналған.
Мұздату Тағам жібіту үшін (көкөністер және жеміс).
Жібіту уақыты мұздатылған тағамның мөлшері
мен көлеміне байланысты.
Бұл функцияны пайдалану үшін температура
тетігі сөндірулі болуы керек.
Дымқыл пісіру Бұл тағам пісіру барысында қуатты үнемдеуге
арналған функция. Тағам пісіру туралы
нұсқауларды "Ақыл-кеңестер және ұсыныстар"
тарауынан қараңыз, Дымқыл пісіру. Функцияға
кедергі келтірмеу үшін пісіру барысында
тұмшапештің есігі жабылып тұруы керек және
тұмшапештің қуат тиімділігі жағынан ең тиімді
режимде тұрғанына көз жеткізіңіз. Бұл
функцияны пайдаланғанда ішкі температура
орнатылған температурадан өзгеше болуы
мүмкін. Қыздыру қуаты азаюы мүмкін. Жалпы
қуат үнемдеуге арналған ұсыныстарды "Қуат
тиімділігі" тарауы, Тұмшапеш - Қуат үнемдеу
тарауынан қараңыз.
10. ТҰМШАПЕШ - САҒАТ ФУНКЦИЯЛАРЫ
10.1 Минут операторы
Кері санақ уақытын орнату үшін
қолданыңыз.
Бұл функция құрылғының
жұмысына әсер етпейді.
1. Тұмшапештің функциясы мен
температурасын орнатыңыз.
2. Таймердің тетігін шегіне дейін
бұраңыз да, содан кейін қажетті
уақытқа бұраңыз.
Уақыт аяқталған кезде дыбыстық
сигнал естіледі.
11. ТҰМШАПЕШ - КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
11.1 Керек-жарақтарды салу
Торкөз сөре:
Тор сөренің артқы жағында
қызу алмасуға көмек
болатын арнайы пішім бар.
Сөрені дұрыс сөре орнына салып
итеріңіз. Тұмшапештің артқы
қабырғасына тимей тұрғанына көз
жеткізіңіз.
www.electrolux.com20
/