EW6S2R27C

Electrolux EW6S2R27C Руководство пользователя

  • Привет! Я прочитал инструкцию по эксплуатации для стиральной машины Electrolux EW6S2R27C и готов ответить на ваши вопросы. В руководстве подробно описаны все функции устройства, включая различные программы стирки, опции и советы по уходу. Задавайте свои вопросы!
  • Как установить оптимальную температуру стирки?
    Как использовать функцию отложенного старта?
    Что делать, если во время стирки нужно добавить белье?
    Как активировать функцию "Защита от детей"?
EW6S2R27C
KK Кір жуғыш машина Қолдану туралы нұсқаулары 2
RU Стиральная машина Инструкция по эксплуатации 41
МАЗМҰНЫ
1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ................................................................................. 3
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ............................................................................ 5
3. ОРНАТУ............................................................................................................. 6
4. КЕРЕК-ЖАРАҚТАРЫ...................................................................................... 10
5. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ............................................................................... 11
6. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ...........................................................................................11
7. ТЕТІКТЕР МЕН ТҮЙМЕЛЕР...........................................................................13
8. БАҒДАРЛАМАЛАР.......................................................................................... 16
9. ПАРАМЕТРЛЕР...............................................................................................21
10. ЕҢ АЛҒАШ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА...........................................................22
11. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ....................................................................................22
12. АҚЫЛ-КЕҢЕС................................................................................................ 27
13. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ............................................................................... 28
14. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ...................................................................................33
15. ПАЙДАЛАНУ КӨЛЕМІ...................................................................................36
16. ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕК...................................................................................37
17. НЕГІЗГІ ЖЕЛІГЕ БАЙЛАНЫСТЫ МӘСЕЛЕ ............................................... 38
18. ҚЫСҚАША НҰСҚАУЛЫҚ............................................................................. 38
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар
бойғы кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны
таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны
жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын
тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Пайдалану туралы ақпарат, кітапша, ақаулықты түзету, қызмет ақпаратын
мына жерден алыңыз:
www.electrolux.com/webselfservice
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registerelectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және
фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын
болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты
Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
www.electrolux.com2
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
Дұрыс орнатпау немесе пайдаланбау нәтижесінде
орын алған жарақат немесе зақымдарға өндіруші
жауапты емес. Нұсқаулықтарды кейін қарап жүру
үшін әрқашан қауіпсіз және қол жетімді жерде
сақтаңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың
қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен
денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым
келген не тәжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздіктерін
қамтамасыз ететін адамның қадағалауы не
құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша берген
нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау салдарын
түсінсе, онда қолдануына болады.
3 және 8 жас арасындағы балалар мен
мүмкіндіктері өте шектеулі мүгедек адамдарды
басқалар қадағаламаған жағдайда құрылғыдан
алыс ұстау керек.
3 жасқа толмаған балаларды үнемі қарап
отырмаған жағдайда құрылғыдан алыс ұстау керек.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Барлық орам материалдарын балалардан алыс
ұстап, қоқысқа тиісті түрде тастау керек.
Жуғыш заттарды балалардан алыс ұстаңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар мен үй
жануарларын оған жақындатпаңыз.
Құрылғыда бала қауіпсіздігінің құралы бар болса,
оны қосу керек.
Балалар құрылғыны жөндеу және тазалау
жұмыстарын бақылаусыз орындамауы керек.
ҚАЗАҚ 3
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын
өзгертпеңіз.
Бұл құрылғыны үйде немесе соған ұқсас жерлерде
пайдалану керек, мысалы:
дүкендердің, кеңселердің және басқа жұмыс
орындарының ас үйлерінде;
қонақ үй, мотель, төсек және таңғы ас
қонақжайлары мен басқа резиденциялық
жерлерде;
коммуналық пәтерлерде немесе кір жуатын
жерлерде.
Ең көбі 7кг салмақтан асырмаңыз ("Бағдарлама
кестесі" тарауын қараңыз).
Сыртқы қосылымнан су кіретін тұстағы судың
жұмыс қысымы 0,5 бар (0,05 МПа) және 8 бар (0,8
МПа) аралығында болуы керек.
Табанындағы желдеткіш саңылауларға кілем,
төсеніш немесе еденнің қаптамасы кедергі
жасамауға тиіс.
Құрылғыны су желісіне жаңадан берілген түтік
жинағын немесе уәкілетті қызмет көрсету орталығы
берген басқа түтік жинағын қолданып қосу керек.
Ескі түтіктерді қайта пайдалануға болмайды.
Қуат cымына зақым келсе, электр қатерінен
сақтандыру үшін оны өндіруші немесе оның
уәкілетті қызмет көрсету орталығы немесе сол
сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
Кез келген жөндеу жұмысын орындау алдында
құрылғыны сөндіріп, ашаны розеткадан суырыңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және/
немесе буды қолданбаңыз.
Құрылғыны дымқыл шүберекпен тазалаңыз.
Бейтарап жуғыш заттарды ғана қолданыңыз.
Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені, еріткіштерді
немесе темір заттарды пайдаланбаңыз.
www.electrolux.com4
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
Жергілікті стандарттарға
сәйкес етіп орнату керек.
Барлық орам материалдарын және
тасымал болттарын, пластик
тығыздағышы бар резеңке төлкесін
алыңыз.
Тасымал болттарын сенімді жерде
сақтаңыз. Кейін құрылғыны
көшірген кезде, ішкі бөліктеріне
зақым келмеу үшін барабанды
бекіту үшін оларды қайта салу
керек.
Құрылғы ауыр болғандықтан,
орнынан жылжытқан кезде әрқашан
абай болыңыз. Әрқашан қауіпсіздік
қолғабы мен бітеу аяқ киім киіңіз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
Құрылғымен бірге жеткізілген
орнату нұсқауларын орындаңыз.
Құрылғыны температурасы 0°C
градустан төмен немесе ауа-райы
әсер ететін жерге орнатпаңыз
немесе пайдаланбаңыз.
Құрылғы орнатылатын еден тегіс,
орнықты, қызуға төзімді және таза
болуға тиіс.
Құрылғы мен еден арасында
ауаның айналуын қамтамасыз
етіңіз.
Құрылғыны тұрғылықты орнына
қойғаннан кейін, ватерпас арқылы
деңгейінің әбден дұрыс
қойылғанына көз жеткізіңіз. Деңгейі
дұрыс болмаса, тіректерін тиісінше
реттеңіз.
Құрылғыны едендегі су ағатын
арықшаның үстіне тура орнатпаңыз.
Құрылғыға су шашпаңыз немесе
оған ылғал әсерін тигізбеңіз.
Құрылғыны құрылғының есігі толық
ашылмайтын жерге орнатпаңыз.
Құрылғының астына ағып кетуі
мүмкін суды құю үшін жабылған
сауыт қоймаңыз. Қолданылатын
керек-жарақтың түрін уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласып біліңіз.
2.2 Электртоғына қосу
ЕСКЕРТУ!
Өрт және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Әрқашан дұрыс орнатылған,
қатерден сақтандырылған
розетканы қолданыңыз.
Техникалық ақпарат тақтасындағы
параметрлердің негізгі қуатпен
жабдықтау желісіндегі электр
параметрлеріне сәйкес келетініне
көз жеткізіңіз.
Көп тармақты адаптерлер мен
ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғының ашасына және
сымына зақым келтірмеңіз. Қорек
сымын ауыстыру қажет болса, оны
міндетті түрде қызмет көрсету
орталығы жүзеге асыруға тиіс.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан
кейін ғана жалғаңыз. Орнатып
болғаннан кейін ашаның қол
жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Қорек сымын немесе ашасын су
қолмен ұстамаңыз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне
сай келеді.
2.3 Суға қосу
Су түтіктеріне зақым келтірмеңіз.
Жаңа түтіктерді немесе ұзақ уақыт
қолданылмаған түтіктерді орнату
алдында, жөндеу жұмыстарын
орындағаннан кейін немесе жаңа
құралдарды орнатқаннан кейін (су
өлшегіш құрал, т.б.) суды таза және
тұнық су аққанша ағызыңыз.
Құрылғыны пайдалану барысында
немесе бірінші рет қолданғаннан
кейін ешбір су ағып тұрмағанына
көз жеткізіңіз.
Су құятын түтік тым қысқа болса
ұзартқыш түтікті қолданбаңыз. Су
ҚАЗАҚ 5
құятын түтікті ауыстыру үшін қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Су төгетін түтіктен судың ағып
тұрғанын көруге болады. Бұл
құрылғыны зауытта суды
пайдаланып сынақтан өткізгенге
байланысты.
Су төгетін түтікті ең көбі 400 cм-ге
ұзартуға болады. Басқа су төгетін
түтік алу не оны ұзарту үшін
уәкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
2.4 Пайдалану
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, электр
қатері, күйіп қалу, өрт
қаупі, құрылғыны бүлдіріп
алу қаупі бар.
Жуғыш заттың орамындағы
қауіпсіздік нұсқауларын орындаңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
Кірден барлық темір заттардың
алынғанына көз жеткізіңіз.
Май немесе басқа да майлы заттар
қатты ластаған маталарды
жумаңыз. Бұл кір жуғыш
машинаның резеңке бөліктерін
зақымдауы мүмкін. Мұндай
маталарды кір жуғыш машинаға
салар алдында, алдын ала қолмен
жуыңыз.
Бағдарлама жұмыс істеп тұрған
кезде шыны есікті ұстамаңыз.
Шыны ысып кетуі мүмкін.
2.5 Сервис
Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Тек ғана фирмалық қосалқы
бөлшектерді қолданыңыз.
2.6 Құрылғыны тастау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны электр және сумен
жабдықтау желісінен ажыратыңыз.
Құрылғыға жақын орналасқан
электр сымын кесіп, қоқысқа
тастаңыз.
Балалар немесе үй жануарлары
барабанға қамалып қалмас үшін
есіктің бекітпесін ағытып алыңыз.
Құрылғыны Ескірген электр және
электроника құрылғыларын
тастауға (WEEE) арналған
жергілікті ережелерге сәйкес
тастаңыз.
3. ОРНАТУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
3.1 Қораптан шығару
1. Сыртқы орамын алыңыз. Қажет
болса, кескішті пайдаланыңыз.
2. Үстіңгі жағындағы картон мен
полистирол орам материалдарын
алыңыз.
www.electrolux.com6
3. Есікті ашыңыз. Барабаннан барлық
кірлерді алыңыз.
Montagea
nweisun
g
Achtung! Lesen Sie vor Beginn de
r Installation die
Sicherheitshinweise
in der Gebrauchsanweisung.
I
nstallation Instruction
Warning!
t
h
e safety information in t
h
e User Manual.
Montageanweisung
Achtung! Lesen Sie vor
Be
ginn
d
er In
stallation die
Sicherheitshinweise in der Gebrauchsanweisung.
Instal
la
tion
Instruction
Warning!
the saf
e
t
y informa
t
ion in the User
Manual.
Montageanweisun
g
Achtung! Lesen Sie vor Beginn
d
er I
n
stallation
d
ie
Sicherheitshinweise in der Gebrauchsanweisung.
Ins
tallation Instruction
Warning!
the safety informat
ion in the Use
r
Manual.
Montageanweisung
Achtung
! Lesen Si
e
vo
r Beginn der Installation die
Sicherheit
shinweise in der Gebrauchsanweisung.
Installation Instruction
War
ning!
t
he safety information in the User Man
ual.
4. Алдыңғы полистирол орам
элементін құрылғының артқы
жағындағы еденге төсеңіз.
Құрылғыны абайлап артқы
жағымен еденге қойыңыз.
5. Астыңғы жағындағы полистирол
төсемді алыңыз.
1
2
6. Құрылғыны қайта тіктеп қойыңыз.
Қуат сымын және түтік
ұстағыштағы су төгетін түтікті
алыңыз.
ЕСКЕРТУ!
Су төгетін түтіктен
судың ағып тұрғанын
көруге болады. Бұл кір
жуғыш машинаның
зауытта сынақтан
өткізілгенін көрсетеді.
7. Төрт тасымлдау болтын алып,
пластик орын сақтағыштарын
тартып шығарыңыз.
1
2
8. Пайдаланушы нұсқаулығы
салынған қалтадағы пластик
қақпақтармен тесіктерді бітеңіз.
ҚАЗАҚ 7
Құрылғыны көшіргенде
қолдану үшін орам
материалдары мен
тасымалдау болттарын
сақтауды ұсынамыз.
3.2 Орналастыру және
деңгейлеу
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда
дірілдемеу, шуыл шығармау не
қозғалып кетпеу үшін оны дұрыс
реттеңіз.
x4
1. Құрылғыны тегіс, қатты еденге
орнатыңыз. Құрылғыны деңгейлеп
және орнықты етіп орнату керек.
Құрылғы қабырғаға немесе басқа
құрылғыларға тимейтін және
астыңғы жағында ауа алмасуға
мүмкіндік барын тексеріңіз.
2. Деңгейін реттеу үшін тіректерін
босатыңыз немесе қатайтыңыз.
Барлық тіректері орнықты тұруы
керек.
ЕСКЕРТУ!
Құрылғының деңгейін
реттеу үшін оның
тіректерінің астына
картон, ағаш немесе
сол сияқты заттарды
қоймаңыз.
3.3 Су құятын түтік
ЕСКЕРТУ!
Түтіктерге ешбір зақым
келмегенін және
қосылымдардан ешбір су
ақпай тұрғанын тексеріңіз.
Су құятын түтік тым қысқа
болса ұзартқыш түтікті
қолданбаңыз. Су құятын
түтікті ауыстыру үшін
қызмет көрсету
орталығына
хабарласыңыз.
1. Су құятын түтікті құрылғының
артқы жағына жалғаңыз.
20º20º
45º45º
2. Су кранының орналасуына қарай
оңға немесе солға бағыттаңыз. Су
құятын түтіктің тік қалыпта
тұрмағанына көз жеткізіңіз.
3. Қажет болса, дұрыс орынға қою
үшін гайканы босатыңыз.
4. Су құятын түтікті 3/4'' бұрамасы
бар суық су кранына жалғаңыз.
www.electrolux.com8
3.4 Су төгу
Су төгетін түтік 600 мм-ден кем емес
және 1000 мм-ден аспайтын биіктікте
тұруы керек.
Су төгетін түтікті ең көбі
4000 мм-ге ұзартуға
болады. Басқа су төгетін
түтік алу не оны ұзарту
үшін уәкілетті қызмет
көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Су төгетін түтікті әр түрлі жолмен
жалғауға болады:
1. Су төгетін түтікті U пішініне
келтіріп, оны пластик түтік
бағыттағыштың айналасына
қойыңыз.
2. Раковинаның шетіне -
Бағыттағышты су кранына немесе
қабырғаға бекітіңіз.
Құрылғының суы төгіліп
тұрғанда пластик
бағыттағыштың
жылжымайтынын және
су төгетін түтіктің суға
батырылып
тұрмағанын тексеріңіз.
Құрылғыға лас су кері
құйылып кетуі мүмкін.
3. Су төгетін түтіктің ұшы осындай
болса (суретке қараңыз), оны тік
құбырға тура итеріп кіргізуге
болады.
4. Ауа алмасатын тесігі бар тік құбыр
- Су төгетін түтікті су төгетін
құбырға тура кіргізіңіз. Суретке
қараңыз.
Су төгетін түтіктің ұшы
әрқашан желдетіліп
тұруға тиіс, яғни ақаба
су құбырының ішкі
диаметрі (мин. 38 мм -
мин. 1,5”), су төгетін
түтіктің сыртқы
диаметрінен үлкен
болуға тиіс.
5. Пластик бағыттауышсыз, раковина
төлкесіне жалғау- Су төгетін түтікті
төлкеге жалғап, қапсырмамен
қатайтыңыз. Суретке қараңыз.
ҚАЗАҚ 9
Раковинадағы жуынды заттар
құрылғыға кері құйылмас үшін, су
төгетін түтіктің имек жасап
жалғануын қамтамасыз етіңіз.
6. Бөлменің қабырғасына кіріктірілген
ақаба су құбырына тура жалғап,
қапсырмамен бекітіңіз.
4. КЕРЕК-ЖАРАҚТАРЫ
4.1 Орнатуға арналған жинақ
(4055171146)
Уәкілетті дилерден алуға болады.
Егер құрылғыны плинтусқа
орнатсаңыз, құрылғыны орнату
тақтайшасына бекіту керек.
Керек-жарақтармен бірге берілген
нұсқаулықты мұқият оқыңыз.
4.2 Бұған www.electrolux.com/shop немесе уәкілетті дилер
арқылы қол жеткізуге болады
Тек ELECTROLUX рұқсат еткен керек-жарақтар ғана құрылғының
қауіпсіздік стандарттарының сақталуын қамтамасыз етеді. Рұқсат
етілмеген бөлшектер қолданылса, түскен шағымдар жарамсыз болып
есептеледі.
www.electrolux.com10
5. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
5.1 Құрылғының жалпы көрінісі
1 2 3
9
5
6
7
4
10
8
11
12
1
Жұмыс тақтасы
2
Жуғыш зат үлестіргіші
3
Басқару панелі
4
Есіктің тұтқасы
5
Техникалық ақпарат тақтайшасы
6
Су төгетін сорғының сүзгісі
7
Құрылғыны деңгейлеуге арналған
тіректер
8
Су төгетін түтік
9
Су құятын түтік қосылымы
10
Қорек сымы
11
Тасымал тетіктері
12
Түтік тірегіш
6. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
6.1 Арнайы функциялары
Жаңа құрылғыңыз су мен қуатты,
жуғыш затты аз мөлшерде тұтынады
және кірді аса тиімді түрде жуу мен
кептіруге қойылатын заманауи
талаптардың барлығына сай келеді.
+Мягкость опциясының
арқасында мата жұмсартқыш кірге
біркелкі таралумен қатар,
талшықтарға тереңдеп ену арқылы
матаны барынша жұмсартады.
Бу кірді жылдам және оңай
жаңартады. Жеңіл бу
бағдарламасы киімдердің иісін
кетіріп, матаның қыжымдануын
азайтады. Үтіктеу жеңілге соғады!
SensiCare System жүйесі
барабандағы кірді аз уақытта
барынша жақсы жуу үшін
бағдарламаның уақытын кірге
автоматты түрде сәйкес келтіреді.
ҚАЗАҚ 11
6.2 Басқару панелінің сипаттамасы
1 2 3 4 5 6 7
9 81011121314
1
Бағдарлама тетігі
2
Отжим азайту опцияларының
сенсорлық түймесі
3
Темп. түймешігін басыңыз
4
Дисплей
5
Отсрочка старта түймешігін
басыңыз
6
Time Manager түймешігін басыңыз
7
Старт/Пауза түймешігін
басыңыз
8
Tиxo түймешігін басыңыз
9
Легкая глажка түймешігін басыңыз
10
+Мягкость түймешігін басыңыз
11
+Полоскание түймешігін басыңыз
12
Пятна түймешігін басыңыз
13
Предв. cтирка түймешігін басыңыз
14
Вкл/Выкл батырма түйме
6.3 Дисплей
www.electrolux.com12
Температура аумағы:
Температура индикаторы
Суық су индикаторы
Бала қауіпсіздігінің индикаторы.
Кешіктіріп бастау индикаторы.
Есік құлыптаулы индикаторы.
Сандық индикатор мынаны көрсетеді:
Бағдарлама уақыты (мысалы, ).
Кешіктіру уақыты (мысалы, ).
Цикл соңы ( ).
Ескерту коды (мысалы,
).
Уақыт операторы жолағының деңгей көрсеткіші.
Кірдің макс. салмағының индикаторы.
Кір қосып салу индикаторы. Жуу циклы басталған кезде
жанады, бұл кезде пайдаланушы құрылғыны кідіртіп, кір
қосып салуына болады.
Барабанды тазалау индикаторы.
Tиxo индикатор.
Шаюды кідірту индикаторы.
Айналдыру аумағы:
Айналдыру жылдамдығының индикаторы
Айналдырмау индикаторы. Айналдыру циклі сөндірулі.
7. ТЕТІКТЕР МЕН ТҮЙМЕЛЕР
7.1 Кіріспе
Опциялар/функциялар кей
жуу бағдарламаларында
қолжетімсіз. Опциялар/
функциялар мен жуу
бағдарламаларының өзара
үйлесімділігін "Бағдарлама
кестесінен" қараңыз.
Опциялар/функциялар
басқа функциялармен
үйлеспеуі мүмкін, мұндай
жағдайда құрылғы
үйлеспейтін опциялар/
функцияларды орнатуға
рұқсат бермейді.
7.2 Вкл/Выкл
Құрылғыны қосу немесе сөндіру үшін
осы түймені бірнеше секунд басыңыз.
Құрылғыны қосу немесе сөндіру
кезінде екі түрлі дыбыс естіледі.
Қуатты үнемдеу үшін Күте тұру режимі
құрылғыны бірнеше минуттан кейін
автоматты түрде сөндіретіндіктен,
құрылғыны қайта қосу керек болуы
мүмкін.
Қосымша ақпаратты Күнделікті
пайдалану тарауындағы Күте тұру
тармағынан қараңыз.
ҚАЗАҚ 13
7.3 Темп.
Жуу бағдарламасын таңдалған кезде
құрылғы автоматты түрде әдепкі
температураны ұсынады.
Дисплейде қажетті температура мәні
көрінгенше осы түймені қайталап
басыңыз.
Дисплейде
индикаторлары пайда
болған кезде құрылғы суды
қыздырмайды.
7.4 Отжим
Бағдарламаны орнатқан кезде,
құрылғы Дeним бағдарламасынан
басқалары үшін автоматты түрде ең
үлкен рұқсат етілген айналдыру
жылдамдығын орнатады. Осы
функцияның көмегімен әдепкі
айналдыру жылдамдығын өзгертуге
болады.
Келесіні орындау үшін осы түймені
қайталап басыңыз:
Айналдыру жылдамдығын
азайтыңыз. Дисплейде орнатылған
бағдарламада ғана қолжетімді
айналдыру жылдамдықтары
көрсетіледі.
Айналдырмау
опциясын
қосыңыз.
Барлық айналдыру циклдарын
болдырмау үшін осы функцияны
орнатыңыз. Құрылғы тек таңдалған
жуу бағдарламасының ғана су төгу
циклын орындайды. Бұл функцияны
өте нәзік маталар үшін орнатыңыз.
Кей жуу бағдарламаларында шаю
циклы көп су пайдаланады.
Бейнебетте индикаторы
пайда болады.
Шаюды кідірту опциясын
қосыңыз.
Соңғы шаю циклы орындалмайды.
Соңғы шаю циклінің суы, киімдер
қыжымданып қалмас үшін
төгілмейді. Жуу бағдарламасы
аяқталғанда барабан ішінде су
қалады.
Бейнебетте
индикаторы пайда
болады. Есік құлыптаулы тұрады
және барабан кірдің қыжымдануын
азайту үшін шайқайды. Есікті ашу
үшін суды төгу керек.
Бағдарлама соңында Старт/Пауза
түймесін басыңыз: құрылғы
айналдыру циклын орындап, суды
төгеді.
Құрылғы суды шамамен
18 сағаттан кейін
автоматты түрде төгеді.
7.5 Предв. cтирка
Осы параметрдің көмегімен жуу
бағдарламасына алдын ала жуу
циклын қосуға болады.
Сенсорлық түйменің үстіндегі тиісті
индикатор жанады.
Жуу циклінен бұрын 30 °C
градуспен алдын ала жуу циклін
қосу үшін осы опцияны
қолданыңыз.
Бұл опция қатты ластанған кірлер
үшін ұсынылады, мысалы, құм, шаң
және басқа қатты заттармен
ластанған.
Опциялар бағдарламаның
уақытын ұзартады.
7.6 Пятна
Бағдарламаға дақты кетіру циклін қосу
үшін осы түймені басыңыз.
Сенсорлық түйменің үстіндегі тиісті
индикатор жанады.
Дағы оңай кетпейтін кірлерді жуу үшін
осы функцияны қолданыңыз.
Осы функцияны орнатқан кезде, дақ
кетіргішті
бөлігіне салыңыз.
Бұл функция
бағдарламаның уақытын
ұзартады.
Бұл функция 40 °C
градустан төмен
температурада жұмыс
істемейді.
7.7 Тұрақты +Полоскание
Бұл опцияның көмегімен таңдалған
жуу бағдарламасына сай бірнеше шаю
циклын қосуға болады.
www.electrolux.com14
Бұл циклды жуғыш заттардың
қалдықтарына аллергиясы бар және
терісі сезімтал адамдар үшін
пайдаланыңыз.
Бұл функция
бағдарламаның уақытын
ұзартады.
Сенсорлық түйменің үстіндегі тиісті
индикатор жыпылықтап, осы опция
сөндірілгенше келесі циклдар бойы
тұрақты қосылып тұрады.
7.8 Тұрақты +Мягкость
Бұл опцияны матаның жұмсақтығын
арттыру үшін мата жұмсартқышты
ұтымды тарату үшін орнатыңыз.
Мата жұмсартқышты пайдаланған
кезде қолдануды ұсынамыз.
Бұл функция
бағдарламаның уақытын
ұзартады.
Сенсорлық түйменің үстіндегі тиісті
индикатор жыпылықтап, осы опция
сөндірілгенше келесі циклдар бойы
тұрақты қосылып тұрады.
7.9 Легкая глажка
Құрылғы кір қыжымданып қалмас үшін
баппен жуады және айналдырады.
Құрылғы айналдыру жылдамдығын
азайтады, суды көбірек пайдаланады
және бағдарламаның уақытын кірдің
түріне лайықтап қолданады.
Тиісті индикатор жанады.
7.10 Tиxo
Бұл түймені Tиxo опциясын қосу
немесе сөндіру үшін басыңыз.
Ортаңғы және соңғы шаю циклддары
болдырылмайды және бағдарлама
аяқталғанда ішінде су тұрады. Бұл
кірдің қыжымдануын азайтады.
Бейнебетте индикаторы пайда
болады. Есік құлыпталып тұрады.
Мыжылуды азайту үшін барабан
мезгіл-мезгіл айналады. Есікті ашу
үшін суды төгу керек.
Бағдарлама өте шуылсыз
болғандықтан, электр тарифтері
арзандау түнгі уақыттарда қолдануға
өте ыңғайлы. Кейбір бағдарламаларда
шаю циклдарына көбірек су
пайдаланылады.
Егер Старт/Пауза түймесін
бассаңыз құрылғы су төгу циклын ғана
орындайды.
Құрылғы суды шамамен 18
сағаттан кейін автоматты
түрде төгеді.
7.11 Отсрочка старта
Осы опцияның көмегімен бағдарлама
басталатын уақытты ыңғайлы уақытқа
дейін шегеруге болады.
Қажетті кешіктіріп бастау циклын
орнату үшін түймені бірнеше рет
басыңыз. Уақыт 1 сағаттан 20 сағатқа
дейін артады.
Дисплейде
индикаторы мен
таңдалған кешіктіріп аяқтау уақыты
пайда болады. Старт/Пауза
Түймесін басқаннан кейін құрылғы кері
санақты бастайды және есік
құлыпталады.
7.12 Time Manager
Осы опцияның көмегімен кірдің
мөлшері мен қаншалықты
ластанғанына қарай бағдарлама
уақытын қысқартуға болады.
Жуу бағдарламасын орнатқан кезде
бейнебетте әдепкі уақыт көрсетіледі
және жыпылықтайды.
Бағдарлама уақытын қажетіңізге сай
азайту үшін Time Manager түймесін
басыңыз. Дисплейде бағдарламаның
жаңа уақыты пайда болады және
сызықтар саны тиісінше азаяды:
қалыпты ластанған кірлерді
толтыра салған кезде қолдануға
арналған.
- шамалы ластанған кірлерді
толтыра салғанда пайдалануға
арналған жылдам цикл.
ҚАЗАҚ 15
- шамалы ластанған кірді аз
салғанда қолданылатын өте жылдам
бағдарлама (макс. жартылай толтыру
керек).
- аз кірді жаңартуға арналған ең
қысқа цикл.
Time Manager функциясы кестеде
көрсетілген бағдарламаларда ғана
жұмыс істейді.
индикатор
Хлопок
Хлопок Эко
Синтетика
1)
индикатор
Хлопок
Хлопок Эко
Синтетика
1)
Барлық бағдарламаларға арналған
әдепкі ұзақтық.
7.13 Старт/Пауза
Құрылғыны іске қосу, кідірту не
қосылып тұрған бағдарламаны кідірту
үшін Старт/Пауза түймесін
басыңыз.
8. БАҒДАРЛАМАЛАР
8.1 Бағдарлама кестесі
Бағдарлама
Әдепкі
температура
Температура
ауқымы
Базалық
айналдыр
у
жылдамд
ығы
Айналдыр
у
жылдамд
ығының
ауқымы
Ең
үлкен
салма
қ
Бағдарлама сипаттамасы
(Кірдің салмағы және кірлеу дәрежесі)
Хлопок
40 °C
90 °C - Суық
1200
мин/айн
(1200- 400)
7 кг Ақ және түрлі-түсті мақта мата. Қалыпты
немесе қатты кірлеген.
Хлопок Эко
1)
40 °C
60 °C - 40 °C
1200
мин/айн
(1200- 400)
7 кг Ақ және бояуы қанық мақта мата.
Қалыпты кірлеген. Қуатты пайдалану
азаяды және жуу бағдарламасының уақыты
ұзарады және жақсы жуу нәтижелерімен
қамтамасыз етеді.
Синтетика
40 °C
60 °C - Суық
1200
мин/айн
(1200 - 400)
3 кг Синтетика немесе аралас матадан
жасалған заттар. Қалыпты кірлеген.
www.electrolux.com16
Бағдарлама
Әдепкі
температура
Температура
ауқымы
Базалық
айналдыр
у
жылдамд
ығы
Айналдыр
у
жылдамд
ығының
ауқымы
Ең
үлкен
салма
қ
Бағдарлама сипаттамасы
(Кірдің салмағы және кірлеу дәрежесі)
Тонкие ткани
40 °C
40 °C - Суық
1200
мин/айн
(1200- 400)
1,5 кг Баппен жууды қажет ететін акрил,
вискоза және аралас маталарға
арналған. Қалыпты кірлеген.
Быстрая 14
мин
30 °C
800
мин/айн
(800- 400)
1 кг Синтетика және аралас мата заттар.
Шамалы кірлеген және жаңартуды қажет
ететін заттар.
Полоскание 1200
мин/айн
(1200- 400)
7 кг Барлық маталар, жүн мата мен өте нәзік
матадан басқа. Кірді шаятын және
айналдыратын бағдарлама. Мақта мата
бағдарламалар үшін орнатылған әдепкі
айналдыру жылдамдығы қолданылады.
Айналдыру жылдамдығын матаның түріне
қарай азайтыңыз. Қажет болса, қосымша
шаю үшін +Полоскание опциясын
қолданыңыз. Айналдыру жылдамдығы
төмен болған кезде, құрылғы баппен
шаяды және қысқа айналдырады.
Слив/Отжим 1200
мин/айн
(1200 -400)
7 кг Жүн мата мен өте нәзік маталардан
басқа барлық маталар. Кірді айналдыруға
және барабандағы суды төгуге арналған.
Aнти-
Aллергия
60 °C
1200
мин/айн
(1200 - 400)
7 кг Ақ мақта мата заттар. Бұл бағдарлама
60°C градустан асатын температураны
бірнеше минут ұстап жуатын
бағдарламаның арқасында
микроағзаларды жояды. Бұл
бактерияларды, микроағзаларды және
бөлшектерді жоюға көмектеседі. Бу мен
қосымша шаю циклы бірігіп, жуғыш
заттардың қалдықтарын және тозаңдарды/
аллергендерді дұрыс арылтып, киімдерді
сезімтал, әрі нәзік терілерге лайық етіп
жуады.
Дeтcкoe
бельё
40 °C
40 °C - Суық
1200
мин/айн
(1200 - 400)
1,5 кг Баппен жуатын циклдар баланың киімдерін
жууға жарамды. Су деңгейінің жоғары
болуы және жуу фазасында баппен шайқау
- киімдердің түсі мен талшықтарын
қорғайды.
ҚАЗАҚ 17
Бағдарлама
Әдепкі
температура
Температура
ауқымы
Базалық
айналдыр
у
жылдамд
ығы
Айналдыр
у
жылдамд
ығының
ауқымы
Ең
үлкен
салма
қ
Бағдарлама сипаттамасы
(Кірдің салмағы және кірлеу дәрежесі)
Шелк
30 °C
800
мин/айн
(800 - 400)
3 кг Жібек мата және аралас синтетика
заттарға арналған арнайы бағдарлама.
Шерсть
40 °C
40 °C - Суық
1200
мин/айн
(1200- 400)
1,5 кг Машинамен жууға болатын жүн маталар
және қолмен жууға болатын «Қолмен
жуу» белгісі бар маталар және жүн
маталар
2)
.
Спорт
30 °C
40 °C - Суық
1200
мин/айн
(1200 -
400 )
3 кг Синтетика спорт заттар. Бұл бағдарлама
дала спортына арналған соңғы үлгінің
киімдерін баппен жууға және фитнес залы,
велосипед тебу не жүгіруге не сол сияқты
киімдерді жууға арналған.
www.electrolux.com18
Бағдарлама
Әдепкі
температура
Температура
ауқымы
Базалық
айналдыр
у
жылдамд
ығы
Айналдыр
у
жылдамд
ығының
ауқымы
Ең
үлкен
салма
қ
Бағдарлама сипаттамасы
(Кірдің салмағы және кірлеу дәрежесі)
Kypтки
30 °C
40 °C - Суық
1200
мин/айн
(1200- 400)
2 кг
3)
1 кг
4)
Мата жұмсартқыштарды
пайдаланбаңыз және жуғыш зат
үлестіргіштен мата
жұмсартқыштың қалмағанын
тексеріңіз.
Синтетика спорт заттар. Бұл бағдарлама
дала спортына арналған соңғы үлгінің
киімдерін баппен жууға және фитнес залы,
велосипед тебу не жүгіруге не сол сияқты
киімдерді жууға арналған. Кірдің
ұсынылатын салмағы 2 кг.
Су өткізбейтін, су өткізбейтін, әрі ауа
өткізетін және суды сіңірмейтін маталар.
Бұл бағдарламаны сонымен қатар, суға
төзімсіз маталардың суын арылту циклы
үшін қолдануға болады. Суды арылту
циклын орындау үшін мына әрекетті
орындаңыз:
Жуғыш затты бөлігіне салыңыз.
Арнайы су арылтатын затты
тартпасының мата жұмсартқышқа
арналған бөлігіне салыңыз.
Кірдің салмағын 1кг-ға дейін азайтыңыз.
Суды арылту әрекетін бұдан әрі
қарай тағы да жақсарта түсу
үшін, кірді Kypтки
бағдарламасын орнату (егер
бар болса және киімнің
нұсқауында кептіруге болатыны
көрсетілсе) арқылы кір
кептіргішке салып кептіріңіз.
ҚАЗАҚ 19
Бағдарлама
Әдепкі
температура
Температура
ауқымы
Базалық
айналдыр
у
жылдамд
ығы
Айналдыр
у
жылдамд
ығының
ауқымы
Ең
үлкен
салма
қ
Бағдарлама сипаттамасы
(Кірдің салмағы және кірлеу дәрежесі)
Дeним
30 °C
40 °C - Суық
800
мин/айн
(1200 - 400)
2 кг Бояуын кетірмей, дақ қалдырмай
жуатын, Джинс киімдерге арналған
арнайы бағдарлама. Жақсы күтім көрсету
үшін салмақты азайту ұсынылады.
1)
Бұл бағдарлама 7 кг кірді 60 °C градуста жуатын GOST R IEC 60456:2010
стандартына сәйкес дайындалған қуат жапсырмасындағы деректерге сәйкес келеді.
2)
Осы цикл кезінде кірді баппен жуу үшін барабан баяу айналады. Барабан айналмай
тұрған сияқты немесе дұрыс айналмай тұрған сияқты көрінуі мүмкін, бірақ бұл осы
бағдарлама үшін қалыпты жағдай
3)
Жуу бағдарламалары.
4)
Жуу бағдарламасы және суға төзімді ету циклы.
Бағдарлама опцияларының үйлесімділігі
Бағдарлама
Отжим
Предв. cтирка
Пятна
+Полоскание
+Мягкость
Легкая глажка
Tиxo
Отсрочка старта
Time Manager
Хлопок
Хлопок Эко
Синтетика
Тонкие ткани
Быстрая 14 мин
Полоскание
Слив/Отжим
Aнти-Aллергия
Дeтcкoe бельё
www.electrolux.com20
/