Zanussi ZEM56740BB Руководство пользователя

  • Здравствуйте! Я ознакомился с инструкцией по эксплуатации варочной панели Zanussi ZEM56740BB. В ней описаны все функции, включая индукционный нагрев, сенсорное управление, таймер и функции безопасности. Задавайте ваши вопросы – я готов ответить!
  • Как включить и выключить варочную панель?
    Что делать, если панель управления залита?
    Как использовать функцию "Бридж"?
    Что означает индикатор остаточного тепла?
    Какие типы посуды подходят для индукционной варочной панели?
KK
Қолдану туралы
нұсқаулары
2
RU
Инструкция по
эксплуатации
19
UK
Інструкція 37
Пісіру алаңы
Варочная панель
Варильна поверхня
ZEM56740BB
Мазмұны
Сақтық шаралары _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 2
Қауіпсіздік нұсқаулары _ _ _ _ _ _ _ _ _ 3
Бұйым сипаттамасы _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 6
Əркүндік қолдану _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 7
Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер _ 10
Күту менен тазалау _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 12
Ақаулықты түзету _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 12
Орнату _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 14
Техникалық ақпарат _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 17
Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы
мағлұматтар _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 17
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
Сақтық шаралары
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Құрылғыны
дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нəтижесінде адам
жарақат алса жəне ақаулық орын алса өндіруші жауапты
емес. Нұсқаулықты келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап
қойыңыз.
Балалар мен дəрменсіз адамдардың қауіпсіздігі
Назарыңызда болсын! Тұншығып қалу, жарақат алуы
немесе мүгедек болып қалу қаупі бар.
Бұл құрылғыны 8 жасқа толған жəне одан асқан балалар
жəне кемтар, сезім немесе ой-қабілетіне нұқсан келген
адамдар немесе тəжірибесі немесе білімі аз адамдар, өз
қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның бақылауында
болса пайдалана алады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз. 3 жасқа
толмаған балаларды
құрылғының қасына қараусыз
қалдыруға болмайды.
Орам материалдарының барлығын балалардан алыс
ұстаңыз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол суып тұрғанда,
балалар мен үй жануарларын оған жақындатпаңыз.
Қолжетімді бөлшектері ыстық болады.
Егер құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен жабдықталса,
оны іске қосуды ұсынаыз.
2
www.zanussi.com
Балалар тазалау жəне күтім көрсету жұмыстарын
басқаның бақылауынсыз орындамауға тиіс.
Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Құрылғы мен оның қол жететін жердегі бөлшектері
қолдану барысында ысып тұрады. Қыздырғыш
элементтерін ұстамаңыз.
Құрылғыны сыртқы таймермен немесе бөлек қашықтан
басқару жүйесімен басқармаңыз.
Май немесе өсімдік майы қосылған тағамды пештің үстіне
қараусыз қалдыру қауіпті жəне өрт шығуы мүмкін.
Өртті ешқашан сумен сөндіруге əрекет жасамаңыз,
бұндай жағдайда құрылғыны сөндіріп, содан кейін
жалынды
қақпақ немесе өрт басқыш көрпе тəрізді затпен
жабыңыз.
Пісіру алаңына зат сақтамаңыз.
Құрылғыны бумен тазалайтын құралмен тазаламаңыз.
Пышақ, шанышқы, қасық жəне қақпақ тəрізді темір
заттарды пештің үстіне қоймаңыз, себебі ысып кетеді.
Егер шыны керамика бетке сызат түссе, электр қатері
пайда болмас үшін құрылғыны сөндіріңіз.
Пайдаланып болғаннан кейін пеш үстінің элементін
, ыдыс
анықтағышқа сүйенбей, оның басқару тетігімен сөндіріңіз.
Егер қуат cымына зақым келген болса, қатерден сақтану
үшін оны өндіруші немесе уəкілетті техник немесе сол
сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
Қауіпсіздік нұсқаулары
Орнату
Назарыңызда болсын! Бұл
құрылғыны тек білікті маман ғана
орнатуға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Осы құрылғы мен басқа
құрылғылардың, заттардың арасындағы
ең аз қашықтықты сақтаңыз.
3
www.zanussi.com
Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі
абай болыңыз, себебі салмағы ауыр.
Əрқашан қорғаныс қолғабын киіңіз.
Кесілген беттерге ылғал кіріп үлкейтіп
жібермес үшін тығыздағышпен бітеңіз.
Құрылғының астыңғы жағын бу мен
ылғалдан қорғаңыз.
Құрылғыны есікке жақын жерге
терезенің астына қоймаңыз. Бұл есік
немесе терезе ашылған кезде ыстық
ыдыс құрылғыдан құлап кетпеу үшін
қажет.
Егер құрылғыны тартпалардың
үстіне
орнатсаңыз, құрылғының астыңғы жағы
мен үстіңгі тартпаның арасында ауа
ауысып тұруға жеткілікті орын қалуын
қамтамасыз етіңіз.
Жұмыс алаңы мен оның астыңғы
жағындағы құрылғының алдыңғы
жағында 2 мм ауа алмасып тұруға
арналған орынның болуын қамтамасыз
етіңіз. Ауа алмасып тұруға қажетті
саңылаудың жеткіліксіз болуына
байланысты орын алған ақауларға
өндіруші жауапты емес.
Құрылғының астыңғы жағы ысып кетеді.
Құрылғының
астыңғы жағын қол
жетпейтін етіп бітеу үшін тұтанбайтын
оқшаулағыш панель орнатуды
ұсынамыз.
Электртоғына қосу
Назарыңызда болсын! Өрт шығу
жəне электр қатеріне ұшырау қаупі
бар.
Электртоғына қосу жұмыстарының
барлығын білікті электрші ғана іске
асыруға тиіс.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Қандай да бір жұмысты іске асырмай
тұрып, құрылғының электр желісінен
ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
Дұрыс электр сымын пайдаланыңыз.
Электр сымдарының оратылуына жол
бермеңіз.
Құрылғыны жақын тұрған розеткаға
жалғаған кезде электр сымы немесе
ашасы (бар болса) ыстық құрылғыға
немесе ыстық ыдысқа тиіп кетпес үшін
абай болыңыз
Құрылғының дұрыс орнатылғаныа көз
жеткізіңіз. Босап қалған жəне дұрыс
жалғанбаған электр сымы немесе
ашасы (бар болса) ағытпаны өте
ысытып жіберуі мүмкін.
Электр қатерінен сақтандыру
құралының орнатылғанына көз
жеткізіңіз.
Сымға деформацияға қарсы
қапсырманы пайдаланыңыз
.
Құрылғының сымына немесе ашасына
(бар болса) зақым келтірмеу үшін абай
болыңыз. Зақым келген электр сымын
ауыстырту үшін қызмет көрсету
орталығына немесе электршіге
хабарласыңыз.
Электр жүйесі құрылғыны кез келген
полюсте ажыратуға мүмкіндік беретін
оқшаулағыш құралмен жабықталуға
тиіс. Оқшаулағыш құралдың контакт ара
қашықтығы кем дегенде 3 мм болуға
тиіс.
Дұрыс оқшаулағыш құралдарды ғана
қолданыңыз. желіні қорғайтын
ажыратқыштар,
сақтандырғыштар
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге тұйықталудан
қорғау тетіктері мен тұйықтағыштар.
Қолданылуы
Назарыңызда болсын! Жарақат
алу, күйіп қалу немесе электр
тоғының қатеріне ұшырау қаупі бар.
Бұл тұрмыста қолдануға арналған
құрылғы.
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
Құрылғыны басқару үшін сыртқы
таймерді немесе бөлек қашықтан
басқару жүйесін қолданбаңыз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны
назардан тыс қалдырмаңыз.
4
www.zanussi.com
Құрылғыны су қолмен іске қоспаңыз
немесе суға тиіп тұрған құрылғыны
пайдаланбаңыз.
Пісіру алаңдарына ас құралдарын
немесе кəстрөлдердің қақпақтарын
қоймаңыз. Қызып кетуі мүмкін.
Пісіру алаңын қолданып болған сайын
"off" (сөндіру) қалпына қойыңыз. Ыдыс
анықтағышқа сенбеңіз.
Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз.
Құрылғының бетіне сызат түссе, электр
қатеріне ұшырамас үшін оны тоқтан
ағытыңыз.
Кардиостимуляторы бар адамдар
құрылғы іске қосылып тұрған кезде
индукциялық пісіру алаңдарынан кем
дегенде 30 см алыс тұруға тиіс.
Назарыңызда болсын! Өрт немесе
жарылыс шығу қаупі бар.
Тоңмайларды немесе майды қыздырған
кезде тұтанғыш бу пайда болады.
Тоңмайға немесе майға тамақ пісірген
кезде қызған заттарды немесе оттың
жалынын алыс ұстаңыз.
Қатты қызған майдан бөлініп
шығатын
бу, кенет жарылыстың орын алуына
себеп болады.
Құрамында тағам қалдықтары бар
қолданылған май, бірінші рет
қолданылып отырған майға қарағанда,
төмен температурада өрт пайда болуға
əкелуі мүмкін.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
Өртті сумен сөндіруге əрекеттенбеңіз.
Құрылғыны ажыратып, жалынды
қақпақпен немесе көрпемен басыңыз.
Назарыңызда
болсын! Құрылғыны
бүлдіріп алуыңыз мүмкін.
Басқару панеліне ыстық ыдыс
қоймаңыз.
Ыдысты ішіндегісі сарқылғанша
қайнатпаңыз.
Құрылғының үстіне заттарды немесе
ыдыстарды құлатып алмаңыз.
Құрылғының бетіне зақым келуі мүмкін.
Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып
немесе ешбір ыдыс қоймай іске
қоспаңыз.
Құрылғының үстіне алюминий жұқалтыр
қоймаңыз.
Құйылған шойын, алюминий немесе
астына нұқсан келген ыдыстар шыны
керамика бетке сызат түсіруі мүмкін.
Бұндай заттарды құрылғының бетінде
үнемі көтеріп
жылжыту керек.
Күту менен тазалау
Назарыңызда болсын! Құрылғыны
бүлдіріп алуыңыз мүмкін.
Құрылғының қаптамасының сапасы
түспес үшін мезгіл-мезгіл тазалаңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді
жəне буды қолданбаңыз.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Тек бейтарап
тазартқыш заттарды қолданыңыз.
Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені,
еріткіштерді немесе темір заттарды
пайдаланбаңыз.
Құрылғыны тастау
Назарыңызда болсын! Жарақат алу
немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны қоқысқа дұрыс тастауға
қатысты ақпаратты жергілікті əкімшілік
мекемеге хабарласып алыңыз.
Құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа
тастаңыз.
Қызмет көрсету
Құрылғыны жөндету үшін
тұтынушыларға қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз. Фирмалық
қосалқы бөлшектерді ғана қолдануды
ұсынамыз.
5
www.zanussi.com
Бұйым сипаттамасы
Жалпы көрінісі
180 mm
145 mm
210 mm
210 mm
1 2
45
3
1
Индукциялық пісіру алаңы
2
Индукциялық пісіру алаңы
3
Индукциялық пісіру алаңы
4
Басқару панелі
5
Индукциялық пісіру алаңы
Басқару панелінің көрінісі
51 2
3
4
10
89 7
6
11
Құрылғыны іске қосу үшін сенсорлық өрістерді
пайдаланыңыз. Бейнебеттер, индикаторлар мен дыбыстық
сигналдар қай функциялардың жұмыс жасайтынын
көрсетеді.
сенсорлық өріс функция
1
Құрылғыны іске қосуға жəне сөндіруге арналған.
2
Басқару панелін құрсаулайды/құрсауын ағытады.
3
Пісіру алаңдарының индикаторлары Уақыттың қай пісіру алаңына орнатылғанын
көрсетуге арналған.
4
Таймер бейнебеті Уақытты минут бойынша көрсетуге арналған.
5
Қуат функциясын қосуға арналған.
6
Қызу параметрінің бейнебеті Қыздыру параметін көрсетуге арналған.
7
Басқару жолағы Қызу параметрін орнатуға арналған.
6
www.zanussi.com
сенсорлық өріс функция
8
/
Уақытты көбейтуге немесе азайтуға арналған.
9
Пісіру алаңын орнатуға арналған.
10
STOP+GO функциясын іске қосады жəне
сөндіреді.
11
Көпір функциясын қосуға арналған.
Қызу параметрінің бейнебеттері
Бейнебет Сипаттама
Пісіру алаңы сөндірулі.
-
Пісіру алаңы жұмыс істейді.
STOP+GO функциясы жұмыс істейді.
Автоматты түрде қыздыру функциясы жұмыс істейді.
Қуат функциясы жұмыс істейді.
+ сан
Ақаулық орын алды.
Пісіру алаңы əлі ыстық (қалдық қызу).
Қауіпсіздік құралы/Бала қауіпсіздігі функциясы жұмыс істейді.
Пісіру алаңына жарамсыз ыдыс немесе тым кішкене ыдыс қойылған
не ешбір ыдыс қойылмаған.
Автоматты түрде сөндіру функциясы жұмыс істейді.
Қалдық қызу индикаторы
Назарыңызда болсын!
Суымаған
пешке күйіп қалу қаупі бар!
Индукциялық пісіру алаңдары тамақты
ыдыстың түбінен тура пісіру үшін қажетті
қызуды қамтамасыз етеді. Ыдыстағы
қалдық қызу пештің шыны керамикасын
қыздырады.
Əркүндік қолдану
Қосу жəне сөндіру
Құрылғыны қосу немесе сөндіру үшін
белгісін 1 секунд басыңыз.
Автоматты түрде сөндіру
Функция құрылғыны төмендегі
жағдайларда автоматты түрде
тоқтатады:
Пісіру алаңдарының барлығы өшсе (
).
Құрылғыны іске қосқан соң қызу
параметрін орнатпасаңыз.
Басқару панеліне бір нəрсе төгіліп
қалса немесе ол 10 секундтан артық
(ыдыс, киім т.с.с.) жабық қалса.
Дыбыстық сигнал біраз уақыт естіліп
тұрады да, құрылғы сөнеді. Заттарды
алыңыз немесе басқару панелін
тазалаңыз.
Құрылғы қатты қызып кетсе (мысалы,
кəстрөлдің ішіндегісі сарқылғанша
7
www.zanussi.com
қайнаса). Құрылғыны қайта қолданар
алдында пісіру алаңы салқындағанша
күтіңіз.
Егер сай келмейтін ыдыс
пайдаланылса.
белгісі жанып, пісіру
алаңы 2 минуттан кейін автоматты
түрде сөнеді.
Пісіру алаңын тоқтатпасаңыз немесе
қызу параметрін өзгертпесеңіз. Шамалы
уақыттан кейін
жанады да, құрылғы
жұмысын тоқтатады. Келесі ақпаратты
қараңыз.
Қызу параметрі мен Автоматты түрде
сөндіру функциясы уақыттарының ара
қатынасы:
, - — 6 сағат
- — 5 сағат
— 4 сағат
- — 1,5 сағат
Қызу параметрі
Қызу параметрінің басқару жолағын
түртіңіз. Параметрді өзгерту үшін
саусағыңызды басқару жолағының
үстімен сырғытыңыз. Дұрыс қызу
параметрі орнатылмайынша босатпаңыз.
Бейнебетте қыздыру параметрі
көрсетіледі.
Көпір функциясы
Көпір функциясы екі пісіру алаңын өзара
қосады да, олар бір пісіру алаңы ретінде
жұмыс істейді.
Алдымен пісіру алаңдарының біріне қызу
параметрін орнатыңыз.
Көпір функциясын іске қосу үшін
белгісін түртіңіз. Қызу параметрін орнату
немесе өзгерту үшін басқару
сенсорларының бірін түртіңіз.
Көпір функциясын сөндіру үшін белгісін
түртіңіз. Пісіру алаңдары дербес жұмыс
істейді.
Пісіру алаңдары жұбының біреуін ғана
қолдану керек болғанда, артқы пісіру
алаңын қолдануды ұсынамыз. Сондай-ақ,
үлкен ыдысты қолданған кезде артқы
пісіру алаңына жақындатып қоюды
ұсынамыз.
Автоматты түрде қыздыру
Автоматты түрде қыздыру функциясын
қоссаңыз, қызу параметрінің қажетті
мəніне жылдамырақ жетуге болады. Бұл
функция біраз уақыт (сызбаны қараңыз)
қыздыру параметрінің
ең жоғары мəнін
орнатады да, содан кейін қажетті қыздыру
параметріне дейін түсіреді.
Пісіру алаңын автоматты түрде қыздыру
функциясымен бірге бастау үшін:
1.
түймешігін басыңыз. (бейнебетте
жанады).
2. Қажетті қыздыру параметріне дереу
басыңыз. 3 секундтан кейін
бейнебетте
жанады.
Функцияны тоқтату үшін қызу параметрін
өзгертіңіз.
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
0
123456789
Қуат функциясы
Қуат функциясы индукциялық пісіру
алаңдарына көп қуат береді. Қуат
функциясын шамалы уақыт қосып қоюға
8
www.zanussi.com
болады (Техникалық ақпарат бөлімін
қараңыз). Содан кейін, индукциялық пісіру
алаңы автоматты түрде ең үлкен қыздыру
параметріне қойылады. Қосу үшін
белгісін түртіңіз, жанады. Сөндіру үшін
қыздыру параметрін өзгертіңіз.
Қуатты басқару
Қуатты басқару жүйесі, қуатты жұптасып
тұрған екі пісіру алаңдарына бөліп
таратады (суретке қараңыз). Қуат
функциясы жұпқа кіретін пісіру
алаңдарының бірінің қуатын максимум
деңгейге қояды. Екінші пісіру алаңының
қуаты автоматты түрде азаяды. Қуаты
азайған алаңның қуат параметрін
көрсететін бейнебеті екі деңгейді кезек-
кезек көрсетіп тұрады.
Таймер
Кері санақ таймері
Кері санақ таймерін қолданып пісіру
алаңы осы жолы қанша уақыт жұмыс
істейтінін көрсетіңіз.
Таймерді пісіру алаңын таңдағаннан
кейін орнатыңыз.
Қызу параметрін таймерді орнатпай
тұрып немесе орнатып болғаннан кейін
орнатуыңызға болады.
Пісіру алаңын орнату үшін:
түймешігін қажетті пісіру алаңының
индикаторы жанғанша, қайта-қайта
басыңыз.
Таймерд іске қосу немесе өзгерту
үшін: таймердің
немесе
түймешігін басып уақытты орнатыңыз (
00
-
99
минут). Пісіру алаңының
индикаторы баяу жыпылықтай бастаған
кезде, уақыт кері санала бастайды.
Таймерді ажырату үшін: пісіру алаңын
арқылы орнатып, таймерді сөндіру
үшін
белгісін түртіңіз. Қалған уақыт
00
дейін кері саналады. Пісіру
алаңының индикаторы сөнеді.
Қалған уақытты қарау үшін: пісіру
алаңын
арқылы орнатыңыз. Пісіру
алаңының индикаторы жылдам
жыпылықтай бастайды. Бейнебетте
қалған уақыт көрсетіледі.
Уақыт аяқталған кезде, дыбыстық сигнал
естіліп,
00
жыпылықтайды. Пісіру алаңы
сөндіріледі.
Дыбыстық сигналды тоқтату үшін:
түртіңіз:
Минут операторы
Таймерді пісіру алаңдары жұмыс істемей
тұрған кезде Минут операторы ретінде
қолдануға болады.
түймешігін
басыңыз. Уақытты орнату үшін
немесе
түймешігін басыңыз. Уақыт аяқталған
кезде, дыбыстық сигнал естіліп
00
жыпылықтайды
Дыбыстық сигналды тоқтату үшін:
түртіңіз:
Құлып
Қыздыру алаңдары жұмыс істеген кезде
басқару панелін құрсаулауға болады,
бірақ
құрсауланбайды. Ол қызу
параметрінің кездейсоқ өзгеруіне жол
бермейді.
Əуелі қызу параметрін орнатыңыз.
Осы функцияны бастау үшін
белгішесін түртіңіз. белгісі 4 секундқа
жанады.
Таймер қосулы күйде қалады.
Осы функцияны тоқтату үшін
белгішесін түртіңіз. Алдында орнатылған
қызу параметрі жанады.
Құрылғыны тоқтатқан кезде, осы функция
да тоқтайды.
Балалар қауіпсіздігі құралы
Бұл функция құрылғы кездейсоқ қосылып
кетуге жол бермейді.
9
www.zanussi.com
Бала қауіпсіздігі құралын қосу үшін
Құрылғыны
көмегімен іске қосыңыз.
Қызу параметрлерін орнатпаңыз.
белгішесін 4 секунд басыңыз.
белгісі жанады.
Құрылғыны
арқылы сөндіріңіз.
Бала қауіпсіздігі құралын сөндіру үшін
Құрылғыны
көмегімен іске қосыңыз.
Қызу параметрлерін орнатпаңыз.
белгішесін 4 секунд басыңыз. белгісі
жанады.
Құрылғыны
арқылы сөндіріңіз.
Бала қауіпсіздігін сақтау құралын тек
бір ғана пісіру циклі үшін ажырату
Құрылғыны
арқылы іске қосыңыз.
белгісі жанады.
белгішесін 4 секунд басыңыз. Қызу
параметрін 10 секунд ішінде
орнатыңыз. Құрылғыны іске
қосуыңызға болады.
Құрылғыны
арқылы сөндірген кезде,
Бала қауіпсіздігінің құралы қайта іске
қосылады.
Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер
ИНДУКЦИЯЛЫҚ ПІСІРУ АЛАҢДАРЫ
Индукциялық пісіру алаңдарында, электр-
магнитті өріс ыдыс ішінде жылдам қызу
пайда болдырады.
Индукциялық пісіру алаңдарына
арналған ыдыс-аяқ
Өте маңызды! Индукциялық пісіру
алаңына дұрыс ыдыс қойып
пайдаланыңыз.
Ыдыс-аяқтың материалы
жарамды: шойын, темір, эмальмен
қапталған болат, тоттанбайтын темір,
табаны көп қабаттан тұратын ыдыс
(өндіруші тарапынан жарамдылығы
көрсетілген).
жарамсыз: алюминий, мыс
, сары мыс,
шыны, керамика, фарфор.
Ыдыс индукциялық пісіру алаңына сай
келеді, егер ...
... жоғары қызу параметрі орнатылған
пісіру алаңына аз су қойылса, жылдам
қайнап кетеді.
... ыдыстың түбіне магнит жабысса.
Ыдыстың табаны барынша қалың,
барынша тегіс болуы керек.
Ыдыс-аяқтің өлшемдері: индукциялық
пісіру алаңдары, ыдыс түбінің өлшеміне
белгілі бір шамада автоматты түрде
бейімделеді.
Жұмыс кезіндегі шуыл
Егер
сыртылдаған дыбыс естісеңіз: ыдыс əр
түрлі материалдардан жасалған (көп
қатпарлы құрылма).
ысқырған дыбыс: бір немесе бірнеше
пісіру алаңдарын жоғары қуат
деңгейлерінде пайдаланғансыз жəне
ыдыс əр түрлі материалдардан
жасалған (көп қатпарлы құрылма).
гуілдеу: жоғары қуат деңгейлерін
пайдаланғансыз.
шыртылдау: электр тоғы қосылып-
ажыратылады.
ысылдау, ызыңдау:
желдеткіш жұмыс
істейді.
Бұл шуыл түрлері қалыпты жайт жəне
құрылғының ақаулығына жатпайды.
Қуат үнемдеу
Қуатты үнемдеу жолдары
Егер мүмкіндік болса, ыдысқа əрқашан
қақпақ жабыңыз.
Пісіру алаңын ыдысты үстіне қойғаннан
кейін ғана іске қосыңыз.
Тағамды жылы ұстау немесе жібіту үшін
қалдық қызуды пайдаланыңыз.
10
www.zanussi.com
Пісіру алаңының тиімділігі
Пісіру алаңының тиімділігі ыдыстың
диаметріне байланысты. Диаметрі
көрсетілген ең кіші диаметрден кіші ыдыс,
пісіру алаңынан бөлінетін қуаттың бір
бөлігін ғана қабылдай алады. Ең кіші
диаметр мəндерін Техникалық ақпарат
тарауынан қараңыз.
Тағам пісіру үлгілері
Қызу параметрі мен пісіру алаңының
қуатты тұтыну мəні өзара тура
байланысты емес.
Қызу параметрінің мəнін көбейткен кезде,
пісіру алаңының қуатты тұтыну мəні
пропорциональды түрде көбеймейді.
Сондықтан да, орташа қызу параметрін
қолданатын пісіру алаңы, өз қуатының
жартысынан азын жұмсайды.
Кестедегі деректер жалпылама
нұсқау ретінде ғана берілген.
Қыз
у
пар
аме
трі
Пайдалану: Уақыт Ақыл-кеңес Қуат
шығысының
номинальды
мəні
1
Піскен тағамды жылы
күйде ұстау
қажетіне орай Ыдыстың қақпағын
жабыңыз
3 %
1 - 2 Голланд тұздығы,
балқытылған: сары май,
шоколад, желатин
5 - 25 мин Ара-тұра араластырыңыз 3 – 5 %
1 - 2 Қойылту: шайқалған омлет,
піскен жұмыртқа
10 - 40 мин Қақпағын жауып пісіру
керек
3 – 5 %
2 - 3 Күріш жəне сүтке пісірілген
тағамдарды, дайын
тағамдарды жылыту
25 - 50 мин Күріштен кем дегенде екі
есе артық су қйыңыз, сүт
тағамдарын арасында
араластырыңыз
5 – 10 %
3 - 4 Буға піскен көкөніс, балық,
ет
20 - 45 мин Бірнеше ас қасық
сұйықтық қосыңыз
10 – 15 %
4 - 5 Буға піскен картоптар 20 - 60 мин 750 г картопқа ең көбі ¼ л
су пайдаланыңыз
15 – 21 %
4 - 5 Көп мөлшердегі тағамдар,
бұқтырылған тағамдар мен
көже пісіру
60 - 150 мин 3 литрге дейін су жəне
құраластар
15 – 21 %
6 - 7 Сəл қуыру: эскалоп,
"кордон блё" бұзау еті,
риссоль, котлет, шұжық,
бауыр, майға қуырылған
ұн, жұмыртқа, құймақ,
бауырсақ
қажетіне орай Орта тұсында аударыңыз 31 – 45 %
7 - 8 Қатты қуыру, қуырылған
картоп, қоң ет,
бифштекстер
5 - 15 мин Орта тұсында аударыңыз 45 – 64 %
9 Суды қайнату, макарон пісіру, етті қызартып қуыру (гуляш, бұқтырып
пісіру), фри
100 %
11
www.zanussi.com
Қыз
у
пар
аме
трі
Пайдалану: Уақыт Ақыл-кеңес Қуат
шығысының
номинальды
мəні
Суды көп мөлшерде қайнатыңыз. Қуат функциясы қосылып тұр.
Күту менен тазалау
Құрылғыны əр пайдаланғаннан кейін
тазалап отырыңыз.
Ыдысты қолданғанда табаны əрқашан
таза болсын.
Шыны керамикаға түскен сызаттар
немесе қошқыл дақтар құрылғының
жұмысына ешқандай əсер етпейді.
Қоқысты тазалау үшін:
1. Дереу тазалаңыз: балқыған
пластмасса, пластик фольга жəне
қант қосылған тағам. Дереу
тазаламасаңыз, құрылғыны бүлдіріп
алуыңыз мүмкін. Шыныға арналған
арнайы қырғышты қолданыңыз.
Қырғышты шыны бетке сүйір бұрыш
жасап қойып, жылжыту арқылы
тазалаңыз.
Құрылғы жеткілікті түрде суыған
кезде алыңыз:əк дақтары, су
дақтары, май дақтары, металдың
жылтыраған дақтары. Шыны
керамикаға немесе тоттанбайтын
болатқа арналған арнайы
тазартқыш құралдарды
қолданыңыз.
2. Құрылғыны дымқыл шүберекпен,
шамалы жуғыш зат қосып тазалаңыз.
3. Соңында, құрылғыны таза
шүберекпен əбден құрғатыңыз.
Ақаулықты түзету
Ақаулық Ықтимал Шешімі
Құрылғыны қосып немесе
пайдалана алмайсыз.
Құрылғыны қайта іске қосыңыз
да, қызу параметрін 10
секундтан аз уақыт ішінде
орнатыңыз.
Бір уақытта 2 немесе одан да
көп сенсорлық өрістерді
басып қойғансыз.
Бір ғана сенсорлық өрісті
басыңыз.
STOP+GO функциясы жұмыс
істейді.
"Күнделікті пайдалану"
тарауын қараңыз.
Басқару панеліне су немесе
май шашыраған.
Басқару панелін тазалаңыз.
Дыбыстық сигнал естіліп,
құрылғы сөнеді.
Құрылғы сөнген кезде
дыбыстық сигнал естіледі.
Бір немесе бірнеше
сенсорлық өріске зат
қойылған.
Сенсорлық өрістердегі затты
алыңыз.
Құрылғы сөнеді.
Сенсорлық өріске бір зат
қойылған.
Сенсорлық өрістердегі
заттарды алыңыз.
12
www.zanussi.com
Ақаулық Ықтимал Шешімі
Қалдық жылу индикаторы
жанбайды.
Пісіру алаңы ыстық емес,
себебі ол аз уақыт ғана
қосылып тұрған.
Егер пісіру алаңы қызатындай
ұзақ жұмыс істесе, қызмет
көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Автоматты қыздыру
функциясы іске қосылмайды.
Пісіру алаңы ыстық. Пісіру алаңын əбден
салқындатып алыңыз.
Қызу параметрінің ең жоғары
мəні орнатылған.
Ең жоғары қызу параметрінің
қуаты, автоматты түрде
қыздыру функциясының
қуатымен бірдей.
Екі қызу параметрі ауысып
көрсетіледі.
Қуатты басқару функциясы
іске қосылған.
"Қуатты басқару" тарауын
қараңыз.
Сенсорлық өрістер қызып
кетеді.
Тым үлкен ыдыс қолданылған
немесе ыдыстар басқару
құралдарына тым жақын
қойылған.
Қажет болса, үлкен
ыдыстарды артқы пісіру
алаңдарына қойыңыз.
жанады
Автоматты түрде ажыратқыш
қосылады.
Құрылғыны ажыратыңыз да,
қайтадан іске қосыңыз.
жанады
Бала қауіпсіздігінің құралы
немесе Құлып функциясы іске
қосылады.
"Күнделікті пайдалану"
тарауын қараңыз.
жанады
Пісіру алаңында ешқандай
ыдыс жоқ.
Пісіру алаңына ыдыс
қойыңыз.
Жарамсыз ыдыс. Дұрыс ыдысты
пайдаланыңыз.
Ыдыс түбінің диаметрі пісіру
алаңы үшін тым кішкене.
Ыдысты кішірек пісіру
алаңына қойыңыз.
жəне сан жанады.
Құрылғыда ақау бар. Құрылғыны электр желісінен
біраз уақыт ажырата тұрыңыз.
Сақтандырғышты электр
желісінен ағытып қойыңыз.
Қайта қосыңыз. Егер
қайта
көрініс берсе, қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
13
www.zanussi.com
Ақаулық Ықтимал Шешімі
жанады
Құрылғыда ақау пайда болды,
себебі ыдыстың ішіндегісі
таусылғанша қайнайды. Пісіру
алаңдарына арналған, қатты
қызып кетуден сақтандыру
функциясы мен Автоматты
түрде ажырату функциясы
іске қосылған.
Құрылғыны сөндіріңіз. Ыстық
ыдысты алыңыз. Шамамен 30
секунд өткеннен кейін пісіру
алаңын қайта қосыңыз.
Ақаулық ыдысқа байланысты
болса, бейнебеттен ақаулыққа
қатысты жазу көрінбей кетеді
де, қалдық қызу индикаторы
жанған қалпы тұрады. Ыдыс
əбден суығанша күтіңіз де,
ыдыстың осы құрылғыға сай
келетін-келмейтінін тексеру
үшін "Индукциялық пісіру
алаңына арналған ыдыс-аяқ"
тарауын қараңыз.
Егер жоғарыда берілген шешімдерді
қолданып ақаулықты түзете алмасаңыз,
дилеріңізге немесе қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз. Техникалық
ақпарат тақтайшасындағы деректерді,
шыны керамиканың үш саннан тұратын
нөмірін, (шынының бетіндегі бұрышта)
жəне ақаулық орын алғанда көрсетілген
хабарды беріңіз.
Құрылғыны іске дұрыс қосқаныңызға көз
жеткізіңіз. Бұлай істемеген жағдайда,
қызмет көрсету орталығының технигі
немесе дилер көрсеткен қызмет, кепілдік
мерзімі кезінде де ақылы болуы мүмкін.
Тұтынушыға қызмет көрсетуге қатысты
нұсқаулар мен кепілдік шарттары кепілдік
кітапшасында берілген.
Орнату
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
тарауларын қараңыз.
Орнату алдында
Құрылғыны орнатуға кіріспей тұрып,
техникалық ақпарат тақтайшасында
көрсетілген келесі деректерді жазып
алыңыз. Техникалық ақпарат тақтайшасы
құрылғы корпусының астыңғы жағында
орналасқан.
Үлгі ...........................
Құрылғының нөмірі
(PNC) .............................
Сериялық нөмірі ....................
Кіріктірілген құрылғылар
Кіріктірілген құрылғыларды, аспапты
дұрыс қондырылған құрылғыларға жəне
стандартты талаптарға сай келетін
жұмыс беттеріне құрастырғаннан кейін
ғана пайдаланыңыз.
Қосылым сымы
Құрылғы электр қосылымы сымымен
жабдықталған.
Бүлінген қорек сымын арнайы сымға
(H05BB-F Tмакс. 90°C; немесе жоғары)
ауыстырыңыз. Жергілікті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
14
www.zanussi.com
Құрастыру
min.
50mm
min.
500mm
min.
2mm
< 20 mm
min. 2 mm
A
B
A
12 mm
28 mm
38 mm
B
57 mm
41 mm
31 mm
min
30 mm
min. 500 mm
> 20 mm
min. 2 mm
A
B
A
12 mm
28 mm
38 mm
B
57 mm
41 mm
31 mm
min. 500 mm
15
www.zanussi.com
min.
55mm
R 5mm
560
+1
mm
490
+1
mm
min.
12 mm
min.
2 mm
min.
38 mm
min.
2 mm
16
www.zanussi.com
Егер қорғаныс қорабын қолдансаңыз
(қосымша керек-жарақ
1)
), алдыңғы жақтан
2 мм орын қалдыру жəне құрылғының
тура астында қорғаныс еденінің болуы
қажет емес.
Егер құрылғыны тұмшапештің үстіне
орнатсаңыз, қорғағыш қорапты қолдана
алмайсыз.
1) Керек-жарақ болып есептелетін қорғаныс қорабы кей елдерде берілмеуі мүмкін. Жергілікті
жабдықтаушыға хабарласыңыз.
Техникалық ақпарат
Model ZEM56740BB Prod.Nr. 949 595 609 00
Typ 58 GAD DC AU 220 - 240 В 50 - 60 Гц
Induction 7.4 кВт Made in Germany
Ser.Nr. .......... 7.4 кВт
ZANUSSI
Пісіру алаңдарының қуаты
Пісіру алаңы Номинальды
қуат (ең жоғары
қызу параметрі)
[Вт]
Қуат
функциясы
қосылған [Вт]
Қуат
функциясының
макс. ұзақтығы
[мин]
Ыдыстың ең
кіші диаметрі
[мм]
Артқы оң жақ
180 мм
1800 Вт 2800 Вт 10 145
Алдыңғы оң жақ
— 145 мм
1400 Вт 2500 Вт 4 125
Артқы сол жақ
210 мм
2300 Вт 3200 Вт 10 125
Алдыңғы сол жақ
— 210 мм
2300 Вт 3200 Вт 10 125
Пісіру алаңдарының қуат мəндері кестеде
көрсетілген мəндерден сəл өзгеше болуы
мүмкін. Бұл мəндер ыдыстың материалы
мен өлшемдеріне байланысты өзгереді.
Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы мағлұматтар
Белгі салынған материалдарды қайта
өңдеуден өткізуге тапсырыңыз. Орам
материалдарын қайта өңдеуден өткізу
үшін тиісті контейнерлерге салыңыз.
Электрлік жəне электроникалық
құрылғылардың қалдығын қайта өңдеуден
өткізу арқылы, қоршаған ортаға жəне
адамның денсаулығына зиын келтіретін
жағдайларға жол бермеуге өз үлесіңізді
17
www.zanussi.com
қосыңыз. Белгі салынған құрылғыларды
тұрмыстық қалдықтармен бірге
тастамаңыз. Өнімді жергілікті қайта өңдеу
орталығына өткізіңіз немесе жергілікті
мекемеге хабарласыңыз.
Орам материалдары
Орам материалдар қоршаған ортаға
зиян келтірмейді жəне оларды қайта
өңдеуге болады. Пластик бөліктер
мынадай таңбамен белгіленген:
>PE<,>PS< т.с.с. Орам материалдарын
тұрмыстық қалдықтармен бірге тұратын
жеріңіздегі қоқыс жəшіктеріне салыңыз.
18
www.zanussi.com
Содержание
Сведения по технике безопасности _ _ 19
Указания по безопасности _ _ _ _ _ _ _ 21
Описание изделия _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 23
Ежедневное использование _ _ _ _ _ _ 25
Полезные советы _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 28
Уход и очистка _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 30
Поиск и устранение неисправностей _ 30
Установка _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 32
Технические данные _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 35
Охрана окружающей среды _ _ _ _ _ _ 35
Право на изменения сохраняется.
Сведения по технике безопасности
Перед установкой и эксплуатацией прибора внимательно
ознакомьтесь с приложенным руководством. Производитель
не несет ответственность за травмы и повреждения, полу-
ченные/вызванные неправильной установкой и эксплуата-
цией. Позаботьтесь о том, чтобы данное руководство было
у Вас под рукой на протяжении всего срока службы прибо-
ра.
Безопасность детей и лиц с ограниченными
возможностями
ВНИМАНИЕ! Существует риск удушья, получения травм
или стойких нарушений нетрудоспособности.
Данный прибор может эксплуатироваться детьми старше
8 лет и лицами с ограниченными физическими, сенсорны-
ми или умственными способностями или с недостаточным
опытом или знаниями только при условии нахождения
под присмотром лица, отвечающего за их безопасность.
Не позволяйте детям играть с прибором. Запрещается
ос-
тавлять детей в возрасте до 3 лет без присмотра вблизи
прибора.
Храните все упаковочные материалы вне досягаемости
детей.
Не подпускайте детей и домашних животных к прибору,
когда он работает или остывает. Доступные для контакта
части прибора сохраняют высокую температуру.
19
www.zanussi.com
Если прибор оснащен функцией «Защита от детей», реко-
мендуется включить эту функцию.
Очистка и доступное пользователю техническое обслужи-
вание не должно производиться детьми без присмотра.
Общие правила техники безопасности
Прибор и его доступные для контакта части сильно нагре-
ваются во время эксплуатации. Не прикасайтесь к нагре-
вательным элементам.
Не эксплуатируйте данный прибор с помощью внешнего
таймера или отдельной системы дистанционного упра-
вления.
Оставление на варочной панели продуктов, готовящихся
на жире или масле, может представлять опасность и при-
вести к
пожару.
Ни в коем случае не пытайтесь залить пламя водой; вме-
сто этого выключите прибор и накройте пламя, например,
крышкой или противопожарным одеялом.
Не используйте варочные панели для хранения каких-ли-
бо предметов.
Не используйте пароочистители для очистки прибора.
Не следует класть на варочную поверхность металличе-
ские предметы, такие
, как ножи, вилки, ложки и крышки,
так как они могут нагреваться.
При обнаружении трещин на стеклокерамической панели
отключите прибор во избежание поражения электриче-
ским током.
После использования выключите конфорку ее ручкой
управления и не полагайтесь на датчик обнаружения по-
суды.
В случае повреждения шнура питания во избежание не-
счастного случая
он должен быть заменен изготовителем,
20
www.zanussi.com
/